Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка тәрбиесі әдістемесі, педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына, дидактикалывқ принциптеріне сүйенеді. Оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру түрлерін, тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету керек.Тәрбиенің басты саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, зерттеу салалары-адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап,бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту. Музыканы оқыту дегеніміз – оқытудың, оқу процесінің межеленген мақсатының жүзеге асу дәрежесі. Музыка оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: музыканы оқытудың білімділік, музыканы оқытудың тәрбиелік, музыканы оқытудың дамыту функциялары. Музыканы оқытудың білімділік функциясы – бұл оқушыларды музыкалық гылыми білім, іскерлік, дагдылар жүйесімен қаруландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ


Маутханова Назым Калкеновна

«№ 27 ЖОББМ»КММ

Семей қаласы


Мектеп қабырғасында музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруға, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе бар, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды мол пайдаланудың жолдары аз қамтылған. Міне, музыка тәрбиесі әдістемесі жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарының мазмұнын, даму заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін игеруге арналған. Музыка тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы.Сондықтан да, музыка сабағына жан-жақты талдау жасап, сабақ түрлерінің әртүрлі жобасын жасап, оларды өткізудің әдіс-тәсілдерін қолданған жөн.

Музыка тәрбиесі әдістемесі, педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына, дидактикалывқ принциптеріне сүйенеді. Оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдіс-тәсілдері мен ұйымдастыру түрлерін, тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету керек.Тәрбиенің басты саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, зерттеу салалары-адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап,бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту.

Музыканы оқыту дегеніміз – оқытудың, оқу процесінің межеленген мақсатының жүзеге асу дәрежесі. Музыка оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: музыканы оқытудың білімділік, музыканы оқытудың тәрбиелік, музыканы оқытудың дамыту функциялары. Музыканы оқытудың білімділік функциясы – бұл оқушыларды музыкалық гылыми білім, іскерлік, дагдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкі нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде қолданыла білуі болып саналады.

Жалпыға білім беретін мектептердегі музыка пән тәрбие және оқытудың мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту, музыкалық мәдениетті қалыптас тыру, адамгершшілік қасиеттерін жоғарғы дәрежеге, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бақылауға дұрыс бағыт беру болып табылады.мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы – біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғарғы идеялық–адамгершілікке және адамзаттық қасиеттерге дағдыландыру болып табылады.

Музыкалық тәрбие беру педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтарына дидактикалық принціптеріне сүйненеді. Дидактикалық негізгі мәселелер оқыту пройесінің заңдылығын ашу,білімнің мазмұнын анықау, оқытудың барынша тиіиді әдіс тәсілдерімен ұйымдастыру түрлерін тәрбиелеу міндеттерінің оқыту процесінде қалай шешілетіндігін көрсету. “Музыка” сабағы қазіргі кезде педагогика ғылымның жетістігіне сай, түрлі методикалық жайттарымен өткізіліп, оқу сапасы артуда.

Оқушының музыкалық творчестваға қызығушылығын күшейту үшін музыка тексін қабылдауға ғана емес, дүние танымының қалыптасуына барынша толық ықпал жасайтын, олардың ең алдымен шығармалардың музыкалық бейнелі мазмұнша және идеялық бағытына бағдарлайтын оқыту формаларын, тәсілдері мен құралдарын таңдап алуға тырысқан.

Оқыту мен тәрбиелеу біртұтас педагогикалық процес болып табылады. Оқу тәрбие процесінің жекелеген проблемасын нақтылау мақсатымен шартты түрде үш салаға бөлген.

1.Музыкалық теориялық білімді игеру, мұнсыз музыкалық іс- әрекетпен айналысуға болмайды.

2.Вокалдық-аспаптық орындаушылық ойнаумен, эмоциямен қабылдаумен т.б. байланысты психикалық- физиологиялық процесс екенін еске ала отырып, ансамбльде, аспапта ойнау дағдыларымен шеберліктерін , басқа да маңфызды қасиеттерді қалыптастыру.

3.Баланың бойындағы қоғамдық белсенділігін арттыру және олардың бойында жоғары идеялық саяси, эстетикалық, адамгершілік мұраттарын тәрбиелеу. Көркемдік тәрбиелеу бір компоненті музыкалық тәрбие.

Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта қабілетін нысаны және жүйелеп дамыту, оның бойына музыкаға тебреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметінің қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әр бір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім.

Музыканы оқыту педагогикалық процесте жүзеге асырылады. Процесс – prozessus – латын тілінде алдыға қарай жылжу, өзгеру деген ұғымды білдіреді. Осыған байланысты ол музыкалық білім берудің, тәрбиелеудің және жеке тұлғаның жалпы дамуы міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиенің субъектілері мен объектілерінің даму үстіндегі өзара әрекеттестігі болып табылады.

Музыканы оқыту процесінде оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптастады. Оқушы тек музыкалық білімдерді меңгеріп қана қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі музыкалық құбылыстарды пайымдауға, өз бетімен білім толықтыруға, меңгерген білімдерін практикада қолдануға талпынысы, қажеттіктері дамиды. Оқытушы болса, ол тек жалаң білім берумен шектелмейді, оқыта отырып тәрбиелейді, оқушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін, музыкалық қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, музыкалық-педагогикалық процеске басшылық жасайды.

Музыканы оқыту процесі өзіне тән компоненттерімен сипатталады. Олар: музыканы оқыту (музыкалық білім, музыкалық іскерлік, музыкалық дағдылар), музыканы оқыту мақсаты, музыкалық білім мазмұны, музыканы оқытудың әдістері және құралдары, музыканы оқытуды ұйымдастыру, музыканы оқытудың нәтижелері. Музыканы оқыту тар мағынасында оқушылардың музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту деп анықталса, кең мағынада музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың музыкаға деген эмоционалды-құндылықты тәжірибесі мен музыкалық шығармашылық іс-әрекеттері тәжірибесің қалыптасуын айтамыз.

Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі. Бұл мақсат музыкалық білім берудің келесі негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын көздейді:

балалардың музыкаға деген сезімін, сүйіспеншілігін ояту
өнер туындыларына эмоционалды-эстетикалық сипатта баға беруін
сезім мәдениетін дамыту;

оқушыларды халықтық, классикалық, жаңа кезеңі музыкасымен, әсіресе аса бай форма мен жанрдагы музыка өнері туындыларымен таныстыру;

өмірмен рухани байланыстағы музыка туралы білімдерді меңгерту;

музыкалық қабілеттерін, дағды, іскерліктерін дамыту, музыкамен шұғылдану процесінде өздерінің жеке тұлға екендігін саналы түрде ұғындыру;

тыңдаушылық және орындаушылық, музыка шығару, импровизациялау іс-әрекеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеу;

көркемдігі жоғары музыкамен шұғылдануға деген қажеттіктерін дамыту;

өз бетімен музыкалық білімін толықтыруға қабілеттілігін дамыту.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жүмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады. Ол үшін мына төмендегі элементтер есепке алынуы тиіс:білімді қабылдау, ой қорыту, есте сақтау, яғни оқушыға сабақта мұгалімнің берген білімі мен окулыктардағы теориялық материалдарды өз бетімен меңгеруі деңгейіндегі тексеріс;

Бақылау, тексеру әдістері де әр түрлі. Бақылау әдістерін оқу жетістіктері жэне процесінің тиімділігі жөнінде кері байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының бірізділіктегі, өзара байланысқан әрекеттерінің жүйесі деп түсінеміз. Олар оқу процесі жөнінде жүйелі, толымды және нақты жедел ақпар алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Музыка өнері - әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, атақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі. Қарапайым және күрделі қабілеттер дамуының белгілі бір деңгейінсіз адам бірде-бір адамзатқа тән іс-әрекетке араласа алмайды.

Бұл жөнінде зерттеуші композитор А.Қ.Жұбанов: «Музыка жас жеткіншектің ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі», -деген болатын.

Демек, мектепте музыкалық аспаптық үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту мәселесінің жүйелі жүргізілмеуімен оның тәжірибе жүзінде толық іске асырылмауы арасындағы қайшылықтар анық байқалады.

Қазіргі таңда мектептерде сыныптан тыс ұйымдастырылған аспаптық үйірмелер арқылы оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін жетілдіру мәселесі басты міндет ретінде қарастырылады.

Халқымыздың мұңы мен зары, қуаныш-күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты сол киелі домбыраның қос ішегінен күй болып төгіледі. Сол асыл мұраларымыздың бірі-күй қазынасы. Оны өшірмей, бар нәрімен, бар сөлімен бүгінгі күнге жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі-киелі домбыра, екіншісі-сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, уақыт шежіресін күй үнімен жеткізген, сол арқылы халқына рухани қуат берген композиторларымыз. Олар-Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Түркеш, Махамбет, Мәмен, Баламайсан, Дайрабай, Байсерке, Сейтек, Тоқа, Қазанғап, Сүгір, Байжігіт және тағы басқалар.

Міне, өнердегі ұрпақ жалғастығы, өнердегі игі дәстүр сабақтастығы осылай қалыптасып, осылай дамыса керек. Өнер өрісі қалай дамып, қалай өсіп отырса, ұлттық аспаптар да солай жетілдіріліп отырылған. Домбырашылар пернелерін өз ыңғайына қарай тағып, құлақ күйін ырғағына қарай келтіретін. Ішектің де табылғаны тағылатын. Ал, қазіргі домбыра формалық жағынан болсын, түр-пішіні жағынан болсын белгілі бір қалыпқа келтірілген. Перенелері хроматикалық дыбыс жүйесіне лайықталып, тұрақты бұрауға түсірілді. Домбыраның бір емес, бірнеше түрін жасауға мүмкіндік бар. Олар арнаулы фабрикалар мен ғылыми-зерттеу шеберханаларында жасалды, ұлттық аспаптың табиғатымен жете таныс ісмер қолдар, білікті мамандардың қолынан шығады.

Музыкалық аспаптарда ойнаудың өзіндік екі немесе үш дауысты аккордтар трельдерін, форшлагаттар, күрделі ырғақтар үлгісі пайда бола бастайды, ал бұларды адам даусымен келтіру көбінесе өте қиынға соғады, тіпті адам даусына мүлде келмейді десе де болады. Міне, осы себепті вокальдық және аспаптық музыка арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалуда, ал мүның өзі, түптеп келгенде, күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Халық аспаптарын одан әрі жетілдіру- белгілі бір дәстүрлі жанрдың дамытылуына байланысты жүргізілетін іс. Аспатық музыканы көбірек дамытуға себі тиетін аспап, әлбетте анағұрлым жетілдіре түсетін болады.

Домбырада перне санына шек қойылмаған. Оған дәлел көне домбыралар күні бүгінге дейін сақталған. Аспапта ойнаушылардың домбыраларына қарағанда эншілердің домбырасында перне саны аз келеді. Сонау өткен орта ғасырларда түркі тілді халықтарда ежелгі түріктердің музыкалық аспаптардың көптеген түрі сақталынып, пайдаланылған болатын. Отырар қаласының орнын қазу кезінде Әл-Фараби мекенінен яғни ғүлама ғалымның отаны болған жерден көне аспап саз сырнай табылған еді. Сол саз сырнайды кейін басқа көне аспаптарымен бірге ансамбльде пайдаланғанымызда осы ансамбльді «Отырар сазы» атауы берілді.

Аспаптық үйірмеге қатысушылардың ұйымдастыру жұмысы. Аспаптық үйірмеге қатысушыларды ойдағыдай ұйымдастыру, оларды үйірме жұмысына қызықтыру, сол үйірменің жетекшісіне байланысты. Ол үшін үйірме жетекшісі алдымен өзі дайындалып, жұмыс жоспарын жасауы тиіс. Аспаптық үйірменің сапалы, мәнді, нәтижелі жұмыс жүргізуі үшін үйірменің жұмыс жоспарын құрудың айрықша мәні бар. Сондықтан болашақ оркестрдің шығармашылық қабілеті ең алдымен осы үйірмеден бастау алары анық. Сол үшін басқарушы, үйірме жетекшісі үйірмеге қатысамын деп тілек білдірушілерді әуелі олардан «сынақ» алады. Ол «сынақ» төмендегідей талап деңгейінде өткізіледі.

Бірінші - есіту мүшесі (слух) жақсы дамыған ба?

Екінші - ырғақтық сезімі қалай?

Үшінші - музыкалық еске сақтау қабілеті (музыкалық память)

Төртінші - дене құрылысы

Міне бұл қойылатын талаптар - қандай оқушы болса да, музыкант боламын деушілерге қойылатын негізгі талаптар. Егер осы шарттардың біреуі жетпесе де, ол адамға музыка аспаптарының бірінде ойнаймын, музыкант боламын деп талпыну аса қиынға соғады. Мұны олар жақсы түсінуі тиіс.

Аспапта үйреніп, ойнаймын дегендердің дене құрылысын байқағанда, басқарушы, не алдымен, олардың қолын, саусақтарын қарау керек. Музыкант болу үшін, саусақтардың салалы, түзу болуы негізгі шарт, кист (қоспа) қатыңқы болмай, нәзік, бос болуы кажет. Қолдары қатып кеткен, саусақтары жөнсіз кішкентай болып кездесетін адамның өз аспабын игере алмайтыны, саусақтары пернеге жетпей шығатыны өзінен - өзі белгілі. Міне үйірмеге қатысамын деушілер осы талаптарға сай болулары тиіс. Егер бұл тұрғыдан олардың қабілеттері үйірме жетекшісін қанағаттандырарлықтай болса, ойнайтын аспаптарын тез игеріп, бірсыпыра уақыттан кейін нотаны меңгерсе, келешекте көрнекті музыканттар болып кетуі сөзсіз

Аспаптық үйірмеге қатысушыларды нотаға үйреткенде, оны оқытып ойнатқанда ноталарды бормен тақтаға жазып, олардың бәрі бірдей жаттығуын талап ету керек. Ол үшін, біздің төменде келтіріп отырған жаттығуымызды жетекшінің ешбір көмегінсіз олардың әрқайсысы біртіндеп тақтаға жазулары тиіс. Бұдан кейін әр жаттығуды олардың орнына, атына және дыбыс үндестігіне қарай нешеге есептелетіндігін айтып, оқып шығу талап етіледі. Сөйтіп әр жаттығуды дұрыс ойнау керек екенін біліп алып, асықпай, жайымен домбырада, ойнап шығу керек.

Ал жазылған тиісті ноталарды ойнау үшін, оларды аспаптан табу үшін:

  1. Нота басқышында жазылған нотаның атын және оның қайсы октава екенін білу керек.

  2. Бұл ноталардың аттарын және октаваны табу үшін... беттегі көрсетілген таблицадан қараңыздар.

  3. Таблица бойынша тиісті пернені тауып алғаннан кейін, оны керек дыбысқа қарай басып ойнаңыздар. Бірақ кілт түбіндегі қозғау белгілерін (диез, бемоль) естен шығармау керек. Тәсілін қарастыру қажет. Ал, ол оқушылар сыннан қорытынды шығарып, өзіндік дайындықтарды күшейтіп, үйірмеге қосылып ойнап кетуге тиіс. Яғни, ол үйірме мүшелерімен санаса отырып, дайындық стилін соған икемдеп өзгертеді, үйреніп, еріп қосылып кетеді.



Пайдалы әдебиеттер тізімі:

1.Назарбаев Н. «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан» (Қазақстан халқына жолдауы, 2007ж. 28ақпан.-Б.17

2.Мұхамбетова А.И., Омарова Г.Н. Музыкадағы этномәдени дәстүрлер. «Дайк-пресс» баспаханасы. -Алматы: 2000.- 325 б. -Б. 23.

3.Хамиди Л., Ғизатов Б. Домбыра үйрену мектебі. -Алматы, 1996.-79б.-Б.8. білім беру әдістемесі. -Алматы, 2002.-120 6.-Б.35.

5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.10.2021
885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12