"Мектептегі кітапхана"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектептегі кітапхана"

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітапхана туралы мәлімет

    20 - 20 оқу жылына кітапхана жұмысының мақсаты.

  

   ХХІ ғасырдағы мектеп кітапханасының миссиясы білім алушылардың ақпараттық мәдени тұлғасын,  білім алу құқығы, еркіндік, бақыт, әлеуметтік қорғау, дұрыс қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол.Баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының адамгершілік нормаларын қалыптастыруға кітап зор үлес қосады. Мектептің маңызды бөлімі ретінде мектеп кітапханасы негізгі мақсаты – рухани бай, дені сау, адамгершілігі мол оқушыны қалыптастыру үшін, жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық сана-сезімін, шығармашылық қабілеті дамыған, салауатты өмір салты дағдысы, оқу және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдысы тұрақты, сонымен қатар, нәтижелі оқу-тәрбие процессін қолдау үшін жағдай жасау.

2017-2018 оқу жылына кітапхана жұмысының негізгі міндеті.

1. Эмоционалды, адамгершілік, ақыл ойды дамытуға жағдай жасай отырып, жан-жақты тұлғаны дамытуға барлық әдіс-тәслдерді қолдану.

2. Педагогтер мен оқушылардың өз бетімен білімдерін көтеруді ақпараттық- кітапхана арқылы және оқу – тәрбиелеу барысы арқылы қамту.

3. Оқушыларды оқу мәдениетіне үйрету, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кітапхананы пайдалана алуға үйрету.  Оқушылардың оқу бағдарламасын табысты меңгеруге, танымдық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын дамыту үшін жүйелі түрде әдебиеттерді оқуға талпындыру.

4. Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

5. Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.

6. Қазақстанның тарихи даталарын білу және патриоттық тәрбие беру.

7. Мұғалімдердің педагогикалық, әдістемелік  шеберліктерін көтеруді педагогикалық әдебиеттерді насихаттау арқылы әсер ету.

8. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды меңгеруді іске асыру.

9. Әлемдік және отандық мәдениеттердің байлығын оқушыларға таныстыру.

10. Мектеп ұжымына, кітапханаға, отбасына байланысты , ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан ақпараттандыру.

    

Мектеп кітапханасының негізгі функциялары

1.      Ақпараттық – ақпараттардың берілу түрі мен форматын, берілу түріне қарай пайдалану мүмкіндіктерін беру.

2.      Тәрбиелік – мектепке, туған жерге және мемлекетке деген қарым-қатынасына байланысты патриоттық сезімдерін дамытуға әсер ету.

3.      Мәдениеттік – оқушылардың эмоцоналдық күйлерін дамыту, әлеуметтік танымдарын және мәдениеттік тәрбиелеу, іс-шараларды ұйымдастыру.

4.      Білім беру – білім беру бағдарламасындағы пәндер бойынша және мектепті дамыту міндеттерін қалыптастыру, білім беру мақсаттарын қамту және қолдау.                                              

 

Кітапхана қоры

 

 

              

2015-2016

2016-2017

2017-2018

Жалпы кітап қоры

25708

27703

34612

Оқулықтар қоры

19310

19597

26126

Көркем әдебиет қоры

6398

8224

8486

Электронды оқулықтар

708

1335

2137

Ғылыми әдістемелік оқулықтар

679

727

780

 

 

·         Кітап қорының орналасуы – ҚБЖҚ  үлгісі бойынша 

·         Оқулықтар қоры бөлек сақтау қорында  сыныптар бойынша орналастырылған

КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ  НЕГІЗГІ  КӨЗДЕРІ

·         Тапсырыс беру арқылы

·         Кітаптарды қордан есеттеп шығару себептері – мазмұны жағынан ескіруіне, қайта басып шығарылуына, бір жылдық пайдалануына байланысты, тозығы жеткен

 

КІТАПХАНАНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ – БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТЫ

·         Алфавиттік каталог – бар

·         Жүйелі каталог- бар

·         Жүйелі картатека – бар

 

Электронды кітапхана

Электронды кітапхананың мақсаты - мектеп кітапханасы жүйелі ұйымдастырған, қызмет көрсететін және қолдайтын электронды қатынасатын электронды нысандағы әр алуан ресурстар.  Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты – кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында қызмет көрсету дәрежесін көтеру. Кітапханада 8 компьютер мектепшілік жергілікті желісіне, әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне қосылған. Интернетке қосылу модем арқылы іске асырылды. Бұл арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен сапасы жоғарлады, ізденістерді тездетуге жеңілдік туғызып отыр. Электрондық пошта арқылы да республика, қала кітапханалармен байланысқа шығып, олардан келіп түскен сұраныстарға, хаттарға электронды түрде жауап жіберіп отырамыз. Көркем-әдеби қорының электронды каталогы, мерзімді басылымдар картотекасы «MARC-SQ» автоматтандырылған бағдарламасымен жүргізіле бастады.   

§  Кітапхананың кітап қорындағы кітаптардың, оқулықтардың электронды каталогын құру;

§  Газет-журналдар электронды картотекасын құру;

§  Әр кітаптың библиографиялық сипаттамасын жазып, дәстүрлі карточка түрінде басып шығару;

 

 

 

Көпшілік іс-шаралар

 

Уақыт талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихи мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Мектеп кітапханасы  кішкентай  болғанымен, атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға  оқушылар  келіп,қажетті  әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады. Бұл  орын  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарымен  шұғылдануына    көп ықпалын  тигізеді.

Өткізіліп жатқан  іс-шаралар,кітап  көрмелері  баршылық, ал біздің мақсатымыз- оларды тек бір атқарылды деген белгі үшін емес, жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.

Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасының қоры одан әрі де жиі толықтырылып отырса деген үміттеміз.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

   Міне осы кітап оқудың пайдасын өмірде пайдалану үшін, біздің мектепте былтырғы оқу жылынан бастап «Әдебиеттік оқу» сағаттары өткізілуде.Былтырғы 2015-2016 оқу жылында аптасына бір реттен оқылса,биылғы оқу жылынан бастап аптасына екі рет «Әдебиеттік оқу» ұйымдастырылды.Биылғы кітапханаға келушілер саны 6807 оқырман,кітап алу -18215–ке жетті.2015-16 оқу жылының салыстырсақ келушілер саны -281,ал кітап алу- 3253 өскен. Биылғы оқу жылында 10-11 сынып оқушыларының мектеп кітапханасына келіп өздеріне қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарына сұраныс жоғарлады.

Кітапханада  көптеген  іс-шаралар өткізіліп , көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы «Тәуелсіз байтақ елім - Қазақстаным», «Оттты жылдардың өшпес шежіресі», «Кітапхан-  рухани қазына», «2017жылғы даталы күндерге арналған көрме сағаты ұйымдастырылды.Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына орай «Сендер менің бақытымның бұлағы» атты әдеби кеш, «Интернет орнына кітап» атты интелектуалды ойын, «Bookcrossing» кітап алмасу мағынасын білдіреді шаралары ұйымдастырылды.              Сонымен қатар «25 кітап » жобасы желтоқсан айынан бастап жолға қойылды. Осы жоба аясында 2 оқушы «кітап оқу» жобасының жүлдегері болды.

Биылғы оқу жылында негізінен «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары жасөспірімдерге арналған шығармалар» сериасындағы кітаптар, «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» сериясындағы кітаптар, «Атамұра кітапханасы» сериясындағы кітаптар.Бастауыш сынып балаларына арналған кітаптар оқылымда болды. 

«Менің сүйікті кітабым» атты фотоконкурс ұйымдастырылып марапатталды.Бірақ көп балалар оқулық пен көркем әдебиетті ажырата алмаған.

 « Әдебиеттік оқу» сағатында  2 «А,Б,В», 3 «Ә,Б,В», 4 «Ә,Б»,5 «Г»,7 «А», 10 сыныптары кітаптарын жиі ауыстырып отырады.4 «Ә»,5«А,В,Г»,10,11 сыныптың оқушылары бос уақыттарында кітапханаға келіп басқа да энциклопедиаларды,қосымша материалдарды көп ізденеді. Сонымен қатар 1 «В» оқушылары да кітап алады.Біздің кітапханамызда оқушыларға  арналған арнайы басылымның(журналдар) жеті түрі бар,бірақ оны оқушылар өте сирек оқиды немесе оқымайды.Сол себепті де осы республикалық басылымдарға балалардың жариялануы өте сирек. Былтырғы оқу жылында «Ертегілер елінде» журналында Мұхамедина Азалияның ертегісі жарияланды және «Жұлдыздар отбасы» журналына Абдрахманова Дильназдың,Әбілдина Әмина «Қостанай таңы» 8 «б» сынып,өлеңдері мен мақалалары жарық көрді.

  Мектебіміздің кітапханасы құрал-жабдықтармен жақсы жабдықталған,іс-шаралар өткізгенде барлық техникалық құралдарды пайдалана аламыз.

 

  





 

 

    

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі