жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында жүргізілетін тәрбие сағаттарының маңыздылығы
Мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында жүргізілетін тәрбие сағаттарының маңыздылығы
«Бала естігенін айтады, көргенін
істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының,
тәрбиешісінің, достарының мінезінен,
жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен,
істеген ісінен үлгі алады. Балабақша
– баланың жүйелі түрде білім – тәрбие
алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Балабақшаның балаға беретін тәлім –
тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы ,
сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық
ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға
байланысты.
Ұстаз – ертеңгі
болашақты, болашақ иесін – ұлтын
тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым
негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір
сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына
дарыту – оңай шаруа емес.
Тәрбиеші
– бірнеше мамандық иесіндей елестейді.
Ол суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы,
дос және бала жанын бағамдар
психолог.
«Тәрбиеші адам – тағалы
атпен тең» деп халық даналығында
көрсеткендей тағамның беріктігінен
«Құралай» құрама үлгідегі балабақшасында
тәлімгер-методистпін.
Балабақшада
жүздеген бала тәрбиеленуде. Мұнда әр
шаңырақтың «еркесі мен серкесі»
тәрбиеленеді.
Балалармен
әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады,
коммуникативтік, шығармашылық, социум,
денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары
бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз
әр мерекелік іс-шараларға белсене
атсалысып өз өнерлерін көрсетуге
тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші,
бояушы, сызушы өнерге бейім балаларды
байқауға болады.
Кішкентай балалар
тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып,
сүртінеді, бір - біріне көмектеседі,
«рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып
отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың
өзара ұжымда қарым - қатынастарын
қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің
негізі қаланады немқұрайлықтың пайда
болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай
болса солай қарауға болмайтындығы
түсіндіріледі.
Тұрмыстық қызметте
топтағы ойыншықтарды жинау, оларды
күтіп ұстау, топты таза ұстау.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне
қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б
дайындауға көмектесуі. Осылайша біз
бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа,
кішіпейілділікке шақырып, жақын
адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір
жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар
балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз
қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!»
деген сөздерді есту арқылы жасаған
еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді.
Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық,
ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық,
сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.
Мектепке
дейінгі балаларды моральдық және рухани
тәрбиелеу рухани бай, ішкі еркін, тәуелсіз
және сонымен бірге әлеуметтік жетілген,
жауапты адамға айналатын халықтық
дәстүрге негізделген әмбебап құндылықтарға
негізделген.
Мәселен, балабақшада
әртүрлі тақырыпта күнделікті сабақ
және мереке, атаіулы күндерге таырыптық
ертеңгілік жоспарға сай өткізіледі.
Мәселен, бала бойына адамгершілік нәрін себу парыз. Оның ішінде өзін, айналасындағы отбасындағы сыйластық, балабақшадағы балалармен қарым-қатынасы дұрыс болса, ол бала білімді де, адамгершілігі мол боп ержетеді.
«Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» - бұл тараулардың тақырыптары әртүрлі болғанмен, мақсаттары бір арнаға келіп тоғысады. Әрбір жеке тұлғаға, яғни, балаға достық пен отбасылық құндылықтары турасында түсіндіріледі. Туған жер, өлке, Отан туралы алғашқы қарапайым түсініктер беру- мейірімділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке баулу, құрбы- құрдастарымен, өзінен кішілермен және үлкендермен ізгілікті қарым- қатынас, өзін қоршаған орта ғажайыптарын сезініп, табиғатқа зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеуге бағытталған.
Рухани – адамгершілік тәрбие беру балабақшада балалармен, ата- аналармен жүргізетін барлық тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады.
«Мен әдепті баламын», «Бәрін жақсы көремін» тақырыптарында сабақтар өткізіліп, табиғат аясына шығу, айналамыен таныстыру ұйымдастыру да өзіндік мәнге ие. Еліміздің Әнұраны, рәміздерді білу де үлкен міндет. Сондықтан да, патриоттық шаралар балаларды елжандылыққа, ел мен жерді құрметтеуге үндейді. Тәуелсіздік, Тұңғыш Елбасы күндерімен қатар мерекелік атаулы күндер естен шықпайды. Бұл бойынша әр топтың тәрбиешілерінің жоспары тізілген. Сол негізде балабақшадағы тәрбиелік шара өз деңгейінде өтіп келеді.
Мектепалды дайындық 5 жас тобы балаларымен жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижелігі байқалады. Балабақшадағы әрбір шарада баланың тұлға ретінде көрінуі жолында тәрбиешілер аянбай еңбек етеді.
Тағы бір маңызды іс- ол ата-аналармен ынтымақты нығайту.
Ата-анамен жұмыста әр тәрбиеші мақсат, міндеттері мен балаға қойылар талаптары жөнінде кеңестер берілді.Педагогикалық білім беруде тәрбие сағаттары, ертеңгіліктердің маңызы зор. Бала бойына имандылық құндылықтарын дарытып, жеке тұлғаны ізгілендіруде маңызды,
Ата – анамен жұмыста «Біз не үйрендік?» деген сауалмен бала психологиясындағы өзгерістер туралы пікірлесеміз.
Әр тәрбиешінің тәжірибесінде «Рухани- адамгершілік білім беру» қоры жасақтала түседі. Балаларының «білсем, үйренсем, көрсем» деген ынта- тілектерінің өз ішкі сезімдеріне қозғау салып, әр сабақты асыға күтетін деңгейге жетеді. Осылайша, әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте – еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлауы мықты ұрпақ тәрбиелеу.
Халық педагогикасы – нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде рөлі ерекше.
Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы ұрпақты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды.
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш» - дейді халық. Біздің дана халық ұрпақты ақыл-ойды жетілдіруге үндейтін терең және танымдық мұра қалдыра білген.
Үйрену, көргенді есте сақтай білуді балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы- ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Біздің балабақшада халық педагогикасының, яғни, қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері, жұмбақтары, ертегілер баланың ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор. Жиі қолданылатын бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.
Мақал-мәтелдерде тіршілік барлық жағынан қамтылған. Тәрбиелік мәні зор тағылымдар көп.
Жұмбақтар балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жылдам ойлауға үйретеді.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өз Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген мәлім.
Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірінен саналған.
Мысалы, Наурыз мейрамы жаңғыртылып,атап өтеміз.
Бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсаукесу, атқа мінгізу салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдарды жаңғырту мәселесіне келсек, ол балабақшада өтетін шарада көрініс табуда.
Осылайша, тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде арман-тілек, ой-пікір, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Біздің мектепке дейінгі тәрбие ошағында балаға берілер тәлім де, тәрбиелік шаралар да өз деңгейінде өткізіліп келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген