Жоспар
Кіріспе
Негізгі
бөлім
-
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту
-
Мектеп жасына
дейінгі тәрбие теориясы
-
Зерек бала», «Біз
мектепке барамыз», «Алғашқы қадам» бағдарламалары мазмұны мен оның
жаңалықтары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын
арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды
жақсарту басты міндет болып
табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған
дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің
өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына
бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен
тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап,
білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық
бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат
салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету
қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін
қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі
жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де
өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық
жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты
меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби
шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес
қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру
мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз
байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты –
тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз
байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау
үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму
барысы:
1. Зердесін
дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін
дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын
дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі
қабылдау, жақсы көруді
дамыту
5. Танымдық үрдісін
дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін
дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі
жетілдіруге ынтасын дамыту [1, 33-35
б.].
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір
бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным
белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне,
түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану
тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық
дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының
жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте
байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды
ойлантады.
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту
Мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік стандарты
жаңалықтары.
Мектепке дейінгі ұйымдар
қызметкерлеріне ата-аналармен қарым қатынас жасаудың түрлі әдіс
тәсілдерімен таныстыру. Бағдарлама бойынша ұйымдасытырылған
іс-әрекеттің жүргізілу жолдарының әдіс-тәсілдері, педагогикалық
психологиялық тәрбие беру жолдары. Ата-аналарға ашық есік күндерін
жариялауды,жеке және топтық кеңес беруді, жиналыстармен
конференция, тренинг. ринг,түрлі сайыстар.
1. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің
күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал
бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелейді, мектепке даярлық даярлық, отбасына көмектеседі.
Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен
қарағаны жөн. Бір баланы еркелету басқа балалалардың қызғанушылығын
тудырады. Дегенмен де еркелетуде керек. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты
болуы қажет. Бала тек адамның жас басының тікелей тигізетін әсері
арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан
жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге,еңбекке даярлауда
педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі
жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер
атқарады.
а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді
қамтамасыз етеді;
ә) өз тобындағы әр бір баланың
қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен
қарайды;
б) Балалардың денсаулығын
сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын
орындайды;
в) Балаларды отбасында,
балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс
жүргізеді;
г) аудандық,қалалық
әдістемелік бірлестіктерге, балабақшада педагогикалық кеңестің
жұмысына қатысады;
д) балалармен жүргілетін өз
жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты
дайындалады;
Мектеп жасына дейінгі
тәрбие теориясы
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойын
тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі
жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын,
әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны
түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігінің
көрсеткіші-әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін,
ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі,
адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы.
Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, оның балалар арасында беделі
зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының
үлгісі-жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені
балалар тәрбиешілерге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол
үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, әдемі,
салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш
болағндықтан жақсыны да, жаманды да әсіресе жаманды тез қабылдайды.
Дегенмен тәрбиеші осындай жақсы қасиеттерге баланы тәрбиелей
отырып, оның ата-анасында тәрбиенің мәдениетіне тәрбиелей жұмыс
жсайды.
Білім салалары мазмұны.
Базалық білім жоспарындағы өзгерістер мен толықтырулар. Бала
қабілетінің ішкі жан дүниесі мен үйлесе отырып дамуына бойындағы
бар мүмкіндігі мен дарындылығын арттыруға жағдай жасау. Жетістікке
жету мүмкіндігін қамтамасыз ету. Баланың дербестігінің дамуына
мүмкіндік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту мүмкіндіг. Жеке бас
қабілетін әлеуметпен байланыс және жалпы мәдени қағидаларды
қабылдап, сақтай отырып дамыту жолдары. Құрбы-құрдастарымен бірге
қызмет атқару, оларды бағалау, есептесу , жақсы қарым-қатынас жасай
білуге тәрбиелеу мәселелері.
Бала жас ерекшелігі бойынша
оқыту ісін ұйымдастыру.
«Денсаулық» білім саласы
тапсырмалары, денсаулық білім саласы бөлімшелері мазмұны, «Қатынас»
білім саласы тапсырмалары, тіл дамыту мен көркем әдебиеті
бөлімшелері тапсырмалары ерекшеліктері, бала тілін дамыту
тапсырмаларын өзара интеграциялау жолдары. «Таным» білім саласы мен
«Әлеумет» білім саласында қайталанатын «Экология» мен «Қоршаған
ортамен таныстыру» бөлімшелері мазмұны, баламен жұмыс жүргізу
жолдары.
Тапсырмаларды тиімді жолдармен
іске асыруда атқарылатын іс-шаралар :
Көркем әдебиеттерді мазмұны
бойынша сараптау, біріктіру;
Бала тілін дамытуға арналған
тапсырмаларды айналамен таныстыру экологиямен байланыстыра жүргізу.
Ой еңбегіне арналған тапсырмаларды бейнелеу, қол еңбегі,
валлеологиямен байланыстыру жолдары. Дамыту ойындары, дидактикалық
ойындарды пайдалану. Сабақ кестесін түзуге қойылатын талаптар.
Индикаторлар мазмұны.
«Зерек бала», «Біз мектепке
барамыз»,«Алғашқы қадам» бағдарламалары мазмұны мен оның
жаңалықтары.
«Зерек бала», «Біз мектепке
барамыз» бағдарламалары мазмұны мен оның жаңалықтары туралы түсінік
бере отырып, баланың жас ерекшелігіне сейкес әдіснаманы қолдана
отырып, оқыту мен дамыту, бақылау мен бағалау, баланың өз әрекетін
жобалау мен дамуын болжау әдістері. Мектеп жасына дейінгі баланың
бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік
туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта қалыптастыру туралы түсінік.
Пәндік - дамытушы ортаны оқыту мен ойын әрекетінде пайдалану
әдістері. Баланың тәжірибелік, танымдық, шығармашылық және басқа іс
–әрекетін қалыптастыру жолдары. Балалар бойынша жалпы адамгершілік
құндылықтарын тәрбиелеу. Білім облыстары тапсырмаларын
интеграциялау арқылы оқу ісін жоспарлауға
үйрету.
Баланың толыққанды
дамуына мүмкіндік жасау. Баланың дене бітімдік, эмоционалдық,
танымдық, әлеуметтік потенциалының даму құқығын сақтауға
бағытталған жағымды алғы шарттарды қамтамасыз ету. Балабақшада
баланың дамуына оңтайлы жағдай жасау арқылы тәрбие мен білім беру
мазмұнын жақсарту әдістері. Жаңашыл бағдарламалар «Алғашқы қадам»,
«Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары талаптарын
орындауда қазіргі замандық жетістіктерді пайдалану Баланың
шығармашылығын дамыту бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстар.
Адам тұлғасы дамуының маңызды кезеңіндегі балалық шақтың өзіндік
құндылығын сақтау тапсырмаларын іске асыру. Педагогикалық ықпалдың
тиімділігін арттыру.
Қорытынды
Мектепке дейінгі кезеңде
баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын
іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге
ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе
пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек
болады.
Бірақ мектепке дейінгі кезеңде
зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере
білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай
білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя
білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін
сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі
ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке
дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады.
Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы
өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін
қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
-
ҚР «Білім туралы» заңы.-
Алматы, 2012.
-
Мектепке дейінгі тәрбиелеу
және оқытудың негізгі ережелері.- Астана,
2008.
-
Мектепке дейінгі тәрбие
бағдарламалары Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке
барамыз», «Балбөбек», «Мектепалды дайындық», «Отбасында баланы
тәрбиелеу бағдарламасы».
-
«Қайнар» бағдарламасы және
оқу-әдістемелік кешендері.
-
5 жасар балаларды тәрбиелеу
және оқыту бағдарламасы және оқу-әдістемелік
кешендері.