Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру.


Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты.

Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз. Дэвид Бланкет

Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм . Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін.

Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта.

Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.

Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударуда.

Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі – бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. Біздің мектебімізде де инклюзив кабинетіміз бар. Кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) бар, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтарда бар: ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар. ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде - сабақ кестесі бойынша психологтың, логопедтің, дефектологтың,педагог-ассистенттің сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары жүргізіледі. ПМПК жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. Әр маман бір апта ішінде баланы қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай баланы алу керектігін жүзеге асырады). Бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады Бақылау бір апта ішінде жүзеге асырылады. Күнделікті бақылау нәтижелері тіркеледі содан кейін қорытылады. Әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдалана отырып психологиялық, логопедттік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (Логопед сөйлеу картасын толтырады). Психолог психологиялық тексеру хаттамасы. Арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хаттамасын толтырады. Тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы баланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады.

Оқушылармен өз уақыттарымен /кестеге сай/ арнайы педагогтар балалармен жұмыстанады. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;

- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке

бағдарламаларын жасайды;

- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;

- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;

- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске

асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады.

Балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет. Мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей отырып, оларға қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейміз, керек кезде көмек береміз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ерекшелігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Жалпы білім беретін мектептегі білім беру қажеттіліктері: әдістеме ұсыныстар/Елисеева И.Г., Ерсарина А.Қ. — Алматы: 2019


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
64
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11