400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарды қалай тартуға болады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың ең алғашқы «Ұстазы Ата-анасы»,- деп бекер айтылмаса керек. Ата-ана баланың ерте жасынан бастап жеке басының физикалық, адамгершілік және интеллектуалдық дамуының алғашқы негіздерін қалауға міндетті. Бірақ сонымен қатар ата-аналардың барлығы да бірдей жақсы бола бермейді. Сол себепті отбасының барлығы бірдей баласына дұрыс тәрбие беретініне кепілдік бере алмаймыз.Сол үшін біз педагогтар отбасылық тәрбиені ұйымдастыра білуіміз қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Хинекина Майра Гарифуллаевна

Атырау қаласы

№16 «Дюймовочка» бөбекжай-балабақшасының

әдіскері, педагог-модератор


«Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналарды қалай тартуға болады?»

Баланың ең алғашқы «Ұстазы Ата-анасы»,- деп бекер айтылмаса керек. Ата-ана баланың ерте жасынан бастап жеке басының физикалық, адамгершілік және интеллектуалдық дамуының алғашқы негіздерін қалауға міндетті. Бірақ сонымен қатар ата-аналардың барлығы да бірдей жақсы бола бермейді. Сол себепті отбасының барлығы бірдей баласына дұрыс тәрбие беретініне кепілдік бере алмаймыз.Сол үшін біз педагогтар отбасылық тәрбиені ұйымдастыра білуіміз қажет.

Отбасы мен балабақша – біздің болашағымыздың бастауында тұрған екі қоғамдық институт, бірақ олардың бір-бірін тыңдап, түсіну үшін өзара түсіністік, әдептілік, шыдамдылығы әрқашан жеткіліксіз. Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға қалай қызықтыруға болады?

Отбасында және мектепке дейінгі ұйымда баланың дамуы үшін біртұтас кеңістікті қалай құруға және тәрбиелеу процесіне ата-ананы қалай жұмылдыруға болады?

Ата-анамен байланыс түрлеріне:

1.Ақпараттық-аналитикалық,

2.Ойын-сауық, демалыс;

3.Танымдық;

4.Көрнекі-ақпараттық тәсілдері жатады.

1.Ақпараттық-аналитикалық:

Қалай ойлайсыздар, бұған қандай жұмыс түрлері жатады?

Бұған тест, сауалнамалар, әлеуметтік паспорты, ата-аналар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қоя алатын сенім жәшігі және ата-аналарға кеңестер жатады.

Демек бұл іс-шаралар ата-аналардың қажеттілігін анықтауға көмек береді.

2.Ойын-сауық түрі (досуг): (залға сұрақ)

Бұған қандай жұмыс түрлері жатады?

Бұл ата-аналар мен балалар арасында жылы, бейресми, сенімді қарым-қатынас орнатуға арналған бірлескен демалыс шаралары, мерекелер, көрмелер. Ата-аналардың қатысуымен ойналатын ойындар, жарыстар.

Мысалы: «Жәрменке», «Не? Қайда? Қашан?», «Отбасы жылы».

3.Танымдық түрі

Бұл жұмыс түрі ата -аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыруда үлкен рөл атқарады. Бұндай жиындарда ата-аналар ерекше көңіл күйде болып, бір-бірімен ашық пікірлеседі.

Ол «Аукцион» деп аталады. Ата-аналар жиналысы таңдалған тақырып бойынша кеңестерді сату түрінде, яғни ойын түрінде өткізіледі. Мысалы: 3 жастағы дағдарыс.

Тәрбиеші үш жастағы дағдарыс туралы түсінік беріп, бұл кезеңнің балалар үшін қаншалықты ауыр екенін ата-аналармен бірлесіп талдайды.

Тәрбиеші ата-аналарымен осы кезеңді қалай бастан өткергендерін немесе қазір қалай күресіп жатқандарын бөлісулерін ұсынады.

Барлығы да ойын түрінде өтеді және әр кеңес үшін фишкалар беріледі. (яғни ата-ананың кеңесі фишкаларға сатылады).

Ең сәтті кеңестер «Ата-ана тәжірибесінің жинағы» ақпараттық тақтасында орналастырылады.

Шебер сынып.

Шебер сыныпқа балабақша тәрбиешілерімен қатар, бір нәрсемен бөлісе алатын, басқа ата-аналарға бір нәрсе үйрете алатын ата-аналар да қатыса алады.

Алдын-ала тәрбиеші бірнеше ата-анаға тақырыптар беріп, олардың әр қайсысына бала тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту жөнінде кеңес дайындауды тапсырады.

Жиын соңында қорытындыланып, ата-аналар ең пайдалы кеңесті таңдап, «Ата-ана тәжірибесінің жинағы» ақпараттық тақтасына орналастырылады.

Балабақша педагогтары, мысалы, ата-аналарға дәстүрлі емес өнер сурет салу әдістерін, оригами, қалдық бұйымдардан түрлі заттар жасауды үйретуге болады. Үздік ата-аналар жұмысын балабақша ақпараттық тақтасына орналастырады.

Сонымен қатар, ата-аналар арасында педагогтар, дәрігерлер, өрт сөндіру қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері болып, өз салалары бойынша әр түрлі кеңестер беруге болады.

Көрнекі -ақпараттық түрлері педагогтардың қызметін дұрыс бағалау, отбасы тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін қайта қарау үшін қажет.

Мысалға, «Ашық есік күні», фотосуреттер мен видое роликтер, балалар жұмысының көрмесін тамашалау. «Ашық есік күнін» дәстүрден тыс түрінде өткізуге болады.


Бұнда ата-аналар бақылаушы ретінде емес, ойын іс-әрекеттеріне белсенді қатысушы ретінде қатысады. Олар балалармен бірге сурет салады, музыка ырғағымен қозғалыстар жасайды, ойын зерттеулеріне, спорттық жарыстарға қатысады.

Сонымен қатар, тағыда ата-анамен жұмыс түрінің бірі ойын алаңын құру. «Ас үйдегі ойын» немесе «Біздің балалық шағымыздың ойыны». Мұнда ата-аналар өздерінің бала кездерінде ойнаған сүйікті ойындарымен бөліседі.

Ата-аналармен бірлесіп «Кішкентай кезімізде», «Біздің үй жануарлары» фотокөрмелерімен, сүйікті үй жануарларының фотосуреттерімен ақпараттық тақталарды безендіру және ата-аналармен бірлесіп қолдан жасаған отбасылық кітапшаларда өте қызықты болып саналады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі