400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Мектепке сағыныш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке сағыныш тақырыбындағы өлең жолдары жазылған. Әр оқушының мектеп кезіндегі қызықты сәттері мен ұстаздардың сабақ кездері суреттелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке сағыныш



Қашқанда да сабақтан бір қашатын,

Бақылауда көңілін мұң басатын.

Бала күннің ақтарып альбомдарын,

Сыныптастар қайдасың сырласатын.



Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың,

Есіңде ме оқушы атанған күн.

Қолымыздан жетектеп қыркүйекте,

Ата-анамыз мектепке апарған күн.



Есік жаққа елеңдеп көздеріміз,

Қоңыраудың боларын сезгеніміз.

Қандай қызық кешігіп қалмау үшін,

Жүгіретін сабаққа кездеріміз.



Қызық едi-ау шынайы күлгеніміз,

Бестік алып, белсенді жүргеніміз.

Кезектесіп шаң сүртіп,еден жуып,

Кезекшілік атқарған күндеріміз.



Мен айтам деп сабақты таласатын,

Бағам аз деп басқамен санасатын.

Қу қыздар-ай мектепке ерте келіп,

Ең соңынан асықпай тарасатын.



Қолын қойып партаға сызып кеткен,

Оқушыны деуші едік бұзық неткен.

Қара бала кеңседе ақталып тұр,

Сары қыздың бантигін үзіп кеткен.



Деп қуансаң бұл апта енді бітті,

Еске салар ағайлар сенбілікті.

Қандай сабақ болса да соңғы парта,

Жалқаулардың орны жергілікті.



Сабақ сұрар уақыттың жеткендігі,

Мұғалімнің түрінен беп-белгілі.

Үйіп-төгіп уәденi құтылушы ек,

Үй жұмысын ұмытып кеткен күні.



Жұмсақтығын сездірмей сирек күлген,

Ұстаздарға басымды имекпiн мен.

Ұрғаннан да бетер боп ұяласың,

Ұрыс естіп тұрғанда директорден.



Сабақ үсті көп сөйлеп мазалайтын,

Оқушыны бұрышта жазалайтын.

Апайлар-ай есеп көп, уақыт аз деп,

Алақанмен тақтаны тазалайтын.



Жаза алмайтын қыздар да дұрыс атын,

Староста болсам деп тырысатын.

Ұйымшылдық жағынан бірін-бірі,

Ұлдар еді бірінші ұғысатын.



Кіп-кішкене сөмкеге иықтағы,

Кітап, киім кетеді сыйып бәрі.

Сол күндердi сағынсам,тосыламын,

Жол таппаған адамдай тұйықтағы.



Артта қалған естелік оның бәрі,

Талай қызық күтіп тұр жолыңда әлі.

Бұл өмір де бір күні таусылады,

Мұғалімнің борындай қолындағы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.02.2022
901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі