Мектепке дейінгі ұйымы әдіскерінің құжаттамасы

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымы әдіскерінің құжаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымы әдіскерінің құжаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі

ұйымы әдіскерінің құжаттамасы


Әдіскердің негізгі қызметі-бұл әр педагогке және әсіресе жас маманға өзекті мәселелерді шешуде, білім беру процесінде туындайтын қажеттіліктерді жүзеге асыруда, білім беру процесінің жаңа жағдайларына бейімделуде, кәсіби даму мен жетілдіруді жоспарлау мен ұйымдастыруда жедел, дараланған көмек.

Әдіскердің көмегі білім беру қызметкеріне қажетті сілтемелері бар мәтіндер, жаппай әңгімелер, талқылаулар түрінде жаңа жағдайлар туралы ақпаратты тиімді жеткізуден тұрады.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің құжаттамасы ҚР Заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады: "Білім туралы Заң", "Педагог мәртебесі туралы Заң", "ҚР Рәміздері туралы Заң", "ҚР тілдері туралы Заң", "ҚР Бала құқықтары туралы Заң", мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, "Үлгілік мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің қағидалары", "Педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидалары" және т.б. және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес келуге тиіс.

Жұмыс жоспарында келесі бағыттар болуы тиіс:

  • қолайлы дамушы қауіпсіз білім беру, оның ішінде инклюзивті орта құру;

  • әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып;

  • балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту;

  • салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын

  • қалыптастыру;

  • тәрбиеленушілердің қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық,

  • әлеуметтік, танымдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Отанға, ана тіліне, ұлттық бірегейліктің, азаматтықтың және патриотизмнің

  • негіздеріне деген сүйіспеншілікті ояту;

  • баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық,

  • әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.

Педагогтармен жұмысты жоспарлау кезінде келесі принциптерге назар аудару ұсынылады:

  • ойын арқылы оқыту, балалар іс-әрекетінің түрлерін интеграциялау арқылы балаларды дамыту (ойын, қозғалыс, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, эксперимент, балалардың өзіндік қызметі, өзіне-өзі қызмет көрсету).


Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері

төмендегі бақылауды ұйымдастырады:

Әр түрлі жас топтарындағы білім беру процесінің жағдайы;

  • Білім беру бағдарламаларын орындау, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу;

  • Педагогтердің перспективалық жоспарлары мен циклограммалары;

  • Баланың жеке даму картасын толтыру.

Мектепке дейінгі ұйымдар әдіскері қызметінің циклограммасы

Әдіскер бөлімдер бойынша педагогикалық ұжымның негізгі тәрбие-білім беру іс-шараларын көрсететін айлық жоспар әзірлейді:

  • Бақылау және басшылық (салыстырмалы, ағымдағы, әкімшілік, жедел бақылау);

  • Кадрлармен жұмыс;

  • Педагогикалық кеңестердің отырыстары;

  • Әдістемелік жұмыс;

  • Балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы;

  • Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі іс-шаралар;

  • Ертеңгіліктер және ойын-сауық;

  • Ата-аналармен жұмыс;

  • Мектеппен сабақтастық жоспары.

Әдістемелік жұмысты жоспарлау

Әр бөлімде осы айда жоспарланған іс-шара (кеңес беру, көрме, қуыршақ театры, денсаулық күні және т.б.), өткізілетін күні көрсетіледі, жауаптылар тағайындалады.

Барлық педагогтер айлық жоспармен таныстырылады. Бұл жоспарланған жұмыс көлемін уақтылы және сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік жұмысты жоспарлау

Кадрлармен жұмыс, педагогтердің өзін-өзі тәрбиелеуі және олардың біліктілігін арттыру бойынша талдау жүргізіледі.

Педагогтерді аттестаттау бойынша, олардың шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша пайыздық арақатынас көрсетіледі (педагогикалық конкурстарға қатысу, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар шығару, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу), тәрбиеленушілердің жетістіктері (балалар конкурстарына қатысу, жүлделі орындар) көрсетіледі. Осы бағытта балалармен, педагогтармен, ата-аналармен қандай іс-шаралар өткізілді (конкурстарға қатысу, викториналар, шеберлік сыныптары, ашық іс-шаралар, ҚР мерзімді басылымдарына жазылуды ресімдеу және т.б.).

Атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, ортақ тұжырымдар мен қорытындылар жасалады, қандай жұмыс түрінің барынша нәтижелі, ал қайсысының әлсіз болғаны белгіленеді.

Ары қарай жаңа оқу жылына арналған міндеттер және оның орындалуына ықпал етуші іс-шаралар жоспары – ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс көрсетіледі:

  • ертеңгіліктер мен ойын-сауық;

  • кеңес беру;

  • педагогикалық сағат;

  • семинар-практикумдар;

  • шебер-сыныптар;

  • педагогикалық кеңестер.

Бақылау және басшылық

(МДҰ меңгерушісінің бөлімінде көрсетілген)

Педагог қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі құжаттар:

  • әдіскердің аттестатталатын педагогтармен жұмыс жоспары;

  • аттестатталатын педагогтердің іс-әрекетіне қатысу кестесі;

  • аттестатталатын педагогтердің өтініштері;

  • педагогтерді 5 жылға аттестаттау кестесі (оның ішінде басшыларды кемінде үш жылда бір рет);

  • аттестатталатын педагогтердің деректер банкі;

  • аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналармен ай сайынғы жұмыс бойынша іс-шаралардың жылдық жоспарынан тұратын құжаттама:

  • ата-аналар жиналыстары;

  • ата-аналармен ойын-сауық іс-шаралары;

  • ата-аналармен кеңесу, ұсыныстар, әңгімелер;

  • конкурстар, викториналар, сауалнамалар;

  • экскурсиялар, жорықтар.

Әдіскермен «Жас маман мектебінің» жұмысы ұйымдастырылады

Әдіскердің құжаттары:

  • тәлімгерлік туралы ереже;

  • жас педагогтармен жұмыс жоспары (консультациялар, әңгімелесулер,

ашық іс-шаралар көрсетілімі, ойын-сауықтар, қолөнер байқауы,

көрмелер және т. б.);

  • өзара сабаққа қатысу карталары (тәлімгер жас маманның жұмысын, ал жас

маман тәлімгердің жұмысын қадағалайды), жаңадан келген педагогтардан сауалнама алу, тестілеу, толық құжаттар «Жас маман» бөлімінде көрсетілген.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2024
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі