Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапияларды және құм терапиясын қолдану тиімділігін арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін педагог мамандарға арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин елді мекені

«Ақбота» балабақшасы





Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық

терапияларды және құм терапиясын қолдану

тиімділігін арттыру»






Психолог: А.У.Тогаева








2017-2018 оқу жылы


Жоспар



І. Кіріспе бөлім:

Психологиялық терапия бойынша жалпы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Мектепке дейінгі ұйымдарда «Құм терапиясын» қолданудың маңыздылығы

б) Құм терапиясының балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары.

ІІІ. Қортытынды бөлім:

Құм терапиясының тиімді пайдаланудың нәтижесі

ІY. Қосымшалар.

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



























Кіріспе:

Қ.Р.Президентінің халыққа жолдауында:«Бала тәрбиелеу-

болашаққа ең үлкен инвестиция. Баланы білім мен еңбекке

дайындау-педагог пен ата-ананың борышы міндеттеді»

Н.Ә.Назарбаев

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына байланысты.

Мектепке дейінгі жас - адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл-ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Әр баланың өзіне ғана тән танымдық іс-әрекет ерекшеліктерінің болатындығын айтып өткен жөн, әрбіреуі жекелей тәсілді қажет етеді, бірақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлер әр түрлі себептермен үнемі оны жүзеге асыра алмайды. Қазіргі заман тәрбиешісіне баланың жеке бас ерекшеліктерін білу үшін психология төңірегінде терең білімге ие болуы қажет. Осы орайда мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық терапиялардың маңызы өте зор. Психологиялық терапияларды тиімді қолдану нәтижесінде балалардың ішкі «Мендері» қалыптасады, шығармашылық қасиеттері артады, қоршаған орта жайлы білімдері кеңейеді, тәрбиешімен, достарымен қарым-қатынастары жақсарады. Психологиялық терапиялардың түрлері өте көп. Оларға арттерапия, құм терапиясы, ойын, музыка, ертегі, драма,тренинг-жаттығулары және т.б жатқызуға болады. Мұндай терапияларды мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізу тиімділігі өте зор.Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық терапиялардың түрлерін балалардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып таңдап алған жөн. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, ойын терапиясын жүргізу өте тиімді. Сонымен қатар, ертегі, музыка, су, құм, изо терапияларын жүргізуге де әбден болады. Мұндай жұмыстарда топ тәрбиешісі немесе мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психолог жекелей не болмаса топтық формада жүргізеді. Көбінесе психотерапияларды тұйық, қырсық, қыңыр, ұялшақ немесе керісінше гипер белсенді балалармен жүргізген жөн. Себебі мұндай балалар топта тіл табыса алмайды, өздерін жалғыз сезінеді. Психотерапияның мақсаты емдеу емес, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, ішкі қорқыныштары мен үрейлерін жеңуге көмектесу, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Негізгі бөлім:

Мектепке дейінгі білімі беру –педагогика,психология ғылымдарының сырттай көріністері,жаңа технологияларды жаңашылдық үндеумен ғана шектелмей ең тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану арқылы жүзеге асыруы керек. Мұндай интерактивті әдістердің орны ерекше.Олардың қатарына өзіміз қолданып жүрген құм терапиясын, тренинг-жаттығуларды жатқызуға болады. Тағы да бір психологиялық терапиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың тиімді түрі құм терапиясы. «Құм терапиясын» негізін салушы Щвеция психолгы Карл Густав Юнг болатын. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Құм терапиясының негізігі мақсаты баланың тек қана  қиялы емес сонымен қатар көрнекі– бейнелік ойлау, сөздік – логикалық ойлау сияқты қабілеттерін дамытып қана қоймай, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды да дамытады.  Процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын, ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында шығарады, фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Құм терапиясының  маңыздылығы:

  • Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:

Шығармашылық

Танымдық

Интеллектуалдық

Қарым –қатынас

Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:

  • Әңгімелесу

  • Түрлі – түсті құммен сурет салу

  • Танымдық ойындар

Құм терапиясы негізгі принциптері

  • Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау.

  • Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.

Балабақшада психолог болып жұмыс істеу барысында аңғарғаным балалардың байлыныстырып сөйлеуі және сөздік қорларының жұтаңдығы басым болуда.Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған,олардың агрессивті,бір-біріне қайырымды болмауы және бір-біріне мейірімділік, шыдамдылық танытпауы басым.Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылықтарының төмендеуін, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын байқадым. Психологқа түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеу тура келеді. Балалардың дамуы және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге «құм терапиясын» қолдануды негізге алып тренингтер ұйымдастырамын.



Тренинг кезінде:

  1. Әңгімелесу. «Бөлмедегі құммен ойнау ережелерін» тренинг кезінде бұл құмды қалай пайдалану жолдарын талқылаймыз. (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерлерге тасуға т.б. болмайтындығы).

  2. Балалардың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу. «Құммен ойында не сезінеміз?». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысында туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.

  3. Жаттығу: «Сәлеметсің бе, құм?».Мақсаты: Псхологиялық тежеулерді қалыпқа келтіру.

  4. Ойын жаттығуы: «Құмдағы жаңбыр», «Ғажайып іздер».Бұл ойын жаттығу кезінде бұлшық-ет тежелуін, әлсіреуді қалыпқа келтіріп, балалардың дене арқылы сезінуін, қимылын дамыту.

«Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.

Құммен сурет салу барысында әр түрлі пішіндерді бейнелейміз.

Серуен кезінде балаларды бақылаймын

Жылдың қай мезгілі болмасын бұл әдіс далада өткізіледі. Бұл әдіс ойын түрінде өткізіледі.


Ойын түрлері:

  • «Дымқыл құмнан мүсіндеу»

  • Еркін ойындар

Табиғат орталығында

Құм терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі

Құм терапиясын пайдалану барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім.

Оқу жылының басында: Ересек пен ортаңғы топтарды бақылау кезінде балалардың деңгейі мынадай көрсеткіш болды. (Бақылау кезінде бала саны-75)


Түрлі тренингтер мен ойын- жаттығулар кезінде төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім.

  • Жетістікке жету жолын және тәсілін іздейді;

  • Оқиғаның, іс-әрекеттің ретімен айта біледі;

  • Өз тәжірибесін қолдана біледі;

  • Нәтижеге жетуге тырысады;

  • Дербестік;

  • Тапсырманың дұрыстығын тексереді;

  • Қорытытынды, тұжырым жасай біледі.

Құм терапиясы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Құм терапиясы жаттығуларын пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастырып жоғарыда атап өткендей нәтижеге қол жеткіздім.




Қорытынды

Қорыта айтқанда инновациялық технологияның бірі – құм терапиясы мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына өз септігін тигізді және бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен оқытуда тиімділігін көрсетті.

Құм терапиясын қазір көп жерлерде қолданылып жатыр.Қазіргі заманда білім беру үрдісі өзгерді.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол. Балалардың ұсақ-қол моторикасын дамытып, балалардың психикасын реттейді. Саусаққа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан клеткаларды оятады,жүйкесін тыныштандырады. Құмның психиканың жағымсыз қуатын жоқ қылатын, сезімталдық жай күйлерді реттейтін қасиеті бар.Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді.Құм терапиясының маңыздылығы «Құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергитикасын тазалап,эмоционалдық күйді орнықтырады». Бақылау барысында құммен ойнау балалардың көңіл-күйіне жақсы әсер етіп, жанды күтудің тамаша әдісі екенін дәлелдедім.

Шығармашылық жұмысының қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар беріледі:

  • Мектепке дейінгі білім жүйесінде инновациялық бағыттарды қолдану;

  • Құм терапиясы күнделікті оқу қызметінде кірістіріп отыру;

Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында тәрбиелеу мен оқытудың үрдісін жаңашаландыру мәселесіне ден қоя отырып,әртүрлі тәсілдерді сараптап,жаңашыл іс-тәжірибелерді жинақтап,білім беру үрдісіне енгізу баршамыздың міндетіміз.

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек,бағына»

деген ғұлама Жүсіп Баласағұнның сөздерін мен өмірлік қағида етіп ұстанамын,және жаңашыл әдістерді іздеуден жалықпаймын.



















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Лебедева Л.Д. «Практика арт – терапии: подходы, диагностика, система занятий», СПб – 2007.

  2. Практикум по арт-терапии под ред. А.И. Копытина. СПб.: Питер, 2001

  3. Психолог в детском дошкольном учреждении: Методические рекомендации к практической деятельности/ под ред. Т.В. Лаврентьевой.— М.: Новая школа, 1996

  4. «Бала мен балабақша» журналы./ №2.2016жыл/

  5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. /№1.2015 жыл /

  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту./№4.2016 жыл/

  7. Қызықты психолгия./№4. 2015 жыл/


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12