Қазақтың дана - Қадыры
Қазақтың дана Қадыры
(Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби - сазды кештің жоспары)
Домбыра: «Балбырауын» кіші сыныптар ХАБАРЛАНБАЙДЫ
Поэзия: екі 10шы сыныптар ХАБАРЛАНБАЙДЫ
1 - жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
1 - жүргізуші. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», - деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында, Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
Ән: Орындайтын: 8а
1 - жүргізуші.
Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. Ал ақындықтың ішінде балалар ақыны болудан асқан қиындық жоқ. Себебі үлкен адам, есейген адамның бала сезіміне жақындауы қиын. Бала ойымен, бала қиялымен өлең жазу нағыз талантты ақынның ғана қолынан келер.
2 - жүргізуші.
Ол дүниенің барлық тынысын, жаратылыс әлеміндегі барлық құбылыстарды, құстың сайрағанын, жан - жануарлардың қаракеттерін бақылап, көкірегіне түйіп, көргендерін балаларға қаз - қалпында жеткізуге аямаған. Оның « Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Домбыра», тағы басқа жыр жинақтары балаларға арналған.
1 - жүргізуші.
8б сынып би
2- жүргізуші:
Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл – оның даналығы.
9б поэзия Беққалиева Айнара
1 - жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектеп директоры Нұрлан Аділбекұлына беріледі
2- жүргізуші:
Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.
9а сынып би
Бірге:
Бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
Қазақтың дана - Қадыры
Қазақтың дана Қадыры
(Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби - сазды кештің жоспары)
Домбыра: «Балбырауын» кіші сыныптар ХАБАРЛАНБАЙДЫ
Поэзия: екі 10шы сыныптар ХАБАРЛАНБАЙДЫ
1 - жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
1 - жүргізуші. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», - деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында, Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
Ән: Орындайтын: 8а
1 - жүргізуші.
Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. Ал ақындықтың ішінде балалар ақыны болудан асқан қиындық жоқ. Себебі үлкен адам, есейген адамның бала сезіміне жақындауы қиын. Бала ойымен, бала қиялымен өлең жазу нағыз талантты ақынның ғана қолынан келер.
2 - жүргізуші.
Ол дүниенің барлық тынысын, жаратылыс әлеміндегі барлық құбылыстарды, құстың сайрағанын, жан - жануарлардың қаракеттерін бақылап, көкірегіне түйіп, көргендерін балаларға қаз - қалпында жеткізуге аямаған. Оның « Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Домбыра», тағы басқа жыр жинақтары балаларға арналған.
1 - жүргізуші.
8б сынып би
2- жүргізуші:
Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл – оның даналығы.
9б поэзия Беққалиева Айнара
1 - жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектеп директоры Нұрлан Аділбекұлына беріледі
2- жүргізуші:
Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.
9а сынып би
Бірге:
Бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар
шағым қалдыра аласыз













