«Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді
мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
«Балдәурен»
шағын
орталығы
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ
ҚҰРАЛ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА
ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Құрастырған::
Г.Т.Сыдыкова - «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді
мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
«Балдәурен»
шағын орталығының
тәрбиешісі
Шеңгелді ауылы, 2026
ж
Бұл әдістемелік құрал мектепке
дейінгі ұйымдарда ертегі қойылымдарын ұйымдастырудың маңыздылығын
айқындауға арналған.Аталған әдістемелік көмекші құрал мектепке
дейінгі ұйымдарда оқу тәрбие үрдісінде ертегілерді сахналап қойып
беруде бағыт-бағдар береді. Көмекші құрал ересек топ тәрбиешілеріне
қолдануға ұсынылады.

шағын орталығының тәрбиешісі,
Білімі - Орта арнуалы педагогикалық, Бастауыш сынып мұғалімі
мамандығы Еңбек өтілі: 15 жыл Санаты: Екінші біліктілік санат
«Мектепке дейінгі ұйымда ертегі қойылымдарының маңызы» Әдістемелік
көмекші құрал. 44 бет
«Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
№3 әдістемелік кеңес отырысында қаралды.
Хаттама №5,
12
қаңтар.2026
жыл
Мазмұны
Түсінік
хат..........................................................................................................1-2
І. Ертегі қойылымдарының бала өміріндегі
маңызы....................................3-4
1.1.Ертегі қойылымдарының міндеттері мен
әдістері..................................5-6
1.2.Ересек топ балаларына арналған «Әжемнің ертегісі»
вариативінің
жылдық
жоспары................................................................................................7-12
ІІ.1.Ертегі қойылымдар арқылы ұйымдастырылған іс-әрекет
үлгілері..............................................................................................................13-32
2.1.Ертегі желісі арқылы ұйымдастырылған мерекелер мен ойын-сауық
үлгілері..............................................................................................................33-42
Қорытынды.....................................................................................................
43
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................................................................44
Түсінік
хат
Ұсынылып отырған еңбекте
ұлттық тәрбиенің мәдени мұрасы ертегі қойылымдары арқылы баланың
тілін дамытып, ауызша көбірек өз ойын еркін жеткізіп, дұрыс, таза
сөйлеуге, көркем мәнерлеп айтуға үйрету, актерлік қаблеттерін ашып,
дербестігін дамыту жолдары қарастырылған.
Бүлдіршіндерге сапалы білім берудің негізгі кілті педагог үшін
жан-жақты іздену.
Тиімді әдістерді тауып пайдалана білу, күнделікті іс-әрекетке үнемі
жаңашыл инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, неғұрлым балаға
нәтижелі білім беру кез келген тәрбиешінің алдына қойған үлкен
міндеті.
Бүгінгі күннің тілек-талабы өсіп келе жатқан жас ұрпақты өзінің ана
тілінде
еркін шешен сөйлеуге үйрету мақсатын алдына қойып, ертегі
қойылымдар арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға көзқарасы, өзара
қарым-қатынастарын қалыптастырып, әсіресе балаларды кішкентай
кезінен әділдікке, достыққа, адамгершілікке байланысты қойылымдар
көрсетудің бала тәрбиесіне пайдасы зор екенін айта аламыз.
Ертегі қойылымдар жас буындардың сана-сезімін оятып, ақыл-ойын
дамытып, оларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге
бағыттайды.
Себебі балалар ертегідегі жағымды кейіпкерлерге еліктеп, олар да ел
қорғаған батыр, не болмаса еңбекте ер атанғысы келіп, жақсы
қылықтарға үйір бола бастайды.
Отбасында не болмаса балабақшада оқып, ауызша әңгімеленіп берген
ертегілер балалардың алдағы уақытта пікірлерінің бір жерден шығып
отыруына жетелейді.
Осы мақсатпен топтағы бүлдіршіндеріміздің сөздік қорларын ертегі
қойылымдары арқылы байытуды, жандандыруды, тілдің дыбыстық
мәдениетіне, сауаттылыққа тәрбиелеу мәдениетін алға қоя отырып,
көптеген тіл мәселесіне қатысты кемшіліктерді жеңіп келеміз.
Бұл әдістемелік нұсқауда ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына бар асыл құнды қасиеттерді
ертегі шығармалары арқылы сіңіру көзделеді.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құрал
балалар шығармашылығын, олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер
жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Қорыта айтқанда ертегі қойылымдары баланың тілін дамытуда
маңызы
зор екендігіне көз жеткізіп келеміз.
1
Іс-тәжрибенің өзектілігі:
Балалардың өз ана тілін жетік білуіне, меңгеруіне, ойлай, қиялдай,
армандай білуіне, танымдық қасиеттерін, шығармашылық қаблеттеріне
жол ашу.
Іс-тәжірибенің
мақсаты:
Балалардың тілдерін дамытуда
ертегілерді тиімді қолданудың жолдарын
қарастыру.
Міндеттері:
-балалардың тілдерін дамытуда ертегілерді тиімді қолданудың әдіс-
тәсілдерін нақтылау;
-балалардың тілдерін дамытуда ертегі қойылымдарын балабақшаның
оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану;
-ертегі қойылымдарын дамытуда балалардың тілдерін дамытудың
нәтижесін анықтау;
Іс-тәжірибенің
болжамы:
Егер мектепке дейінгі ұйымның ойынан шығарған ертегілеріне өз
қолдарынын ертегі кейіпкерлерін
жасаулары;
-Ертегі қойылымдарын әр-түрлі
бағыттарда (сахналық қойылым, ойын түрінде, сайыс түрінде,
ата-аналармен жұмыста т.б) қолдану
пайдалану.
2
І. Ертегі қойылымдарының
бала өміріндегі маңызы
Ертегі қойылымдары мектепке
дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбиелеудің көптеген міндеттерін шешуге
көмектеседі.Оны өзіміздің іс-тәжрибемізден дәлелдеп бере
аламыз.Ертегі қойылымдар баланың жеке тұлғасын,ой-өрісін дамытады,
музыкаға, театрға, әдебиетке деген қызығушылықтарын
арттырады.Баланың бойында белгілі бір қобалжу, уайымдау сияқты жат
қылықтардан арылтып, жаңа кейіпкерлердің пайда болуына себеп
болады.
Ертегілер бізді өзінің кейіпкерлерімен саяхатқа шақырады, олар
қауып-қатерлермен кездестіреді, адал достарының арқасында жеңіске
жетеді, қиындықтан қорықпауға үйретеді.
Ертегі кейіпкерлермен балалар кездесуге өте қуанышты
Ертегі қойылымдар балалардан назар салу, тез түсіне білу, бір
кейіпке бағынып, оған ұқсап оның өмірімен өмір сүруді талап
етеді.
Балалар қоршаған ортаны кейіпкерлер, түстер, дыбыстар арқылы
көреді.
Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге күледі, қайғырады,
уайымдайды,
сәтсіздіктеріне жылайды, оларға әрқашан көмекке келуге дайын
тұрады.Ертегілер балалардың тілдерін дамытудың басты құралы
болуымен қатар, баланы ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
Ертегі халықтың қиялын, арманын білдіреді.Бірақ осы ертегілерді
тыңдағанда балаға жақсы әсер қалдырып, жақсы тәрбие беретін
жақтарын таңдай білу керек.Балаларға эстетикалық әсер ету, ертегі
қойылымдарын талғаммен безендіру болып табылады.
Балалардың атрибут, декорация дайындауға қатысуы, талғамдарын
дамытады, тамаша сезімдеріне тәрбиелейді.Балалар алғашында көрермен
болады, өйткені олар бірден ертегіге қатысты шығармашылық процессті
толық көлемде қамти алмайды. Біртіндеп балалардың шығармашылық
белсенділіктері арта түсіп, ертегіні мазмұндап қана қоймай,
кейіпкерлер сияқты қимыл-қозғалыстарын көрсетіп, сахналауға
қатысқан қызықтыра түседі. Олар кейіпкердің қимыл-қозғалысын
көрсетуге талпынып, бір-бірінің іс-әрекетін бақылап, рөлді жақсы
орындауға тырысады. Балаларда мәнерлі, әуенді, ырғақты сөйлеу
мәнері дамиды.
Сахналау кезінде балалардың белсенділігі артады, мәтінді есте
сақтайды, кейіпке кіреді, мәнерлікті баурап алады. Кейіпкерді
сомдағанда кей баланың өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды, ертегі
қойылымының жетістікке жетуіне жауапкершілік сезімдері арта түседі.
Театрландырылған ертегілерді безендіруге ерекше көңіл бөліп,
балалармен костюм, атрибуттарға үлкен мән беру
керек.
3
Қәзіргі заман талабына сай,
айналаны қоршаған өзекті мәселелер жайлы баланың ұғымына сай,
тіліне жеңіл жазылған шағын ертегі шығармалар,өлең тақпақтарды
жаттатқызып, сөз мағнасын түсіндіріп отыру бала тілінің жан-жақты
дамуына жақсы әсерін тигізері анық.
.
4
І.1.
Ертегі қойылымдарының
міндеттері мен әдістері
-Балаларды ертегі қойылымдар
түрлерімен таныстыру;
-Жас ерекшеліктеріне сай, шығарманы саты бойынша меңгерту;
-Балалардың бойында әртістік қасиеттерді дамыту;
-Интонация, анық айтуларына жұмыс жасау;
-Балалардың бойында жанашырлық, аяушылық сезімдерін
қалыптастыру;
-Ұжымдық іс-әрекет, өзара әрекеттесу;
Ертегі қойылымдары балаларға көптеген проблемалық жағдайларды
шешуге мүмкіндік береді.Баланың сахналық әрекеттерін құру мен
дамыту оңай және арзан шаруа емес екендігін әр педагог біледі және
түсінеді-ол үстел үсті театры, бибабо қуыршақтары, дикорациялар,
саусақ театры, сахналауға арналған костюмдер және басқалар.
Ертегі қойылымдарда ең басты маңызды рөлді тәрбиеші ойнайды.
Ол тек кез келген шығарманы мәнерлеп оқу немесе жаттап айтып беру
ғана емес, сонымен қатар әр нәрсеге айналып кетуге дайын болу, яғни
актерлік шеберлігінің негіздері мен режиссура дағдыларын меңгеру
қажет.
Мектепке дейінгі ұйымда ертегі қойылымдары оқыту мен тәрбиелеудің
көптеген міндеттерін шешуге
көмектеседі.
«Физикалық» дағды бойынша:
- іс-әрекетті ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі
кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.
-негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар
тапсырмалары орындалады.
-эстафеталық ойындар сайысын өткізуі
ұйымдастырылады.
«Коммуникативтік» дағды бойынша:
-ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар,
қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.
- сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді
және ертегі мазмұнын құрастырады.
-кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық
меңгереді.
«Таным және
зияткерлік» дағдылар бойынша:
-ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен»,
«кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.
-ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
-әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін
құрастырады.
«Шығармашылық» дағды:
-жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен
сурет салу арқылы бейнелеп көрсетеді. 5
-мүсіндеу арқылы ермексаздан, ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау
арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.
-музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін,
қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы
қайталатады.
«Әлеуметтік және
эмоционалдық» дағдыларды қалыптастыру:
-ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиеленеді
-ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп,
жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.
-айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы
байланысты ажыратады.
Балалар кейіпкерлермен бірге
күледі,қайғырады,уайымдайды,сәтсіздіктеріне жылайды, оларға
әрқашанда көмекке келуге дайын тұрады.
Балалар көбінесе адал, мейірімді кейіпкерлерге ұқсағысы
келеді.Ертегі қойылымдарда балалардың атрибут, декорация дайындауға
қатысуы талғамдарын дамытады, тамаша сезімдерге тәрбиелейді.
Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін ой-өрісін дамыту
мақсатында «Ертегі» театр үйірмесінің жылдық жоспары құрылды.
Жылдық жоспарда әр айға қандай ертегілер сахналанып, қандай
мақсатта жүзеге асатыны жайлы жоспарланған.
Ұйымдастырылған ертегі қойылымдар әр жыл мезгіліне сай өтілетін
мерекелік ертеңгіліктермен ұштастырылып сахналанып отырылады.
Мысалы «Алтын күз» мерекесінде –«Шырылдауық шегіртке мен
құмырсқа»,Жаңа жыл мерекесінде –«Ормандағы аңдар хикаясы», ал
Наурыз өзіміздің ұлттық мерекемізде «Алдар Көсе мен бай» ертегі
қойылымдарын көрсете білді.
Қойылымдарды сахналау арқылы балаларды рөлдерде ойната отырып,
оларды жан-жақты тәрбиелеу табиғатты сүйіп аялауға, әділ шыншыл,
еңбексүйгіш адам болуға, мінез-құлық қызығушылықтарын қалыптастыру,
әсемдік, сұлулық әлемін сезініп түйсіне білуге, сол сұлулықты өз
қолдарымен жасай білуге, сөздік қорын байытып байланыстыра,
мәнерлеп әдемі, әдеби тілде сөйлей білуге үйрету маңызды.
Өздерін көпшілік орында қалай ұстау керектігін, қалай киініп, театр
қойылымдарын қалай көріп, қалай тыңдау керектігі көзделеді.
Біз педагогтар сол бала бойындағы қасиетті сыртқа шығаруға көмек
беруіміз қажет.
.
6
І.2.
Ересек топтың балаларына
арналған жылдық жоспар
Қыркүйек айы
|
Тақырыбы: |
Мақсаты: |
Қолданылған атрибуттар: |
|
|
Балалардың ертегі жайында түсініктерін кеңейту.Ертегі қойылмдары арқылы өнерге баулу,сахнада өзін еркін ұстауға, көркем әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру. |
Ертегі қойылымдарында қолданылатын маскалар, ертгеі кейіпкерлерімен жақын таныстыру. |
|
|
Балаларға үстел үсті театры жайында мағлұмат беру.Балалардың қалауы бойынша рөлдерді бөлу.Ертегі кейіпкерлердің мінез-қылықтарын келтіру, дауыс ырғағын келтіріп ойнауға дағдыландыру. |
Стол үсті театрының кейіпкерлерімен таныстыру, өз қолдарынан атрибуттар жасау. |
|
|
Балаларға саусақ театры жайында түсінік беру.Саусақ театрының кішкентай кейіпкерлерімен оның жасалу жолдарымен таныстыру. |
Саусақ театрының кейіпкерлерімен таныстыру. |
|
|
Балаларды көлеңке театрымен жақынырақ таныстыру.Балаларға түсіндіру бұл театрда ертегі кейіпкерлерінің тек қана көлеңкесі ойнайтынын айтып жеткізу.Ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. |
Картоннан жасалып, қара түске боялған ертегі кейіпкерлері. |
Қазан айы
|
|
Ертегіні балаларға түсінікті етіп мәнерлеп оқып,мазмұнын айтып беру.Дауыс ырғағын келтіріп , ертегіні көрсету.Ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру. |
Ертегі кейіпкерлер суреттерін көрсету. |
|
|
Ертегі кейіпкерлерін балалардың өз қолдарынан жасай отырып, ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
«Дос іздеген бота» ертегі кейіпкерлерінің маскасын қолдану |
|
|
Өлең жолдарын саусақ жаттығулары арқылы бірнеше рет мәнерлеп қайталай отырып, жаттап алуға үйрету.Саусақ моторикасы арқылы балалардың тілін дамытуды одан әрі жалғастыру. |
Кең даланың жолы еді, |
|
|
Балалардың ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарн арттыру. |
Ертегі кейіпкерлернің маскасы, атрибуттар. |
Қараша айы
|
|
Ертегі мазмұнын дұрыс түсінуге үйрету, ертегіні басынан аяғына дейін тыңдап көруге, қызығушылықтарын арттыру. |
Ертегі кейіпкерлерінің суретттерін қолдану. |
|
|
Ертегіні фланелеграфта көрсете отырып, дауыс нақышына келтіріп, балаларды ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру. |
Матаға жапсырылған ертегі кейіпкерлері |
|
|
Сөздік қорларын одан әрі молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету. |
Ертегі кейіпкерлерінің маскалары |
|
|
Саусақ моторикасын дамытуды одан әрі жалғастыру.Тақпақты түсініп, жылдам жаттауға дағдыландыру |
Момақанмын алайда, |
Желтоқсан айы
|
|
Балаларға ертегіні басынан аяғына дейін мұқият тыңдауға, соңында мазмұнын қайталап айтып беруге дағдыландыру.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай қимыл қозғалысын,дауысын өзгерте білуге үйрету. |
Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету |
|
|
Балаларға көлеңке театры жайында білім беруді одан әрі жалғастыру.Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. |

Ертегіні басынан аяғына
дейін |
Түрлі-түсті ермексаз. |
|
|
Кейіпкерлердің сөзін дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп ойнауға үйрету.Диалог ретінде сөйлей білуге дағдыландыру.Ертегінің сөздеріне сай қимыл қозғалыс, іс-әрекет жасауға дағдыландыру. |
Ертегі кейіпкерлерінің киімдері, атрибуттар. |
Қаңтар айы
|
«Ертекші әжей» |
Қонаққа ертекші әжейді шақыра отырып, балалардың бойынақуаныштудыру.Әженің ертегілерін мұқият тыңдауға , кейін қайталап айтып беруге үйрету.Қонақжайлылыққа тәрбиелеу. |
Ертекші әжейге дастархан жаю. |
|
|
Балаларды ертегіні мұқият басынан аяғына дейін тыңдауға, дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп оқи отырып, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. |
«Алтынайдар әтеш пен
Еркетай» |
|
|
Фланелеграфта ертегіні аса бір қызығушылықпен көрсету.Ертегі кейіпкерлерінің даусын келтіріп қызықтырып ойнауға дағдыландыру. |
Матаға тігілген ертегі кейіпкерлері |
|
|
Ертегіні балалардың өз беттерінше сахналауы.Қимыл қозғалысын, дауыс ырғағын келтіре отырып ертегіні сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру. |

Ақпан айы
|
|
Балаларға ертегіні басынан
аяғына дейін мұқият тыңдауға, соңында мазмұнын қайталап айтып
беруге дағдыландыру.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай қимыл
қозғалысын,дауысын өзгерте білуге үйрету.Ертегіге деген |
Ертегі кейіпкерлернің суреттерін көрсету. |
|
|
Өздеріне таныс ертегіні үстел үстіне сахналап көрсетугеүйрету.Жүргізуші сөзін келістіре, дауыс ырғағы нақышына, қимыл қозғалысын келтіре білуге дағдыландыру. |
«Қолғаптағы достар» |
|
|
Балаға таныс ертегіні қызығушылықпен аяғына дейін көріп тыңдауға дағдыландыу.Ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. |
Фланелеграф, матаға жапсырылған ертегі кейіпкерлері. |

Наурыз айы

Ертегіні саусақ театры арқылы көрсете отырып, қызығушылықтарын арттыру.Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. |
Ертегіні саусақ театры арқылы көрсету. |
|
|
Тұзды қамырдан ертегі
кейіпкерлерін өз қалаулары бойынша мүсіндеуге үйрету. |
Алдын ала жасалған тұзды қамыр |

Сәуір айы
|
|
Ертегіні қызықтырып мұқият
тыңдауға дағдыландыру.Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай қимыл

«Сиқырлы» |
Жүргізуші сөзін келістіре, дауыс ырғағы нақышына, қимыл қозғалысын келтіре білуге дағдыландыру. |
«Сиқырлы қолғап» |

Диалог ретінде сөйлей білуге дағдыландыру.Ертегінің сөздеріне сай қимыл қозғалыс, іс-әрекет жасауға дағдыландыру. |

Мамыр айы
|
|
Көкөністер жайында білімдерін бекіту,сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге |
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері |
|
|
Дауыс ырғағы нақышына, қимыл қозғалысын келтіре білуге дағдыландыру. |
«Бау бақшада» |
|
|
Көлеңке театрымен жақынырақ таныстыруды одан әрі жалғастыру.Балаларға түсіндіру бұл театрда ертегі кейіпкерлерінің тек қана көлеңкесі ойнайтынын айтып жеткізу.Ертагі тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. |

Диалог ретінде сөйлей білуге дағдыландыру.Ертегінің сөздеріне сай қимыл қозғалыс, іс-әрекет жасауға дағдыландыру.Ертегіні түсініп, басынан аяғына дейін тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру. |

Тақырыбы: «Ормандағы
оқиға»
Мақсаты:
Балаларға орманда сақталатын қауіпсіздік
ережелері жайында түсінік беру. Қауіпті жағдай туғызуы мүмкін
заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін
кеңейту. Ертегі арқылы сөздік қорларын
жаңа сөздермен толықтыру.
Әдеби тілде еркін ауыз екі
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа,
ептілікке, достыққа
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: орман,қауіпсіздік ережелер,боташым,достар
т.б.
Әдіс-тәсілдер:
әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,қайталау,ертегі
қойылымын көрсету
Құрал-жабдықтар:үйшік,орман көрінісі, проектор т.
б.
Мотивациялық
қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық
кезеңі
Балалар залға кіреді, ортаны айналып, шеңбер
жасап тұрады, тәрбиеші балалармен бірге қонақтармен
амандасады
Шаттық
шеңбер:
Балалар менің –күнім,
Балалар менің-гүлім.
Балалар нұр сыйлайтын,
Бүгінгі күнім менің,
-дей отырып-балалар мен сендерді құлпырған гүлмен теңеймін!
атқан таңның нұрымен теңеймін!
Тәрбиеші:
-Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
-Неге көңіл күйлерін жақсы ?
Балалар жауабын тыңдау:өйткені біз балабақшаға келдік, достарымызды
көріп, қуанып тұрмыз.
Тәрбиеші:Менің де көңіл күйім жақсы, өйткені мен сендерді көргеніме
қуаныштымын.
Топқа жүгіріп Айнұр Серікқызы кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсің бе Айнұр Серікқызы, сізге не болды?
Бану Кәкімқызы, балалар, шұғыл көмек керек, Түйенің төлі бота өзіне
дос іздеп орманға шыққалы жатыр. Ал бота болса орманда кездесетін
қауіпсіздік ережелерді мүлдем білмейді. Біз көмек бермесек, ол бір
нәрсеге ұрынады. Құтқаруымыз керек.
Ал балалар, не істедік Ботаға көмек береміз
бе?
Балалар жауабы.
Орманда нелер бар?
Балалар айта қойыңдаршы ,орманға жалғыз бару қауіп па? 13
Неліктен?
Слайд көрсету.
Д/ойын «Рюкзакты жинау»
Балалар жауабын тыңдау. (Арнайы киім,рюкзак алу керектігін айтып
өту)
-Дұрыс айтасыңдар балалар, орман міндетті түрде қауіпсіздік
ережелерді
сақтау керек.
Қауіпсіздік ережелерді айту, бекіту (айтып,
суретпен көрсету)
-Тоғайда көптеген кедергілер кездесуі мүмкін, ал біз ол
кедергілерге шыдаймыз ба?
Балалардың жауабын тыңдау.
-Ендеше жолға аттанайық!
Балалар рюкзактарын алып жолға аттанады.
Жолымызға аттанбас бұрын бір сергіліп
алсақ::
Сергіту сәті (әуендік
слайд)
Сылдырап аққан судың, құстың,дауысы
естіледі.
-Ал балалар, алдымыздан өзен екен,қалай өтуіміз керек?
-Дұрыс айтасыңдар!
Балалардың жауабын тыңдау, іс-әрекеттерін бақылау.
-Жақсы балалар, біз бірінші кедергіден
өттік!
(спорт жабдық құралдарымен)
Балалар айналаға қараңдаршы, ағаштар ғана, тек мына жалғыз ізден
басқа жол жоқ. Іздерді қою
Ендеше бір-бірімізді ұстап абайлап өтейік! (батбақты жерден
өту)
Ал балалар,енді мына бір жерге демалып алсақ!
Сол кезде әндеткен Ботаның дауысы
естіледі.
Балаларды орындықтарға отырғызу.
Ертегі қойылымы «Дос іздеген
бота»
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе
болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті,
адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып
өседі.
Бір күні
анасы:
-Боташым, мен саған жақсы достан басқаның
бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап.Доссыз өмір қызық
емес.
Бота жолға аттанады.
Бота: -Бота,бота,ботамын,
Ақылды болып атандым.
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім.
Әндетіп келе жатса,алдынан мысық шығады: 14
Мысық: -Мяу,мяу мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Кел екеуміз дос болайық,
Бір күлейік,бір
ойнайық.
Бота: - Жоқ - жоқ сен сияқты дос
емес.
Бота итті
кездестіреді.
Ит:- Аф,
аф,
Атым менің
Саққұлақ,
Жүремін ылғи
шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
Би билейік,ән салайық.
Бота: - Жоқ - жоқ сен сияқты дос
емес
Бота әтешті
кездестіреді.
Әтеш: - Ку - ка - ре -
ку,
Алқызыл менің
айдарым
Таңмен ерте
тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.
Айқайлайық оятайық!
Бота: -Жоқ - жоқ сен сияқты дос
емес
Бота лақты
кездестіреді.
Лақ: - Мен
ақпын,
Секеңдеген
лақпын
Кел екеуміз дос болайық.
Секірейік ән салайық!
Бота: -Жоқ - жоқ сен сияқты дос
емес
Бота жолда қозыны
кездестіреді.
Қозы: Мен
қозымын,қозымын
Момақанның
өзімін.
Кел екеуміз дос болайық,
Бірге жүріп,бірге ойнайық!
Бота: -Жоқ - жоқ сен сияқты дос
емес
Бота Араны
кездестіреді.
Ара: - З - з - з, кел екеуміз дос
болайық,
Гүл терейік, бал
жинайық.
Бота: - Жоқ, жоқ сен сияқты дос
емес.
Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде
қашып құтылады.
Анасы: Дос таптың ба,
боташым?
Бота:-
Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен
сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
15
- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным,
боташым. Досты жан тазалығымен таңдау
керек.
Бота қуанып достарын шақырып алады.
-Келіңдер ендеше менің достарым!
Бар достар жиналып «Дос болайық бәріміз» атты әнді
орындайды.
16
Тақырыбы:«Табиғаттың
жаңаруы»
Мақсаты: Жыл мезгілі, көктем туралы
түсінік беру. Табиғат құбылыстары жайлы білімдерін дамыту. Ертегі
қойылымы арқылы әдеби тілде еркін, ауыз екі сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру, сахналауға қызығушылықтарын арттыру. Балаларды
достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ,
көгершін, аққу, торғай, әтеш,бұлбұл, терек, қарлығаш,
сауысқан.
Көрнекіліктер: Қоржын, асықтар, кеспе ертегі
кейіпкерлерінің суреттері.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,
қайталау, сұрақ-жауап, топтық
жұмыс.
Алдын-ала жасалған жұмыс:
Ертегі оқу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті
тақта, музыкалық киіз үй.
Шаттық шеңбер: Достарды біз
қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта, ұл қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Таңғы
жиын
Сөйлейтін қабырғамен
жұмыс
Тәрбиеші:
-
Балалар бір жылда неше
мезгіл?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
(көктем)
- Көктем айларын атап
беріңдерші?
- Көктем екенін қайдан
білдіңдер?
- Бір аптада неше күн? (апта
күндерін атайды)
- Тәулік атауларын есімізге
түсіреміз? (таң, күн, кеш, түн)
- Бүгін канша ұл, қыз келді?
(санау, санмен белгілеу)
Балалармен сөздерді хормен
және жеке қайталау
Балаларды мадақтау: дұрыс,
күнделікті айтып жүрген
сөздеріміздіқайталадық.
Әуен ойналады. Интерактивті тақтадан Алдар
шығады.
Балалар интерактив такта алдында жаратылай
шеңберге тұрады.
(Мен Алдармын Алдармын, Сақалымды
талдармын)
-«Сәлеметсіңдер ме, «Айналайын» тобының
бүлдіршіндері!
Мен атақты Алдар көсе, сендердің білімді, өнерлі, алғыр балалар
екендеріңді біліп, мына сиқырлы ғажайып қоржынымды жіберіп отырмын.
Қоржынымда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Егер сендер
тапсырмаларымды орындасаңдар, менің сендерге арнаған сыйым
бар.Сендерге сәттілік!» (Балалар орындықтарға отырады)
17
Тәрбиеші балаларға қоржынды
жақынырақ көрсетеді. (Балалар қоржынды қарап түсін, қандай
ою-өрнекпен безендірілгені жайлы әңгімелеп зерттейді). Оюлардың
түрлерін атайды (гүл, қошқармүйіз, су)
Оюлардың түрлерін атауын қайталайды
Тәрбиеші: Балалар менімше қоржынның ішінде бір нәрсе бар?
(Қоржынды,сілкуқарау)
Әр бала ұстап көреді.
Тәрбиеші бір баладан қоржынды ашуын сұрайды.
Қоржынның ішінде әр түсті асықтар.
Тәрбиеші: - Балалар мынау не?
-Түстері қандай?
-Канша екен, санайық?
-Балалар, бұл жай асықтар емес, Алдар көсе бізге сиқырлы асықтарды
жіберіпті.
Ендеше тапсырмаларын орындауға кірісейік!
Интерактивті
тақтадан:
1.Тапсырма: «Балалар, мына қызыл түсті асықта менің бірінші
тапсырмам:
- Қазір қай жыл мезгілі?
Балалардың жауабы.
Көктем мезгілінің айларын есімізге түсіріп
қайталайықшы
-Наурыз, Сәуір, Мамыр -
балаларды мадақтап өту.
-Ал Наурызда қандай мереке болды?
Балалардың жауабы. (8 наурыз, аналар мерекесі)
Ал алда қандай мейрам келе жатыр?
Наурыз мейрамы.
Наурыз табиғаттың жаңаруы, жер көктей бастай,...
Тәрбиеші: Тамаша балалар! Ендеше бір сәт тіл ұстарту жаттығуларын
есімізге түсірейікші:
Ға-ға-ға,
Тал басында қар-ға.
Қан-қан-қан,
Ұшып кетті сау-ыс-қан.
Ғай-ғай-ғай,
Қар үстінде тор-ғай.
Қу-қу-қу,
Көлде жүзді ақ-қу.
2.Тапсырма: «Менің екінші тапсырмамды мұқият тыңдаңдар.
Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1. Көкті жұлма. Көктей соласың дейді. 18
2.Құстың ұясын бұзба.
3.Ағаш сындырма. «Бір тал ағаш сындырсаң, он тал ек»
Көзге жаттығу жасау.Сонымен қатар, көктемде
құстар ұшып келеді, Қыстайтын құстарды және жылы жақтан ұшып
келетін құстарды еске түсіру
Балалардың жауабы.
3.Тапсырма: Ал балалар менің
соңғы тапсырмам:
Жұмбақ:
Орманда мекен етеді,
Күні бойы еңбектеніп, тіршілік етеді (Тоқылдақ)
-Канеки, дұрыс па даусын естіп көрейік!
То-қыл-дақ сөзін балалар аяқпен
топылдатып қайталайды
(Интерактивті тақтадан Алдар көсенің дауысы)
-Тамаша, ал енді тоқылдақ туралы не білесіндер?
Тәрбиеші: Балалар есімізге түсірейікші,Тоқылдақ туралы қандай
ертегі білемізбе?
Балалардыңжауабы.
Балалар Алдар көсенің сұрағына біз "Орман дәрігері" атты ертегі
арқылы жауап берейік.
Бірақ балалар,ертегіні сахналамас бұрын бір сергіліп алсақ:
Сергіту сәті:
Құстар қанат қағады,
Көкте самғап ұшады.
Барлық құстар қосылып,
Шиқ-шиқ деп ән салады. (Қимыл-қозғалыспен көрсету )
Балалар кілем үстіне ауысады.
«Орман
дәрігері» атты ертегіні балалардың
сахналауы (маска)
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде орманда бір Терек ата өмір
сүріпт.
Күндердің бір күнінде Терек ата науқастаныпты:
Ух жаным ай, жаным, енді не қылсам екен, жүрегім аурады,
жапырақтарым сырқырайды,маған дәрігер шақырып емдеңдерші,-деп зар
еңіреп жылайды.
Бұл мұңды жақын маңда ұшып бара жатқан көгершін естіп,-уайымдамаңыз
көмекке орман құстарын шақырамын-деп ұшып кетеді.
Көгершін ұшып келе жатып бір топ сауысқанды көріп:
Алақай, алақай!
Күн шықты, күн шықты.
Жер үстіне нұр шықты.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң достарым,сауысқандарым. 19
Көгершін:Уа сауысқан, сауысқан, сөзді тыңда туысқан.
Ыстық күнде сая болған, күн жауғанда пана болған
Терек ата науқастаныпты, емдем жақсылық жасайық.
Сауысқан: Менің сауысқан екенім рас.Бірақ аты шулы
күзетшімін.Жұмысты тастап қалай кетемін.Менің теректі емдейтін
уақытым жоқ,-деп ұшып кетеді.
Көгершін ары қарай ұшып келе жатса алдынан әтеш шығады.
Әтеш:-Ку-ка-ре-ку!Айналайын , көгершінім айту керек сөздің шынын,
тауықтар көп мен жалғызбын.Балапандармен ойнаймын,айқай салып
шақырамын, елді ұйқыдан оятамын.Менің теректі емдейтін уақытым
жоқ.
Көгершін шаршап ұшып келе жатса, алдынан ән салған бұлбұлды
кездестіріп, мән жайды түсіндіреді.
Бұлбұл:-Құлағыңды сал әніме, кешір маған ренжіме, мен атақты
әншімін, бұл ежелгі кәсібім.Тоғайды аралаймын, құстарға, аңдарға
достарыммен бірге ән саламын, ойланшы досым, саған сонда қалай
еремін- деп ән салып ұшып кетеді.Көгершін қалып қоя береді.
Көгершін дәрігер іздеп әрі қарай ұшып, жолда ойнап жүрген
торғайларға тап болады:
Торғайлар:-Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды,барлық істі басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі басқарған.
Көгершін:Торғай, теректі емдеу керек көмектес.
Торғай:Терекке баруға уақытым жоқ,қолым тимейді, бау-бақшаны
аралаймын, құрт-құмырсқаны аулаймын, жеміс жақсы өссін деп
күні-түні ойлаймын.
Көгершін:Амалы құрыған көгершін, айдын көлдегі билеп жүрген сұлу
аққуға жолығады.
Көгершін:Киелі, ақылғой құссың, теректі емдеу керек көмектес.
Аққу: Жұмысым көп,бәріне ақыл кеңес беремін.Көгершін сәл
аялда,жұмысы бар құстарды мазалама, жұмыссыз жүрген құстар көп,
соның бірі көмектесер.
Сөйтіп, көгершін әбден шаршап ұшып келе жатса бір бұтақта қонып
отырған құсты көреді.
Көгершін:Сені танымаймын, аты жөнің кім?
Тоқылдақ:-Аты жөні белгісіз, үй күйсіз, жұмыссыз жүрген құспын.
Көгершін:Іздегенім сен едің, жүр саған жұмыс тауып берейін.
Көгершін белгісіз құсты терекке алып келеді.Ол бірден іске
кіріседі.
Терек атаны бір белгісіз құс емдеп жатр дегенді естіп сауысқан,
әтеш, торғай, аққу, бесеуі келеді. 20
Сауысқан:-Көгершін-ау, бұл не қылған құс?
Көгершін:-Е, не қыласың теректі емдеп жазып берді.
Өнерлі құстардың бәрінің аты бар, бұл құста ат жоқ, бұған ат
қояйық.
Аққу:Бұл құстың аты өзіне сай Тоқылдақ болсын.
Бәрі: Йя, Тоқылдақ болсын.Орман дәрігері Тоқылдақ болды.
Сөйтіп белгісіз құс Тоқылдақ теректі емдепті.
Балалар атайды, тәрбиеші тыңдайды. Ал енді сөздердің дұрыс айтуын
бекітіп, жаңа сөздер қобдишасына саламыз. Кейін сендер бұл сөздерді
Бота Зайнуллақызымен тағы қайталап,
бекітесіндер.
Сөздік
жұмыс: Орман дәрігері, тоқылдақ,
көгершін, аққу, торғай, әтеш, бұлбұл, терек, қарлығаш,
сауысқан.
-Ендеше балалар қазір біз өз қолымыздан ертегі кейіпкерлерінің
кеспе
суреттерін алып, мына орман көрінісін «Ғажайып құстар мекеніне
айналдырамыз.Әуен ойналып, балалар шығармашылық жұмыс жасайды.
Смена действия воспитателей:
Бота Зайнуловна подводит итог занятия:
1.Проводит беседу с детьми, закрепляет новые слова используя
сундучок новых слов.
2.Сөздік жұмыс:Орман дәрігері, тоқылдақ, көгершін, аққу, торғай,
әтеш, бұлбұл, терек, қарлығаш,
сауысқан.
21
Тақырыбы:
«Cиқырлы
қолғап»
Мақсаты:
-балалардың
ертегі қойылымы арқылы әдеби
тілде еркін, ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық
қаблеттерін дамыту.
Міндеттері:
-балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
-ертегі қойылымдарын сахналауға деген қызығушылықтарын арттыру.
-балаларды бірін-бірі құрметтеп, достық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс:сықырлайды,үскірік,
боран.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап,түсіндіру,қайталау,
көрсету.
Құрал-жабдықтар:ертегі кейіпкерлерінің маскасы,
қолғап,иленген қамыр,тақтайшалар,сүлгілер,ватман, әр түсті
моншақтар.
Алдын-ала жасалған
жұмыс:Түрлі-түсті картоннан кесілген қолғаптар.
Мотивациялық
қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық
кезеңі
Шаттық шеңбер:
Шеңбер болып тұрайық,жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шаттыққа толы жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден!
-Балалар мына менің қолымда не?
-Дұрыс айтасыңдар, қазақтың ұлттық ыдысы «тостаған».
Осы киелі ыдыс арқылы балабақша деген тілектерімізді
білдірсек!
-Мен өз балабақшамды өте
ұнатамын.
-Біздің балабақшада көп жақсы қызметкерлер жұмыс істейді.
-Балабақшада өте көңілді.
-Менің топта көп достарым бар.
-Біздің топтың балалары өте ақылды, білімді, мейірімді балалар!
Тамаша балалар! (Қабырғамен
жұмыс)
-Балалар айта қойыңдаршы, бір аптада неше күн
бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Кеше аптаның нешінші күні болды?
-Ал ертең аптаның нешінші күні болады?
-Кәне тәулік атауларын есімізге түсірейікші?
-Балалар айта қойыңдаршы, бір жылда неше мезгіл?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Қыс мезгілі жайында балалардың әңгімесін тыңдау. 22
Ал ендеше балалар, көзімізді жұмып бір сәт қыс мезгілін
елестетейікші.
Тосын
сәт. Сыйқырлы қорапша әкелу.
-Ал балалар, қыс мезгілін көз алдарыңа елестете алдыңдар ма?
Артикуляциялық жаттығулар жасату.(Қарды үрлеу)
Сиқырлы қорапшаны шығарып балаларға көрсету.
-Ал балалар мен сендердің қолғаптарыңды сыйқырлап тастадым.
Сыйқырлы әуен ойналып,балалардың қолғаптарының орнына көлемі үлкен
қолғап шығады.
Тәрбиеші:Балалар мынау сыйқырлы қораптан мына тамаша
қолғаптың шығуы тегіннен тегін емес.
-Қолғапты біз қай кезде киеміз?
-Қолғаптың қандай түрлері
болады?
«Сиқырлы қолғап»
ертегісінің қойылымы.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегіде қай кейіпкер сендерге ұнады?
Балалардың жауабын тыңдау.
-Балалар көрдіңдер ме, үйшік құлап аңдар баспанасыз қалды.Ал біз
осы аңдарға көмек бере аламыз ба?
Балалардың жауабын тыңдау.
-Ендеше балалар өз қолымыздан осы аңдарға баспана жасап берейікші.
Жасалу жолдарын көрсету.
Әуен ойналып балалар жұмыс жасайды.
Қортынды.
-Балалар есімізге түсірейікші, бүгін біз оқу
қызметімізде не жайында айттық, не істедік.
-Сендерге өз қолдарыңнан аңдарға жасаған баспана ұнады ма?
- Балалардың жауабын тыңдап, мадақтау.
23
«Өзі жақсының-досы да жақсы»
Мақсаты:
Баланы өзін-өзі таныуына,
достарын бағалап,
құрметтеуге, ренжітпеуге, ертегі көрінісі арқылы
достық сезімге тәрбиелеу. Өздерінің рөлдеріне еніп
оны үлкен шығармашылықпен орындауға, көркем
сөздерді мәнерлеп орындауға
бағыттау, тіл байлық-
тарын молайтып, ойлау, есте сақтау қаблеттерін
жетілдіру. «Нағыз дос» қандай болуы керектігі
жайында түсінік қалыптастыру. Достық сөзінің
құндылығының мәнін ашып түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ-жауап,
көрініс сахналау,түсіндіру, ән орындау,
мадақтау.
Керекті құралдар: ертегі көрінісінің декорациясы, әріптер, сандар, шарлар.
Оқу қызметінің барысы:
Залдың іші ашық сабаққа сай безендірілген.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Бар әлемдегі адамға,
Бейбітшілік сыйлаймыз!
- Балалар, бүгін біз өзіміздің тамаша шаттық шеңберін «Достар»
жайында бастап тұрмыз..
-Балалар, сендер «Дос» деген cөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауабы: «Дос»-дегеніміз адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас.
Достар ешқашан бірін-бірі ренжітпейді, бірге ойнайды, бірге жүреді,
әрқашан тату.
«Дос»-деп өзіңе ең жақын адамды айтамыз. Ол сенің жаныңды
түсінетін,
әрқашан да саған көмек көрсете алатын, қандай да жағдай болмасын, сен
дегенде қол ұшын беретін адамды «дос» деп білімін.
.Достар бірін-бірі алдамауы керек, адал, қиын кезде қасынан табылуы
керек, міне дос сонда ғана «нағыз дос» болады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, себебі әрбір адамның досы болады.
24
Досың жақсы болуы үшін, өзің жақсы болуың керек.
-Ал балалар достарың көп болуы үшін, не істеу керек?
Досың көп болсын десең, ешқашан өтірік айтпа, шыншыл бол, көмек
көрсет, әрдайым сыйластық қарым-қатынаста бол.
-Балалар, «Достарды» біз
қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз!
Қиын болғанда досқа көмек беру
керек.
Досыңды ренжітіп алмауың керек.
Қолыңдағымен бөлісу керек.
-Балалар дос табудың өзі татулықтан басталады.
«Тату» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар жауабы.
Әуенмен бір қолында себет, екінші қолында әртүсті шарлар бар Қызыл
телпек залға кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме балалар!
-Сендер мені таныдыңдар ма?
-Мен «Қызыл телпек» ертегісіндегі қызбын.
-Мен орманда тұратын Ертекші атайға күлше нан пісіріп, қалын
біліп
келейін,-деп жолға шыққанмын, жолда мені мыстан кемпір ұстап,
қолыма мына сиқырлы, тапсырмалары бар шарларды ұстатты
«Сен Ертекші атайыңа мына тапсырмаларды орындағанда ғана,
жетесің»-деді.
-Сендер маған көмек бере аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Әрине Қызыл телпек, уайымдама,
-Балалар көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Бұл қандай тапсырмалар екен?
1-тапсырма. Қазақтың қандай ертегілерін білесіңдер?
Ертегілер қалай басталады, қалай аяқталады?
Шарды жарып 2-тапсырманы орындайды.
Балалар қарапайым математикалық есептер шығарады.
3-ші шарды жарып, сауат ашу әлемінен дауысты, дауыссыз
дыбыстарға
талдау жасай отырып, сөз құрап, сөзді буынға бөліп тапсырмаларды
орындайды.Тәрбиеші:
Міне Қызыл телпек, мыстан кемпірдің де тапсырмаларын орындадық,
енді Ертекші атайға баруыңа болады.Қызыл телпек: Рахмет сендерге
балалар!
Сендер маған үлкен көмек беріп, жақсылық жасадыңдар!
Мен бүгін өзіме көптеген достар таптым, достардың бүгінгі
жақсылығы
үшін, мен сендерді Ертекші атайдың сиқырлы орманына қонаққа
шақырамын...
Тәрбиеші: Ал балалар, орманға қандай көлікпен барсақ екен? 25
Орманға поезд, автобус бармайды, жеңіл көлікке бәріміз сыймаймыз,
шаңғы теуіп барсақ, жол ұзақ, қандай көлікпен барсақ екен?
1 бала: Зымыранмен баруға болады...
Зымыранға отырып, балалар Ертекші атайдың әлеміне келеді.
Ертекші атай: Амансыңдар ма балалар!
Сендер жолдан менің Қызыл телпек қызымды көрдіңдер ме?
Қызыл телпек: Ата сәлеметсіз бе?
Мен жолда көптеген кедергілерді кездестіріп, мына достарым арқылы
бәрін жеңіп шықтым.
Тәрбиеші: Ертекші атай, Қызыл телпек бізде бүгін осы ғажайып
орманға жай келгеніміз жоқ, сіздерге балалардың әзірлеген ертегі
қойылымы бар
Ертегі қойылымы: «Дос іздеген
бота»
Баяғыда бір түйе болыпты. Бір күні түйе:
Түйе: Түйе, түйе, түйемін,
Жануармын киелі.
Жан-жағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын.
Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті,
адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді Бота өте ақылды болып өсіпті.
Бір күні анасы: Қара көзің мөлдіреп,
Қызылтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасаң көз тоймайды.
-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура
өзің сияқты дос тап, доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні ар, жағымды үні бар дос
іздеп жолға шығады:
Бота, бота, ботамын,
Ақылды болып атандым.
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім.
Жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді:
-Бә-бә-бә, мен дос іздеп жүрмін, сендер нелерсіңдер?
Қозы: Мен Қошақан қозымын,
Момақанның өзімін.
Лақ: Мен Лақпын қандаймын,
Аппақ болған тағдайым.
Кел, бәріміз дос болайық.
Бота: Жоқ, жоқ, сендер сияқты достар керегі жоқ. 26
Қозы мен лақ: Мүмкін сенің досың Күшік болар?
Бота Күшікке келеді.
Мен өзіме дос іздеп жүрмін, сен кімсің?
Күшік: Гаф, гаф, Мен Күшікпін саққұлақ,
Үй күзетем шапқылып.
Дыбыс шықса маңайдан,
Гаф, гаф үрем қаттырақ.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота: Жоқ, жоқ сен сияқты дос керегі жоқ.
Күшік: Мүмкін сенің досың Мысық болар?
Бота Мысыққа келеді.
Бота: Бе, бе, бе, мен өзіме дос іздеп жүрмін, сен кімсің?
Мысық: Мяу, мяу, мяу, Мен кәдімгі Мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Бәріменен дос болып,
Пырылдаған пысықпын.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота: Жоқ сен сияқты дос керегі жоқ.
Мысық: Мүмкін сенің досың әтеш болар?
Бота әтешке келеді.
-Бәә-бәә-бәә, мен өзіме дос іздеп жүрмін.
Әтеш: Ку-ка-ре-ку
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай.
Таңмен ерте тұрамын
Бәрін оятамын.
Кел екеуміз дос болайық!
Бота: Жоқ әтеш сен сияқты дос маған керегі жоқ.
Әтеш: Мүмкін сенің досың балапан болар!
Бота балапанға келеді.
Бота: Сен кімсің, мен өзіме дос іздеп жүрмін?
Балапан: Мен әдемі балапан,
Біліп қой сен ботақан,
Достарым бар менің көп,
Кел екеуміз дос болайық,
Бота: Жоқ, сен сияқты дос маған керегі жоқ.
Балапан: Мүмкін сенің досың ара болады?
Бота араға келеді.
-Бә-бә-бә, мен өзіме дос іздеп жүрмін, сен кімсің? 27
Ара: З-з-з. Ұшып келсем қасыңа,
Менен, сен шошыма.
Сен тимесең тимеймін.
Қастығым жоқ досыма,
З-з-з кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: Жоқ сен сияқты дос маған керегі жоқ.
Ара ызылдап Ботаны қуа жөнеледі. Бота арадан әрең құтылады.
Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.
Түйе: Дос таптың ба өзіңе, ботам?
Бота: Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен
сияқты, ешкімі жоқ екен.
Түйе: Боташым, өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, досты жан
тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып, адал достары
Қозыны, Күшікті, Мысықты, Әтешті, Балапанды, Араны ертіп
келіпті.
Бәрі «Дос болайық бәріміз»-атты әнді орындайды. Балалар Ертекші
атаймен, Қызыл телпекпен қоштасып, зымыранға отырып топқа
келеді.
Балалар, айта қойыңдаршы, бүгін біз оқу іс-әрекетінде не
істедік?
Балалар жауабы:
-Достық жайында әңгімелестік, тақпақтар, мақал-мәтелдер достық
жайында айттық.
-Қонаққа Қызыл телпек келді, бізге тапсырмалар әкелді,
тапсырмаларын орындауға біз көмек бердік.
-Ертекші атайға қонаққа бардық, атайдың өзі жайлы әңгімесі, ертегі
әлемі ұнады.
-Балалар ертегі қойылымында сендерге қай кейіпкер ұнады?
Балалар жауабы:
-Маған Бота өте ұнады, себебі ертегінің соңында ол өзіне көптеген
достар тапты.
-Ал маған ертегі қойылымында ит ұнады, себебі адамға оның
пайдасыбаекенін айтып, Ботаны достыққа шақырды.
Балалар, бүгін сендер өздеріңнің жақсы тәртіптеріңмен, жақсы
жауаптарыңмен маған өте ұнадыңдар, рахмет сендерге,
жарайсыңдар!Әрдайым осылай белсенділік көрсетіп, алда
жүріңдер!
28
«Ертегі әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың ертегі қойылымы
арқылы
сөздік қорын байыту, байланыстырып
сөйлеуге үйрету, сахнада өзін еркін
ұстап кейіпкердің бейнесін, дауыс ырғағын,
қимыл-қозғаласын, нақышына келтіріп ойнауға;
жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп,
үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға
тәрбиелеу. Табиғатты аялап, бағалауға,
шығармашылық қаблеттерін дамыту. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап, ертегі қойылымы, ақпараттық
технология.
Көрнекіліктер: Үйшік макеті, түрлі-түсті
гүлдер, орман көрінісі, қапшық, шелек, ыдыс, дүкен
көрінісі.
Алдын-ала жүргізілген
жұмыс:
Ақ қағаз бетіне күннің көзің, бұлттың, жердің бейнелерін
ермексаздан безендіру жұмысы.
Іс-әрекет барысы:
- Балалар мен бүгін балабақшаға келсем, біздің топта мына күннің
көзі күлімдеп мені қарсы алды, ол күннің көзін сендерге аналарың
сыйлап кетіпті, балабақшада күні бойы көңілдерің көтеріңкі болсын
деген ниетпен.
Шаттық шеңбері: Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық!
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
- Балалар біз қай Республикада тұрып жатырмыз?
- Ел ордамыз қай қала?
- Ел басшымыз кім?
- Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалардың жауабын тыңдау, толықтыру.
- Балалар, айта қойыңдаршы сендер ертегілерді ұнатасыңдар ма?
- Ал осы ертегілер қалай басталады? 29
- Ал қалай аяқталады?
Балалардың жауабын тыңдау.
Әуен ойналып залға қолдарында сыйырлы орамалдары бар билеген екі
қыз кіреді. Олар орамалдарымен сыйқырлап ортаға ертегі сыйқыршасы
Джинды әкеледі.
Джин: Сәлеметсіздер ме балалар?
- Мен ертегі әлеміндегі Джинмын. Менің қолымнан бәрі келеді.
Мен бар әлемді сиқырлап тастай аламын.
Бала: Джин ендеше бізді ертегі әлеміне апара аласыз ба?
Джин: Балалар бұл талаптарың мен үшін түкке де тұрмайды.
Бірақ сендер де менің сұрақтарыма жауап беріңдер...
- Ендеше мұқият тыңдаңдар: (Слайд көрсету)
- Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Олар көмекке қызын шақырады.
Тартады-тартады тарта алмайды.
Балалар жауап береді.
- Ей байеке, шапанымның жылылығында сөз жоқ. Мұндай шапан ешкімде
де жоқ, бір тесігінен кірген жел, екінші тесігінен шығып
кетеді.
Джин: Рахмет балалар, менің көзім жетті, сендер өте білімді балалар
екенсіңдер. Мен сендерді өзімнің ертегі әлеміме қонаққа
шақырамын!
Әуен ойланып, балалар сыйқырлы кілемшеге отырады.
Балалардың ертегі әлеміне келулері.
Балалар ертегі әлемінде әр ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, олардың
қай ертегіден екенін айтып әңгімелейді.
Тәрбиеші: Джин бізде құр алақан келгеніміз жоқ, біздің балалардың
сізге әзірлеген ертегілері бар, соны тамашаласақ...
«Ақылды әтеш пен Еркетай» ертегі қойылымы.
Ерте-ерте-ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олардың баласы
шалқасынан жатыр екен. Шал мен кемпір кірпіні орнынан тұрғызып сүт
беріп, күтіпті. Оған Еркетай деп ат қойыпты. Кірпі де оларға риза
болыпты. Күндердің бір күнінде шал кемпіріне: - Иә, алла бермеген
баланы қайдан аламыз Алтынайдар әтеш пен Еркетайымыз аман болсын,
солай емес пе, кемпір?
Кемпір: Әрине, дұрыс айтасың. Алтынайдар бізді күнде ерте оятады,
ертелі кеш бізге ән салып береді, ал Еркетай болса, өзі сондай
момын, сүйкімді, өзі сондай жылдам, су әкелуге, отын жаруға
көмектеседі.
Кірпі мен әтеш ән айтады:
Алтынайдар ақ әтеш,
Ерке кірпі Еркетай.
Екеуімізді күтеді,
Атамменен әжетай. 30
Оларды біз сүйеміз,
Қамқор болып жүреміз.
Ертекші: Осылай олар тату тәтті өмір сүріп жатты. Бір күні кемпір
шалға айтады: - Атасы-ау, көктем келді, жерге себетін дән керек,
Еркетайды базарға жіберіп алайық...
Шал: - Жіберсек жіберейік, қайда өзі?
Кемпір: - Еркетай-ай-Еркетай, қайдасың, мына келші.
Кірпі: - Мен мұндамын, апатай шақырдыңыз ба?
Кемпір: Еркетай, базарға бару керек болып тұр барып келесің бе?
Кірпі: - Әрине, барып келемін, маған бір қап беріңіз, жылдам барып
келейін.
Кемпір: - Бірақ жолда абай бол, бөтен адамдармен сөйлеспе, жылдам
қайт, біз сені асыға көтеміз.
Ертекші: - Сонымен кірпі әндетіп жолға шығады.
Әжем дәнге жұмсады,
Атам дәнге жұмсады.
Қуанамын әрине,
Мен кәдеге жарадым.
Ерке кірпі мен болам,
Құлпырып тұр айналам.
Ертекші: Ән айтып жолды қысқартып, Еркетай базарға келеді.
Саудагер: - Амансың ба Еркетай?
Кірпі: Сәлеметсіз ба, сіз менің атымды қайдан білесіз?
Саудагер: - Сені бүкіл ауыл таниды ғой, не білмейтіні бар, сен
маған жұмысқа келсей. Мен саған ақша толеймін, ал кемпір мен шал
саған төйлемейді. Олар қартайды не істер дерсің, олар сенің
еңбегінді білмейді.
Кірпі: - Жоқ сіз олай айтпаңыз. Мен олардан кете алмаймын. Олар
мені асырады, күіп бақты, мені жақсы көреді. Әкел бір қап дәнді
беріңіз, мен кетейін.
Саудагер: Жарайды, олай болса, міне қабыңды ал.
Ертекші: Еркетай қабын алып, жолға шығады, ал саудагер болса өте
арам еді, қалай да болса Еркетайды қолына түсіру амалын ойластырады
да, мыстан кемпірге келеді.
Саудагер: Сен білесің ғой көрші ауылда бір кемпір мен шалда Еркетай
деген ақылды, еңбекқор кірпі бар екенін, сол кірпіні қолыма ұстап
берсей?
Мыстан: Түсіндім, ол үшін қандай сыйлық маған болады?
Саудагер: Сенің үйің ескі, құлайын деп тұр, жаңа үй тұрғызып
берейін орнына, келесесің бе?Мыстан: Жарайды, онда келісемін.
Ертекші: Сол кезде Еркетай орманның арасымен әндетіп келе жатады,
қарас,жолда біркемпір шаршап отыр екен. 31
Кірпі: Әже, сізге не болды?
Мыстан: Белім аурып тұр, үйге жете алмай отырмын, маған көмектесші,
батамды берейін!
Кірпі: Жарайды әже, көмектессем көмектесейін, маған жүгіңізді
беріңіз, аппарысайын.
Ертекші: Мыстан кемпір, қуанып қолындағы жүгін беріп, екеуі жүріп
кетеді. Еркетай қатты шаршады.
Еркетай: Әжетай кішкене дем алайықшы, шаршадым!
Мыстан: Дем алсақ дем алайық, кел мына ағаштың түбіне, бір мізғіп
алайық.
Ертекші: Қатты шаршаған Еркетай ұйықтап кетеді, сол кезде Мыстан
оның басына қапты кигізіп, ағаштың түбіне тастайды да, өзі де дем
алуға, ағаштың түбіне қисайып, қатты ұйықтап кетеді.
Шал: Кемпір, біздің Еркетайымыз кешікті, қараңғы түсіп келеді не
істесек екен?
Кемпір: Ия, ол тез ораламын деп еді, қайда жүр екен, Алтынайдар
ағаштың басына шығып қарашы, көрінбей ме?
Әтеш: Көрінбейді, Ата, Әже жолға шығып бірге іздейік...
Ертекші: Сөйтіп олар жолға шығады.Келе жатса, арқалаған қабы бар
Мыстан шығады. Мыстан Еркетайды көрмегенін айтады. Сол кезде Әтеш
«Еркетай, қайдасың» - деп айғалап жібереді.
Кірпі: Мен мұндамын, маған көмек беріңдер!
Сөйтіп атасы, әжесі, алтынайдар әтеш Еркетайды құқарып алыпты.
Мыстан: Мені кешіре көріңдер, мен енді жауыздық жасамаймын – деп
жалынады. Ал ата мен әже болса, мыстан кемпірді кешіріп, онымен
достасып бірге дән сеуіп, оны күтіп баптап, бірге еңбектеніп
бақытты өмір сүріпті.
Джин: Балалар, сендердің ертегілерің маған өте ұнады, сендер қандай
өнерлісіңдер!
Балалар Джинмен қоштасады.
Сиқырлы кілемге отырып, топқа келеді.
Тәрбиеші балалармен оқу қызметін қортындылайды.
32
«Алтын
күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
сценариі
Мақсаты: Күз мезгілі жайлы білімдерін
кеңейте отырып, бала бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті
ояту, табиғатты аялай білуге, ертегі қойылымы арқылы балалардың тіл
байлығын дамыту. Ертегіні сахналуға деген қызығушылығын арттыру,
сахнаға бейімдеу. Қойылған сұрақтарға жауап беруге
дағдаландыру.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті
ата-аналар, қонақтар!
Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне хош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Ән: «Күз
келді»
1 бала: Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көп
егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
2 бала:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым
бұзық.
Шуылдайды тал
терек,
Жапырағын
жұлғызып.
3 бала: Гүл жайнаған
даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңыр қалып
қарадым,
Танымастай
болыпты.
Жүргізуші бала: Бұгінгі
мерекеміз көңілді де қызықты өту үшін дайындаған сіздерге
көрінісіміз бар, бірге тамашалайық!
Ерте, ерте, ертеде «Бау-бақша»
деген өлкеде «Көкөністер» қалашығында пияз Чиполино, мырза Қызанақ,
шебер Жүзім, тәтті Алмұрт және дәмді Асқабақ өмір
сүріпті.
Қызанақ:Топырақта
нұрайлы,
Өскен қызыл
шырайлы.
Мен қызанақ
боламын.
Барлығына
ұнаймын.
Тату-тәтті достарымыз,
Достықты біз қоштаймыз.
Өлең айтып би билеп,
Той думанды бастаймыз.
33
Пияз: Көк сүңгідей
өскенде,
Жайқалам жел
ескенде.
Ұрмай-соқпай
жылатам,
Турағанда
кескенде.
Жүзім:
Өзім шебер жүзіммін,
Толып пісіп
үзілдім.
Бақшасында
бағбанның,
Моншақ болып
тізілдім.
Алмұрт:Тіл үйірген
алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың
Күтіп баптап өсірсең,
Меннен артық жоқ
тәтті.
Асқабақ:
Асқабақпын
бақшада,
Бәрің бала
расында.
Үлкендігім
түрімде,
Алыптардың
басындай.
Жүргізуші: Осылай көкөністер тату-тәтті
өмір сүріп жатыпты.
Бірақ оларға көрші орманның
тұрғындары шабуыл жасап, тыныштық бермепті. Бір күні ашқарақ қасқыр
дөңгеленген сеп-семіз Асқабақты аңдып жүріп ұстап
алыпты.
Қасқыр: Сіз не деген семізсіз, әттең
бүйіріңнен бір тістер ме едім...
Асқабақ: Мен сеннен қорықпаймын қасқыр,
мені жей алмайсың.
Қасқыр: -Асқабақ-ау маған ең құрығанда
бір саусағыңды берсеңші, екі қолыңда он саусақ, екі аяғында он
башпай, бәрін қосқанда жиырма болады.
Асқабақ: Ашқарақ болсаңда есепті жақсы
біледі екенсің. Бәрі бір оныңнан түк шықпайды. Менің достарым өте
көп, кәне мырза Қызанақ, Чиполино беі келіңдерші, мына ашқарақты
қуыңдаршы...
Чиполино: Кәне, ашқарақ қайда, мен
енді жаныма жолатпаймын.
Қасқыр:Ой, ой, ой көзім ашып кетті
ғой, маған көмек беріңдер.......
Жүргізуші:Тағы осы қалашыққа қарны аш
маймақта келеді.
Аю:Сіз маған өте ұнайсыз, менің
дәл қазір қарным ашып тұр еді.
Қызанақ:Сіз де Аю бізге ұнайсыз,
бірақ сен бізді қорқытпа.......
Аю:Дөп-дөңгеленіп, қып-қызыл
болып көздің жауын алып тұрсың, қуана-қуана тұтастай жеп қойғым
келіп тұр.....
Жүзім:Мына маймақты қарай гөр,
Чиполино бері келші, мына Аюды қушы!
Чиполино:Сені мұнда кім
шақырды?
Аю:Ой, ой, ой не деген ащщысың,
мен сізді дәмді, тәтті деп жүрсем, 34 қателесіппін Чиполино
мырза!
Чиполино:Мырза Аю екеуміз ұрысса
бергенше, дос болайық!
Аю:Екеуміздің дос екенімізді жұрт
білсе күлмей ме?
Чиполино:Онда тұрған не бар, дос
болуға әбден болады....
Аю:Несі бар мен келісемін дос
болсақ болайық!
Чиполино:Достарым бері келіңдер, мен
сендерді жаңа досыммен таныстырамын!
Жүзім:Өмірімде мұндай сыпайы, тез
достасып кеткен аюды көргенім!
Алмұрт:Аюлардың достығына өз басым
сенбеймын!
Асқабақ:Бұлар өте қу аңдар, мүмкін
бізді алдап жегісі келіп тұрған шығар?
Чиполино:Жоқ достар, сендер
қорықпаңдар, бүгіннен бастап Аю бізбен дос
болады.
Жүзім:Ендеше Аю біздің Мерекеге хош
келдіңіз!
Аю:Рахмет достарым, менде өте
қуаныштымын!
Жүргізуш:Ендеше бүгінігі Күз
мерекеміздің сәнін келтіретін бишілерімізді ортаға
шақырамыз!
Би:
«Жемістер»
Ортаға бала шығып:Келші, келші
алтын күз,
Келші, келші жарқын күз!
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші, Алтын күз!
Көңілді әуенмен Алтын күздің кіруі:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар
Жүргізуші:Армысың Күз ханшайымы, біздің кң байтақ елімізге хош
келдің!
Күз ханшайымы:Мен әкелген сыйымда балалар, еңбек етіп алулары
керек!
Өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде.Тек дамның
еңбегінің арқасында келеді.
Ал балалар, епті болсаңдар, менің жұмбағымның шешуін тауып
көріңдер:
Дәмі аузыңнана кетпейді,
Қызыл алша шырыны бар.
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал. (Алма)
Ағайынды бәрі,
Шықcа жасыл,
Түссе сары (Жапырақ)
35
Көк лағым көгенде,
Жатып семіреді (Қауын)
Тақпақтар: Сары жібек көйлегін
желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Дамылдап жатқан балғындай,
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын жамбыдай,
Шашады жерге шашуын.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Ән: «Құстар
қайтты»
Жүргізуші:Табиғатым жаны жайсаң тал
мүсін,
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Үш ұлын,үш айын әкеліп тұр.
Күздің бірінші айы:
Мен қыркүйекпін,
Күздің бірінші айымын.
Жұмбақтардың бірінші айымын.
Алып біден жапырағын
Қыркүйек айы балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат, тоны бар,
Түймелеуге жетпейді (Орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (Қызылша)
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бау-бақша.
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты......... (Құлпынай)
Күз
ханшайымы: Ойлау қаблеттерің жақсы
екен,
Тез таптыңдар шешімін.
Жарайсыңдар балалар 36
Кезек келді екінші ұлыма, кел ортаға Қазан
айы!
Қазан: Қазан айы мен боламын,
Қамбаға астық толтырамын.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, картоп
Бұршақ, асқабақ, қызылша
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Бәрі бірге: Жиналып қалыппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ:
Кішкене мін өзім мен,
Ұнаймын мен бәріне.
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріне.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегредте үстелде.
Қияр:
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Шалқан: Кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр меннен дарханды.
Би:
«Саңырауқұлақтар»
Күз
ханшайымы: Кез келді үшінші ұлыма,
Келші ортаға Қараша!
Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын боламыз.
Менің де мінезім қараша, 37
Келіңдер ойнаймыз балаша!
Ойын: «Саңырауқұлақтар
ойыны»
Жүргізуші: Бүгінгі күз тойында,
Қызық ойын ойнадық.
Өте берсін жыл сайын,
Осындай «Күз» мерекеміз
Күзханшайымы:
Кішкентай менің достарым,
Мен құр қол келмедім.
Қайда менің себетім,
Арнап алып келгенім.
Қыркүйек,қазан,Қараша алма толы себетті алып шығады.
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз,
Жомарттықтың салтын біз.
Біз өзіңді сүйеміз,
Балалар:Рахмет саған, Алтын күз!
Жүргізуші:Құрметті де аяулы Алтын
күз!
Сізге арнаған әніміз де бар!
Ән: «Бұл алтын
күз»
Күз
ханшайымы:Құрметті қонақтар,
балалар!
Келесі жылға дейін, аман сау болыңдар!
Жүргізуші ата-аналарды күз мерекесімен құттықтай отырып,етеңгілікті
аяқтайды.
38
«Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!» мерекелік
ертеңгілігі
Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құрметті қонақтар,ата-аналар, балалар!
Келіп жеткен Жаңа жылымыз құтты болсын!
Жаңа жыл әр отбасына бақ, береке әкелсін!
Ортаға екі бала шығып:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Таңырқанып тұрмаңыздар!
Сәнді шырша шақырады,
Шырша жырын жырлаңыздар!
Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Ән: «Қар
жауды»
Баланың кіруі:Балалар Жаңа жыл болса келіп қалды, ал Аяз атамызбен
қарша қыз болса әлі жоқ, не істесек екен?
Әуенмен қолында себет ұстаған Қызыл телпек
келеді.
Қызыл
телпек:Сәлеметсіңдер ма,
балалар!
Жүргізуші:Сәлеметсің бе,Қызыл телпек!
Сен қайдан әндетіп келесің?
Қызыл телпек:Әжемнің үйінен.
Жүргізуші:Жолда қорыққан жоқсың ба?
Орманда аңдар мекен етеді ғой.....
Қызыл телпек:Жоқ мен ешкімнен де қорықпаймын.
Осы кезде ентігіп залға қасқыр ентігіп келеді.
Қасқыр:Ей Қызыл телпек , сен осында екенсің ғой сені әрең
таптым.Мен сені өзіммен алып кетуге келдім.
Қызыл телпек:Жоқ қасқыр , сен мені жей алмайсың.Жаңа жыл болса
келіп қалды, сен одан да мына шыршаның астындағы сыйлықтарды
көрсеңші......
Қасқыр:Қандай керемет, мен мұндай ойыншықтар көрмеппін!
-Қызыл телпек маған мына қорап ұнап тұр, ішін ашып көрсек
қайтеді?
Қызыл телпек:Мына қораптағы керемет қуыршақты қара!
-Мынау қуыршақ «Винкс» қой, менің ұнататын қуыршағым ғой!
-Шіркін Жаңа жылда не ойласаң, сол орындалады дейді,Менің арманым,
мына қуыршағыма жан бітіп, Жаңа жылда менімен билесеғой......
39
Жүргізуші:Қызыл телпек ол арманың түкке де
тұрмайды.
Ендеше Қызыл телпек ортаға «Винкс» қуыршақтарын
шақырайық!
Би:
«Винкс»
Тақпақтар:Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жылға жыл.
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші:Балалар, бір дауыс шығады, Аяз ата келіп қалған
шығар.
Залға қорбаңдап аю кіреді.
Жүргізуші:Аю сен мұнда не істеп жүрсің?
Аю:Мен қыста ұйқыда болатынмын, қатты айғай-шудан оянып кеттім,
сөйтсем ормандағы бар аңдар «Жаңа жыл келіп қалды»-деп айғайлап
жүр.
Жаңа жыл мен көрмеген не екен деп, мен де осында келдім.....
Жүргізуші:Маймақ аю, сен Жаңа жылдың не екенін білмейді екенсің
ғой!
Ендеше мына балалардың Жаңа жыл туралы тақпақтарын тыңдалық:
Аппақ бүгін қар далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалас,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Аю:Балалар рахмет сендерге, мен де сендерге құр алақан келгенім
жоқ,өзімнің орман достарымды ала келдім.
Би: «Аңдар» биі
Жүргізуші:Балалар Жаңа жылымыз жақындап қалды, ал Аяз атамыз әлі
жоқ, не істесек екен....
Әуенмен залға Жалмауыз кемпір кіріп келеді.
-Не болып жатыр мына жерде? 40
Жүргізуші:Сәлеметсің бе, әжей?
-Бізде Жаңа жыл мерекесі болып жатыр, бірақ та Аяз атамыз әлі
жоқ......
Жалмауыз кемпір:Немене менің Аяз атадан нем кем,
-Жаңа жыл, Жаңа жыл дейді ғой, жек көремін Жаңа Жылды, болмасын
ешқашан Жаңа жыл!
Жүргізуші:Әжей сізге не болған,ондай қатыгез болмаңыз, одан да Жаңа
жылды тойлайық!
Бір дыбыс шығады, Жалмауыз кемпір тығылып қалады.
Залға көңлді әуенмен Аяз ата кіреді:
Амансыңдар ма ұлдарым!
Амансыңдар ма қыздарым!
Қандай көркем қырларың,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Өздеріңді сағынып,
Қауышуға асықтым.
Аяз атамен көңілді ойын ойнаулары.
Ән: «Аяз ата»
Балалар Аяз атаға тақпақтарын айтады.
Аяз ата: Балалар мен орманда сендерге асығып келе жатып,
сыйлықтарымды ұмытып кетіппін, мен барып алып келейін.
Залдан Аяз ата шығып кетеді.
Шыршаның астынан Жалмауыз кемпір шығып, бір айналып шыршаның шамын
сөндіреді де, қайта жасырынады.
Аяз ата келгенде шыршаның сөніп тұрғанын көріп:
-Балалар мына шыршаға не болды?
Балалар:Жалмауыз кемпір сөндіріп кетті...
Аяз ата:Кәне балалар мына сиқырлы таяқшамен шыршаны
жандырайықшы:
Шырша, шырша,
Қуаныш жалпыға.
Сүйікті шыршамыз,
Жарқыра,жарқыра!
Аяз ата:Балалар , бір нәрсе кедергі жасап тұрған сияқты?
Кәне не болуы мүмкін....
Сол кезде шыршаның астынан Жалмауыз кемпір жылап шығып:
-Балалар, Аяз ата мені кешіріңдерші, мен енді еш уақытта жамандық
жасамаймын.......
Аяз ата:Балалар қалай ойлайсыңдар, Жалмауыз әжейді кешіріеміз бе?
41
Балалар:Кешіреміз!
Аяз атаның құттықтау сөзі.
ӘН: «Шырша жыры»
Әсем әуенмен балаларға сыйлықтар
таратылады.
42 Қорытынды
Қорыта айтқанда ертегілерді
сахналау арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:
-Сөздік қоры молайып, дыбыстарды дұрыс айту, сөйлемді дұрыс құру,
әуенді, ырғақты, мәнерлі сөйлеу дағдылары қалыптасты;
-өз ойын еркін жеткізуге дағдыланды;
-ертегі қойылымдарға деген қызығушылықтары артты;
-мектепке дейінгі тәрбие жүйесіндегі ертегі балалардың қоршаған
орта туралы түсінігі кеңейді, психологиялық процесстері дамыды
(зейін, назар, есте сақтау, қабылдау, қиялдау, ойлау);
-эмоционалды-ерікті ортасы дамыды, бір-біріне деген жауапкершілік
сезімдері қалыптасты;
-жаттаған сөзінің мағынасына, сезімдеріне сәйкес мәнерлеп айтуға
үйренді;
-балалардың ертегі шығармаларды меңгеру диогностикасының бақылау
парағы құрылды;
-мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған театр үйірмесінің
жылдық жоспары жасалды;
-топ-топқа бөлініп бір-бірлеріне ертегі қойылымдарын сахналай
біледі;
-балалар өз ойларынан ертегі ойлап шығаратын деңгейге
жетті;
43
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жыл
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру
стандарты, 2022 жыл
3.«Отбасы мен балабақша»№2 2007
4. «Бала тәрбиесі»№6 2008
5. «Бала мен балабақша» журнал 2010
6. А.В.Щеткин «Балабақшадағы театрлық шығармашылық»1999
7.«Балалардың музыкалық-сахналық өнері» 2011
8.«Қазақстандағы мектепке дейінгі білім» журналы –Алматы 2010
9. М.Жұмабаева «Педагогика»-Алматы 1995
10. «Ақ санды -көк сандық»-Алматы 1998
11.Б.Баймұратова «Тіл дамыту»-Алматы 2005
44
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі ұйымда ертегі қойылымдарының маңыздылығы

шағым қалдыра аласыз