Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамытуда мнематехника әдісін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мнематехника – есте сақтау үдерісін жеңілдететін арнайы әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Бұл әдіс арқылы балалар ақпаратты көру, есту және ассоциация жасау арқылы оңай қабылдайды. Балабақша жағдайында мнематехника көбінесе суреттер, шартты белгілер, кестелер арқылы жүзеге асырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамытуда мнематехника әдісін қолдану

Қазіргі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы ерекше. Баланың тілін дамыту – оның ойлау қабілеті мен тұлғалық қалыптасуының негізі болып табылады. Осы тұрғыда тиімді әдістердің бірі – мнематехника әдісі.

Мнематехника – есте сақтау үдерісін жеңілдететін арнайы әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Бұл әдіс арқылы балалар ақпаратты көру, есту және ассоциация жасау арқылы оңай қабылдайды. Балабақша жағдайында мнематехника көбінесе суреттер, шартты белгілер, кестелер арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамытуда мнематехника әдісін қолданудың негізгі мақсаты – балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін дамыту. Бұл әдіс әсіресе өлең жаттау, әңгіме құрастыру, ертегі мазмұнын айту барысында өте тиімді.

Мысалы, мнемокесте әдісінде әр сөз немесе сөйлем белгілі бір суретпен белгіленеді. Бала осы суреттерге қарап, мәтінді оңай еске түсіреді және өз сөзімен айтып береді. Ал мнеможол әдісі арқылы балалар белгілі бір ретпен орналасқан суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Бұл олардың логикалық ойлауын және тіл байлығын арттырады.

Сонымен қатар, мнематехника әдісі балалардың қызығушылығын оятып, сабаққа белсенді қатысуына ықпал етеді. Көрнекілік арқылы берілген ақпарат баланың есінде ұзақ сақталады. Ұялшақ немесе сөйлеуге қиналатын балалар үшін де бұл әдіс өте тиімді, себебі олар суретке сүйене отырып, өз ойын еркін жеткізе алады.

Мнемотехника - балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.

 - Сөздік қорының кемдігі;
 - Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
 - Дыбыстау кемшілігі;
 - Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
 - Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.

Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.

Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.

Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.

Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.

Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.

Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады.

Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен қатар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды.Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс — ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір біржарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын жасай бастайды.

Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.

Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді мнемотехника әдісінің шешуіне тура келеді.

Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды.  

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың  арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал  бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға  соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.

Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.

Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.

Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.


Қорытындылай келе, мнематехника – балабақшада тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Ол балалардың сөйлеу дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін және есте сақтау мүмкіндіктерін дамытады. Сондықтан бұл әдісті оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолдану маңызды.



Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Жарқын шақ» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің

тәрбиешісі Аяпова Алмагуль Каримбаевна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі