400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымда ойын әрекетін ұйымдастыру және оның балалардың дамуы үшін маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы дамыту. Тілін, ақыл ойын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының

Абай ауданы білім бөлмінің

«Балдәурен» бөбекжайы КМҚК

Тәрбиеші: Нұрланқызы Жанар


Эссе

Мектепке дейінгі ұйымда ойын әрекетін ұйымдастыру және оның балалардың дамуы үшін маңызы


«Мектеп жасына дейінгі балалар үшін

ойынның айрықша маңызы бар:

ойын олар үшін еңбек,ойын олар үшін

тәрбиенің ең мықты формасы»

Н.К.Крупская

Мектепке дейінгі ұйымда ойын әрекетін ұйымдастыру және оның балаларды жан – жақты тәрбиелеу ісінде және баланың дамуы үшін маңыздылығы бірінші орынға қойылған, ойынның рөлін арттыру туралы мәселе өте өзекті тақырып болып саналады. Себебі балада ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды тәрбиелеу, оларды заттармен, тәсілдермен және қарым – қатынас құралдарымен әртүрлі әрекеттерді үйрету үшін қолданатын балалар іс әрекетінің бір түрі болып саналады. Ойын барысында баланың жеке басының барлық қасиеттері өзара әрекеттестікте қалыптасады.

Ойын бала үшін мағыналы және белсенді әрекет болып саналады, ойынға бала өз еркімен қатысады. Ойын – бұл баланың өмір сүруінің табиғи формасы және тәрбиешімен баланың өзара түсіністікке жетудің тікелей жолы ойын әрекеті арқылы жатыр. Ойынның пайда болуы үшін балаларды ойынға керекті заттармен, материалдар мен ғана қамтамассыз етіп қана қоймай ойынға сәйкес келетін жаттығулар жасату керек.

Бірақ баланың ойнау қабілеті күнделікті өмірде үйренгендерін ойынға тікелей беру арқылы пайда болмайды. Балаларды ойын ойнауға қосу, тарту, қызықтыру керек. Балалармен ойнау тәрбиешіден жоғары кәсіпқойлықты, көптеген таланттар мен қабілеттерді оятуды талап етеді. Ойын дағдыларын жақсы меңгерген тәрбиеші баланың интеллектуалды және жеке дамуына бағытталған әртүрлі педагогикалық мақсаттарға қол жеткізе алады. Бала жасының 3-4 кезеңінде балалар көптеген ойын жағдайларында шындықты бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін жетік біледі. Осының нәтижесінде балаларда ауызша белгіленуіне көшуі, баланың дерексіз ойлау қабілетінің пайда болғанын, яғни оның зияткерлік саласының маңызды өзгерістерін көрсетеді. Үлкен жаста рөлдік іс – әрекеттерге байланысты, сюжеттік – рөлдік ойынға тән қарым – қатынас әдістеріне ауыстырылады. Рөлдік ойында балалар айналасындағылардың бәрін – ересектердің өмірі мен қызметімен байланыстырып бейнелейді. Өзін ұжымның мүшесі ретінде сезіне бастайды, басқа балалардың әрекеттерін әділ бағалай бастайды. Мысалы ережелі ойында балада – ойлау, сезім, ерікті зейін, есте сақтау, байқампаздық пен тез ойлауды дамыту үшін қажетті жүйелі жаттығуларға мүмкіндік береді.

Ойын ойнау барысын жоспарлау кезінде ең алдымен баланың жас ерекшелігіне, оларды қызықтыратын өз ойындарында көрсетуге тырысатын нәрселерді ескеру қажет. Себебі ойын барысын орындау кезінде балада қызығушылы, ынтасы пайда болады. Нәтижесінде еркін сөйлеуіне, өз пікірін білдіруіне, сөздер мен ұғымдар туралы түсініктерінің қалыптасуына, жұмысқа деген оң көзқарас қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

(398 cөз)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі