Сәлеметсіздерме ! «KML MEDIA» арнасының тыңдармандары арнамызда «КМЛ NEWS» Сіздермен бірге тізгінде Орынғали Інжу Әсетқызы! Ендеше ,әріптестерміз дайындаған материалдарымызға көз жүгіртіп өтейік. Бүгінгі басты жаңалықтардан көретіндеріңіз.
Казталов мектеп-лицейінде 2025 жылдың 5 қаңтарымен -17 қаңтар аралығында өткен іс-шараларға шолу.
5 қаңтар — ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері—Қадыр Мырзалиевтің туған күні.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев — 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған.
? Ақынның мерейлі жасына орай Казталов мектеп-лицейінің кітапханашылары
Бақтыгүл Мұхитқызы Набиева мен Мадина Ерғазықызы Жасбуын және Казталов Аудандық Кітапханасы қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы ұйымдастырылды.
✅ Танымдық іс-шарада ақынның өміржолы мен еңбектері таныстырылып, көрме жасақталды.
? Сонымен қатар, 5 қаңтар—ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің туған күні. Айтулы күнде Казталов мектеп-лицейінің бір топ ұстаздары КМЛ МЕДИЯ СТУДИЯСЫНЫҢ «Жұмадағы жыр» жобасы аясында ақынның өлеңдерін оқып, поэзиясын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Осы орайда Ақынның «Ана» өлеңін оқыған: Рысбек Ерболұлы , «Сағыныш» өлеңін оқыған: Абзал Есенғазы Серікқалиұлы, «Байқамайды екенбіз» өлеңін оқыған: Қаресов Нұрдәулет, «Мың жұлдыз бар болса да» өлеңін оқыған: Талапова Инабат Аманжолқызы, «Бақыт» өлеңін оқыған: Телжан Ақұлпа Арыстанқызы.
Казталов мектеп-лицейінің базасында, 6 қаңтар күні,қысқы демалыс кезінде, оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, “Jastar debat cup” атты 8-11 сынып оқушылары арасында аймақтық пікірсайыс турнирі оздырылды.
Турнир мақсаты: Ауданымызда дебат қозғалысын дамыту, оқушылардың пікірсайыс деңгейін көтеру, обылыстық, республикалық турнирлерде өнер көрсететін командаларды іріктеу.
Турнир Дүниежүзілік мектеп форматы бойынша өтті.
Турнирге 5 мектеп, 6 фракция қатысты.
Турнир қорытынды бойынша жүлделі бірінші орынды
“GGG” фракциясы, Қараөзен мектеп-лицейі иеленді .
Жетекшісі: Сагидуллин Уалихан Ерғалиұлы .
Жүлделі екінші орынды “Зияткер” фракциясы, Бостандық ЖОББМ иеленді .
Жетекшісі: Жалмуханбетова Жазира
Жүлделі үшінші орынды ”Парасат” фракциясы, Алма Оразбаева мектебі иеленді .
Жетекшісі: Набиуллина Ұлданай Мұнайдарқызы .
“Үздік спикер”аталымының жеңіпазы - Елемес Саялы, Қараөзен мектеп-лицейінің оқушысы
”Үздік аналитик”аталымының жеңіпазы - Тольятти Айым, Казталов мектеп-лицейінің оқушысы
”Үздік оратор” аталымының жеңіпазы - Орынғали Інжу, Жаңажол ЖОББМ-ің оқушылары иеленді .Оқушыларымызды жеткен жетістігімен құттықтай отырып алдағы турнирлеріне сәттәләк тілейміз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын.
Сонмен қатар, 6 қаңтар күні Орал қаласында өткен Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында Казталов мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Валиева Айнұр Бекболқызы жүлдегерлер қатарынан табылып, II дәрежелі дипломға ие болды.
? Математикалық олимпиадаларда шәкірттері де жүлдегер атанып жүрген Айнұр Бекболқызының кезекті жетістігі құтты болсын демекпіз!
?7 қаңтар күні Казталов мектеп-лицейінде қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бірнеше шаралар өткізілді атап өтерлік “Отбасыммен өткен қызықты сәт” тақырыбындағы түсірілген бірнеше бейнероликтер,. бұл бейне роликтерде Таза ауа аясындағы серуен, отбасылық мереке, қар үстіндегі ойындар, ұлттық құндылықтар секілді бейнелерді тамашалай аласыздар,осы жоспарға сәйкес спорттық ойындар өткізілді.
✅ «Сымбат» пән бірлестігі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Н. Манановтың ұйымдастыруымен оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында өткізілген спорттық ойындарға оқушылар белсене қатысуда., спорттық сайыстан бейнелерді назарларыңызға ұсынамыз!
6 қаңтар күні Казталов мектеп-лицейінде қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз” атты танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды.
✅ Ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы Мадина Ерғазықызы.
Осы іс –шаралар жоспарына сәйкес. жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында "Түнгі ауылдағы балалар" профилактикалық кезекшілік рейд ұйымдастырылды.
✅ Аудандық полиция қызметкерлері мен мектеп мұғалімдерінің бірлескен түрдегі кезекшілік рейд мақсаты да мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруі мен қауіпсіздігінің алдын алу болмақ, Сондай-ақ Казталов мектеп-лицейінде каникул уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес қыздар арасында волейбол ойыныда ойналды. ✅ Жетекшісі: Кабдулов Даурен Александрович
8 қаңтар күні мектебімізде Ұлдар және қыздар жиналысы өткізді атап өтерлік жиналыстар “Тәртіпке бас иген құл болмайды” тақырыбында 5-7 сыныптар бойынша ұлдар жиналысы оздырылды.
✅ “Азамат” ұлдар ұйымының жетекшілері Дархан Нұрғалиұлы, Дәулет Ғабитұлы, Рысбек Ерболұлының ұйымдастыруымен өткен ұлдар жиналысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
✅ Тақырып аясында ситуациялық сұрақтар қойылып, оқушылар ұйымшылдықпен тапсырмаларды орындай білді. “Бой түзеу, әуелі ой түзеу” тақырыбында қыздар жиналысы оздырылды.
✅ “Еркеназ” қыздар ұйымының жетекшілері Әсел Жасқайратқызы, Айнагүл Жасқайратқызы және
“Сымбат” қыздар ұйымының жетекшілері Әсем Ержанқызы, Ақерке Ерболқызы және Гүлсім Мерболатқызы ұйымдастыруымен өткен қыздар жиналысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
✅ Жиналыс барысында қоғамдағы қыз тәрбиесі айтылып, тақырып аясында жан-жақты ақпараттар берілді.
Казталов мектеп-лицейінде 12 қаңтар күні «Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы. Мол тәжірибе мен жаңа идеялар алаңы» тақырыбында сынып жетекшілер жиналысы өткізілді.
Жиын барысы 2 бөлім бойынша ұйымдастырылып, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
✅ Күн тәртібінде:
✅ 1-бөлім
Семинар- коучинг
✓«Ата- аналар жиналысын өткізудің жаңа форматы» 0-3 сынып жетекшілері,
✓«Сыныппен жоба түрлері» 4-6 сынып жетекшілері,
✓«Ата – аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы» 7-11 сынып жетекшілері.
✅ 2-бөлім
✓«Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу жолдары»
Хабарламашы: С.Қайыржанова; А.Е.Утегалиева,
✅ «Түнгі рейд және жасөспірімдердің еңбек құқығы» Хабарламашы: А.М.Рыскалиева,
✅ Олимпиада, резервтер дайындау туралы Хабарламашы: И.А.Талап,
✅ Кәсіби бағдар беру туралы Хабарламашы: Ж.Н.Тасбулатов,
✅ «КМЛ оқушысы оқыған 30 кітап» Хабарламашы: Б.М.Набиева.
? Жиын барысында семинар-коучинг ұйымдастырылып, сынып жетекшілер топтық жұмыстар орындады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламалар жасалып, ұсыныс-тілектер айтылды.
Казталов мектеп-лицейінде жоғарғы сынып оқушылары “Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу” атты іс-шаралар жоспары аясында бірнеше шаралар ұйымдастрылды. Атап өтерлік «Болашағым өз қолымда» шығарма жазу , «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын» тақырыбында Мектеп психологінің ұйымдастыруымен тренигі өткізілді.
БҚО Білім басқармасының 2024 жылдың №2-7/6341/ хатына сәйкес «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында тірек мектебі Казталов мектеп-лицейі мен магинттік мектептер Қоныс ЖОББМ, Тереңкөл МБК, Жаңажол ЖОББМ математика-жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері бірлескен түрде онлайн сабақтарын өткізуде.
? III тоқсан басталысымен Казталов мектеп-лицейінің жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріміз магниттік мектеп мұғалімдерінің сабақтарына онлайн арқылы қатысып, тақырыпты меңгертуде жаңаша әдіс-тәсілдер мен жаңадан келген ресурстарды қолдануда.
Онлайн сабақ өткізген мұғалімдеріміз:
✅Дүйсенбі күні: Гизатуллин Абзал Гизатуллинович—химия пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы,
✅Сейсенбі күні: Байдуллина Акмарал Мергалиевна — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші,
✓ Адилгереева Жанар Адилгереейқызы— ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы,
✅Сәрсенбі күні: Имашева Гулизат Куанышкалиевна —биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші,
✅ Бейсенбі күні: Бектенова Асил Халыбековна —физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші,
✅ Жұма күні: Мендыханова Замзагуль Исатаевна — математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
✅ Кенжебаев Мұхтар Жасболатұлы— математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы.
? Онлайн сабақтар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Еліміз бойынша 2025 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау барысында комиссия мүшелері қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылдады. Проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылды. Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды.
? Осы акция аясында 14 қаңтар күні Казталов мектеп-лицейінде мектеп кітапханашылары Б. М. Набиева мен М. Е. Жасбуынның ұйымдастыруымен танымдық іс-шара өткізілді.
✅ Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 9-сынып оқушылары мен пән мұғалімдері және «Үздік оқырмандар» қатысып, таңдалынып алған автордың өміржолы мен шығармашылығына талдау жасалды.
✅ Мектеп кітапханашысы Б. М. Набиева кітап көрмесін таныстырып, 2 автордың шығармаларын насихаттауға шақырды.
Осы аптаға келіп түскен жаңалықтар легі осындай болды .Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектептегі жаңалықтар

шағым қалдыра аласыз