400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
құқықбұзушылықтың алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық бұл күн тәртібінен түспей келе жатқан көкейтесті мәселе. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген. Өйткені елдің елдігін, тұтқасын ұстап тұратын бүгінгі жасөспірім - ертеңгі азамат.

Ал, азаматтарымыз жүгенсіз, тәрбиесіз болса, елдігімізге сын емес па? Оларды тәртіпті, тәрбиелі, білімді етіп қалыптастыру мектеп мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артады.

Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Осы орайда Түркістан облысы, Ордабасы АПБ ЖПҚ УПИ полиция инспекторлары тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.

Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарылып келе жатыр. Тәрбие сағаттары, іс-шаралар, құқықбұзушылыққа бейім білім алушыларды үйірме жұмыстарына тарту жүргізіліп отырады.

26. 04. 2023 жылы «Бала – ата-ананың айнасы» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Бала ата-ананың, отбасының, адамгершілік өмірінің тәрбиелілігінің айнасы екенін түсіндіру, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар тарапынан жауапкершілікті күшейту.

ДТІЖО Ш. Уралова: -  Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда мектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқы туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып, өзгертілген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анық көрсетілген» дей келе Заңнамадағы ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, слайд бойынша көрсетіп, таныстырып өтті.

Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші, ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
10.05.2023
280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі