Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ойымша тәрбиені ең бірінші балалық шақтан бастап балаға үйреткен дұрыс деп ойлаймын, сол себепті менің алып отырған тақырыбым Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Гуманитарлы-экономикалық колледж»

(білім беру ұйымының атауы)


Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары


Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

(сабақ тақырыбы)


Модуль/пән атауы: Білім алушылардың таңдау пәні (Іс жүзіндегі психология)

Дайындаған педагог: Алтынбекова Н.М.

2021 жылғы «26» 01

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: 3 курс 3Двк



Сабақ типі: Тәжірибелік сабақ



  1. Мақсаты: Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру. Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы жайындағы білімдерін бекіту

Міндеттері:

Білімділік: Балаға тәрбиенің адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын түсіндіру;

Дамытушылық: Студенттерді сабақ барысында қызықты материалдармен қызықтыру;

Тәрбиелік: Суденттердің тәртібін қадағалау

    1. Оқыту нәтижесі:

  • Адамның тәрбиеге деген көз қарасын өзгертеді;

  • Жеке құндылықтар жүйесін анықтайды;

    1. Бағалау өлшемдері:

  • Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды;

  • Мектепке дейінгі психологияның зерттеу әдістерін жасай алады;



  1. Сабақты жабдықтау: Тренинг жүргізу, ойын, лекция

    1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

К.Жұмасова, Л.Есенова – Жалпы психология;



  1. Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі 5мин. (студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа кіріспе)

  • Жаңа сабақ (жаңа дәріс материалымен таныстыру, түсіндіру)

  • Білімді бекіту;

  • Үйге тапсырма;


Тренингтің басталуы. Жаттығу - "Танысу".

Жүргізуші: "Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Мен сіздерге өз мінезіңіздегі ең маңызды, ең мәнді қасиеттерді ойлануларыңызды сұраймын. Ойлаңдыңыз ба? Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа танысуды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңізді айтасыздар. Ол сәлеммен айтылса да немесе өлең арқылы жеткізуге болады. Оны табан астында ойлап табуға әрекеттену керек. Біз бір-бірімізге бір қадам жақындадық". Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылайық.

Рефлексияға арналған сұрақтар:

а) Алғаш бейтаныс кезінде қандай күйде болдың?

ә) Танысу барысында не сезіндіңіз?

б) Танысу аяқталғанда қандай күйде болдың? Танысу аяқталған соң қатысушылар адам өмірінде кездесетін басты ереже құрастыру.


Шағын дәріс: Тақырыбы: Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

Баланы нәресте шағынан дұрыс жетілдіру үшін Фребель алты «сыйлық» жасауды ұсынды.

Бірінші сыйлық – доп. Доп шағын, жұмсақ, алуан түске –қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін (яғни, кемпірқосақтың барлық) түсіне және аққа боялған жүннен тоқылғаны жөн. Әрбір допшар жіптен тұрады. Анасы балаға доптың алуан түсін көрсете отырып, оны түстерді айыра білуге жаттықтырады. Шарды жан-жаққа қозғалта отырып, тиісінше «алдыға-артқа», «жоғары-төмен», «оңға-солға» деген ұғымдарды санасына сіңіріп, ана балаға кеңістік жайлы түсінік береді. Шарды алақанында көрсетіп және жасырып, тиісінше «Доп бар – доп жоқ» деген сөздермен демей отырып баланы мақұлдаумен және теріске шығарумен таныстырады.

Екінші сыйлық шағын ағаш шар, текше және цилиндр (шардың диаметрі, цилиндрдің табаны және текшенің жақтары бірдей). Осылардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Текше өзінің формасымен және орнықтылығымен шарға қарама-қайшы болып келеді.

Үшінші сыйлық – сегіз шағын текшеден құрастырылған бір текше(текше екіге, оның әрбір жартысы төртке бөлінген).Осы сыйлықтың көмегі арқасында бала тұтас  зат және оның бөлшектері туралы түсінікке ие болады деп есептеді Фребель. ...

Ереже:

- ережеге сәйкес қол көтеріп сөйлеңіз;

- өзіңіз тыңдай біліңіз және өзгені де тыңдата біліңіз;

- сын айта біліңіз, өзіңізге айтылған сынды тыңдай біліңіз және одан қорытынды жасаңыз;

- адамның өзін емес идеяны талдау жасау біліңіз;

- жақсы ынтымақтастықтағы серіктес бола біліңіз;

- басқа адамның пікірін сыйлай біліңіз;

Ойын - "Бір-біріңді таны".

Мақсаты - коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.

Ойынды жүргізуші қатысушыларға шеңбер құрып отыруын сұрайды. Ойынның шарты бойынша ортақ белгілері бар ойыншылар орындарын ауыстыруы керек. Мысалы: кімнің үйінде үй жануарлары бар орындарыңды ауыстырындар! Ойынды жүргізуші шеңбердің ортасында тұрып босаған орындардың біреуін алуға тырысуы қажет (орындардың саны ойыншылардың санына қарағанда кем болуы тиіс). Шеңбердің ортасында қалып кеткен ойыншы жүргізушіге айналады және ойынды жалғастырады.

Тренинг қортындысы.

  1. Рефлексия. Жаттығу: "Комлимент".

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша, ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді. Тренинг аяқталғаннан кейін қорытынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды. Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.



6. Үй тапсырмасы: Екі шағын топқа бөлінеді.

1 топ: №1. Мектепке дейінгі психологияның методологиясы. (анықтамасын жасау).

2. Мектепке дейнгі мекемелердің сандық және сапалық көрсеткіштері.


2 топ: №1. Мектепке дейінгі психологияның зерттеу әдістері. Модель құру.

2. Мектепке дейінгі мекемелерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету. (ауызша сипаттау).





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12