400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепте қазақ тілін оқыту мәселесі және шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепте өзге ұлт өкілдеріне , қазақ балаларына қазақ тілін оқыту мәселелері және оны шешу жолдаоы туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мектепте қазақ тілін оқыту мәселесі және шешу жолдары

Кәзіргі таңда мектеп оқушыларына тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдіру, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың санасына тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. Сол себептен қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес,қалай оқытамыз,оқыту сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі қол жеткен жетістіктер деп білемін.Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні өте зор. Өйткені мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Ол үшін әр пән мұғалімі әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін , жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану арқылы оқытудың мақсатына жетудің тиімді жолдарын іздестестіреді. Осы жаңа әдістер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет. Сонда ғана біз оқушыларға қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға,түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды. 
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету барысында жекелеп оқу технологиясын пайдалану тиімді. Жекелеп оқыту дегеніміз – оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін, қарқынын таңдау.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікірін тыңдау,ауызша, жазбаша сауатты жазу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау,керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндетіміз. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет - ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.

Сонымен, қорыта келгенде, айтарым – қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан да кем емес. Сөйтіп, осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өзі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.

Халық даналығында былай деген екен «Бiр жылын ойлаған халық егiн егедi, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егедi, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейдi». Бiз болашағымызды болжап отырған елмiз. Сол себептен саналы , білімді ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда.

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсетті.Мемлекеттік тіл Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.



Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

КП №5 «Таңдау» гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Жукенова Асемгуль Сериковна













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі