400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мектепке дейінгі ұйымда асық технологиясын қолдану жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны дамытуға көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті №25 «Толағай» балабақшасы педагогтарының мақсаты: әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау және инновациялық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда асық технологиясын қолдану жолдары»

 Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны дамытуға көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті №25 «Толағай» балабақшасы педагогтарының мақсаты: әдіс - тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау және инновациялық технологияларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жүзеге асыруға бағытталған.
Инновациялық технологияда ең маңыздысы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: 
«Бала біздің болашағымыз, қоғамымыздың азаматы». 
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру. 
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолданып, нәтижелі тәрбие мен білім беру, білім сапасын арттырады. Бұл орайда Толағай балабақшасының ұжымы асық технологиясы бүлдіршіндерді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екеніне көз жеткізді. 2017/2018 оқу жылынан бастап, алдымызға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқы­ту стандарты мен үлгілік бағ­дарламасына сай барлық білім сала­сында қолдану мүмкіндігін ашып, түрлендірудің теориясы­ мен әдістемесін дайындау, тұжы­рымдамасын негіздеу мақсатын қойып отырмыз. Асық ойыны – ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Асық- дегеніміз не? Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат.  Ал, денсаулыққа тигізер пайдасы өте зор. Асық ойыны баланы ең бірінші шапшаңдыққа, ептілікке баулиды. Үнемі қозғалыста болғандықтан денесі шынығады, көздің алыстан көру қабілеті артады, ағзасы тынығады, мергендікке үйренеді, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы жеңілдеп, бұған қоса аяқ-қолдың қимылы жақсарады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеу­ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз­дік-логикалық ойлау­ды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір­лесе әрекет етуге тәр­­­­биелейді. Балалардың рухани дамуымен қатар физикалық дамуына септігін тигізеді.

Денсаулық - білім беру саласы бойынша аяқ, табан, бұлшық еттерін дамытуда май табанның алдын-алу мақсатында гимнастикалық асық жолақшасын түстен кейінгі шынықтыру шараларында қолданамыз.

Коммуникация - саласы бойынша сөздік қорды дамытуда түрлі-түсті асықтарды пайдаланып сөздерге дыбыстық талдау жасау, асықтардың атауына қарай, асықта белгіленген буындардар арқылы сөз құрастыру, сөзге сөйлем ойлау ойындарында пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Бұл балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады.

Сонымен қатар көркем әдебиет оқу қызметінде асықты түрлі әдеби жанрларда қолдану, асық атауларын пайдаланып төрт жолды өлең құрастыру балалардың шығармашылық қабілетін дамытады.

Шығармашылық - білім бері саласы боынша балалар парақшада берілген шеңбердің ішіне асықты бояуға малу арқылы парақша бетіне нүктелер түсіріп, бірнеше рет қайталап жасайды. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі бейне пайда болады. Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне қызықты әрі сиқырлы сәт болады.

Таным білім беру - саласы бойынша қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді қалыптастыру және интелектуалды-шығармашылық қабілетті дамытады.Осы сала бойынша балалардың тапсырманы стандартты емес жолмен деген ұмтылысын,тапқырлығын,зеректігін,ұғымталдығын дамытуда асық технологиясы бірден-бір тиімді әдіс.Кеңістікті бағдарлау арқылы асықты ұяшықтарға орналастыру, шертіп ату,санау, топтау және жіпке тізу баланың саусақ буындарына өте пайдалы .Бұл ойындар арқылы баланың қиялы мен ойы, ұшқырлығы, зейіні жан-жақты дамиды.

Әлеумет білім беру - саласы бойынша әлеуметтік ортаға бейімделу біліктерін қалыптастыру, кез-келген ортада бірлесе әрекет ету балалардың ұжымда бірігіп отырып шешім қабылдауда асық ойынының орыны ерекше. Бала өз ортасында ойын арқылы дос табады, өзін еркін сезінеді, ойын ашық айта алады. Бейнелі ойлай біледі, қиялдай алады, өз қабілетін және мүмкіндігін шығармашылық әрекетте көрсетеді.

Бүгін «таным» саласы бойынша жүргізілген жұмыс түрлерін көрсетпекпін.
Атап айтар болсақ, кіші топтарда - бала боял­ған асық арқылы түстерді ажырата білуді үйренеді. Ал асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген  асықтарды бір түстен, жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл­гіш болып жаттығады, затты жіпке тізу, өткізу дағдысы қалыптасады. Мұның бә­рі баланың қиялы мен ойын, ұш­қырлығын, зейінін жан-жақты дамытады.

Ортаңғы топтарда – боялған үлкен, кіші асықтар арқылы, заттардың көлемін, кеңістікті бағдарлай білуге, логикалық ойлау­ды қалып­тастыруға көмектеседі. 1ден 5ке дейін тура және кері санауға дағдыланады.

Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі­леті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді және 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдары қалыптасады, оларды танып және атай білуге, 1және 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санап жаттығады, заттарды салыстыру арқылы мөлшерін анықтай білуге үйренеді.


Мектепалды даярлық топтарда – құ­рас­тыруға, санның құрамын ажыратуға, логикалық тапсырмаларды шешуге, реттік санауға, затты санмен сәйкестендіруде қабілеттерін дамытады.

Қорытынды Асық ойынына атамыз Бауыржан Момышұлы «Асық үлкен халықтық тәрбие» - деп баға бергендей, болашақ ұрпаққа халықтық тәрбие беру, әрбір педагогтың міндеті деп есептеймін.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
2070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі