ӘОЖ 375.65.58
КБЖ 90.315.4
Бағдарлама «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғам флиалы
Республикалық кәсіби даму институты Эксперттік кеңес отыpысы қаpастыpылып, бекітілді
№4 хаттама, 12 қазан 2023 жыл.
Рецензия жазған: Сахова А.Т. – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ РКДИ
«Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, тренер, п.ғ.м.
Мектептегі психодиагностика және психокоррекция негіздері: авторлық бағдарлама / Құраст.: Иманбаева Д.О. – Алматы: «ТаймС», 2023. -22 бет.
ISBN 978-601-344-010-2
Авторлық бағдарламада оқушыларға психологиялық тұрғыдан жәрдемдесудің диагностикалық, коррекциялық бағыттары тұрғысынан жұмыс жүргізу көзделеді. Бағдарлама барлық талаптарға сай әзірленген.
© Иманбаева Д.О. 2023
ТҮСІНІК ХАТ
Бағдарлама тақырыбының өзектілігі: Қазіргі таңда оқушыларға психологиялық қолдау көрсетудің қажет екендігін айтудың өзі артық. Бала тұрмақ, үлкен адамның өзінің жауап таба алмай екі ұдайлы жағдайларға тап болатыны жасырын емес. Сол себепті мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың әлеуметтік-психологиялық картасын дайындау, зейіндерін бақылау, дарынды оқушыларды, оқу үлгерімі төмен оқушыларды түрлі әдістер арқылы анықтап, олармен психологиялық коррекциялық, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу аса маңызды болып келеді. Бұның барлығы әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, олардың дұрыс дамуына мүмкіндік туғызуды, кейбір олқылықтардың алдын алып, дер кезінде қолдау көрсетуге бағытталады. Бұл бағдарлама тақырыбының маңыздылығын көрсетеді.
Бағдарламаны дайындаудағы ұстанымдар:
-
Диагностикалық және коррекциялық жұмыстардың байланыстылығы ұстанымы;
-
Психологиялық әсер етудің кешенді өзгерістер ұстанымы;
-
Оқушы үшін әлеуметтік ортаны белсендіру ұстанымы;
-
Жас ерекшелік және жеке бас ерекшелігі ұстанымы;
-
Қарапайымнан күрделіге қағидаты;
-
«Жоғарыдан төмен», «Төменнен жоғарыға» коррекциялық ұстанымы (Келешегі қазіргі дамуына байланысты және керісінше қазіргі дамуы келешек жарқын өмірінің кепілі т.б.)
Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың дұрыс дамуына ықпал ету, кейбір кемшін тұстарын түрлі психологиялық әдіс-тәсілдер нәтижесінде анықтап, сол бағытта коррекциялық, ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Бағдарламаның міндеттері. Осы мақсатқа қол жеткізудің тікелей жолы төмендегі міндеттерді жүзеге асыру болып табылады:
-
Әр оқушыны жан-жақты зерттеу, зерттеу барысында әр түрлі психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану;
-
Психодиагностика нәтижесінде анықталған мағлұматтарды игеру және онымен кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізу;
-
Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу;
-
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жоспар құрастыру, сол жоспардың орындалуын қадағалау;
-
Оқушылардың өз-өздеріне деген сенімдерін нығайту;
-
Оқушылардың жалпы психологиялық сауаттылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже: курс нәтижесінде сыныптағы әрбір баланың дамуындағы ерекшеліктер анықталады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жекелеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері жүйеленіп, оқушылардың психологиялық сауаттылықтары арта түседі. Дамудың жаңа сатысына ұмтылады.
Оқушылар білуі керек:
-
мектеп ережелеріне бағынуды;
-
мұғалімді тыңдау және оның ұсынған тапсырмаларын орындауды;
-
сыныптастарымен тіл табыса білуді.
Оқушылар игеруі керек: курс соңында оқушыларының бойында төмендегідей қасиеттер дамып қалыптаса бастауы психологиялық тұрғыдан заңды болып саналады:
-
жекелеген психикалық үрдістер қарқынды дамиды.
-
қабылдағандарын қажетті мақсатқа бағыттай алады.
-
бала зейіні тұрақтана бастайды, логикалық ойлауы дамиды.
-
есте сақтау қабілеті беки түседі.
-
алған білімін бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады.
-
баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты т.б. қасиеттері қалыптасады.
-
оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін
болады.
-
оқушының ойы, шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.
-
өз-өзіне сенімді, күйзелістен толық арылған, батыл да, ұстамды, білім нәрімен қаруланған азаматтар тәрбиеленеді.
Оқушының құзіреттілігіне тән талаптар:
-
ақпараттық құзыреттілік;
-
коммуникативтік құзыреттілік;
-
проблеманың шешімін табу құзыреттіліктері қалыптасады.
Жүргізу формасы: танымдық сабақ, зерттеу сабағы, дискуссия, сұхбаттасу, экскурсия, тренинг, конференция т.б.
Бaрлығы: 34 сaғaт, aптaсынa 1 рет.
НОРМАТИВТІК БӨЛІМ
«МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ»
Авторлық бағдарламасының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
|
|
Теор |
Прак |
||
|
1 |
Оқушылардың жалпы дамуын анықтауға арналған диагностикалық сабақ |
1 |
2 |
|
2 |
Отбасым – басты байлығым |
1 |
1 |
|
3 |
Мектебім – мақтанышым |
1 |
1 |
|
4 |
Менің ұжымым - менің сыныбым |
1 |
1 |
|
5 |
Досым менің – сенім артар тірегім |
1 |
1 |
|
6 |
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем! |
1 |
1 |
|
7 |
Қарым-қатынас психологиясы |
1 |
1 |
|
8 |
«Қарым-қатынаста не қиын?». Оқушының тұлғааралық қарым-қатынасы |
1 |
2 |
|
9 |
«Қақтығыс жағдайынан шығып кете аласың ба?» |
1 |
1 |
|
10 |
Кедергілік жағдайлар |
1 |
1 |
|
11 |
Алаңдаушылық жағдайы |
1 |
1 |
|
12 |
Жауапсыздық пен жалғандық жарға жығар |
1 |
1 |
|
13 |
Өзімшілдік пен көпшілдік |
1 |
1 |
|
14 |
Көшбасшылық психологиясы |
1 |
1 |
|
15 |
Зияткерлік психологиясы |
1 |
1 |
|
16 |
Курс бойынша өткенді қайталау |
|
1 |
|
17 |
Қорытынды сабақ. Тренинг |
|
1 |
|
Барлығы |
15 |
19 |
|
Тұрақтылау бөлімі

авторлық бағдарламасының тaқырыптық мaзмұны 34 сaғaт (aптaсынa 1 сaғaт)
-
тaқырып. Оқушылардың жалпы дамуын анықтауға арналған диагностикалық сабақ
Мақсаты: Психокоррекциялық жұмысты жүргізудің бастамасы да, оның нәтижесі де тікелей диагностикалық зерттеулерге байланысты болғандықтан, ең әуелі сынып оқушыларының әрқайсысының жалпы дамуын жан-жақты, түрлі психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұқият зерттеу. «Мінез сапалары тізімі» арқылы оқушының мінез-құлқын анықтау.
Жүргізілетін зерттеу бағыттары: Оқушылардың физиологиялық дамуы, психологиялық ахуалы, сыныптастарымен тіл табысуы, өз-өзіне сенімділігі, тұрмыс және тәрбие жағдайы, оқу үлгерімі, интеллектуалдық қабілеті, мінез-құлқы, темпераменті т.б.
Оқушы тұлғасын зерттеу сызбасы:

Қолданылатын әдістер: Сауалнама, әңгімелесу, бақылау, Керн- Ирасек тесті, С.А.Банковтың тестік әңгімелесуі. Сьюзен Деллингердің
«Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеу әдісі, Л.Г.Матвееваның «Баланың профильдік қызығушылығын анықтау» сауалнамасы, «Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауы, «Ата-ана – Ересек адам - Бала» тесті, «Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай» тесті.
Кешенді психодиагностикалық зерттеу жүргізу сабағының нәтижесі:
-
Сауалнама сұрақтарын саралау, оқушылардың даму диаграммасын дайындау, құжаттарды зерттеу, сыныпқа жазбаша сипаттама беру, сыныптың психологиялық диагностикалық картасын жасау.
-
Оқушылармен дербес коррекциялық жұмыс бағытын анықтау.
-
Оқушылармен топтық коррекциялық жұмыс бағытын анықтау.
Пәнaрaлық бaйлaныс: өзін-өзі тану, психология
Бaғaлaу: Бaспaлдaқ aрқылы бaғaлaу
-
тaқырып. Отбасым – басты байлығым Мақсаты:
-
Оқушыларға отбасы мүшелерінің суретін салғызу, аяқталмаған сөйлемдерді жазғызу нәтижесінде олардың отбасы мүшелеріне деген көзқарасын, отбасылық ахуалды және өзін отбасында қалай сезінетіндігін байқау.
-
Диагностикалау барысында оқушы дамуындағы байқалған ауытқулар мен түрлі кемшіліктерді түзету үшін ағарту жұмыстарын жүргізу.
-
Кез келген баланың өз ата-анасы үшін әлемдегі ең артық, ең ардақты жан екендігін түсіндіру арқылы бала бойындағы өз-өзіне сенімділікті арттыру.
-
Ата-ана, отбасы құндылықтары туралы түрлі психологиялық жағдаяттар арқылы оқушыларды отбасы құндылығын бағалай білуге, ата- ананы құрметтеуге баулу жұмыстарын жүргізу.
-
Тақырыпқа сай психологиялық жағдаяттар ұсыну.
-
Қазіргі заманда түрлі әлеуметтік ахуалдағы отбасылар бар екендігі анық. Қандай жағдай болғанда да, өз отбасының ең құрметті орын, ең ыстық ұя екендігі туралы түсініктерін жетілдіру. Жиренше шешеннің «өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деген аңызының тәрбиелік мәнін ашып көрсету. Дәл сондай тақырыптағы ситуациялық жағдаяттарды сынып болу шешуге баулу.
Қолданылатын әдістер: «Отбасының суреті» тесті, «аяқталмаған сөйлемдер», түсіндіру, көз жеткізу, ситуациялық жағдаяттардан шығу т.б.
Үлгі: «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Аяқталмаған сөйлемдерді ұсыну нәтижесінде оқушылардың өз жанұясына, сыныптастарына, достарына, ер адамдар мен әйел адамдарға, ұстаздарға, өзіне және өмірлік мақсатына деген көзқарасын байқау, оқушының ешкімге жақ ашпайтын қырларын тану және оны құпияда ұстай отырып, түрлі психологиялық ситуациялар арқылы көмек көрсету.
Ұсынылатын сөйлемдер үлгісі:
1. Менің ойымша, менің әкем
2. Егер бәрі маған қарсы болса, онда --------------------------------------
3. Мен үнемі қалаймын 4. Егерде мен жетекшілік орында болсам-----------------------------------
-
Болашағым, менің ойымша
-
Басқалармен салыстырғанда, менің отбасым----------------------------
-
Менің анам және мен
-
ұмыту үшін бәрін жасар едім.
-
Егер де менің әкем қалағанда
-
Менің ойымша мен қабілеттімін. 11. Мен өте бақытты болар едім, егерде-------------------------------------
-
Менің отбасым менімен сөйлеседі.
-
Менің анам
-
Менің ең үлкен қателігім
-
Менің әкем қалаймын.
-
Менің әлсіздігім
-
Менің жасырын тілегім 18. Менің ойымша, көптеген аналар--------------------------------------------
-
Бәрінен бұрын мен бұл өмірде қалаймын
-
Менің қауіптенгенім рас болып шыққан кездер болған----------------
Нәтиже: оқушылардың отбасына деген ерекше ыстық ықыластары арта түседі, отбасы мүшелеріне ұрметпен қарауға және өзінің отбасы мүшелері алдындағы құқықтары мен міндеттерін біледі.

Бaғaлaу: Белсенді оқушылар
-
тaқырып. Мектебім – мақтанышым Мақсаты:
-
Мектеп мазасыздығы мен қорқынышына профилактика және диагностика жасау. Мектепке бейімделуі барысында қиындықтарға тап болған оқушыларға көмек көрсету, әдіс-тәсілдерді жетілдіру, оқушылардың психологиялық мәртебесін қалыптастыру, бейімделу кезеңіндегі қиындықтарын, эмоционалдық орта және оқу барысындағы интеллектуалдық қиындықтарына түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.
-
Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін ұйымдастыру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмаларды орындату.
Қолданылатын әдістер:
-
«Жаңбыр астындағы адам» жобалау әдістемесі арқылы зерттеу оқушысының мектепке қарым-қатынасы. Сурет әдістемесі.
-
«Мен мектепте сезінемін. » Оқушылармен әңгімелесу.
-
«Оқушылардың оқу процесін адаптациялау» сауалнамасы.
Нәтиже: алғашқы сабақта оқушылардың мектеп жайлы көзқарастары, мектепте туындайтын қиындықтары мен тіл табысулары жалй диагностика жасалады. Екінші сабақта жасалған диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша коррекциялық жаттығулар, тапсырмалар орындалады.

Бaғaлaу: шaршылaр aрқылы бaғaлaу.
-
тaқырып. Менің ұжымым - менің сыныбым
Мақсаты: Сынып оқушыларының өзара ауызбіршіліктерін, сынып ішіндегі атмосфераны бақылау, сынып көшбасшыларын және тіл табыса бермейтін тұйық оқушыларды анықтау, диагностика нәтижесінде коррекциялық жұмыс жүргізу. Социометрия нәтижесінде «жұлдыздар»,
«құрметтілер», «қабылданғандар», «шетте қалғандар» тобын білу. Нәтижемен жұмыс жасау. Оқушылардың бір-біріне деген сенімділіктерін
арттыру. Сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, оқушылардың өзара тығыз байланысын, бір-біріне деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Қолданылатын әдістер:
-
«Мен» психологиялық парақшасын толтырту;
-
«Сенімді және сенімсіз мүсін»;
-
«Өз күшіне сену!» ассоцияциялық картасын толтырту
-
«Сәлем хат». Бір-біріне тілек жолдау арқылы ынтымақтастық қалыптастыру.
-
Социометрия әдісі (Дж. Морено).

Нәтиже: сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, ортамен тіл табыса білуі анықталып, олардың ұжым ретіндегі ынтымақтастарын арттыру бағытынды түрлі диагностикалық және коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың барлығы өз сыныбын мақсат-міндеттері ортақ бір ұжым екендігін сезініп, бір-біріне қамқорлық танытады.

Бaғaлaу: оқушылaрдың өзін-өзі бaғaлaуы.
-
тaқырып. Досым менің – сенім артар тірегім Мақсаты:
-
Оқушылардың достық туралы, достары жайлы көзқарасын, ұстанымын, тіл табыса білу деңгейін түрлі психологиялық тәсілдермен анықтау.
-
Диагностикалық зерттеуді қорытындылай келе, оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, адал дос бола білуге шақыру, гуманистік көзқарастарын жетілдіру.
-
Түрлі сиуациялық жағдаяттардағы қиындық, кедергі атты бөгет- бекеттерінен сүрінбей өтіп, «Достықтың шыңы» атты зәулім қалаға жетулеріне көмектесу.
Қолданылатын әдістер: дербес мінездемелерді жинақтау, сауалнама, эссе жазғызу, түсіндіру, көз жеткізу.
Нәтиже: сынып оқушыларының ауызбірлігі артады, бір-бірін құрметтеуге дағдыланады, кейбір оқушыларды бөліп тастау, топқа қоспай қою сияқты жағымсыз мінез-құлықтардан арыла бастайды.

Бaғaлaу: Түзетулер
-
тaқырып. Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем! Мақсаты:
-
Оқушылардың сынып жетекшісімен қарым-қатынасын анықтау. Оқушылардың пән мұғалімдеріне деген қарым-қатынасын анықтау.
-
«Мұғалім мен оқушы. Оқушы мен оқушы қарым-қатынасы» жайлы ақпараттар беру.
-
Ұстаздың ұлы тұлғасы жайлы ситуациялық жағдаяттармен таныстыру және сондай жағдаяттарды шеше білуге жаттықтыру.
-
Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған ойындар, түрлі ситуациялық жағдайларды ұсыну.
-
Оқушы үшін «Ұстаз кім?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Өзінің ұстаздарға қаншалықты жақын екендіктерін анықтау үшін төмендегі парақтағы суретті тарату. Мұғалімді, өзін және достарын белгілету. Сол арқылы өзіне деген сенімділігін байқау, өзін ортада қалай сезінетіндігін, ұстаздарға қаншалықты етене жүретіндіктерін көреміз.

Қолданылатын әдістер: сауалнама, оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау әдісі, тренинг.
Нәтиже: ұзтазға, жалпы жасы үлкен адамға құрметпен қарау сезімдері арта түседі, оқушы мен оқушы, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынастың қыр-сырын тереңірек меңгере бастайды.

тaқырып. Қарым-қатынас психологиясы Мақсаты:
-
Оқушылардың қарым-қатынас жайлы ұстанымдарын анықтау, өзгелермен қарым-қатынасқа түсе білуінің ерекшеліктерін сараптау. Зерттеу диагностикасы нәтижесі бойынша коррекциялық жұмыстар жүргізу.

Ойын тренингтерін ұйымдастыру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар жасату.
Нәтиже: қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінеді, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қажеттігін түсінеді, дұрыс, ізгілікке бағытталған қарым-қатынас орната білуге талпынады.

тaқырып. «Қарым-қатынаста не қиын?». Оқушының тұлғааралық қарым-қатынасы
Мақсаты:
-
Оқушылардың айналасындағы адамдармен, отбасы мүшелері, ұстаздары, сыныптастары, достарымен қарым-қатынас барысында қандай қиын жағдайларға жиі тап болатындығын анықтап, шиеленісудің, қақытғыстың алдын алу мақсатында реттеуші-дамытушылық бағыттағы жұмыстарды жүргізу.
-
Адамдармен қарым-қатынаста түрлі қиындықтардың, кедергілердің болатындығы туралы түрлі ситуациялық жағдаяттарды ұсыну және шешімін бірге талдау.
-
Қиындықтардың негізгі себептері мен салдарлары, жалпы сипаттамасы туралы өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, ондай жағдаяттардың алдын алуға жаттықтыру.
-
Қиындықтардың жас ерекшелік саласы, мәртебелік саласымен таныстырып, ондағы қиындықтарды жеңе білуге үйрету.

Бaғaлaу: Оқушылaр шолуы
-
тaқырып. «Қақтығыс жағдайынан шығып кете аласың ба?»
Мақсаты: К.Томас сауалнамасы арқылы қақтығыс жағдайларында оқушылардың өздерін ұстауы, дау-дамайға жақын немесе одан қашық жүретіндіктерін анықтау, сауалнама нәтижесімен жұмыс жасау.
Сауалнама сұрақтарын таратып, оның нәтижесін сараптау.
Қолданылатын әдістер: К.Томас сауалнамасы, К.Томастың кикілжіңді шешуге арналған бес тәсілі.
Нәтиже: қақтығыстың салдарларымен танысады, қақтығыстың алдын алу жолдарын меңгереді, қақтығыстан шығудың тәсілдерін үйренеді.

Бaғaлaу: Блок ортaсындa бaғaлaу.
-
тaқырып. Кедергілік жағдайлар
Мақсаты: сынып оқушыларының кедергілерге төтеп беруі, оған қарсы әрекеттерді ақылмен қабылдау тәрізді қасиеттерін анықтау және қалыптастыру. «Кедергіге фиксация», «Өзін қорғауға фиксация»,
«Қажеттіліктерді қанағаттандыруға фиксация».
Қолданылатын әдістер: С.Розенцвейгтің фрустрацияны зерттеуге арналған тәжірибелік-психологиялық әдістемесі, «Плюс, минус» әдісі. Сұрақтар, график және кесте. Тұлғаның өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық ерекшеліктері. Өзін-өзі бағалау. Графикалық тест. Жүйкені және жанды тыныштандыратын психологиялық жаттығулар (Релаксация әдістері). «Сіздің уайымға бейімділігіңіз». «Мінез сапалары тізімі» арқылы оқушының мінез-құлқын анықтау. Спилбергтің әдістемесі бойынша мазасыздықтың дәрежесін анықтау Үрейді жеңу жолдарымен танысу.
Релаксациялық жаттығулар және үрейді жеңу. «Сенімділік бейнесі» жаттығуы.
«Стресс - тест». Ерекше қиындық туғызатын оқушылар тобын анықтау: сенімсіз оқушылар, мазасыз оқушылар, бос оқушылар, әлсіз оқушылар Стреспен қалай күресуге болады? Стресс жағдайында өзін ұстауды үйрету. Ерекше қиындық туғызатын оқушылардың кемшіліктерін түзету жұмыстары. Стреске қарсы гимнастика. «Өз күштеріңе сен!» тренингі. Мен саған сенемін! Оқушылардың бір-біріне сенімділігін арттыру. «Мен» психологиялық парақшасын толтырту; «Сенімді және сенімсіз мүсін»; «Өз күшіне сену!» ассоцияциялық картасын толтырту.
Нәтиже: кедергілерген өте білуді, шыдамдылықты үйренеді, өз күшіне белгілі жағдайда сене білу дағдысын қалыптасады.

Бaғaлaу: екі жұлдыз, бір тілек.
-
тaқырып. Алаңдаушылық жағдайы Мақсаты:
Оқушыларда белгілі жағдайда болатын алаңдаушылықтарды анықтау, олардың себептері мен салдарларымен жұмыс жасау. Мектептік, өзін-өзін бағалаушылық және тұлғааралық алаңдаушылықтарды анықтап, оларды болдырмау, алдын алу т.б. мақсатта оқушыларға тренинг ұйымдастыру.
Алаңдаушылықты анықтауға арналып ұсынылатын сұрақтардың үлгісі:
-
Тақтаға шығып жауап бергенде;
-
Түрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатысқанда;
-
Өз болашағы туралы ойлағанда;
-
Бақылау жұмысын жазарда;
-
Мұғалім сабақ сұрай бастағанда;
-
Ойлаған ісің жүзеге аспай қалғанда;
-
Мұғалім кенеттен ұрысқанда т.б.
Қолданылатын әдістер: Жасөспірімдердің алаңдау деңгейін анықтау әдістемесі. К.Леонгардтың «Акцентуациялық типін анықтау» әдісінің оқушыларға үйлестірілген түрі.
Нәтиже: алаңдаушылық сезімінің себептері мен салдарларын біледі, ондай жағдайда өзін-өзі ұстай білудің жолдарымен танысады.

Бaғaлaу: Бaс бaрмaқ aрқылы бaғaлaу.
-
тақырып. Жауапсыздық пен жалғандық жарға жығар
Негізгі сұрақтар: оқушыларға түрлі зерттеу тапсырмасын орындату арқылы олардың жалған сөйлеу, жауапсыздық таныту деңгейлерін анықтау және коррекциялық жаттығулар жасатып, реттеуші-дамытушы жұмыстарын жүргізу.
Қолданылатын әдістер: «Сіз өтірік айтасыз ба?» тесті,
![]()
Тест_ _Сіз өтірік айтасыз ба
.html ,
Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы сұрақтарға төмендегідей үлгіде жауап береді:
-
Бұл туралы өте жиі ойлаймын.
-
Жиі ойлаймын.
-
Анда-санда ойлаймын.
-
Сирек ойлаймын.
-
Ешқашан ойламаймын.
Қолданылатын әдістер: «өзіне баға беру әдістемесі», «Сіз өтірік айтасыз ба?» тесті, түсіндіру.
Нәтиже: жауапсыздық пен жалған сөйлеудің жағымсыз қасиеттер екендігін анық түсініп, бұндай кеселді әрекеттерден аулақ болуға тырысады.

Бaғaлaу: Кері байланыс бутерброды
-
тaқырып. Өзімшілдік пен көпшілдік Мақсаты:
-
Оқушыларға өзімшілдік, көпшілдік жайлы ситуациялық жағдаяттарды ұсына отырып, олардың бойындағы бұл қасиеттердің бар- жоғын анықтау, түрлі жаттығуларды орындатудың нәтижесінде коррекциялық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру.
-
Оқушыларды ұйымшылдыққа, көпшілдікке баулу.
-
Түрлі ситуациялық жағдаяттар арқылы өзімшілдік пен көпшілдіктің салдарларымен таныстыру, көпшіл болудың артықшылықтарын санамалап көрсету.
Нәтиже: асқан өзімшілдіктің өзіне зиян тұстарын түсініп, барынша көпшіл болуға ұмтылады.
Пәнaрaлық бaйлaныс: өзін-өзі тану, психология Бaғaлaу: оқушылaрдың сыныптaстaрын бaғaлaуы.
-
тaқырып. Көшбасшылық психологиясы Мақсаты:
-
Көшбасшыға тән қасиеттермен тереңірек таныстыру. Көшбасшылық психология жайлы кеңірек ақпарат беріп, көшбасшылыққа ұмтылдыру.
-
Оқушыларға сұрақтар ұсыну. Сұрақтағы өздерінің бойында бар және жоқ қасиеттерді белгілету. Өзін-өзі жете тануға, көшбасшылық қасиеттердің арта түсуіне жол ашу.
|
№ |
Сұрақ |
Ия не жоқ |
Мен бұл қасиетіммен мақтана аламын |
Мен бұл қасиетімді өзгерткім келеді |
|
1 |
.... қасиет сіздің бойыңызда бар ма? |

тақырып. Зияткерлік психологиясы
Негізгі сұрақтар: Оқушылардың зияткерлік деңгейін түрлі психологиялық тәсілдер негізінде анықтау. Зерттеулер нәтижесін ескере отырып, зияткерлік туралы ұғымдарын кеңейту, зияткерлік дағдарыспен таныстыру. Қазіргі таңда ақпарат көп болғанымен, сол бар ақпаратты игеріп, жүйелі ойланудың, зерделеудің болмауынан зияткерлік дағдарыстың жасөспірімдер арасында жиі орын алып отырғандығын, оның алдын алудың жолдарын таныстыру. Коррекциялық тапсырмалар орындату, ситуациялық жағдаяттар ұсыну.
Қолданылатын әдістер: «Зымыран» социометриялық әдістемесі, В.Стефансонның «Q-сұрыптау» әдістемесі.

Бaғaлaу: Оқуды реттеу
-
тaқырып. Курс бойынша өткенді қайталау
Курс бойынша алған білімдерін жүйелеп, оқушылардың өздерінің қалауы бойынша таңдаған тақырыпқа тренинг ұйымдастыру.
-
тaқырып. Қорытынды сабақ
Мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарды қорытындылайтын психологиялық тренинг ұйымдастыру. оқушыларының жыл бойғы даму картасын дайындау. Мониторинг бойынша есеп беру. Ақпараттық баяндама, есеп әзірлеу
«Мен және менің мектептегі өмірім» атты шығармашылық жобаларын қорғату.
-
Сенім. Білім. Өмір. Қарым-қатынас. Осы тақырыптар төңірегінде өзіне деген сенімділік, білімге деген құштарлығы, өмірге деген құлшынысы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жайлы толыққанды қамтылады.
-
Менің отбасым: отбасындағы өзінің орны, отбасындағы өзіне ең жақын адамы, отбасындағы сырласы т.б.
-
Менің достарым.
-
Менің ұстаздарым.
-
Болашақ жастардың қолында, менің оған қосар үлесім.
Осы тараулар бойынша шығармашылық жұмыстарын жасау, презентацияларын қорғау. Жобаны әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетіне қарай, өзінің шама-шарқынша жазады.

Бaғaлaу: Прогресс білдіру
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер:
-
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. – Алматы, 2012. – 304 б.
-
Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2020. - 382 с.
-
Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістемесі. - Алматы, 2020. - 125 бет.
-
Мектептегі психологиялық диагностика», (әдістемелік құрал) – Астана, 2019.
-
Журнал: «Психология Қазақстан мектебінде» №4(22), 2020.
-
Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2018. – 320 с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектептегі психодиагностика және психокоррекция негіздері

шағым қалдыра аласыз