Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі – жан-жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Балабақша: Балаға жан-жақты білімді, тәрбиені, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы. Тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өзекті болып келеді. Балабақшада инновациялық ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Мектепке дейінгі білім беру стандартына сүйене отырып әр баланың жас ерекшеліктеріне сай ойын технологиясын ұйымдастыруға мүміндік береді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық техно
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ахылтаева Венера Бекмырзаевна - тәрбиеші, педагог

81 «Әсемгүл» балабақшасы, Астана қаласы

Аннотация

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өзекті болып келеді. Балабақшада инновациялық ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Мектепке дейінгі білім беру стандартына сүйене отырып әр баланың жас ерекшеліктеріне сай  ойын технологиясын ұйымдастыруға мүміндік береді.

Түйінді сөздер

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды,бала тәрбиесі, ойын технологиясы, жасанды интелект, голограмма.


Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі –

жан-жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу.  Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Балабақша: Балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені,      ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы. Тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

         Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өзекті болып келеді. Балабақшада инновациялық ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Мектепке дейінгі білім беру стандартына сүйене отырып әр баланың жас ерекшеліктеріне сай  ойын технологиясын ұйымдастыруға мүміндік береді.

         Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық ойын технологиясын пайдалана отырып жан-жақты, білімді тұлға тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған іс – әрекетте АКТ арқылы  ойын түрлерін қолданудың тиімділігі балалардың зерттеушілік қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, дағдылары мен таланттарын дамытуға, слайд – шоулар мен бейнефильмдер, гүлдің өсуі, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік береді. Материалды көп мөлшерде жүктемей, қозғалысымен, дауысымен және мультипликациясымен балалардың назарын өзіне аударады.

Қазіргі білім беру үдерісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Осы міндеттердің бірі – білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.

Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Ақпараттық технологияның қолданудың басты мақсаты ойын арқылы білім беру мазмұнын толықтырып, жаңа бағытта, жаңаша көз қараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, ұйымдастырылған іс-әрекетті жаңа бағытта ойын әрекетімен ұйымдастыру.

Күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде балалар әр түрлі интерактивті  танымдық жаттығулар мен шығармашылық тапсырмаларды   орындау арқылы АКТ құралдарымен жұмыс жасауға дағдыланып машықтанады.   Себебі, қазіргі заман балалары  гипер белсенді,  ерекше қабілетті, бір мезгілде олар бірнеше іс-әрекет  түрлерімен айналыса алады, қабылдауы тез, қоршаған ортаға тез бейімделіп,  еркін еніп кетеді, арнайы оқытпай ақ бірнеше тілде де сөйлей алады, дарынды, шығармашыл, шапшаң қимылдайды, жоғары қабілетке ие. Оның себебі, педагог, психолог, физиолог ғалымдардың зерттеуінше қоғамның ақпараттық технологиялар заманында өмір сүруі. Яғни   адам өміріне   ақпараттық технологиялар жүйесінің  көптеген толассыз ағымының  әсер етуі. Қазіргі  заман балаларының осындай  табиғаттан  берілген  ерекше  әлеуетін толық пайдалана отырып, қоғамдық өмірге жан-жақты бейімдеп, мектепте  оқуға  даярлаудың маңызы зор.

Интербелсенді тақта. Қазіргі таңдағы балабақшалардағы қолданылып жүрген цифрлық технологияларды атап айтатын болсақ соңғы үлгідегі интерактивті тақталар.Соңғы үлгідегі интерактивті тақталар күнделікті оқу іс-әрекетке қолданылады. Тақырыпты видео слайд, слайд, фото т.б етіп жасап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке қолдануға болады. Балаларға көзбен көріп, құлақпен естіген , кей тапсырмаларды саусақпен жылжыту немесе сурет салу арқылы жасауға да болады. Бірақ тәрбиеші жұмыс барысында 8 минуттан артық қолдану адам денсаулығына зиян екенін ескеріп тақтаны өшіруді ұтытпауы керек.

Скалодром. Цифрлық технологияға балабақшадағы дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қолданып жүрген скалодромды айтуға болады. Түрлі алдын ала тапсырмаларды дайындап, балалар скалодромда жүріп қызықты етіп өткізуге болады. Есесіне балалар заманауи скалодромға мініп, қызықты тапсырманы да мимен ойланып орындайды және физикалық күш те жұмсайды.

Кюар код. Қазіргі заманның дамыған уақытында керек ақпаратты кюар код арқылы ашып көруге болады. Мысалы, балабақшада «Ертегілер бұрышына» арнайы ертегі кейіпкерлерінің суреті ілініп және қасына кюар кодтар да тұрады. Ол кюар код арқылы ертегіні тыңдауға болады. Немесе шығармашылық бұрышқа да кюар код қойылыпәр бір аспаптың қасына кюар код қоюға болады. Ол кюар код арқылы сол аспаптың дыбысын естуге болады. Абай атамыздың суретін оның астына кюар код қою арқылы ақынның өлеңдерін тыңдауға болады.

3Д голограмма. Голограмма — заттық және тіректік толқындардың қабаттасуы нәтижесінде пайда болатын және фотоматериада түсіріліп алынған интерференциялық сурет. 3Д голограмманы балабақшада қолдану өте қызықты. Әсіресе ересек және мектепалды топтарда қолдану өте қызықты. Мысалға қоршаған орта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша тақырып «Құстар» болса 3Д голограмммаға түрлі құстардың суретін салу арқылы құстарды жандандырып, қозғалтуға болады. Әр көрсетілегн құстар туралы ақпаратты қосымша айтып отыруға болады. Сол кезде балалардың есінде қалуы және қызықты әсер алуы мүмкін.

Жасанды интелет (Artificial intelligence - AI) Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) күнделікті өміріміздің әр саласында үлкен орын алуда. Оны білім беру саласында да тиімді қолдану мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа мүмкіндіктер мен әдіс-тәсілдерді енгізуге жол ашады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай, ЖИ технологиялары оқу процесін жақсартуға, тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетуге және балалардың дамуына пайдалы әсер етуі мүмкін.


1. Балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту

Жасанды интеллект мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалдарын ұсыну үшін қолданыла алады. Мысалы, ЖИ технологиялары балалардың қызығушылықтарын, қабілеттерін және деңгейлерін анықтап, оларға сәйкес тапсырмаларды бере алады. Бұл әдіс балалардың жеке қабілеттеріне сай дамуына мүмкіндік береді, ал тәрбиешілер балаларды жеке-дара бақылап, олардың дамуын үнемі бақылап отыра алады.


2. Оқу процесін жеңілдету және автоматтандыру

Жасанды интеллект мектепке дейінгі ұйымдарда оқу процесін автоматтандыру арқылы тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, күнделікті балалардың оқу және ойын сабақтарын жоспарлау, баланың жеке тапсырмаларын белгілеу, балалардың прогресін қадағалау және талдау секілді жұмыстар автоматтандырылуы мүмкін. Бұл тәрбиешілерге көбірек уақыт бөліп, балалармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


3. Ойын элементтерін енгізу

Жасанды интеллект ойындарды білім беру процесіне енгізу арқылы балалардың оқу мен дамуына көмек көрсетеді. Мысалы, ЖИ негізінде жұмыс істейтін ойындар баланың зейінін, есту қабілетін, ойлау логикасын дамытуға бағытталған болуы мүмкін. Әртүрлі интерактивті ойындар мен тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырып, оларды білім алуға ынталандырады.


Қорыта айтқанда цифрлық сауаттылықты қолдану арқылы негізгі тапсырманы білуді жеңілдетіп, тәрбиеші мен бала арасында тығыз байланыс орнайды, тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына жетеді, баланың ақыл ойын дамытуға, ғылыми білімді  игеруге, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Алайда, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану үшін педагогтардың біліктілігін арттыру, құрылғыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету және балалардың денсаулығына көңіл бөлу қажет. Барлық осы шараларды іске асыру арқылы цифрлық білім беру жүйесін тиімді әрі қауіпсіз жүзеге асыруға болады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану», Педагогика, психология кафедрасының оқытушысы Калмурзина Р.С.
2. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Нұр-Сұлтан, 2019
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2016

4. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз. ТарМУ. 2003.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі