|
|
Джулмуханова Гульнар Днишовна Әдіскер ЖШС “Айша” бөбекжай-бақша Атырау қаласы |
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕДАГОГ КАДРЛАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аннотация
Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда педагог кадрларға әдістемелік қолдау көрсетудің өзектілігі қарастырылады. Әдіскердің кәсіби қызметі, педагогтардың біліктілігін арттырудағы рөлі және білім беру сапасын қамтамасыз етудегі әдістемелік жұмыстың маңызы ашып көрсетіледі.
Кілт сөздер: мектепке дейінгі ұйым, педагог кадрлар, әдістемелік қолдау.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын қамтамасыз ету, педагог кадрлардың кәсіби деңгейін көтеру және заманауи талаптарға сай жұмыс жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы тұрғыда әдіскердің педагог кадрларға көрсететін әдістемелік қолдауы ерекше маңызға ие.
Әдіскер – педагогтерге әдістемелік тұрғыда бағыт-бағдар беріп, инновациялық іс-әрекеттерге жол сілтеп, бірлесе жұмыс жүргізетін маңызды тұлға. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне жүйелі көмек көрсету – әдіскердің басты міндеттерінің бірі.
Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшелігі – мемлекеттік стандарт талаптарын сақтай отырып, білім беру үдерісін икемді, инновациялық бағытта ұйымдастыру. Бұл үдерістің тиімділігі педагог кадрлардың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.
Әдістемелік қолдау – педагогтың кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға және педагогикалық қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыс. Әдіскер педагог кадрларға әдістемелік көмек көрсету арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырады. Бұл көмек келесі бағыттарды қамтиды:
педагогтардың нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмысын ұйымдастыру;
оқу бағдарламаларын, жылдық жоспарларды әзірлеуге әдістемелік бағыт-бағдар беру;
ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерін, шеберлік сыныптарын өткізу;
жас мамандарға тәлімгерлік қолдау көрсету;
педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
Осы аталған бағыттарды кеңінен түсіндірсек, әдістемелік қолдау жұмысының мәні ашылады:
Педагогтардың нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмысын ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог қызметінің тиімділігі қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарды дұрыс меңгеруге және тәжірибеде қолдана білуге тікелей байланысты. Әдіскер педагогтарды Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына қатысты мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен, үлгілік оқу бағдарламаларымен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен және ішкі нормативтік құжаттармен жүйелі түрде таныстырып отырады. Сонымен қатар, құжаттардың мазмұнын түсіндіру, өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы жеткізу арқылы педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Оқу бағдарламаларын және жылдық жоспарларды әзірлеуге әдістемелік бағыт-бағдар беру. Оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру педагогтардың жоспарлау құзыреттілігіне байланысты. Әдіскер оқу бағдарламаларына сәйкес жылдық жоспарлар мен перспективалық жоспарларды құрастыруда педагогтарға әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл бағытта оқу мақсаттарының бірізділігі, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, тәрбиелік және дамытушылық міндеттердің үйлесімділігі басты назарда болады. Жоспарлау барысында әдіскер педагогтардың шығармашылық бастамасын қолдап, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағыт береді.
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шеберлік сыныптарын өткізу. Педагогтардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруде ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шеберлік сыныптарының маңызы зор. Әдіскер бұл жұмыстарды жоспарлап, өткізу арқылы педагогтардың озық тәрекеттер барысында педагогтардың әдістемелік шеберлігі талданып, рефлексия жүргізіледі. Ал шеберлік сыныптары педагогтардың практикалық дағдыларын дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жас мамандарға тәлімгерлік қолдау көрсету. Жас педагогтардың кәсіби қалыптасу кезеңінде әдістемелік және психологиялық қолдау ерекше маңызды. Әдіскер тәлімгерлік жүйені ұйымдастырып, тәжірибелі педагогтарды жас мамандарға бағыттаушы ретінде бекітеді. Бұл үдерісте жас мамандарға оқу-тәрбие құжаттамасын жүргізу, іс-әрекеттерді жоспарлау, балалармен және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша кеңестер беріледі. Нәтижесінде жас педагогтардың кәсіби сенімділігі артып, ұжымға бейімделуі жеңілдейді.
Педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну. Әдістемелік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі – педагогтардың кәсіби қызмет барысында кездесетін қиындықтарын анықтау және оларды шешуге көмектесу. Әдіскер бақылау, сауалнама, әңгімелесу арқылы педагогтардың проблемалық тұстарын айқындайды. Осыған сәйкес жеке немесе топтық әдістемелік кеңестер, тренингтер ұйымдастырып, нақты ұсыныстар береді. Бұл жұмыс педагогтардың кәсіби күйзелісін азайтып, жұмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда балабақшалардың типтері - мемлекеттік, жартылай жекеменшік, санаториялық, отбасылық т.б. жіктемелермен қызмет етіп отыр. Түрлі сипаттағы балабақшалардағы педагог кадрлар әртүрлі тәжірибе мен дайындық деңгейіне ие болуы мүмкін. Сондықтан әдістемелік қолдау жеке тұлғаға бағытталған, нақты қажеттіліктерге сай ұйымдастырылуы тиіс. Бұл педагогтардың өз жұмысына деген жауапкершілігін арттырып, кәсіби өсуіне ынталандырады.
Әдістемелік қолдау педагогтың кәсіби өсуі мен жаңашыл тәжірибені игеруіне ықпал ететін маңызды тетік болып табылады. Ол педагогтарға инновациялық әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды қолдануда бағыт беріп, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған мақсатты әрі жүйелі қызметті қамтиды. Осындай қолдау нәтижесінде тәрбиешілер жаңа әдістерді игерумен шектелмей, оларды күнделікті жұмыс барысында тиімді пайдаланып, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Тиімді ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс нәтижесінде педагогтер жаңа білім беру технологияларын сенімді қолдана алады, балалардың білім сапасы артады, ал ұйым инновациялық даму жолына түседі. Демек, әдістемелік қолдау – мектепке дейінгі білім берудің заманауи талаптарына жауап беретін, болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауға жол ашатын маңызды жүйе.
Сонымен қатар, әдіскер педагогтарды инновациялық технологияларды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануға бағыттап, үздік тәжірибелерді таратуға ықпал етеді. Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру сапасы жоғарылап, ата-аналардың сенімі нығаяды.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі ұйымдарда педагог кадрларға көрсетілетін әдістемелік қолдау – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты. Әдіскердің кәсіби, жүйелі және мақсатты жұмысы педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік қолдауды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу – заманауи білім беру талаптарына сай келетін басты міндеттердің бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Жиенбаева С.Н. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері жұмысы. Оқу құралы. – Алматы: Отан, 2021.
-
Зицер В, Зицер Н. Частный детский сад: с чего начать, как преуспеть: Питер, 2012
-
Кораблева, С.В., Мифтахова, О.А. Организация работы старшего воспитателя с педагогами ДОО в режиме инновационной деятельности /// Народное образование. Педагогика. - 2015. - №2. - с. 23-26.
-
Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ: Методическое пособие. – М.: Сфера», 2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз