жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мектепке жасына дейінгі балалардың қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясы"
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Кабаева Арай Галымовна
ШҚО, Семей қаласы
ЖШС «Бөбек» мектепке дейінгі шағын
орталықтың қазақ тілі мұғалімі
Ойын - бұл психология және философия сияқты бiлiм беру салаларында егжей – тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Педагогикада және білім беру әдiстемесiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың ойындарына аса көңіл бөлінеді. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен
қызықтыруға, әртүрлі қарым – қатынас режимдерін, жұппен және топпен
жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін
оқыту әдістемесінде белсендi оқыту нысанына
жатады. Ойын технологиялары шығармашылық – іздестіру
деңгейіндегі балалардың жұмыстарын ғана емес, қазақ тiлiн зерттеу
бойынша күнделiктi қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей
оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемiнің
қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекiту немесе ақпаратты
меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің эмоционалды
болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы баланың
барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол бiлiмді
жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын
өзіндік тәжiрибеден өткізуге, оқу процесiнде әр түрлiлiктi
және қызығушылықты тудыруға мүмкiндiк беретін ойынның екінші
жағымды жағы болып
табылады.
Сабақта және бос уақытта алған білімдерін
практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту
нысанының бір түрі болып
табылады.
Ойын – бұл бала үшiн табиғи және оқытудың
ізгілікті нысаны.
Біз балаларды ойын арқылы оқыта отыра, бізге,
ересектерге оқу материалын беру қолайлы болатындай емес,
балаларға ыңғайлы болатындай және оны табиғи түрде алатындай
оқытамыз. Қазақ тілін оқып - үйрену кезінде лексикалық
тақырыптар бойынша мектепке дейiнгi балалардың сөздік қорын
кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту зерттеудің объектісі болып
табылады.
Қазақ тілінің баланың тілін, танымдылығы
мен коммуникативтік қабiлеттілігiн дамытуға оң әсер
ететін, баланың тілді, сөйлеуді жақсы меңгеруге көмектесетінін
ұсынылған кестеден көруге болады. Мектеп жасына дейiнгi балада
логикалық ойлау, өзінің жолдастарымен өзара қарым – қатынас жасай
білу қабілеті дамиды, ой - өрісі
кеңиді.
Ойын бұл оқыту әдiстері сияқты, аға
ұрпақтардың тәжiрибесін кiшiлерге беру ежелгi заманнан бері
қолданылып келеді. Халық педагогикасында мектепке дейiнгi
мекемелерде ойын кеңінен қолданылады.
Мектепке дейiнгi тәжiрибеде сабақты ойын
нысанына қарай түрлендіруге болады. Мұнда нысандар көп, бiрақ
аталмыш шарттардың орындалуы
мiндеттi:
1) сабақтың мақсаттарына ойынның
сәйкестiгi;
2) осы жастың балалары үшiн қол жетiмдiлiк;
3) сабақта ойындарды орынды қолдану.
Одан басқа, тақырып шеңберiнде төмендегідей оқу түрлерін ерекшелеуге болады:
1) сабақтағы рөлді ойындар (сахналау):
2) оқу үрдісінде ойын тапсырмаларын пайдаланумен ойын ұйымдастыру (жарыс сабақ, конкурс сабақ, саяхат сабақ, КТК сабағы).
3) ойынды сабақтың белгілі кезеңінде қолдану (басында, ортасында, соңында; жаңаматериалмен танысу, бiлiмдерін бекіту, дағдысын, іскерлігін, қайталау мен игергенді жүйелеу).
«Сөздермен» ойыны.
«Сөзде» ойыны баланың лексикалық қорын молайтады, қажеттi сөздерді тез табуға үйретеді, пассивті сөздiкті активтендіреді. Көптеген осындай ойындарды тапсырманы орындаған (мысалы, 3-5 минут) уақытты шектеумен жүргізу ұсынылады. Бұл ойынға жарыс қозғамын кіргізуге және оған қосымша құмарлық беруге ықпал етеді.
«Сөздi толықтыр»
- Бастаушы сөздiң бiр бөлiгi атайды
(қо...) және допты лақтырады. Бала допты ұстап алуы және
сөздi толықтыруы (... ян)
керек
Бастаушы рөлінде бала мен ересек адам
кезекпен шығып тұруға
болады.
- Ұсынылған әріптер жиынтығынан неғұрлым көп
сөз құрастыру:БЛАҚШАБА
Мысалы: бала, бақша, бақа,
лақ....
- Сөздердi қарама-қарсы мағынасы бойынша айту: аш - жап, отыр - тұр...
«Кiм көп атайды»
Бiрнеше пәндiк суреттер таңдап алынады.
Балаға заттарды атау
ұсынылады.
«Аударып қойылған
сөздер»
Балаға орындары ауыстырылған әріптерге сөздер теру
ұсынылады. Сөздердің қалыпты тәртiбін қалпына келтiру керек.
Мысалы: мала - алма, ирсы – сиыр
«Буындардан - сөздер»
Алдын ала таңдап алынған сөздерден буындардың бiрнеше блоктары қалыптастырылады. Балаға олардан әр буынды бір рет қолданумен анықталған сөздер санын құрастыру ұсынылады. Сөздердің жартысын біріктіру. Бұл тапсырма төмендегiдей құрастырылады: сөздер екі бөлікке бөлінеді. Содан соң алғашқы жартысы жеке - жеке сол бағанға, ал екіншісі – оң жаққа жазылады. Балаға осы екі жартыларды толық сөз шығатындай етіп біріктіру ұсынылады.
Дидактикалық ойындар қазақ
тілін оқытуға бағытталған әдiстемелiк тәсiлдерді қолданумен
жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық
қызметті қарқындататынын зерттеу
көрсеттi.
Сабаққа енгізу үшін ойынды таңдау немесе оны
ойлап табуда келесі ережелердi қолдану
керек.
Ойынғы кіріспес бұрын, төмендегі сұрақтарға
жауап берiңiз:
Ойыннның мақсаты не, онда бала неге
үйренеді?
Ол қандай сөйлеу әрекетін орындауы керек:
әрекеттердің бірі сөзбен немесе сөз жасау – онда, атап айтқанда,
қайсысы және қандай үлгі
бойынша?
Бала осындай пікір құра ала ма, онда қосымша
қиындақтыр «су астындағы тастар» жоқ
па? Осы сұрақтарға жауап бере отыра, өзіңіз
балаға айналып көріңіз және осы үлгі бойынша пікір айту қандай
қызықты жағдайда туындайды.
Бала оны бірден түсінетіндей етіп балаға осы
жағдайды қалай суреттеу керектігін
ойлаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі
3. «Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру».
4. «Ертіс дидары» газеті, №11 (103). 2010 жыл, 24 қараша
5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген