№17«Көктем» бала-бақшасы МКҚК

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын техналогиялары
№17 «Көктем» балабақшасының тәрбиешісі
Баядилова Салтанат Галымжановнаның
іс-тәжірибесінен
Көкшетау 2018-2019ж.ж.
Кіріспе
«Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айырықша маңызы бар: ойын олар үшін еңбек, ойын олар үшін тәрбиенің ең мықты формасы»
Н.К.Крупская
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.
Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады» - А.С. Макаренко осылай жазыпты. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған ортаны - адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды.
Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана.
Мақсаты– Ойын арқылы оқушылардың
білім-білік, сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру.
Балаларды
оқытудағы ойынның ерекшелігі:
-
Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
-
Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Іс-әрекет
Оқу-әрекеті
Еңбек-әрекеті
Ойын- әрекеті
Бұл жерде «Ойын» ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
-
Ойын – сауық; -
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық; -
Диагностикалық (ойын барысында өзін -өзі тану); -
Коррекциялық (өзін-өзі түзету); -
Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан
ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін
жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың
қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген сыйластық
қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды.
Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы
мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның
негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту
болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып,
балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл
байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол
жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара
қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын
істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер
жасауға баулиды
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым - қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойын оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай , өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық, дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны
балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық
және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да
болуы мүмкін. Сюжетті –рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын
әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе
еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын
ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып
ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог
өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік
ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі
басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды
балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ
олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не
істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған
орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып,
ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік
ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын
жан-жақты ойластырған жөн.
Драмалық
ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын
әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті
мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті –рөлді ойынға ұқсас.
Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек.
Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны
дұрыс.
Дидактикалық құрлыс
ойыны – балалар әрекетінің
біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі
құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып
табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас
келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу
– қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс
ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап,
құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық
ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық
ойын балаларға мейліне тән оқыту
формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен
ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық
педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» -
деген ойында балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың
жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға
қою. Ойын міндеті - қалпақ астында не бар екенін
білу.
Қазақ халқының тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім - тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт - санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты - халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет- ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Сондай - ақ ойын барысында бала қатар құрбыларымен қарым - қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынандай қызметтерді орындайды:
-
Көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту); -
Коммуникативті:қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; өзіндік жүзеге асыру; -
Ойын терапиясы: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу; -
Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы); -
Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу; -
Ұлтаралық - коммуникациялық қызметі бойынша: барлық адамдарға ортақ әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру; -
Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту. -
Ойындардың көбісі өздеріне мынандай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша): -
Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесімен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады. -
Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»). -
Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі «эмоционалдық кернеулік»). -
Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу. -
Ойын құрылымына оның
процесі ретінде:
-
Ойнаушының өзіне алған рөлі; -
Осы рөлдер реализациясының қоспасы ретінде ойын іс- әрекеті; -
Пәндерді ойын түрінде пайдалану; -
Ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас; -
Сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей
психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру
қажет:
-
Өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі; -
Балалардың кейбір қиындықтар мен ойлу қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі; -
Ойында көрсетілетін өндіріс мамандарының фунцияларын бейнелеуге қатысушылардың бірлескен қызметінің принципі; -
Оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі; -
Оқу ойын іс-әрекеттің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: балалар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді игереді. Бірақ, бұл маңызды іс-әрекет ойын формасында іске асырылаы да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін
пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі
негізгі мақсат- шығармашылық ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл
сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.Ойынды
қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да- оқушыны өз оқуының
мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік
іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын
болашақтағы нәтижелерін алдын ала болжай білуге үйрету.Ойынның
функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық,
оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеуілік т.б. Барлық ойынды танымдық
деп атасақ қателеспейміз.«Дидактикалық ойындар» термині дидактика
бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың
танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше
тобы бар:
1.Заттық
ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады.
Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді,
материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы
қарым-қаынастарды т.б. зерттеп таниды.
2.Шығармашылық, сюжеттік –
рольдік ойындар.
Мұнда сюжет – интеллектуалдық
іс-әрекеттің формасы. Мысалы, Саяхат ойындар. Бұған кітаптар,
карталар, бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық,
ізшілік т.б. саяхаттар жатады. Балалалар ойша геолог, зоолог,
экономист, топограф, т.б. ролдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді,
хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындарды
балалар шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3.Дайын ережелері бар
ойындар. Бұл
ойындар, әдетте, баланың жұмбақты шеше
білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы- пәнді білуді
талап етеді.
4.Еңбек, техникалық,
конструкторлық, құрылыс
ойындары. Бұл ойындар ересектердің
кәсіби қызметерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында балалар өз
жұмысын жоспарлауға, керекті материалды жинақтауға, өзінің және
басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді
тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным
белсенділігіне ұштасады.
5.Баланың психикалық
сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары,
тренингтер.
Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар баланың біліммен, біліктермен және дағдылармен қаруландыруға бағытайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Балалардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психолгиялық сипаттағы дамыушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, крипотограммалар және т.б.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсатылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес- баланың білуге, білімге деген құштарлығын ояту.
Балабақшада ойын не үшін керек
?
-
Өздігінен бұл технология жаңа ұғымдарды, тақырыптарды меңгеруге ыңғайлы.
-
Жалпы технологиялық элементтерін қолдану. -
Ойынды сабақ ретінде түсіндіру,пысықтау,тапсырманы бақылау түрінде қолдану. -
«Ғажайып алаң», «Жұлдызды сәт», «Ақылдылар» ойындарын демалу үзілістерде ойнатуға болады.
Ойын технологиясының
мақсаты:
1.Дидактикалық :
Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.
2.Тәрбиелік :
Өздігінен жұмыс жасау,ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .
3.Дамытушылық :
Есте са1қтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.
4.Әлеуметтендіру:
Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.
Тәрбиешінің
мақсаты:
-
Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну. -
Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену. -
Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту. -
Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.
Ойын технологиясының
функциялары:
-
Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі. -
Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады. -
Ойын терапиясы. -
Ойын-сауық. -
Баланың ойын барысындағы қалыпты қылықтарының диагностикалық кемшілігі. -
Баланың ойын үстіндегі іс-әрекеті. -
Адамдармен қарым-қатынасы. -
Салт-дәстүр.
Баланың бойындағы негізгі
қасиеттер:
-
Еркін дамытушылық іс-әрекеті (баланың ойынға деген ынтасы және еркі). -
Баланың шығармашылық және қиялдау іс-әрекеті белсенді дамыған. -
Эмоциялық жағдай (баланың бәсекеге түсуі,эмоциялық қиындықтарды туғызуы). -
Ойын мазмұнын көрсететін тура және жанама ережелердің болуы,оның уақытылы және логикалық дамуының жүруі.
Ойынның
құрамы:
-
Ойынның мазмұны. -
Ойынның шарты бойынша іс-әрекеттер. -
Ойын заттарын кеңінен пайдалану. -
Балалардың өзара қарым-қатынасы. -
Бала өзін ойын кейіпкері ретінде сезіну.
Ойын
әдістемесі:
-
Пәндік -
Сюжеттік -
Рөлдік -
Драматизациялау -
Іскерлік -
Имитация
Ойын ортасы
бойынша:
Педагогикалық ойындарды қолдану
салалары:
-
Дене шынықтыру; -
Интеллектуалды; -
Еңбек; -
Қоғамдық; -
Психологиялық.
Ойын –сабақты дайындау, талап ететін
ережелерді сақтау:
-
Алдын –ала жүргізілген жұмыс өткізу түрі мен сұрақтарды талқылау. -
Алдын –ала рөлдерді бөліп беруі тиіс. -
Бұл танымдық іс-әрекетті ұштай түседі. -
Ойынның қажетті көрнекті құралдарды орынды қолдану. -
Ойының нәтижесі. ( Әділқазы алқасы) -
Ойын сәттері. ( ән айту,би билеу т.б.) -
Көңілің аудару,шаршағанды басу.
Іскерлік ойынның жүргізілу
технологиясы
(М.Валиеваның құрастыруы
бойынша):
Дайындық
кезеңі
-
Ойынды дайындау:
-
Сценариін дайындау; -
Жоспар құру; -
Жалпы сипаттау; -
Мазмұнын меңгеру; -
Материалмен қамтамасыз ету.
-
-
Ойынға кіріспе:
-
Проблемалық мақсат қою; -
Шарттарын білу; -
Топ құру; -
Рөлдерді бөлісу; -
Регламент белгілеу; -
Жалпы түсінік беру; -
Тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу
кезеңі
1.Топтық
жұмыс:
-
Әдебиеттермен жұмыс; -
Тренинг; -
Ойлану; -
Ойыншылармен жұмыс.
2.Топ аралық жұмыс,
пікірталас:
-
Топтардың жұмысты баяндауы; -
Нәтижені қорғау; -
Пікірталас туғызу.
Талдау және қорытындылау
кезеңі
Ойынға қорытынды жасау;
-
Талдау, рефлексия; -
Баға және өзіндік баға; -
Қорытындылау, жинақтау; -
Ұсыныстар беру.
Дидактикалық ойынның құрылымдық
принципі:
Динамикалық өндірістің және нақты шарттың имитациялық модельдеу
принципі
Профессионалды іс-әрекет формасының және мазмұнның модельдеу
принципі
Біріктірілген іс-әрекет принципі
Имитациялық мазмұны моделінің
мәселелік принципі және оның ойын әрекетіндегі даму
процесі
Диагностикалық қатынастың принципі
Екі жоспарлықтың принципі
Жобалау
іс-әрекеті
Қазіргі таңда жобалау іс-әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңуге, іздемпаздықты, интеллектуалдық инициативаны қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.
Жобалау іс-әрекетімен жұмыс жасау кезінде мына кезеңдерді бөліп қарастырған:
-
Тақырыпты анықтау. Мәселені қою. -
Мақсаттар мен міндеттерді анықтау. -
Жүзеге асыру (топтарды ұйымдастыру, топтарда рөлдерді бөлу, әдіс-тәсілдерді таңдау, жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру) -
Презентация (таныстыру)
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жобалау іс-әрекеті әзірге тек
тәрбиешінің, ата-аналардың көмегімен жүзеге асырылады. Көп жағдайда
балабақшадағы жобалау жұмыстары топта орындалады, яғни қандай да
жолмен рөлдер бөліп беріледі: біреу аналитикалық әрекетті өзі
орындайды, енді біреулері көмектеседі, осылайша әр баланың
көмегімен біріктіре отырып нәтижеге қол
жеткізеді.
Оқытудың кіріктірілген әдістерінің бірі ретінде жобалау әрекетін пайдалану балалардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауын, өзін қызықтырған зат немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше іздеу қабілетін дамытуға, игерген білімін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жобаларды жүзеге асыруға балалардың барлық коммуникативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Барлық жобаларда іс-әрекеттің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын кезінде ғана бала құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Жобалау іс-әрекеті процесінің барысында балалар өз бетінше ойлауды, үлкендермен бірлесе ақпарат іздеуді, табуды және мәселелерді шешуді үйренеді.
Жобалардың тақырыптары балалардың бастамасымен (олар нені білгісі келеді, неге қызығады) немесе тәрбиешінің бастамасымен (тәрбиешілер баланың дамуының дамуы үшін нені маңызды деп есептейді) анықталады. Егер тақырып ересектермен таңдалса, онда сол жасқа сәйкес келетін мотивацияны таңдалады.
Тәрбиеші балаларға жобаның тақырыбына байланысты тапсырмаларды ұсынады, ал балалар ата-аналарымен бірге өздеріне қызық тапсырмаларды таңдайды. Қажет болған жағдайда тәрбиеші ата-аналарға анықтамалық материалдар ұсынады, кеңестер береді. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді және ол жобаның әрбір қатысушысы ата-ана және бала өз жұмысын көрсете алатындай етіп ұйымдастырылады. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды, коммуникативтік қабілеттері жетілдіреді: олар аудиториямен жұмыс істеуге, ақпаратты жүйелі, эмоционалды түрде тыңдаушыларға жеткізуге, қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап беруге үйренеді.
Денсаулық сақтау
технологиясы
Денсаулық – адамның табиғаттан алатын бірден-бір
бағалы сыйлығы. Оны шыңдау үшін, әр адам өзінің ағзасын шамасынша
шынықтырып, салауатты өмір сүруге ұмтылуға тиіс. Бұл ұмтылыс жас
шағынан басталғаны өте дұрыс екенін өмірден байқауға
болады.Денсаулық сақтау технологиясының мақсаттарына жету- дене
шынықтыру сабақтары, денені сауықтыру жұмыстары, түрлі гимнастика,
сергіту сәттері, түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары,
ойындар арқылы іске асырылады. Баланың жеке бас тазалығын сақтау
ережелерін қалыптастыру, дене жаттығуларын, қозғалыс ойындарын,
сергіту сәттерін, табиғи әдістермен (күн, су, ауа) ағзаны
шынықтыруды ұйымдастыру, пайдалы дағдыларды дарыту, зиянды
әдеттерден сақтандыруды үйрету күнделікті өткізілетін іс-шара болып
табылады. Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың
жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін,
сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін
тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты
шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық
жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты
кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен
жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне
шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі
болып табылады.
Денсаулық сақтау технологиялары - бұл балалардың денсаулығының сақтауы және дамытуы бойынша бiлiм беретiн кеңiстiк жұмысының жүйесi. Денсаулық сақтау технологиялары - балалардың денсаулығын сақтау мәселесін үстiрт емес, сезiніп, балалардың өзіндік жеке даму ерекшелiктерiн есепке алып шешу.
Тәрбиеші баланың денсаулығын сақтай отырып білім беруде ең алдымен баланың диагнозын, әлеуметтік жағдайын жақсы білу керек. Ол үшін балабақша дәрігерімен, мамандарымен және тәрбиеші көмекшісімен қарым-қатынас өте тығыз болуы тиіс. Олармен кеңесе отырып және әр баланы жеке зерттей отырып түзете білім беру жоспарын құру қажет.
Балабақшада күн кестесіне сәйкес жұмыс күнін денсаулық сақтаудың тиімді әдісі- таңғы жаттығудан бастайды. Ертеңгілік жаттығулардың орындалу барысында балалардың бойында жинақылық, шапшаңдық, дене бітімінің түзу, әрі сымбатты, жүрісінің жеңіл болуы қадағаланады. Жаттығулар денедегі зат алмасуын жақсартады, мойын, иық, бел, іш, арқа, балтыр бұлшық еттерін қатайтады, жүйкесін нығайтады, бала өзін-өзі сергек сезінеді, көңіл–күйі көтеріледі. Қимыл-қозғалыстар бір орында тұрып жүруден бастап, аяңдап жүрумен аяқталады. Жаттығу түрлері ай сайын алмастырылып отырылады. Жылы күндері аулада, салқын күндері спорт залында өткізіледі.
Технологияның бір бөлімі- сергіту жаттығулары, баланың жұмыс қабілетіне, ойлау жүйесіне игі әсер етіп, жүйкесін, сезімталдығын арттырып, денсаулығын нығайтып, зейінін тұрақтандырады. «Денсаулық сақтау» технологиясының басты шараларының бірі- шынықтыру шаралары. Балаларды «денсаулық жолдарымен»: массаждық кілемшелер, түймелі, тығынды, бұршақты кілемшелер, иректі тақтайша, кішкене тасты, құмды қораптармен жүргізу, бүлдіршіндердің қоршаған ортадағы температура өзгерісіне шыдамдық танытатын ағза қалыптастыру, шынықтыру шараларының негізі болып табылады. Балабақша тәрбиеленушілеріне маусым өзгешеліктеріне орай аурудың алдын алу шаралары ретінде итмұрын шырыны мен дәрумендер, балық майы беріледі. Қыс айларында балалардың мойнына сарымсақ тұмаршалары ілінеді, қабылдау бөлмелерінде тәрелкелерде салынып тұрады. Балалардың денесін шынықтырудағы маңызды бөлігі – түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар. Көзделетін мақсат: ұйқыдан баланы біртіндеп ояту арқылы сергектікке, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түскі ұйқыдан кейінгі кешенді жаттығулар кез келген жайлы бөлмеде классикалық музыканы, табиғат әуендерін пайдаланып жүргізіледі.
Бекітілген жоспар бойынша ата–аналар, тәрбиеші олардың тәрбиеленушілерімен біріккен алуан түрлі спорттық сайыстар, жарыстар, «денсаулық күндері» жыл бойы өткізілуде. Мәселен, «Көңілді эстафета», «Біз – спорттық отбасы», «Спорт – біздің досымыз», т.б.
Балабақшада ұлттық ойындарды үйретіп, ойнату үнемі жоспарланады. Қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары әрқашан ескеріліп отырылады. Өйткені, ата-бабаларымыз балаларын ат құлағына ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа, отбасының тіршілігіне үйреткен. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында балабақшамыздың әр топтарында ұлттық нақыштағы қимыл-қозғалыстарына арналған жаттығулар мен ойындар әрдайым жүргізіледі. Балабақшамызда аудандық «Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі шынықтыру жаттығулары», «Мектепке дейінгі мекемеде сауықтыру-шынықтыру шараларының маңызы» атты семинарлар өткізілді. Семинар барысында педагогтармен пікір алмасып, ой бөлістік. Қазіргі уақытта мұндай жан-жақты үйлесімді дамыған адамзат тәрбиелеудің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда күн тәртібінде қолданудан, дене тәрбиесі сабақтарын жақсартудан және оның маңызын халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады. Жаңа стандарт бойынша үнемі балалардың іс-әрекетінің даму деңгейі мен берілген талаптарды орындау барысындағы көрсеткіштер шығарылады.
«Денсаулық сақтау» технологиясы бойынша бұл өткізіліп жатқан шаралар баланың аурудың алдын алуға деген алғашқы қадамы болып саналады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келмек болсақ, «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақыт өмір», -деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ өсіруге бағыттау баршамыздың міндетіміз.
Ұлы ойшыл Вергилий «Ешкім бәрін білуші де, бәрі қолынан келуші де бола алмайды» деп айтқандай, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып балаларды денсаулығын сақтауға үйрету керек.
Баланың кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Ендеше оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізілуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білімі мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүреміз. Мектепалды даярлық тобында баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Әрдайым жайдары көңіл-күйі жоғары болады. Денсаулық бұл баланың физиологиялық- психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі.
Балалардың денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады:
- ата –ана денсаулығы;
- экология;
- өмір сүру жағдайы;
- баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары:
- дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының
комплексінің жүйесін дамыту.
- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;
- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;
- жиі ауыратын балалармен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
Мейірбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізілуі.
1. Шынықтырудың дәстүрлі формалары: ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу – ығалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну, тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.
2. Ұтымды –қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары.
3. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:
-
Ауамен шынықтыру; -
Психогимнастика; -
Өзін-өзі сылау; -
Дене мұшелерін босаңсыту жаттығулары.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар
енгізуде, ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл
әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына,
оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды
басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол
жеткізуді көздейміз:
-
Балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау; -
Денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту; -
Гигиеналық мәдениет қалыптастыру; -
Салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу; -
Дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау; -
Дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру.
Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді
түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп,
оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды
жүйелі түрде жүргізу керек.
Ұлтық ойындар денсаулық сақтау технологиясында өзінің бір орынын алады. Қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл- қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды үйрету.
Бағытты түрде физиологиялық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл - қозғалыс координациясын дамыту. Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға беріп отыру.
Дүние жүзіңдегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығайю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – массаж. Кейбір жаңалықтардың ашылуы да тез, жабылуы да тез. Ал бұл жаңалықтың болашағы бар және ол одан әрі дамып, көркейеді. Әрбір адам, жас баладан, егде кісіге дейін, осы әдіс арқылы өзін-өзі емдей алады. Адамның қол басы мен аяқ табан бұлшық етпен байланысты болады. Сондықтан да, Пак Чжи Вудың айтуы бойынша, адамға қозғалыс қажет.
Қазіргі уақытта көп факторлы сыртқы әсерлердің талдауына, әр баланың денсаулығының маниторингіне, оның ағзасының ерекшеліктерінің есебіне негізделген балалармен тәрбие сауықтыру жұмысына жаңа әдістемелер іздеу, белсенді түрде жүріп жатыр. Балалармен сауықтыру жұмысында балалардың дұрыс тыныс алуына үйренуі маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Дұрыс тыныс алу- бұл көптеген аурулардың алдын алады; адамның денсаулығы, физиологиялық және ақыл-ой қызметі оның тыныс алу қызметіне байланысты сонымен қатар, дұрыс тынысалуы әр түрлі емдік әсер береді. Ырғақты демнің екпінімен шығуы-шаршаудан арылудың бір де бір құралы. Баяу ырғақта демалу, тыныс алу кезінде кідіріс жасауға да болады. Қан айналымын белсенді ететін көміртегінің мөлшерін, артылған мөлшерінің жиналып қалуына әсер етуі жүрек қан тамырларының және де мидың жақсаруына себепші болады яғни қан айналымын күшейтеді. Демалу бұлшық еттерінің шынығуы физиологиялық жұмыс қабілеттілігін және шыдамдылықты арттырады.
Салауатты өмір салты қажеттіліктерін қалыптастыру. Допты лақтыруға жаттықтыру. Әртүрлі жаттығуларда, доппен ойнайтын ойындарда және басқада құрал - жабдықтармен балаларды өз мүмкіндіктерін көрсетуге баулиды.
Денсаулық саласында массаж бағыты да кіреді. Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады. Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның терендігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.
Ойын түрлері:
1. «Қояндарды құтқару» ойыны. Мақсаты: тапсырманы дұрыс орындап, қояндарды тордан құтқару. Бұл ойында оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге өз ісіне деген жауапкершілігі артады.
2. «Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.
«Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.
Семантикалық карта
Кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, Білім туралы жақсы ой сөйлем шығады.
Тірек кесте
Берілген тапсырмалардың шешімін дұрыс тауып толтырса, шеңберге қатысыты ұғым атауын оқисың.
«Күн шуағы» ойынының шарты.
Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі.
Оқушылар қатар –қатар болып , жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырды. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады.
Дұрысын анықта» ойыны.
Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды.
«Ұста,ұстама» ойыны .
Қорытынды ретінде оқушылар бір-біріне тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады, допты ұстаған оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса топтан ұпай кемітіледі. Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты лақтырып сабақты қортындылайды.
«Өрмекші торы» ойыны
Оқушылар шеңбер бойымен орналасады. Қорытынды ретінде оқушылар кезекпен бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сабақта өтілген материалды қайталайды.
«Сақина тастау» ойыны. Берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны оқушы өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады.
«Көрші-көрші» ойынының мақсаты сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, сол сан тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. Сол санның көршілері орынжарына тұру керек.
Денсаулық білім саласы бойынша дене шынықтыру
ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын қимылды ойындар
жинағы.
«Паравоз»
№1
Мақсаты:
Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып
паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға
үйрету.
Мазмұны:
Қатар - қатар
тұрайық,
Кәне, кәне,
сұрайық.
Кімнің болса бойы
ұзын
Паравозы
пойыздың
Кімнің, апай, бойы
ұзын
Паравозы ол
пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол
бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары
соның
артынан ұстап тұра
бастайды.
Ал, паравоз баста
алға,
Бәрімізді басқар
да!
Пш - пш, пш - пш!- біз
кеттік
Жүрісті біз
гулетіп
Жүрісті біз
гулетіп
Гу - гу, гу - гу,
гуілдеп
Қалып қойма
біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз
үдеттік.
«Ұшты - ұшты»
№2
Мақсаты:
Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын,
аңғарымпаздыққа
тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта
да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт
жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын
жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады.
Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет
жаңылса айып шарты, ұлғая түседі.
Бастаушы
Ойынды былай
жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар
ұшты
(қол
көтереді)
Ұшты - ұшты қарға
ұшты
(қол
көтереді)
Ұшты - ұшты арба
ұшты
(қол
көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл
ұшты
(қол
көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ
ұшты
(қол
көтереді)
Ұшты - ұшты торғай
ұшты
(қол
көтереді)
Ұшты - ұшты жылан
ұшты
(қол
көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы
жеңеді.
«Ақ қоян»
№3
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа
баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да,
ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол
ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ
айтады.
Ақ қоян - ау,
ақ
Орныңнан
тұрсаңшы
Шашыңды
тарасаңшы
Бетіңді
жусаңшы
Әй - әй көйлек
кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші
-
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған
қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға
тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да
үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян
болады.
«Қасқырлар мен лақтар»
№4
Мақсаты:
Балаларды жылдамдыққа, ептілікке
тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта
«қора» мен «өріс»
сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде
тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте
лақ,
Бөрте лақ тым ерке
лақ
Кетесің кейде
секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген
сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді.
Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға
түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған
балалардан сайланады. Осылайша ойын
жалғасады.
«Қаздар»
№6
Мақсаты:
Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту
және қаздардың тіршілігімен
таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе
сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ
құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында
жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын
қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай
үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып
жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен
қауіп төнгенде, ата
қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді.
Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына
жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз
сайланады.
«Төбеде доп қуу»
№7
Мақсаты:
Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке
үйрету, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы
екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден
сапқа тұрады. Ал капитан өз
командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 - 4 метр жерде
тұрады. Капитандар бір - бір волейбол добын алады да, оны екі
қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы
бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен
келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз
тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді.
Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай
айнала береді. Капитан өз орнына келіп,
бірінші
болып, допты
жоғары көтергенде команда ұтып
шығады.
«Күн мен түн»
№8
Мақсаты:
Балаларды
ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға
баулу.
Ойын мазмұны:
Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді.
Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі
бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп
белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып
жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады.
Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған
команда жеңіске жетеді.
Сенсорлық тұрғыдан дамыту балаларды түрлі сенсорлық әсерлермен байытуға бағытталған және қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың базасы болып табылады.
Сенсорлық қабілеттерді қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – дидактикалық ойын. Өз тәжірибемізде біз М. Монтессоридің сенсорлық материалдарының іріктемесін және оның «сенсорлық гимнастикасын», яғни, жаттығу ойындарын қолданамыз. Ойын барысында балаларда байқампаздық, зейін, жады, қиял дамиды, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде олар алған әсерлер ретке келеді, сөздік қоры кеңейеді, ойын және оқу дағдыларына ие болады. Сенсорлық ойындарды жүргізу кезінде мынадай ережелерді басшылыққа алу қажет: Балаға оқу құралын таңдауда дербестік беру. Егер бала материалмен бірінші рет жұмыс істеген жағдайда, оны қалай пайдалануды көрсету. Оған таныс сенсорлық материалмен өз бетінше ойын ойлап табуды (шығармашылық ойынды) ұсыну. Балаларды бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, содан кейін материалды орнына қоюға үйрету. Балалар сенсорлық материалмен дұрыс айналысуды үйренгеннен кейін, бұл материалды сюжеттік-рөлдік ойындарда қолдануды ұсынуға болады. Мысалы, иісі бар қорапшалар, дәмдік құтылар – «Дәріханалар» жабдығына кіреді, түстік (хроматикалық) кестелер көздің көруін тексеруге арналған «Емхана», «Таксилер тұрағы» ойындарында қолданылады. Балаларға арналған өз бетінше ойнайтын ойындардың («Не болды?», «Дұрыс – дұрыс емес») бөлігі сенсорлық қатарды әдейі бұзуға негізделген – ойынның мақсаты балаларға қателерді табуды ұсыну.
Біз өз тәжірибемізде М. Монтессоридің технологиясын қолдана отырып, жаттығуларды: – қуыршақ кейіпкерлерді, мысалы Дымбілместі: «Дымбілмес нені шатастырды?», «Дымбілместі цилиндрді (текшені, қорапшаларды т. б.) дұрыс қоюға үйрет»; – топтық жаттығу ойындарын: «Спортшылар сапқа тұрады» – ұзындықтары әр түрлі зіл темірлермен ойындарды, «Ортақ мұнара» – текшелермен ойындарын; Статьи по теме Балабақшада баланың жеке даму картасы «Шығармашылық қанатында» біріктірілген сабағы Оқушылардың визуалды ойлауын дамыту Балабақшадағы көптілділік 2 жастан 5 жасқа дейінгі құрылымдау сабағының бағдарламасы – «Кемпірқосақ», «Күн» түрлі-түсті кестелерімен ойындарды жиі пайдаланамыз. Сенсорлық дамытудың маңызды бөлігіне ағаштан жасалған геометриялық пішіндер және құрылыс салуға арналған жиынтықтарды құрастыру арқылы жаттығу ойындары жатады. Балаларға өз бетінше ойнауға арналған жиынтықтар беріледі, олар өздерінің қиялынан шыққан ғимараттарды, қорғандарды, қалаларды үлгі және модель бойынша құрастырады. Көбінесе жағдайға қарай (дайын үлгісіз) құрастырылады. Мысалы, «Хайуанаттар саябағы» ойынында белгілі бір ойыншық жануарларға қолайлы болатындай мөлшердегі қашалар дайындау қажет. Фермалар, көпірлер, жолдар салған кезде «М. Монтессоридің құрылымдық үшбұрыштары» пайдаланылады, балалар «Ұшбұрыштардың сиқырлы өзгерістері» ойынын ойнайды, «Ұшбұрыш өмір сүріпті ...» сюжетін құрады. Педагогтың көмегімен балалар осыған ұқсас ойындар сериясын ойлап табуды және «Шаршының, қиықтың, тік төртбұрыштың жұмбақ өзгерулері», «Шаршыға қалай қонаққа баруға болады...» ситуациялық ойындарын жалғастырады.
Дидактикалық ойындар негізінде әзірленген «Мектеп жасына дейінгі кіші балалардың ойын іс-әрекеті кезіндегі сенсорлық қабілетін дамыту» әдістемелік құралында сенсорлық тәрбиенің міндеттері тұжырымдалған: заттардың қасиеттері туралы жинақталған әсерін қамтамасыз ету, сезімталдық сенсорлық-қозғалу тәжірибесін кеңейту; назарын заттардың қасиетіне аударуға үйрету; іс жүзінде әрекет ету кезінде түйсіктік-қозғалыстық зерттеу, көру арқылы қабыладу мен салыстыру арқылы баланың заттарды сезуін және қабылдауын дамыту; көлемдердің, түстердің, пішіндердің ұқсастығын және айырмашылығын анықтаудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру; заттардың, әрекеттердің сапасын түсіне білуге және өзінің атай алуына үйрету, бір текті емес заттардың қасиеттерін пішіндері, көлемі, түсі бойынша салыстыра, екі түрлі заттың бірін таңдауды жүзеге асыра білуін қалыптастыру; сындарлы-қарапайым ойлай білуін дамыту. Дамытуға арналған дидактикалық ойындар түстер. Мақсаты: заттарды түсі бойынша салыстыра білу, оларды топтастыру және түстерді кезектестіру. Бұл бөлімге «Тышқанды жасыр», «Түсі бойынша үйлестір», «Дәрумендер жинаймыз» ойындары кірді. пішіндер. Мақсаты: балаларды заттарды пішіндері бойынша топтауға және оларды қоршаған ортадан табуға үйрету. Бөлімге «Пішінді жасыр», «Анаңа гүл сыйла», «Қолшатырды таңда» ойындары кірді. көлемдер. Мақсаттары: балаларды заттарды бір біріне жақындатып қарау арқылы көлемдері бойынша салыстыруға үйрету, ұсынылған екі, үш заттың арасынан бөліп алу арқылы көлемдері бірдей заттарды табу. Бөлімге «Үйшік», «Кімнің соқпағы қысқа?», «Егінді жина» ойындары кірді. Бөлімдердегі әрбір ойынның белгілі бір құрылымы: атауы, мақсаты, құралы мен мазмұны бар. Ойын арқылы бала қоршаған өмірдің барлық көріністерін модельдейді, сол арқылы ол қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынас заңдылықтарын танып біледі. Педагогтың міндеті – балаға ойын арқылы әлеуметтік қатынастар әлемін тануға көмектесу. Сенсорлық қабілеттерді қалыптастыру кезінде іс жүзінде технологиялық картада қамтылған түрлі әдістер мен тәсілдер: сұхбаттасу, бақылау, әңгіме айту, дамыту ойындары қолданылады.
«Ол не»?
ойыны
Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін
анықтай білуді үйрету.
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш
матрешкалар.
Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші
матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және
төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша
салыстыру.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ
айтады:
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
Жиналғанда бір ойыншық
сияқты.
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады.
Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз
аталады.
Ойынның ұзақтығы 10-15
минут.
Шарлар
Дидактикалық
міндеті.
Балаларда түс туралы түсінік
қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің
арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы
жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған.
Қажетті материалдар.
30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон
жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың
түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді.
Ойынға басшылық.
Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон
жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете
отырып,
бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың
алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп
отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға
қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға
картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап
алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары
шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын
байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың
дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған
шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары
шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате
байланғандығын айтады.
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды.
Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші
алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың
өзінің байлауын талап етеді.
Ойынның ұзақтығы мен
қайталануы:
Ойын ұзақтығы 15
минут, 1-2 рет қайталап ойнауға
болады
Ойын арқылы балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту жолы
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері.
Ғ.Мұстафин
Балабақшадағы логопедтік түзету жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеті болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда төмендегі міндеттер басшылыққа алынады:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Осы аталған міндеттерді логопед үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта», «Күн мен түн».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
1-«Кім көп сөз біледі?»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Р,Ш,Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.
2-«Сиқырлы сандық»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын, фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.
Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.
3-«Алма ағашы»
Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.
Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.
4-«Балық аулайық»
Мақсаты: берілген суреттерді атап, сөйлем құрауға үйрету.
Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.
5-«Мен жақсы сөйлеймін»
Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін, сөзік қорын дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.
Шарты: ертігіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап, желісі бойынша әңгімелеу.
6-«4-ші артық»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, жалпылауға үйрету.
Шарты: берілген сөздерді атап, артығын тауып қалған суретті жалпылау.
7-«Күн мен түн»
Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту, есте сақтау қабілетін және көріп қабылдау қабілетін дамыту.
Шарты: берілген сөздерді атап, жоғалған суретті табу.
8-«Сөз құра»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, берілген дыбыстарға сөз құрауға үйрету, қойылған дыбыстарды сөзде бекіту.
Шарты: берілген дыбысқа сөз құрау.
10- «Суретті жұмбақтар»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін, сөдік қорын дамыту.
Шарты: логопед қораптан неше түрлі суреттері бар
карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен
сипаттап жасыруды ұсынады. Бастаушы суретті
карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты
сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не
бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды
жалғастырады.
11-«Көпір»
Мақсаты: сөздік қорын, логикалық ойлауын дамыту, байланыстырып сөйлем құрауға үйрету.
Шарты: заттар бейнеленген суретті карточкаларды кезекпен
көрсетеді. Балалар екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір
сөз ойлау керек. Ол сөз екі затты «байланыстыратын көпір» секілді.
Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген болуы
керек.
Мысалы, екі сөз беріледі: «қаз» және «ағаш». «Байланыстыратын
көпір» қызметін мына сөздер болуы мүмкін: «ұшты» (қаз ағаштан
ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз ойды), «тығылды» (қаз ағаштың
артына тығылды) т.б.
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға
болады.
12-«Қадамдар» (Кім тез жетеді...)
Мақсаты: тіл байлығын, сөйлеу тілін
жетілдіру.
Шарты: Ойыншылар қатар тұрып, мәренің қашықтығын белгілейді.
(арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады.
Мысалы, "Әдепті сөздер". Әр бала әдепті сөз айтса ғана
қадам жасай алады. Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", "
Барлығы ыстық", "Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы
сөздер", "Мейірімді сөздер" және
т.б.
13-«Іздеу»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуін, зейінін, байқағыштығын дамытамыту.
Шарты: Бұл ойынға 5 адам қатысады. Логопед былай дейді: Мен (құрбымды) досымды іздеп жүрмін. Оның көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара, ол мысықтарды жақсы көреді, ал сүтті мүлдем ұнатпайды. Кім бірінші қай бала туралы сөз болғанын тауып алады? Кішкентай балалар ойнағанда, киімдерін де сипаттауға болады.
14- «Әңгіме ойлаймыз»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, зейінін дамыту.
Шарты: логопед сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің
арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім,
етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: ".... (Не?) босағада отырып мияулайды. Мысық
алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . . (не істеді?). Бақта
жүрген мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . .
(қандай?), тырнағы . . . (Қандай?). Мысық марғауларымен . .
. (Қайда?) жатты. Марғаулар допты .. . . (қалай?)
ойнады.
15-«Сөйлемді толықтыр»
Мақсаты: байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну: «Балалар гүлзардағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .». "Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . . " , "Аю қыста ұйықтайды, себебі . . . " және т.б.
16- «Шынжыр»
Мақсаты: сөздік қорын, фонетикалық есту қабілетін дамыту.
Шарты: Бұл ойын сөздермен. Бірнеше бала қатыса береді. Бірнеше дауыссыз әріптерді алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап табу керек. Кім көп сөз айтады, сол жеңеді. "с", "ш", "р".
Сюжетті-
рөлді ойындар
«Дәрігер» Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың
игілік еңбегіне деген балалардың
сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы,
кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты қасиеттер жете
түсіндіру. К/к
құралдар: дәрігердің ақ халаты, бас киімі, дәрі,
дәрігер сумкасы, тындайтын
прибор. Ойын
барысы: ойын басталмас бұрын дәрігер, анасы,
баласы рөлдері бөлініп
беріледі.
«Шаштараз» Мақсаты: Балаларды сәнділікке,
әдемілікке, сыпайлыққа
баулу. К/к
құралдар: тарақ, айна, фен, плойка, қайшы, шаш
қыстырғыш.Ойынның
барысы: шаштаразшы, шашатаразға келген қыз
рөлдері бөлініп
беріледі.
«Дүкенші» Мақсаты: Балаларға үлкендердің еңбегін
бағалай білуге, сипайлыққа, ізгілікке, адалдыққа
баулу. К/к
құралдар: ақша, дүкеншінің бас
киімі, балмұздақтың, йогурттың
суреттері. Ойын
барысы: дүкенші дүкенде тұрады, дүкенге екі бала
келеді. Балалардың рөлдері бөлініп
беріледі.
«Отбасы» Мақсаты: Балалардың отбасындағы
мейірімділік, жауапкершілік, өзара түсінушілік сезімін
арттыру. К/к
құралдар: ананың белдемшесі, тамақ
ішетін құралдар. Ойынның
барысы: ана, әке, қыздың рөлдері
бөлінеді.
«Қонақ қарсы
алу» Мақсаты: Балалар қонақ келгенде қалай құрметтеп
қарсы алуын
үйренеді. К/к
құралдар: шай
ыдыстары. Ойынның
барысы: екі әке, екі ана,
рөлдері Бөлінеді. Есіктен қонақтар кіреді. Әке мен
анасы қонақтарды қарсы
алады.
«Интервью» Мақсаты: Балалардың сұраққа келісті жауап
беріп, ойлау, тіл қабілетің
арттыру. К/к
құралдар: микрофон. Ойын
барысы: бір бала тілші
болады. Қалғандары шеңберге отырады. Тілші есіктен
кіреді.
«Мысық» Мақсаты: Балалар
мысыққа сипаттама беріп, басқа жануарлардың ішінде тану білуге
арналған. К/к
құралдар: мысықтың
маскасы, суреті. Ойын
барысы: «мысық»
таңдалады. Балалар мысыққа қарап, оның түрін, қимылын
сипаттайды. Балалар шеңберге отырады. Мысық
ортада жүреді. Балалар мысыққа қарап,
тәрбиешінің сұрақтарына жауап
береді.
«Дәмхана» Мақсаты: Балалар
өздерін үлкен адам сезініп, дәмханаға барып тәртібін сақтауын
біледі. К/к
құралдар: даяшының
белдемшесі, ақша,мәзір,
әнші. Ойын
барысы: швейцар (есік
күзетуші), даяшы, дәмхананың қонақтарының рөлдері
бөлінеді.Есіктен қонақтар кіреді. Оларды швецар қарсы
алады.
«Қоян мен
қожектер» Мақсаты: Балалар
өздеріне қоян ролін алып, өздерін қояндай
сезінуі. К/к
құралдар: қоянның төрт
маскалары. Ойын
барысы: қоян мен
қонжықтардың рөлдері
бөлінеді.
«Жол
тәртібін сақтайық!» Мақсаты: Балаларға
ойын арқылы жол
тәртібін үйрету. К/к
құралдар: бағдаршам
түстерінін маскалары, жол полициясының бас киімі, жаяу жүретін
жолдын маскасы. Ойын
барысы: жол полиция
қызметкері қонаққа келіп, жол тәртібін
үйретеді.
«Сән
ательесі» Мақсаты: Балалар
өздерін тігінші рөлінде сезініп,киімдердің ұзындығын, пішінін,
моделін, түсін білуін
үйренеді. К/к
құралдар:іс тігетін
ойыншық машина, үлгілері бар журналдар, матаның
қиықтары, қуыршақ, сән
журналдары. Ойын
шарты: балаларды
рөлдерге бөлу. 3-4 бала тігінші, 2-3 тапсырыс беретін
бала.
«Хат
тасушы» Мақсаты: Балалардың бір-біріне
сүйіспеншілікке, достыққа, бауырмашыл болуға сыйласты
баулу. К/к
құралдар: хат тасушының
бас киімі, конверттер. Ойын
шарты: балалар екі
топқа бөлінеді. Бір хат тасушы таңдалады. Бір топтың балалары
екінші топқа тілек білдіріп сурет салады, содан
кейін конвертке салып хат тасушыға береді. Ал хат тасушы
басқа топқа апарады.
Дидактикалық
ойындар жинағы
«Дәл осындай
пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту,
пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері,
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың
кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту.
Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
«Үйдің
есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және
жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін
дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін
балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай
келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек
таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін
білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі
пішіндердің ішінен табады.
«Үй
құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты:
түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес,
зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар,
пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға
әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы
пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
«Бет
орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет
орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру.
Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды
ұсыну.
« Жұбын
тап»

білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің
суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді
тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін
жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды
салыстыру.
«Әдемі
кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес,
зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер,
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген
кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
«Таныс
пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп
заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші
бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет
сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды.
Ойын осылай жалғаса береді.
«Гараждар»
Ойынның
мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау
қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз
ету.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл
сондай суреті бар гараждар.
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар
рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп
ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде,
рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра
қалады.
«Өз
үйіңді тап»
Ойынның
мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның
ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін
атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі
бойынша үлкен шеңберлерге тұра
қалады.
Үстел үсті ойындары
«Картинканы құрастыр»
Дидактикалық міндеті. Балаларды тұтас затты жеке бөліктерден құрастыруға жаттықтыру; ерік-жігерін, мақсатқа талпынуын тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Таңдауда қателеспеу. Кім басқалардан бұрын жинап, өз картинкасын атап айтса, сол жеңеді.
Ойын әрекеттері. Жеке бөліктерді қарастырып, тұтас картинка құрастыру.
Ойынның барысы. Қорапта әр түрлі заттар бейнеленген тұтас картинкалар болады: жеміс-жидектер, ойыншықтар, өсімдіктер. Екінші қорапта дәл осы картинкалар төрт бөлікке бөлініп салынған. Тәрбиеші балаларды картинкалармен таныстырады. Олар картинкада не бейнеленгенін атап айтады. Сосын кейін картинканың жеке бөлігін көрсетіп, балалардан сұрайды:
-
Сендер қалай ойлайсыңдар мына кесінді қай картинканікі?
-
Алмұрттікі, – деп жауап береді балалар.
Тәрбиеші картинканың жеке бөлігін тұтасқа орналастырады.
-
Ал енді алмұрттың басқа бөлігін табайық.
Балалар тәрбиешімен бірге алмұрттың жарты бөліктері бейнеленген картинканы тауып, тәрбиешіге береді. Барлық жеке бөліктер табылып, тұтас картинканың қасына қойылған соң, тәрбиеші балаларға:
-
Балалар, қараңдаршы, тұтас алмұрт шықты. Қазір мен сендерге картинка беремін. Айманға алманы, Берікжанға қызанақты. Айжан сен өз картинкаңды тап! Жанбекке сәбізді беремін. Картинка қайда жатыр? (Осылайша барлық бала бір-бір картинкадан алады). Ал енді жеке бөліктерден тұтас картинка құрастырыңдар. Бөлінген картинкалар үстелде жатыр.
Іздеу, табу, табылған жеке бөліктерді орналастыру үрдісінің өзі балаларды қызықтырады.
Ойынды кубик, пирамида және т.б. заттарды пайдалана отырып та өткізуге болады.
Сөздік ойындар
«Тап, кім шақырды»
Дидактикалық міндеті. Есту анализаторын жаттықтыру, балалардың өз құрбы-құрдастарына достық қатынастарын, зейінін, есін, бірігіп ойнауға деген тілектерін тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту.
Ойын әрекеті. Кім шақырғанын іздеу.
Ойынның барысы. Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:
-
Бүгін біз балаларды дауысы бойынша табамыз. Сендер бір-бірінің дауысыңды білесіңдер ме? Нұрым, Адинаны шақыра ғой! Адина, сен, Жанбекті шақыр! Балалар, Нұрым мен Адинаның дауысы әр түрлі ме?
-
Иә, – деп жауап береді балалар.
-
Бірақ оларды сөйлегенде көрдік.
Ал ойынды табатын балалар көзін жұмады да, тек дауысы бойынша кім шақырғанын тауып оның атын айтады. Осыдан кейін тәрбиеші ойыншылардың біреуін қасына шақырады. Ол келіп, көзін жұмады (немесе балаларға арқасымен қарап тұрады), ал жүргізуші ойынға қатысушылардың бірінің қасына келіп, белгі береді, ол оның атын қатты дауыспен айтады.
-
Кім сені шақырды? – деп сұрайды тәрбиеші.
Кімді шақырды, сол досының атын атайды. Барлық бала ойынға қатысқанша ойын жалғаса береді.
Осы ойынды балалар бір-бірін жақсы біледі және аттарын естерінде сақтайды. Ойын балаларды бір-біріне жақындастырады, сондықтан оны жылдың басында өткізген дұрыс.
«Құстар»
Дидактикалық міндеті. Балаларды сөзі мен әрекетін сәйкестендіре білуге жаттықтыру; балалардың тілін белсендіруді жалғастыру.
Ойын ережесі. Құс болып жүрген балалар өз әрекетін тақпақтың сөздерімен сәйкестендіруі керек. Құстар өз қалауымен басқа құстарды таңдай алады.
Ойын әрекеті. Құстардың қозғалысын келтіру: жаңа құстарды таңдау; құстарды бейнелейтін бас киімдерді қолдану.
Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға құстар туралы тақпақ оқып береді.
Кімнің құс болғысы келеді? (Кім ойнағысы келеді, соларға тәрбиеші құстың бас киімін кигізеді). Бәріміз бір шетте орындықтарға отырып, қарайық, құстар қалай ұшады, сосын қалай қонады, қалай бір-бірінің қасына отырады, қайтадан кері ұшады.
Балалар мен тәрбиеші тақпақты айтып отырады, ал құстар соған сәйкес әрекеттерді орындайды. Содан кейін олар жаңа құстарды таңдайды, осылайша ойын жалғаса береді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
4-5 жастағы балаларға арналған ойындар
Заттармен ойналатын ойындар
«Неден жасалған?»
Дидактикалық міндеті. Балаларды заттардың жасалған материалдары (темір, резина, әйнек, ағаш, пластмасса) бойынша топтастыра білуге үйрету; балалардың сөздіктерін белсендіру; байқағыштықтарын, зейінін, ойын ережесін орындай білу іскерлігін тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Заттарды өз материалынан жсалған подносқа жинау.
Ойын әрекеттері. Заттарды сипау, суреттеу арқылы табу; әр түрлі материалдардан жасалған заттарды іздеу; оларды сапасы бойынша топтастыру; «Ғажайып қапты» қолдану.
Ойынның барысы. Бұл ойынды өткізу үшін әр түрлі материалдардан (ағаш, резина, темір, пластмасса, әйнек) жасалған заттарды таңдау қажет.
Тәрбиеші ойын басталмас бұрын, балалардан қандай материалдарды білдіретіндерін, олардан қандай заттар жасалғанын еске түсірулерін сұрайды, балалардың бізді қоршаған барлық заттардың қандай да бір материалдан жасалатындығы туралы білімдерін нақтылау мақсатында қысқаша әңгіме өткізеді.
Ойынның соңында міндетті түрде қорытындысы шығарылады.
«Кім жылдам жинайды?»
Дидактикалық міндеті. Балаларды көкөністер мен жемістерді топтастыруға үйрету, тез қимылдауға, ұстамдылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Жемістер мен көкөністерді себеттегі белгі бойынша (бірінде – «алма», екіншісінде – «қияр») жинау керек. Барлық заттарды себетке, қателеспей жылдам жинаған топ жеңеді.
Ойын әрекеттері. Заттарды іздеу, топтардың жарысы.
Ойынның барысы. Тәрбиеші балалардың көптеген жемістер мен көкөністерді білетінін айтып, естеріне түсірулерін сұрайды.
-
Қазір біз жарысамыз. Қай топ өнімді жылдам жинайды екен. Мына себетке (формасы бар картинканы көрсетеді) жемістерді, ал мынаған (қияр бейнеленген) – көкөністерді жинау керек. Кім барлығын жинап болдық деп ойласа, себетті көтеру керек. Біз олардың бақшада ешнәрсені ұмытып кетпегенін тексереміз.
Тәрбиеші балалармен біріге отырып еденге (немесе алаңға) көкөністер мен жемістерді орналастырады. Екі топ бөлінеді: көкөнісшілер және жемісшілер (3-4 адамнан). Тәрбиешінің белгісі бойынша (қол шапалақтау) балалар көкөністер мен жемістерді тиісті себеттерге жинайды.
Қай топ себетті бірінші болып көтерсе, солар жеңеді (олардың қателеспегенін тексеру керек). Жеңіске жеткен топ аталады. Одан кейін басқа топ таңдалады да, ойын жалғаса береді. Соңында жеңіске жеткен топтар арасында жарыс ұйымдастыруға және өте тапқыр, жылдам, жинақы балаларды анықтап, марапаттауға болады.
Үстел үсті ойындары
«Жұп картинкалар»
Дидактикалық міндеті. Балалардың байқағыштығын, суретте бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын таба білу іскерлігін тәрбиелеу; сөздік қорларын жетілдіру: ұқсас, әр түрлі, бірдей.
Ойын ережесі. Бірдей картинкаларды жинау. Кім қателеспесе, сол жеңеді.
Ойын әрекеттері. Бірдей картинкаларды іздеу.
Ойынның барысы. Балалар картинкалар орналастырылған үстелдің басында отырады. Картинкалар өте көп (10-12), әр түрлі, бірақ олардың арасында екі ұқсасы бар. Тәрбиеші балалардың біреуінен бірдей картинканы тауып, атын атап, оны басқаларға көрсетуді сұрайды. Жұп картинкаларды бір жаққа жинай береді. Содан кейін тәрбиеші барлық картинканы араластырады да (олар аударылып тұру керек), балаларға білдірмей тағы бір жұп картинканы қосады. Оларды қайтадан дұрыс жағымен қойып, тағыда бірдейлерін табуды ұсынады. Бұл кездегі ойынның күрделілігі мынада, картинкалардың арасында өте ұқсастары болады, бірақ бірдей емес, мысалы: кеселер түсі мен формасы бойынша бірдей, бірақ біреуінде ұстайтыны бар, екіншісінде жоқ, яғни оларда балалар бірден байқамайтын шамалы айырмашылықтары болады.
Ойынды біртіндеп күрделендіре отырып, бір жұпты емес бірнеше жұп картинкаларды табуды ұсынуға болады.
«Не артық?»
Дидактикалық міндеті. Балаларды заттарды қолдануда қателерді көре білуге үйрету; байқағыштығын, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей білу іскерлігін дамыту; еңбек құралдары туралы білімдерін бекіту.
Ойын ережесі. Артық картинканың ғана бетін жабу. Қажетсіз затты кім тапса, сол жеңедң.
Ойын әрекеттері. Қажетсіз затты табу және оны ақ қағазбен жабу.
Ойынның барысы. Ақ форматта әр түрлі мамандық иелерінің суреттері салынған, ал оның жанындағы торларда – жұмысқа керекті еңбек заттары мен құралдары салынған. Олардың арасында сол мамандыққа қажет еместері де болады. Мысалы, азық-түлік дүкеннің суреті, ал жанындағы торда оған қажетті заттар бар, сонымен қатар олардың арасында қажет емес заттар да бар. Ойынға қатысушы балалар оны байқап, қажетсіз емес заттарды таза ақ қағазбен жабу керек. Әрине, бұл ойында балаларға таныс мамандықтар алыну керек.
Сөздік ойындар
«Үйшікте кім тұрады?»
Дидактикалық міндеті. Балалардың жануарлар туралы білімін, дыбыстарды дұрыс айту іскерлігін бекіту.
Ойын ережесі. «Үйшікте кім тұрады?» деген сұраққа кім үйшікте тұрса, сол балалар ғана жауап береді (балалар жануарлардың дыбысын салады).
Ойын әрекеттері. Дыбыспен еліктеу; әр түрлі жануарлар мен құстардың қозғалысын көрсету.
Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларды бірнеше топқа бөледі (3-4-5). Балалар өздеріне таныс құстарды немесе жануарларды қозғалыспен көрсетеді.
Әр топ орындықтардан өздеріне үйшік жасайды. Тәрбиеші балаларға әркім өз үйшігінде болатынын, сосын өздері бейнелейтін жануарлардың дауысымен айқайлайтынын айтады. Сосын тәрбиеші әр топпен балалар көрсететін дыбыстарды қайталайды. Содан кейін ол кезекпен барлық үйшікке жақын келіп, есігін қағады да:
-
Тақ-тақ-тақ, бұл үйшікте кім тұрады? – деп сұрайды.
Балалар жануарлар немесе құстар дауысымен жауап береді.
Тәрбиеші үйшіктерде кім тұратынын табады.
Егер балалар дыбысты нашар (анық және қатты емес) айтса, тәрбиеші оны қайталауды өтінеді. Егер «Кім үйшікте тұрады?» деген сұраққа: «Біз «мысықтар, күшіктер»және т.б.» деп жауап берсе, онда тәрбиеші олардан олардың қалай дыбыстайтынын сұрайды.
Ойын бірнеше рет қайталанады, ал жануарлар саны біртіндеп көбейтіледі.
Бір сабақта балалардың рөлін ауыстырмаған жөн, өйткені олар шатастырып кімді бейнелегендерін ұмытып қалуы да мүмкін.
5-6 жастағы балаларға арналған ойындар
Заттармен ойналатын ойындар
«Ұқсайды – ұқсамайды»
Дидактикалық міндеті. Балаларды заттарды салыстыруға түрі, түсі, формасы, көлемі, материалы бойынша ұқсастықтарын байқауға үйрету; байқағыштығын, ойлауын, тілін дамыту.
Ойын ережесі. Екі затты алып, оның ұқсастықтарын көрсету іскерлігі. Кімді көрсетсе, сол жауап береді.
Ойын әрекеттері. Ұқсас заттарды іздеу.
Ойынның барысы. Алдын-ала әр түрлі заттар даярланып, оларды бөлмелерде балаларға байқатпай орналастырады.
Тәрбиеші балаларға бөлмеде көптеген заттардың бар екенін, олардың бірдей және әр түрлі, ұқсас немесе мүлдем ұқсамайтындарын айтып, естеріне түсіреді.
-
Бүгін біз бір-біріне ұқсас заттарды табамыз. Олар түсі, формасы, көлемі, материалы бойынша ұқсас болуы мүмкін. Енді ойын ережесін тыңдаңдар, әрқайсың бөлмені аралап, екі ұқсас затты алыңдарда, орындарыңа отырыңдар. Тәрбиеші кімді көрсетсе, сол затты неге алғанын және олардың ұқсастықтарын айтып беруі керек.
-
Қасық пен машина қалай ұқсас. Балалар түсінбей күледі. Әрине, олар ұқсас емес.
Ал оларды ұқсас деген бала өз таңдауының дұрыс екендігін дәлелдеуге талпынады.
Осылайша, балалар ойнай отырып, заттардың ұқсастық белгілерін табуға үйренеді.
«Қонақ қай елден?»
Дидактикалық міндеті. Балалардың басқа ел тұрғындары туралы білімдерін бекіту;басқа ұлт өкілдеріне қызығушылықты, оларды құрметтей білуді, олардың өмірі туралы білуге деген тілекті тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Картинкаға сәйкес басқа ұлт өкілінің ұлттық киімін таңдау; қуыршақты ұлттық киімімен киіндіру. Кім ұлттық киімді дұрыс және тез киіндірсе, сол жеңеді.
Ойын әрекеттері. Қуыршақты киіндіру; ұлттық би немесе өлең орындау.
Ойынның барысы. Ойын үшін қуыршақтың киімдері даярланады (5-6 ұлттікі). Тәрбиеші балалармен бірге отырып, ұлттық костюм киген, басқа республика балалары бейнеленген картинкаларды қарайды. Содан кейін ойын ережесін түсіндіреді:
-
Бүгін бізге қонақтар келді (көрсетеді). Олардың бізге концерт қойғысы келеді. Олардың ұлттық костюмдер кигісі келеді. Әр балаға бір-бірден картинка таратады. Олардың киімдері үстелде жатыр. Қонаққа керекті киімді тауып, оны киіндіру керек.
«Киіндіруді бастаңдар!» деген тәрбиешінің белгісімен балалар ойынға кіріседі. Кім қуыршақты тез және дұрыс киіндірсе, сол жеңімпаз болады.
Ойын концертпен аяқталады. Қонақтар өзлерінің ұлттық өлеңдерін айтады, ұлттық билерін көрсетеді, тақпақтарын оқиды.
Бұл ойында балаларды интернационалдық тәрбиесіне тәрбиелеуге мән беріледі: тәрбиеші балаларға көп ұлтты Еліміз туралы әңгімелейді, адамдардың өмірі туралы картинкалар мен суреттерді көреді, әр елдің жалау, ел таңбаларымен таныстырады. Балалар ойында осы білімдерін қолданады.
Үстел үсті ойындары.
«Қалаға саяхат»
Дидактикалық міндеті. Балалардың туған қаласы туралы білімдерін бекіту: онда кімдер тұрады, еңбек етеді, қандай транспорт түрлері бар, қала қалай безендірілген.
Ойын ережесі. Өз тобына тапсырмаларға сәйкес картинкаларды таңдау: адамдар, транспорт, еңбек, қаланы безендіру.
Ойын әрекеттері. Картинкаларды іздеу. Белгі бойынша әрекет ету.
Ойынның барысы. Тәрбиеші алдын-ала картинкаларды таңдайды: біреуінде – қала тұрғындары (оқушылар, балаларымен аналары, қолында сөмкесі бар апа, студенттер және т.б.); екіншісінде – еңбек етіп жатқан адамдар(құрылысшылар,дүкеншілер,шоферлер және т.б.); үшіншісінде – транспорттар (автобус,трамвай, мотоцикл және т.б.); тағы бірінде – қаладағы мекемелер және безендірулер (почта, дүкен – азық-түлік, кітап, дем алатын алаң және т.б.).
Картинкалар үстелдерде бөлменің әр жеріне орналастырылады.
Санамақтың көмегімен балалар3-4 адамнан 4-5 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі: біреуіне – қалада кімдер тұрады және адамдар бейнеленген картинкаларды жинау; басқасына – адамдар немен жүр, транспорт түрлері бейнеленген картинкаларды жинау; үшіншісіне – еңбектеніп жатқан адамдар; төртіншісіне – қаладағы ең әдемі безендірілген мекемелері бар картинкаларды жинау.
Белгі бойынша саяхатшылар бөлмелерге кетеді де керекті картинкаларды жинайды, ал басқалары оларды бақылап, келулерін тосады. Өз орнына келген саяхатшылар картинкаларын өздеріне берілген орындарға қояды. Ойынға қатысушылар картинкаларды неге алғанын және онда не бейнеленгенін әңгімелейді. Картинкаларды қатесіз және тез тапқандар жеңеді. Ойын жалғаса береді, сондай-ақ ойын барысында кейбір картинкаларды ауыстыру керек.
Зоологиялық домино
Дидактикалық міндеті. Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; зейіндерін тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Кім өз картинкаларын бірінші қойса, сол жеңімпаз болады.
Ойын әрекеттері. Зейінді болу, өз карточкасын уақытында қою, жүрісін өткізіп алмау.
Ойынның барысы. Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Төрт адамнан ойнайды. Карточкалар теріс аударылып қойылған. Балаларға 6 карточкадан алу ұсынылады. Содан кейін тәрбиеші ойын ережесін еске түсіреді: тек бірдей карточкаларды қою. Егер тиісті картинка жоқ болса, онда бала жүрісін тоқтатады? Егер ойыншылардың біреуі карточкасыз қалса, онда ол ойында жеңімпаз болады. Ойын жалғаса береді, бірақ карточкаларды араластыруды ұмытпау керек.
Сөздік ойындар
«Сөйлемді аяқта»
Дидактикалық міндеті. Балаларды құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге үйрету; сөзді дұрыс таңдауға жаттықтыру.
Ойын әрекеттері. Көрсеткішті бұру.
Ойынның барысы. Тәрбиеші сөйлемді бастайды, мысалы, «Менің жылы тонды киген, себебім…» – балаларға оны аяқтауды ұсынады. Балалар: «… жылы болу үшін … тоңбау үшін» және т.б. жауап береді. Кімге көрсеткіш бұрылса, сол жауап береді.
Тәрбиеші алдын-ала сөйлемдерді әзірлеп қоюы керек. Мысалы: «Біздің шамды жаққан себебіміз…», «Қолшатыр алған, себебіміз…» және т.б.
Келесі жолы аяқталмаған сөйлемдерді балалардың өздеріне құрастыруды ұсынуға болады.
«Кім көп біледі?»
Дидактикалық міндеті. Балалардың есте сақтауын; заттар туралы білімдерін молайту; тапқырлыққа, жылдам ойлағыштыққа тәрбиелеу.
Ойын ережесі. Заттың қалай пайдаланылатынын айту.
Ойын әрекеттері. Жарыс, затты пайдаланудың түрлерін көп айту керек.
Ойынның барысы. Балалар тәрбиешімен бірге орындықтарға дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші балалардан:
-
Менің қолымда стакан. Кім айтады, оны қалай және не үшін пайдалануға болады? – деп сұрайды.
Балалар:
-
Шай ішу үшін, гүлді суғару үшін, қарындашты салу үшін, күрішті өлшеу үшін, – деп жауап береді.
-
Ал енді ойнаймыз. Мен әр түрлі заттарды атаймын, сендер олармен не істеуге болатынын естеріңе түсіріп, айтасыңдар. Көбірек айтуға талпыныңдар.
Тәрбиеші ойын барысында қолданатын сөздерін алдын-ала әзірлеп қояды.
Сәбилер тобына арналған сюжетті-рөлдік ойындар
«Қуыршақты ұйықтатамыз»
Қажетті атрибуттар: қазақы бесік, кереует, төсек-орын, қуыршақтың жыл мезгіліне қарай үйде жүргенде киетін түгел болуы керек.
Ойын шарты. Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ, ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, калготкиін, сосын көйлегін шешіп орындықтың арқасына әдемілеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз «Әй-әй, бөпем» өлеңін айтамыз.
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ән айтайын, бал бөпем.
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем…
Бөпем менің ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден,
Озып келер тай ме екен?
Әй-әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем…
/С.Жиенбаев/
Қуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз