Мектептің ішкі тәртіп ережесі
Оқушы тәртібі туралы жалпы ереже:
-
Оқушылар сабаққа 10-15 минут ерте келуі міндетті.
-
Сабаққа оқушы ҚР Білім және Ғылым министрінің 26-бұйрығына сәйкес ұлдар — классикалық үлгідегі қара немесе қою көк шалбар, костюм, ақ көйлек, қыздар – қара немес қою көк юбка, ақ кофта киюге міндетті.
-
Сыртқы киімін мектеп киім ілігішіне тапсырады.
-
Сыныпта сынып жетекшісі тарапынан бекітілген орынға ғана отырып, өтілетін сабаққа қатысты оқу құралдарын даярлайды.
-
Мектепке және мектеп ауласына адам денсаулығы мен өміріне қауіпті заттар, жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар алып кіруге қатаң тыйым салынады. Әкелген жағдайда, оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, профилактикалық есепке алынады.
-
Мектеп бағдарламасына сәйкес берілген үй тапсырмаларын күнделікке толтыруға және орындауға міндетті.
-
Сабаққа қатысты барлық қажетті оқу және жазу құралдарын әкелуге міндетті.
-
Сабақ уақытында мұғалімдердің рұқсатынсыз мектеп ауласынан тыс жерлерге шығуға, өзге де іс-шараларға қатысуға болмайды.
-
Оқушыға қалалық, облыстық, республикалық түрлі спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға және сабақтан босатылуға мектеп директорының бұйрығы бойынша рұқсат етіледі.Бұйрық аясында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты педагог қызметкер бекітіледі.
-
Оқушылар мектеп мүлкіне, өзінің және өзгелердің жеке мүлкіне ұқыптылықпен қарайды.
-
Мектеп ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялары бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдермен, фото-бейнекамералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды әкелуге тыйым салынады.Тек оқу үдерісіне пайдалануға қажеттілік туындаған жағдайда әкелу керек
-
Ата-аналарға және бөгде адамдарға сабақ уақытында мектеп ғимаратына кіруге болмайды (сырттан келген қонақтар кезекші вахтаға тіркеліп, рұқсат алып кіреді).
Оқушылардың сабақ уақытындағы тәртібі
-
Сыныпқа мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрып құрмет көрсетеді. Мұғалім амандасып болғаннан кейін және оның рұқсатымен орындарына отырады.Сондай-ақ, сабақ уақытында өзге де үлкен кісілер кірсе, орнынан тұрып құрмет көрсетеді.
-
Әрбір мұғалім өз сабағы мен оқушылармен қарым-қатынас тәртібін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен мектеп жарғысына сәйкес ұйымдастырады.
-
Сабақ уақытында шулауға, өзін және сыныптас достарын сабақтан алаңдатуға, сабаққа қатыссыз іс-әркеттермен (мобильді телефонмен, айпад, наушник т.б заттармен ойнауға, әңгімелесу, күлу) айналысуға тыйым салынады.
-
Сабақ уақытында сыртқа тек мұғалімнің рұқсаты бойынша ғана шығады.
-
Оқушы сабақ уақытында мұғалімге сұрақ қойғысы немесе қойылған сұраққа жауап айтқысы келсе қолын көтереді.
-
Әр оқушы өз орнының санитарлық жағдайын сақтайды.Сынып бөлмесіне қағаз, сағыз т.б. түрлі заттардың қалдықтарын тастауға болмайды.

Қоңырау соғылған соң мұғалім оқушыларға өз сабағының аяқталғанын хабарлайды. Оқушылар орнынан тұрып, мұғалімнен кейін сыныптан шығады.
Оқушыларға тыйым салынады:
-
Ер балаларға шаш өсіруге, әр түрлі түске бояуға, мектеп оқушысына тән емес стильде шаш үлгісін қоюға, әр түрлі зергерлік бұйымдар тағуға;
-
Қыз балаларға шаштарын жаюға, әр түрлі түске бояуға, түрлі зергерлік бұйымдарды тағуға, тырнақтарын шектен тыс өсіріп, бояуға;
-
Мектеп терезесінің алдына ойнауға, отыруға;
-
Дәлізде не сыныпта бірін-бірі итеруге, алысуға, түрлі заттарды қолданып күш көрсетуге;
-
Мектеп ғимараты мен ауласында темекі шегуге;
-
Мектеп ішінде бейәдеп сөздер сөйлеп, шулауға, қатты дауыс шығарып күлуге;
Сынып кезекшісінің міндеті:
-
Қоңырау кезінде сыныпта болуға;
-
Сынып тазалығын қадағалауға;
-
сыныпты келесі сабаққа даярлау үшін пән мұғаліміне көмектесуге;
Орындаған: 10 «б» сынып оқушысы Әміржан Жаннұр
Жетекшісі:Дәрібаева Салтанат
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектептің ішкі тәртібі

шағым қалдыра аласыз