МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Тақырып бойынша 15 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы.

Қазіргі психологиялық - педагогикалық теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі. Олар өте мейрімді, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.

Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, тәрбиеші – психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды баламен бірге анасына көрсету үшін істеу керек деп, балаларға айтып отырған жөн. Ата - анасының сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады деп ойлаймын.

Баланың эмоционалды көңіл – күйі саласының психологиялық диагностика әдістері өте көп. Психологтың көмегімен психологиялық диагностика қолданылуы керек. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.

1. Тәрбиешілер тестеудің нәтижелерін дұрыс түсіндіріп беру үшін жеткілікті психологиялық дайындықта болуы қажет.

2. Тәрбиешіге тестің нәтижелері жиі үрейлі немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым – қатынасқа әрекетсіздікке әкеп соғады.

Диагностиканың нәтижесі осы жағдайда үлкен қаталікке әкеліп соқтырады. Эмоцианалдық көңіл – күй пайда болуын бағалауда Г.Степанова баланың іс – әрекет реакцияларын ескере отырып бес балдық шкала жасаған. Бұл шкала бойынша баланың эмоциялық күйін бағалауға болады.

Мектепке дейінгі балалық шақ – денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы адамның өміріндегі ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар – бұл кезде баланың айналасындағы ересектерге, яғни ата-аналары мен тәрбиешілерге тәуелді деп ойлаймын. Келеңіз жағдайлар, жүріс – тұрыс, әлеуметтік және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей әсерін тигізеді. (баланың құқығы және басының қасиеті.)

Баланың іс – әрекетің сипаттайтын ең маңызды салалардың бірі – негізінде нормалар және ережелердің меңгеруі оның әлеуметтік дамытуы болып табылады: бір жағынан, баланың заттық әлемнің қағидаларын түсінуі қажет. Екінші жағынан – адамдарға деген қарым – қатынастың ережесі. Бұл процессте баланың мінез – құлқының эмоционалды күйзеліске ұшырауы ата – аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін. Мінез – құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен ананың қатынастардың бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар неготивті факторлардың бір қатарының әсерімен бірақ балада әлеуметтік – эмоционалды сәтсіздіктің белгілері қалыптасады. Орыныз теріс эмоциалар болады, жеке организиніңдамуының процессіне кері әсер етеді. Демек, тәрбиешілер мен психологтардың алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамға және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезімінде елең ету. (оған көмекке келу, қуану және қайғыру.)

Өз эмоцияларымен басқара білу – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең басты жетістігі. Сондықтан эмоционалдық функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп аталады және соған еріксіз түрде айналады.

Л.С. Выготскийдің айтуынша «Мектепке барғанша баланың эмоционалды – реакциялары, баланың мінез – құлығына тікелей үстемшілдік етуін жоғалтады. Бала өз эмоцияларымен басқаруды үйренеді.» Бұл, алайда, мектеп жасына дейінгі мерзімнің соңғы кезінде қызу өмірдің жеткілікті тәжірибесімен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкін.

Ұлы педагогтардың пікірінше, мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды көңілінің дамуы оның тәрбиесінің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп – қатар тудырады. Баланың ішкі эмоция көңіл – күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.

Міне осыған орай мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды, әлеуметтік және адамгершілік жағынан дамуытығыз байланысты деген ұғым қалыптасады. Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ баланың

әлеуметтік – эмоционалды дамуы ол мектепке жасына дейінгі баланың өте күрделі социализациялық мәсселесі.

«Социализация – әлеуметтік ортаға баланың бейімделуінің күрділі, көп жоспарлы процессі. Бұл мәдениеттену, адамгершілік құндылықтардың жүйелері.

Мынадай негізгі мақсаттар ерекшеленеді:

1.Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау.. 
2.Балалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру және өткізу. 
3.Бала-бақшада баланың бейiмделуi қалай болады? 
4.Баланың бақшаға алғаш келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс. 

Ол шынымен жаңа кезеңге өтедi, организмның дамытуы үшiн жаңа шарттар енгізіледі. 
Мамандар баланың балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 
негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңiл, орташа және ауыры. 
Жеңiл бейiмделуі - балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бiрақ бұл бастапқы 10-20 күндей болады. Ата-аналар баласының бiрiншi айда кенеттен ауыратынын есте сақтауға керек, бiрақ ауру зардапсыз 7-10 күннен аспайтын түрде өтедi. 
Орташа ауырлау бейiмделуi - балалардың эмоционалдық көңіл-күйі нормада (20-40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен астам келедi. Алғашқы екi ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30-40 күндерде салмақтың ептеген жоғалтуы байқалады. 
Баланың ауыр бейiмделуi - (пневмония, бронхиттер, құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды, бұғады, мiнез-құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса ата-аналар шара қолдану керек. 

Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек. 
Баланы бақшаға баруға алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану, жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды. 
Сәбидің ата - аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата - аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады. Ата-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды бақылатады. 
Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата - аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады. 

Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл-күйін дамытуы, баланың тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы – баланың жан жақты дамытуы жанашыр адамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi. 

Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес. Медия - деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады, мұнда ең бастысы кішкентай алалардың осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету деп санаймын. Сондықтан баланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту қажет.
1ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды деп ойлаймын. 

3тен 6 жастағы баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамуы әлеуметтiк белсендiлiкпен де байланысты. Бұл жас шамасында балалар  әдетте сюжеттi - рөлдi ойындар қызықты. Ойын кезінде әртүрлі жағдайларда адамдардың қарым - қатынасын түсінуге көмектеседі. Баланың дамуы мектеп жасындағы балаларға да жалғасады. 
Балалардың дамытудың орталары (спорт орталықтары, арт-студия) мамандандырылған орта бiлiм болады. 

Баланы дамыту үшін орталықтардың әсері көп. Баланың өз таңдауы, балабақшадан кейінгі эмоция жағдайын байқауға болады.

Баланың психикасының дамуына ықпал ететін ол биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор: (жүйке жүйесінің дамытуы) адам психиканың ортақ ерекшеліктері, сонымен бірге тұқым қуалаушы жеке ерекшеліктерді бұл жерде есепке алынады.

Әлеуметтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие беру.

Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды компоненттерін есепке алу қажет деп санаймын. Білім беру жолдары және әр түрлі іс – әрекет кезінде баланың эмоционалды көңіл – күйіне ойын ықпал етеді. Ойындарды әр ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде қолдану қажет. Эмоционалды компоненттiң функциялары адамның бағалы құндылықтарының ең маңызды шарттары. 
Психологтар эмоция парасатының 5 тармағын ерекшелейдi. 
1. Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін-өзі тану) 
2. Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын эмоциялармен басқару. 
3. Эмоцияларды бақылау - бұл қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық күйiне өзiн келтiру. 
4. Өзара арақатынастардың сүйемелдеу. 
5. Жас ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер. 

Мектеп жасына дейінгі кіші балалар ертегiлердiң кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықтарына болысуға ниет қылады. 

Негізгі эмоцилар: ренжу,қуану, тынышталу, қорқу.

3 – 5 жаста құрдастарына құштарлық сезімі дамиды. Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану,қызығушылық. тыныштық, қуаныш. 
5-6 жаста – мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады.. 
Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жеркенушiлiк. 

Эмоционалды көңіл-күйдің дамытуы осындай бөлiмдерден тұрады. 
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды дамуында (театр) сахналаудың әсері маңызды болады.Өздеріне көптеген жақсы әсер алады. 

Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық, логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын анықтауда ықпал етедi деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Хожбанова Жұлдызай Сатывалдықызы

Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты, үйлесімді тәрбиелеуге мүмкіндік береді және ол ақпараттық қызметті атқарады, яғни әр зат қоршаған орта жөнінде нақты мәлімет береді, әлеуметтік тәжірибе жеткізу құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен әлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.

Кез келген мектепке дейінгі ұйымның заттық дамытушы ортасы оның материалдық базасының ақпараттық көрінісі болып табылады. Әр топтағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес құрылған орта біртұтас күн реттілімінде білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функцияларды атқарады. Балабақшада заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының барлығының креативті идеялары қажет. Себебі ойыншықтардың алуандығы бала дамуының негізгі шарты болып табылмайды. Педагогтар орта құру барысында ең алдымен оның дамытушы сипатына мән беру керек.

Осы талаптарға орай балабақша тәрбиешілеріне топта заттық-дамытушы орта құру үшін әдістемелік көмек, бағыт беріледі. Өйткені, әр тәрбиеші өз тобының ерекшелігін айқындап, балалардың жас ерекшелігін ескеріп және білім салаларының мазмұнына сәйкес келетін ойындар мен құралдарды жинақтап білуі тиіс.

Заттық-дамытушы орта баланың құрдастармен және педагогтармен эмоционалдық-тәжірибелік өзара әрекеттестік тәжірибесін байытуға, белсенді танымдық әрекеттерге топтағы барлық балаларды тартуға мүмкіндік береді. Орта дербестікті, бастамалықты дамытуды ынталандырады, онда балалар өз қабілеттерін жүзеге асырады.

Балаларды қоршаған ортаның ыңғайлы әрі эстетикалық тұрғыдан әсем болуы топтық дамытушы ортаны құруда өте маңызды. Әдемілік баланы қалыптастырады. Сондықтан, бұрыштардың эстетикасына назар аударған жөн. Оның безендірілуі балалар үшін тартымды болып және оларды дербес әрекет жасауға ынтаны туғызуы керек. Сондай-ақ, балаларды бұрышта тазалықты сақтауға және ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйрету керек.

Баланың дамуы – тәрбиелеу мен оқу үрдісі барысында, ересектермен және құрдастармен алуан түрлі формадағы педагогтар ұйымдастыратын белсенді қарым-қатынаста, мазмұндық әрекеттерде іске асырылады. Баланың айналасында, ол өмір сүретін және білім алатын арнайы заттық дамытушы ортасы құрылады. Бұл ортада мектепке дейінгі жастағы бала өз физикалық қызметтерін дамытады, сезімталдық қасиеттерін қалыптастырады, өмірлік

тәжірибе жинайды, түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға үйренеді.

Заттық кеңістік әлемі әлеуметтік шынайылықтың алуан түрлі обьектілерінен тұрады. Осы әлемде бала – жас шамасына қарай обьектілердің қасиетін, олардық кеңістік арақашықтығын меңгеретін әрекет етуші тұлға.

Заттық-кеңістік орта балаларға қажет-ақ, өйткені ол ең алдымен ақпараттық қызметті атқарады – әр зат қоршаған орта жөнінде нақты мәлімет береді, әлеуметтік тәжірибе жеткізу құрадлы болып табылады. Осылайша, ойын компютерлері, электронды, механикалық ойыншықтар қазіргі заманға лайықты ғылым мен техникаға жақындастырады, техникалық ой-өрісін кеңейтеді; эстетикалық талқылау негізіне айналатын репродукциялар, этюдтер, мүсіндер көркем қабылдауды қамтамасыз етеді; театр және музыкалық іс-әрекеттері музыкаға, сахнаға жол ашады.

Сонымен қатар, заттық кеңістік ортасыбалалардың эмоциясына әсер етеді, олардың іс-әрекетке деген ынтасын оятады. Мәселен, спорттық құралдар дене, сауықтыру іс-әрекетіне баулиды, осы әрекеттер барысында баланың өз денсаулығына, гигиенасына, қозғалыс ептіліктері мен дағдыларына деген ұстанымы қалыптасады; алуан түрлі құралдар – бояулар, қылқаламдар, қарындаштар, мата т.б. – өнімді іс-әркекетте әлемді танудағы өзіндік көркем қабылдауын көрсете білуге мүмкіндік береді.

Сонымен, заттық-дамытушы орта – бұл бала қызметінің материалдық обьектілерінің жүйесі, оның рухани және физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың алуан түрлі іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік және заттық құралдар бірлігін көздейтін жүйе.

Заттық ортаның негізгі элементтері – ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері. Заттық ортаға қойылатын басты талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ, учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар, т.б) баланың дамуына қызмет етуге тиіс

Сондай-ақ дамытушы заттық орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

- Баланың психикалық даму деңгейіне сәйкестігі;

- Жүйелілігі;

- Көп функционалдылығы;

- Баланың шамасына сай болуы;

- Трансформациялануы;

- Мазмұны бойынша және функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.

Жабдықтарды орналастыру жөнінде сөз қозғасақ, кеңістікті ұйымдатыру балалардың регламенттелмеген қимыл белсенділігінің

мүмкіндіктерін, яғни ойыншықтар мен ойындарға, сурет, мүсіндеу, құрастыру материалдары мен құралдарына, т.б. еркін қол жетімділікті көздеуі тиіс. Бөлменің жабдықталуы баланың құрбыларымен бірлесіп қызмет істеуіне, сондай-ақ оңаша қалуына ыңғайлы болуы керек. Кешенді және оқшау аймақтар (зоналар) принципі, яғни түрлі кеңістікте орналасқан функционалды «орныдарды» құру ең ұтымды шешім болып табылады.

Балабақшада төмендегідей орталарды ұйымдастыру қажет:

Білім беру аймағы – оқу іс-әрекетіне (сенсорика, айналамен таныстыру, сөйлеуді дамыту т.б.) қажетті материалдар орналастырылған бұрыш;

Құрастыру, музыка аймақтары;

Театр (көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту) бұрышы;

Ойын бұрыштары;

Оңашалау бұрыштары;

Кішкене стадион;

Табиғат бұрышы;

Компьютерлік сынып

Бұл аймақтардың экспозициясы мен тақырыптамасы ұдайы жаңартылып тұруы қажет. Дербес іс-әрекеттер аймағын топтық бөлмелерде, шешіну бөлмелерінде құрған дұрыс. Балалардың, олардың отбасы фотосуреттерін, балалардың суреттерін қоюға болады.

Әр бала өзінің дамуында отбасының, оның тұрмысының, мәдени таңдаулардың ықпалын сезеді. Балабақшада барлық бөлмелердің жағдайы баланың ұжымда тәрбиеленуі мен дамуы үшін бір мақсатқа бағытталған. Мұндай жағымды жағдай құру – өз ішіне саналы және кеңістік пен оның эелементтерін әсем ұйымдастырылуын қамтитын үлкен өнер. Баланы қоршаған дамытушы ортада бала да өзінің заттық әлемінде шығармашыл бола алатындай мүмкіндік туғызу керек, сонда ғана ересектермен, құрдастармен өзара әркеттестік үрдісіне өзінің жеке басының тұлғалық –дамытушы шығармашылығы қалыптасады.

Осылайша, жоғарыда баяндалған жұмысты түйіндер болсақ, балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейнгі ұйым педагогтарының күрделі, көпжоспарлы және жоғары шығармашылық қызметі қажет. Мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады.

Құрылған эстетикалық орта мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезімін оятып, балабақшаға деген жағымды эмоционалдық қатынасты, оған брау ниетін тударады, жаңа әсерлері мен білімдерін байытады, белсенді шығармашылық қызметке шақырады, балалардың зияткерлік дамуына көмектеседі.

Заттық-дамытушы ортаны құруда шығармашылық иедяларда шек жоқ, дегенмен ең бастысы баланың жас ерекшелігі, қызығушылығы және осы ортада өзін еркін сезініп, орта материалдарын қолдана алуына мүмкіндік берілуі маңызды шарт.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Епачинцева Н.Д. организация развивающей среды ДОУ автореф.дисс...канд.пед.наук / Н.Д.Епачинцева. – Белгород: БГУ, 2001

2. Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2015. – 15 бет.

3. Короткова Н.А. Материалы оборудование для детского сада: поссобие для зоведующих и воспитателей: - Москва,


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2024
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі