Мектептегі педагогикалық психологиялық қызметінің хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі педагогикалық психологиялық қызметінің хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 1-қосымша "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 1-отырысының

хаттамасы



29.08.2024 ж

Қатысқандар: 9



Күн тәртібінде:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту (ППҚҚ құру туралы бұйрық, ППҚҚ жұмысының жоспары);

  2. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ПМПК қорытындыларымен танысу және ПМПК қорытындысына сәйкес жеке оқу жоспарларын бекіту;

  3. Жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнын құрастыру,дефектологтың түзету сабағы

Тыңдалды:


Күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Қ.Аймаханова сөз алды. 2024-2025 оқу жылындағы мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамын таныстырып, ППҚҚ жылдық жұмыс жоспарын бекітті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектептің психологы ақпарат берді. Мектептегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ПМПК қорытындылары мен ұсыныстарымен таныстырды. 2024-2025 оқу жылында мектебімізде 3 оқушы үйден оқытылады.

Олар: 2-сынып оқушысы-Скубенич Анжелика

2-сынып оқушысы-Керманшаев Измир

8-сынып оқушысы-Муратова Севинч

Жоғарыда аталған оқушыларға ПМПК ұсынысына сәйкес оқу бағдарламасы талқыланып, жоспары бекітілді.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша арнайы педагог Ж.Төлепбаев толық ақпарат берді. Жоғарыда аталған оқушыларға жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру алгоритміне тоқталды. Терең педагогикалық диагностика нәтижесіне сәйкес бірінші және екінші жартыжылдыққа жеке оқу бағдарламалары құрастырылып (үлгілері берілді), арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылатындығы айтылды. Өзін-өзі тану, дене шынықтыру, көркем еңбек, АКТ пәндері жалпы білім беру бағдарламаларымен оқытылады.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқитын оқушыға 1-ші тоқсанға негізгі пәндер бойынша (Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, ағылшын, орыс тілі) оқу бағдарламалары бейімделеді. Бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әр тоқсан сайын оқушылардың жетістіктер картасын толтыру арқылы жасалатындығы айтылып, көрсетілді (үлгілері берілді).

Ж.Төлепбаев ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға толтырылатын құжаттардың үлгілеріне тоқталды.Қазіргі кезде мектепте дефектологтың түзету сабағына қабылдауға диагностика жүргізіліп,әрі қарай сол оқушылармен жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. «Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдістемелік нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.» әдістемелік нұсқаулығында берілген формалар көрсетіліп, толтыру жолдары ұсынылды.



Ұсыныс:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттарын бекіту;

  2. ПМПК қорытындысына сәйкес жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыру;

  3. ЕББҚ бар оқушылардың құжаттары үлгілерге сәйкес рәсімдеу (1, 1а, 2а, 2б, 3, 4, 5, 6 формалар);

Шешім:

  1. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құжаттары бекітілсін;

  2. ПМПК қорытындысына сәйкес жеке және бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары құрастырылып, жүзеге асырылсын;

  3. ЕББҚ бар оқушылардың құжаттары үлгілерге сәйкес рәсімделсін;

4.Дефектологтың түзету сабағына қатысатын оқушылардың тізімі жасақталып,бекітілсін;


Отырыс төрайымы Қ.Аймаханова

Хатшы С.Рагибова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі