Материалдар / Мектептің жаны – мұғалім (Эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің жаны – мұғалім (Эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
1503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны – аяулы ұстаздар. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз” деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылмаған. Себебі, еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Кез келген адам мұғалім  бола алмайды , ол үшін адамда шыдамдылық , мейрімділік, балаларға деген сүйіспеншілік, өмір бойы  жаңа нәрсені  білуге әсер етуші болу керек.

Иә, “Қыран – түлегіне талмайтын қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне қайтпас талап сыйлайды” демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, жеке тұлғаны тәрбиелеп, білім беретін де ұстаз. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» - деп ұлы Коменский айтқандай қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолды таңдадым. Ұстаз болып, бала жанының бағбаны қызық та қиын жұмыс деп артық айтпаған болар едім. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында әрбір сабақтарымды үлкен дайындықпен өткіземін. Оқушыларға жаңа үлгідегі сабақ беруді мақсат етіп қойып, жинаған білім мен тәжірибиемді діттеген мақсатына жұмсай аламын деп ойлаймын.

Мен , Арал қаласында үлкен отбасында дүниеге келдім, алға қойған арман-мақсаттары көп болатын.Соның бірі де бірегейі –ұстаз болу.Мүмкін тұлымшағы желбіреген арманы көп бойжеткеннің отбасы да әсер еткен болас керекті. Әкем ауылға, қалаға қала берді облысқа танымал, парасатты, балаларды білім нәрімен сусындатқан –Бисембаев Маханбетали . Әкемнің бауырлары, әкесі бәрі –бәрі ұстаздық жолды таңдаған, ұлы тұлғалар . Тіпті нағашы атам – Сембеков Абубәкір Жеңішкеқұм ауылдық округінде зейнеткерлікке шыққанша білім ордасына басшылық етті. Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға деп, құдды осы қос әулеттерге арналып айтылғандай. Арман арқалап 2005 жылы Түркістан қаласындағы Түркістан гуманитарлық- техникалық колледжіне оқуға түсіп, 2008 жылы бітіріп шықтым. Өз еңбек жолымды ауданнан шалғай жатқан ,ысылдаған кіші құм мен ұлкен құмның ортасындағы бірлігі мен берекесі бітісе қайнаған ,бір отбасындай ұйыған кішкентай ғана ауыл –Қосаман ауылынан бастадым. Осы ауылда сәулеті мен дәулеті жарасқан мектепке арман арқарлап келдім. № 68 орта мектебіне жас маман болып орналастым. Еңбекке белсене араласа жүріп, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін тәмамдайдым.Қосаман ауылында қызмет ете жүріп отбасылы болдым. Ана бақытына ие болдым. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші ұстаздың алдынан батыр да ғалым да өткен. Өздерінің жетістікке жетіп, үлкен өмірге аяқ басқанда ұстазын еске алмайтын жан жоқ шығар. Тіпті олардың алдында ұлы тұлғалар да бас иген.

Иә, Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім – тәрбие беру, жақсы  қасиеттерді  бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта бағыт – бағдар  беруде  ұстаздардың  еңбегі зор. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»- деп, ұлы Абай айтқандай, барша адамзат ұстаз деген ұлы тұлғаға бас иеді. Сондықтан  да  ол  әрдайым  қасиетті тұлға!


Бисембаева Бағдат Маханбеталиқызы







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!