400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымда ұйқыдан ояту сәтін тиімді ұйымдастыру арқылы бала денсаулығын нығайту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс ұйымдастырылған ояту сәті – баланың дені сау, көңілді, белсенді болуының кепілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымда ұйқыдан ояту сәтін тиімді ұйымдастыру арқылы бала денсаулығын нығайту»

Авторы: Джумакулова Гульназ Рысбекқызы

Тәрбиеші

ЖШС "Жұлдызым" "Тарлан" балабақшасы

Алматы қаласы

Аңдатпа: Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың түскі ұйқыдан кейінгі ояту кезеңін дұрыс ұйымдастыру жолдары, денсаулық сақтау технологияларын қолданудың тиімділігі қарастырылған.Кілт сөздер: шынықтыру, денсаулық сақтау технологиясы, ұйқыдан ояту, гимнастика, мектепке дейінгі тәрбие.

Кіріспе

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бала денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Баланың күнінің жартысынан көбі балабақшада өтетіндіктен, тәрбиешінің басты міндеті – балаға қолайлы, денсаулығына пайдалы орта жасау. Осындай маңызды режимдік сәттердің бірі – түскі ұйқыдан ояту сәті.

Негізгі бөлім

Түскі ұйқы бала ағзасын қалпына келтіреді, жүйке жүйесін тынықтырады. Ал ұйқыдан ояту сәті баланы түстен кейінгі белсенді іс-әрекетке дайындайды. Егер баланы дұрыс оятпаса, ол жылауық, мазасыз болады.

Біз өз тәжірибемізде ЖШС "Жұлдызым" "Тарлан" балабақшасында ұйқыдан ояту гимнастикасын 3 кезеңмен өткіземіз:

1-кезең: Төсекте жатып орындалатын жаттығулар.

Бала оянған бойда "Мысықша керілу", "Көбелек қанатын қағу", қол-аяқты созу жаттығулары жасалады. Бұл кезде жай, баяу әуен қосылады.

2-кезең: Шынықтыру жолы.

Балалар жалаңаяқ тұзды жолмен, қырлы тақтайшалармен, түймелі кілемшелермен жүреді. Бұл табандағы нүктелерге массаж жасап, иммунитетті көтереді.

3-кезең: Тыныс алу гимнастикасы және су ішу.

"Гүлді иіскеу", "Шарды үрлеу" ойындары арқылы тыныс алу жолдары тазаланады. Соңында балалар жылы су ішеді.

Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде біздің топтағы балалардың ұйқыдан кейінгі көңіл-күйі жақсарды, түскі асты тәбетпен ішетін болды. Ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылуда.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, дұрыс ұйымдастырылған ояту сәті – баланың дені сау, көңілді, белсенді болуының кепілі. Бұл әдіс Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына толық сай келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2020 ж.А.Ж. Әбілқасымова. Денсаулық сақтау технологиялары.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қазан
38
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі