Мектеп
мұғалімдеріне арналған буллингтiñ алдын алу және оны тоқтату
әдістемелік құралы
Кіріспе
Буллинг — мектеп оқушыларының психологиялық және
физикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін құбылыс.
Мұғалімдер бұл мәселеде негізгі рөл атқарады: алдын алу, анықтау
және тоқтату.
1. Мұғалім буллингті қалай
таниды?
Назар аударыңыз:
-
Оқушы үнемі жалғыз жүреді.
-
Сабақтағы белсенділігі
төмендейді.
-
Дене жарақаттары байқалады.
-
Көңіл-күйі жабырқау,
қорқақтайды.
-
Мектепке барудан қашады.
2. Буллингтің алдын алу үшін мұғалім не істеуі
керек?
✅
Қауіпсіз орта
қалыптастыру:
✅
Тәртіп ережелерін бірге
жасау:
✅
Эмоционалды қолдау
көрсету:
✅
Буллинг туралы білім
беру:
3. Буллинг анықталған жағдайда мұғалімнің
әрекеті
?
Қадам 1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
?
Қадам 2. Жәбірленушімен жеке сөйлесу.
?
Қадам 3. Куәгерлерден ақпарат жинау.
?
Қадам 4. Бұзақымен сабырлы түрде
сөйлесу.
?
Қадам 5. Әкімшілік пен психологқа
хабарлау.
?
Қадам 6. Ата-аналарды шақыру.
4. Практикалық әдістер мен
жаттығулар
Мақсаты:
-
Оқушылар арасында достық атмосфера
қалыптастыру
-
Бір-біріне жылы сөз айту арқылы өзара сыйластық
пен сенімділікті арттыру
-
Өзін-өзі бағалауды көтеру
Қатысушылар:
Өткізу уақыты:
Қажетті құралдар:
Ойынның ережесі:
-
Барлық оқушылар шеңбер жасап тұрады немесе
отырады.
-
Мұғалім допты (немесе белгіленген затты) бір
оқушыға береді.
-
Допты ұстаған оқушы шеңбердегі басқа бір балаға
қарап, комплимент айтады (мысалы: "Сен әрдайым мейірімдісің", "Сен
маған көмектескенің үшін рахмет", "Сенің күлкің көңіл-күйді
көтереді").
-
Комплимент айтқаннан кейін допты сол балаға
береді.
-
Комплимент алған оқушы да дәл осылай басқа
оқушыға жылы сөз айтып, допты береді.
-
Барлық оқушыларға кезек тигенше
жалғасады.
Маңызды ескертпелер:
-
Комплимент міндетті түрде
шын көңілмен айтылуы керек.
-
Теріс сөздер немесе әзіл ретінде ренжітетін
сөздер айтуға қатаң тыйым
салынады.
-
Егер оқушылар қысылып тұрса, мұғалім бірнеше
дайын мысалдар айтып бағыт беруіне болады.
Қосымша:
-
Ойынды соңында қорытындылап, барлық оқушылардың
бір-біріне деген жақсы көзқарасы артқанын атап өту
керек.
-
Комплименттерді жазбаша да орындауға болады: әр
оқушы өз сыныптасы туралы 1 жақсы сөз жазып
береді.
Мақсаты:
-
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын
арттыру
-
Қиын жағдайларда өз ойын ашық айтуға
үйрету
-
Буллингке қарсы тұру дағдыларын
дамыту
Қатысушылар:
Өткізу уақыты:
Қажетті құралдар:
Тренинг барысы:
1. Кіріспе (5 минут)
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
Түсіндіру:
Сенімділік — өз пікіріңді сыпайы, бірақ нық жеткізу, өз құқығыңды
қорғай білу деген сөз.
Мақсаты:
-
Оқушыларға буллинг жағдайларын тануды
үйрету
-
Қиын жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын
дамыту
-
Эмпатия мен бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын
арттыру
Қатысушылар:
Өткізу уақыты:
Қажетті құралдар:

Тренинг барысы:
1. Кіріспе (5 минут)
Мұғалім буллинг туралы қысқаша
түсіндіреді:
-
Буллинг — әдейі ренжіту, қорқыту, мазақ ету
немесе оқшаулау әрекеті екенін еске салады.
-
Оқушылардың міндеті — рөлдік ойында дұрыс шешім
тауып, қолдау көрсетуді үйрену.
2. Жағдайларды тарату (5
минут)
-
Оқушылар 3–4 адамнан топтарға
бөлінеді.
-
Әр топқа бір жағдай беріледі.
-
Топ
ішінде рөлдерді бөледі (мысалы: бұзақы, жәбірленуші,
бақылаушы).
Мысал жағдайлар:
-
Бір оқушыны сыртқы келбеті үшін мазақ
ету.
-
Бір топ баланың өзге баланы ойынға
қоспауы.
-
Бір
баланың заттарын әдейі лақтырып, мазақтау.
5. Профилактикалық жұмыс
түрлері
Қорытынды
Мұғалімдер өз сыныбында қауіпсіз, достық орта
қалыптастыра отырып, буллингті азайтуға елеулі үлес қоса
алады.