Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы
Эссе
Іргетас...
Бұл сөзді көпшілік қазақ өкінішке қарай, «фундамент» десек жақсы түсінеді. Жер бетінің қай өңірінде де сәулетшілерге құрылыс нысандарының дизайынын қалай сызу өз ерік қалауында. Ешқандай шектеу жоқ. Алайда жер бетінде бір де бір нысанның іргетасының құрылысында өзгешелік болмайды. Іргетас мықты болу үшін оны құюдың бір ғана қалыптасқан құрамы бар. Неге? Өйткені барша ғимараттың беріктігі оның сәулетінің ғажайыптығында емес, іргетасының беріктігінде. Іргетас туралы әңгімені неге қозғадық? Мұның адам баласының тәрбиесінде де маңызы зор. Адам баласы тәрбиесінің де іргетасы берік болуы керек. Ал ол қайда қаланады? Әрине отбасында. Ата – әжесі, ата – анасының ерекше мейіріміне бөленген ұлттық тәрбие беріледі. Сонда ғана ұлт болашағы – әр ұрпақтың тәрбиесі түзу болады.
Ал екі жасынан балабақшаға келіп, әр күнінің маңызды бөлігін балабақшада өткізетін балаға бұл тәрбиенің бір бөлігі осы жерде беріледі. Дәл осы сәтте мектепке дейінгі ұйымның педагогының рөлі өте зор. Тәрбиешіге қойылар талап көп. Өйткені Мағжан айтқандай, «бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні - педагогика деп аталады». Мұнымен қоса, тәрбиешіге баланы мейірленіп жақсы көретін үлкен жүрек керек. Сол арқылы балаға дұрыс тәрбие сіңіре аламыз. Демек, біз, балабақша тәрбиешілері, бала тәрбиесіне тікелей жауапты тұлғамыз! Бұл бір сәт те санадан сөнбеуі тиіс.
Баланың қалыптасу кезеңінде алғашқы үш жыл өте маңызды дейді психологияда. Бұл жасында балабақшада тәрбиеленбейтін бала кемде кем. Үш жасына дейін бес сезім мүшесіне жауап беретін нейрондар қалыптасады. Бұл жаста бала айналасындағы заттарды тани бастайды. Осы кезде нейрондардың дұрыс қалыптасуы баланың интелектісіне тікелей әсер етеді. Ал психологияда соматика (дене) мен интеллектіні (разум) бөліп – жаруға болмайды деген қағида бар. Мені осы қағида қатты ойландырады. Егер мысалмен түсіндірер болсам, сабақта біз балаларға кітаптан гүлдің суретін көрсетеміз. Бірақ мұрнына иісі келмейді. Құстың суретін көрсетеміз, бірақ сайраған әсем үнін естірте алмаймыз.
Өркениетті елдерде қаланың қақ ортасынан қоғамдық саябақтар мен хайуанаттар бағын ашып, жасанды көлдер жасайтын себебі сол екен. Қала тұрғындары балаларын аптасына кемі бір рет табиғат аясына алып шығып, эстетикалық талғамын қалыптастыру керек. Жасыл желек орманнан, сылдырап аққан судан, жайқалған жапырақтан, үлбіреген гүлден эстетикалық ләззат алып өсуі керек. Бұл мидың дұрыс жетілуін қамтамасыз етеді. Балабақшаларда баланың интеллектісінің дамуына қалай жағдай жасасақ, соматикасының дамуына да сондай жағдай жасалса деп ойлаймын. Адам өмірінің ең маңызды кезеңін өткізетін балабақшада бала сұлу табиғатқа тамсанып, жаратылыстан ғибрат алып өссе, ақыл – ойы дер шағында шыңдалар еді.
Адам миының дамуы дене қозғалысына тікелей тәуелді. Мәселен, мидың сөйлеуге жауапты бөлігі қолдың ұсақ қозғалысына жауапты аймағына өте жақын орналасқан. Ұсақ қозғалыстар арқылы біз баланың сөйлеу белсенділігін арттырамыз. Сондай – ақ жазу, сызу, сурет салу қабілеттерін де шыңдаймыз. Атақты педагог В.А.Сухомлинский: «Баланың қабілетінің қайнар көзі – оның саусақтарының ұшында», - дейді. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, ойлауы, сөйлеуі де соншалықты жақсы дамиды. Яғни қол еңбегі мидың дамуына септеседі. Адам болмысының осы ерекше даму кезеңінде балабақшада тәрбиеленеді.
Баланы неғұрлым дұрыс танысақ, оларды дұрыс тәрбиелеу соғұрлым оңай болмақ. Алдымыздағы сәбилер жас ерекшелігіне қарай үш – төрт жасында қағаз қиып, пластилиннен түрлі заттарды жасай алмаса, не істеу керек?
Дана халқымыз мұны о баста ойластырып қойған екен. Моторика мамандары баланың қимыл – қозғалысын дамыту үшін тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше дейді. Мәселен, «Қуырмаш», «Санамақ» сияқты ойындар баланың ойлауын, сөйлеуін дамытады. Көру мен есту қабілетін жақсартады. Тіпті қозғалыс тепе – теңдігін сақтауға да үйретеді екен. Ата – бабамыз ұрпағын осындай жауһарлармен өсіргендігін ойласақ, даналығына бас иеміз. Сондықтан балабақша тәрбиешісінің қоржыны ұлттық педагогикамен байытылуы керек дегім келеді.
Иә, бұл аз ғана ойым жоғарыда айтқан тәрбие іргетасының беріктігінің қамы еді. Сол мақсатта ұлт болашағын ойлаған ұлы Мағжан атамыздың «өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» дегеніндей ізденістен туған ойлар еді. Әрбір әріптесім осы жолда жеке бір ғылым иесі болуға ұмтылса деймін...
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы" эссе

шағым қалдыра аласыз