400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі кітапхана жұмысының жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітапханада кітапханашының жұмыс орны және оқырмандарға арналған орындар бар: 10 орындық оқу залы, ғаламтор пайдаланушылар үшін 5 компьютер бар,оқулықтарды сақтау үшін 2 кітап қорын сақтайтын, жабдықталған кабинеттер бар. 
Кітапхананың оқу залы, кітапхана абонементімен бірге орналасқан. Оқу залында маңызды ақпараттық хабарламаларды қамтитын 5 көрме шкафы бар. Жарықтандыру санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді. 
Кітапханада 2 адам жұмыс істейді. Кітапхананы Қазақстан Республикасының Білім Үздігі, жоғарғы дәрежелі, жоғары санатты білікті маман Жаркенова Галия Истаевна басқарады. Мұрзина Зоя Михайловна, жоғары санатты кітапханашы, 30 жылдан астам уақыт бойы кітапханашы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар. Кітапханада жұмыс істеуге қолайлы психологиялық жағдай қалыптасқан. Көркем безендірілген суреттер , қажетті энциклопедиялар, анықтамалық материалдар, танымал ғылыми әдістемелік әдебиеттер, мерзімді басылымдар жинақталған. Материалдардың үлкен көлемі жиналып және белгілі бір тақырып бойынша қалталар безендірілген. 
Жұмыстың әртүрлі формалары қолданылады: кітап көрмесі, кітапхана сабақтары, әңгімелер, кітап шолулары, тақырыптық стендтер, викториналар. Жұмыстар мұғалімдермен тығыз байланыста жүргізіледі, әртүрлі мектеп іс-шараларына дайындалуға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, пәндік апталарға, ашық сабақтарға, семинарларға, педагогикалық кеңестерге, әдістемелік сессияларға немесе сынып сағаттарына, тәрбиелік іс-шараларына, тезистерді, баяндамаларды, эсселерді, ғылыми жобаларды дайындауда үнемі көмек көрсетіледі. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша әдебиеттер, газеттер мен журналдардан мақалалар таңдауға қолдау көрсетеді. Әрбір мектептің іс-шарасы үшін кітап көрмесі жасалады және ұсынылған әдебиеттер тізімі жасалады. Қазақстан, Астана және басқа аймақтар бойынша тарих, өлкетану, мәдениет, ғылым, өнер туралы көптеген ақпараттар жүйеленіп жинақталды. Жыл сайын педагогикалық кеңестердің отырыстарында оқушыларға оқулықтар беруі, кітап қорларының сақталуы қауіпсіздігі жайлы мәселелер қаралып отырады. 
Әр түрлі педагогикалық «инновациялар», идеялар мен эксперименттер үнемі қадағаланып отырады, қосымша ақпарат іздестіріліп, анықтамалық материалдар мектеп мұғалімдеріне беріледі. Ақпаратқа және библиографиялық жұмысқа ерекше назар аударылады. 
Қаладағы басқа кітапханалармен байланыс орнатылған.. 
Кітапхананың жұмыс тәртібі- демалыс күндері жексенбі күні, 6 жұмыс күні. Кітапхана мектеп-лицей директоры бекіткен жоспар бойынша жұмыс жасайды. 
Кітапхананың негізгі қызметі - білім беру, ақпарат және мәдениет. 


Кітапхананың негізгі қызметі: 
-кітапхана оқу-тәрбие үдерісін және ақпараттық-библиографиялық қызметтердің барлық нысандары мен әдістерімен қамтамасыз етеді; 
- кітапқа деген қызығушылықты туғызу, мәдениетті оқуға, баспа басылымдарына мұқият қарау; 
- оқу пәндерін ойдағыдай оқуға, сөйлеу мен ойлауды, танымдық қызығушылықтарды және қабілеттерді дамыту үшін жүйелі оқуға тарту; 
- көркем әдебиетті оқуға тарту, қызығушылығын арттыру 
- жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тәжірибеге енгізу; 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2019
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі