«Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде
құм терапиясының элементтерін қолдану»
Жамбыл облысы Тараз
қаласы
№17 бөбекжай-бақша
тәрбиешісі:
Курамысова Жанар
Токтакуловна
(e-mail: 17.detsad@mail.ru)
Құм терапиясы сөзбен айтып
жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға
көмектеседі.Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық
потенциалдарын
босатады.Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір
жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара
ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке
тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін
табады.Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай,
жалықтырмай, жан - жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі
өте зор.
«Біздің ойлап жүргенімізді
қолымыздың көмегі арқылы шешуге
болады»
Карл Густав
Юнг
Жас ұрпаққа тәрбие беретін біз
тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша
жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс
барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің
іс-тәжірбиесінде қолданып отырса бала тәрбиесі алға басары сөзсіз
деп ойлаймын.
Қазіргі таңда қоғамда болып
жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім
беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында,
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына
сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасында
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңа өзгерістер мен әлемдік
білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара
күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру
және қолдануға арналған Қазақстан Республикасының «Білім туралы
Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке
адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім
саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. Елбасының сөзі мен
осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, аналитикалық терапияның
негізін салушы Карл Густав Юнгтің «Құм терапиясын» балабақшадағы
балалармен жұмыс жүргізіуді жөн көрдім.
«Құм терапиясы» қағидасы
аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен
ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің»
қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар.
Себебі, көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке
тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы
Өмірді көреді.
Құм –
миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм –
өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті
болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды
не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. Жасай бастайды. Ал
оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі
ертегілерді драмалау, ойын процесіне
кіреді.
Бәрімізге
таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып
керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және
сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған
фигураларда шашылып, тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын
үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде
мүмкін. Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде
менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет
Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне
ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар
жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен
және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған
екен.
Қазіргі
заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер
жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері
барлық әлемге кең таралған.
Құммен ойын - балалар мен
ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл
баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры
Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. «Құм терапиясы»
концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері
айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора
Калф.
Құмдағы ойындар - баланың
табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер,
құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана
аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз
бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен
өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын
жеткізе аламыз.
Оған
қажетті материалдар мен жабдықтар:
Бала құм терапиясында тек
қана қиял, көрнекі – бейнелік
ойлауды,
сөздік – логикалық ойлауды,
көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын
тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің
ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды
таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын
барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта
алады.
Құм терапиясының
маңыздылығы:
-
Сөзбен айтып жеткізе
алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға
көмектеседі.
-
Іште туындаған қиын
жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын
босатады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап
әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті
психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның
еркін әдісі екенің көрсетеді.
Қоғамда балалардың
байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының
кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі
өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және
бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым.
Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген
қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және
сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының
дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар.
Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын
мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс
тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары,
қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен
қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері
жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету.
Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен
теледидар алмастырады. Мұғалімдерге түрлі мінездегі балалармен
жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың
сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін - өзі ұстау жұмыстарына
назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі
кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің
ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға
тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар
құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан
бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап,
түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара
түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді,
сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын
жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және
комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда құмзар ойыны
баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады. Құмзар ойындарды,
жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын,
зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға
маңызды рөл атқарады.
Құм терапиясының
әдістерінің маңыздылығы:
Құм терапиясында
стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су
және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі
көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік
береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік,
тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды
пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан
жасалған заттар шындықты қабылдауға
көмектеседі.
«Қиялдау - ол барлық
мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы сыртқы және
ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен
ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының
теориялық негізі ретінде қарастырыла
алады.
Бұл әдістің авторы швейцар
аналитигі Дора Калф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды»
деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды,
онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен
қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз
бейнелерді көрсетеді.
Құммен сурет салу – өткен
ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас
өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді
үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау
нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен
сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін
пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге
жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді
игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек
әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу
қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге
болады. Бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді
қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған
құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет
салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа
да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қиялын, кеңістікті
қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс
жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді. Құм
терапиясы - ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады.
Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор.
Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты
басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның
көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа
ие.
Бала өзін жайлы,
қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи
стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді
дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді,
қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен
қолдардың ұсақ моторикасын
дамиды.
Құм терапиясының мақсаты:
Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік
ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды,
көрнекі
іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлауды дамыту.
Құм терапиясын қолданудың әдіс
- тәсілдері:
-
Әңгімелесу
-
Түрлі-түсті құммен сурет
салу
-
Танымдық
ойындар
-
Коммуникативтік ойындар
-
Пікірталастар