400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіруде педагогикалық технологиялардың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.Жаңа технологияны тиімді пайдалана отырып,баланың ақыл-ойын,қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіруде педогогикалық технологиялардың тиімділігі

Сыздыкова Хадиша Қыпшаққызы

Мектепке дейінгі білім беру жеке мекемесі «Шолпан»балабақшасының әдіскері

«Еліміздің ереңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі уақытта педогогика ғылымдарының бір ерекшелігі баланың тұлғалыұ дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Педогогикалық технологиялар бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндермен әдістемелердің оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жұйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп , соңында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр сырын анықтап мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірбиесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Әрине мұндайда педогогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсекте болады. Олар; В.П.Беспалько, В.М.Кларин т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педогогикалық технологиялардың бірнеше түрлері бар.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалықт,тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген балада, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ойын дегеніміз не? Ойын дегеніміз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік,танымдық шығармашылық қабілеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолвын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады.Дамыта оқыту технологиясы- баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік ,мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттер дамыту.Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни балалардың белсенділігін арттыру оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгертеді, бала оқытуды өмірімен және еңбегімен байланыстырады. Ынтымақтастық педогогикасы- педогогтың талап ету педогогикасынан қарым-қатынас педогогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бөлігі. Бұл технологияның негізгі мақсаты- баланы азамат етіп тәрбиелеу олардың танымдық кұшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- білім, білік дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр тұрлі топ ерекшелігіне сәйкес оқытуды бейімдейді, ыңғайлау. Модульдік оқыту технологиясы –оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойылшған мақсатқа жетуді көздейтін педогогикалық процесті ұйымдастыру,тәрбиешіге нәтижені талдап ,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін өиыншылызқтардыдң алдын алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар;

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

2. Төменнен жоғары қарай деңгейлік тапсырмалар беру:

3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту:

4. Балалардың білімін бағалау:

Мақсаты: әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету, дарынды баламен тереңірек білім алуына жағдай жасау, баланың ынтасын қабілетін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу.Әр баланың ойы шыңдалып, өз дамуы деңгейіне сай жетістіктерге бағыттау үшін сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдануға болады.Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып толғануға бағыт берілу керек, ойын айтуға бала шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту қажет. Оқу қызметінің қай құрылымында болмасын педогог «Сен ұқтың?» «Сен нені білгің келеді?» және «Сен неге бұлай ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап отырғаны жөн.Инновациялық технологияның тағы бір түрі Эйлер Венн диограммасы. Венн диограммасы қолдану арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Ересектер топтарында өтілген тақырыптарды қорытындылау кезінде осы технологияны пайдалану тиімді болып табылады. Педогогикалық технологияларды зерттей келе мынадай қорытынды жасауға болады. Оқу процесінде өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен ,педогогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қатар олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуына қамтамассыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық –бала мен педогогтың тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке- даралығын түсіну ,қабылдау, қызығушылығын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау –осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері. Осылайша жаңа технологияларды қабылдау –педогог қазіргі заманға сай өзгеріп отырған әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы мол ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

1.Беспалько В.П. Слогамые педогогические технологий . Педогогика, 1989

2. Исаева З.А. Мынбаева А.К. Активные методы обучения Алматы,2005

3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа технологиялық технология Тараз, ТарМУ, 2003

4.Мектепалды даярлық бағдарламасы. Астана-Алматы 1999ж

5. Мектепке дейінгі педогогика . В.И.Ядышко Алматы 2000

6. С.Ұзақбаева Балаларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы-2002





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі