Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мемлекет және ақша
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Мемлекет және ақша»
Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық
теңгемізді құрметтеуге; тәуелсіздігіміздің 25 жылдағын еске сала отырып
патриоттық тәрбие беру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай,
кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан
айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы
кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы
түсініктерін кеңейту,
белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін
ояту.
Көрнекілігі: теңгелер, монеталары бейнеленген плакаттар, «Теңге
- тәуелсіздік келбеті», ноутбук, слайд.
Сабақтың түрі: галерея
сабағы.
Кітапханашы: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылыр! «Мемлекет және ақша » атты көрмемізге хош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі
сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге
туралы әңгімелейміз.
Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен,
тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары
жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25
жылдығына орай өткізіліп отырған «Теңге - тәуелсіздік
келбеті» атты сабағымызды бастаймыз.
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт, бірлік – күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні.
Мәңгі бақи шырқалады
Қазақстан әнұраны!
Қазақстан Республикасының
«Әнұраны» айтылады.
Кітапханашы: Тәуелсіздігіміз құтты
болсын! Осы азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып, еңсемізді көтерген
қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаны жеткен
жетістіктері ғасырға пара–пар. Осы өткен өмір
жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биыл
ұлттық теңгеге 23 жыл толды.
Слайд көрсету
Оқушы 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық
валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан
аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай
деректер бары іздестірілді.
Оқушы: Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3753
1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып,
сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1.15қараша Ұлттық валюта - теңге күнi, Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесi
қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып жариялансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап
күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
оқушы: Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың
туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы - тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге - елтірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі 500 рубльге
бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және
мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші
айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1992жылы тамыздың 2-сі күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы
тұлғаларының Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды.
Екіншіден бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз
салынған. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды.
Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері
Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.
1993жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге
Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп
аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Фабрика 400 жыл бойы
Ұлыбританияда банкноталарды шығарады. Кэтрин Куртис («Харрисон
және оның ұлдары»), суретшілер Мендібай Әлин мен Қайролла Ғабжалилов, Джеф
Стюарт (гендиректор «Харрисон және оның ұлдары»).
Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета
сарайында шығарылады.
Теңгемізде алғашқы
Бейнеленді ұлылар.
Кейін оған жалғасты
Жетістіктер қыруар.
Әбунасыр, Абылай,
Әбілқайыр, ұлы Абай,
Құрманғазы көз тартты,
Шоқан менен Сүйінбай.
Видео: Тенге национальная валюта.
оқушы Міне, бүгін теңге күнім - мерекем,
Қандай дұшпан «олай- бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем - дей келе келесі
көріністі тамашаландар
Теңге туралы жұмбақтар.
1.Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды кағаздар (теңге)
2. Мың... болғанша
Бір ақылды басын болсын (сом)
3. Айрықша белгісі
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (ақша)
4. Базарда бәрі бар,
... ешкім бермейді. (ақшасыз)
7.Тиыннан ... құралады. (теңге)
5. ... тиынна өсер.
Жылқы құлыннан өсер. (теңге)
6. ... кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)
Сұрақ –жауап:
Ұлттық валюта қай жылы
шығарылды? (1993ж. 15-қараша)
«Теңге» сөзі қай тілден келген?
(Түркілердің «таньга» сөзінен шыққан)
Теңгеміздің авторлары кімдер?
(Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелхахов, Хайролла Ғабжәлелов)
Теңгеміздің қанша қорғаныш қасиеті
бар? (он сегіз)
Ұлттық теңгеміз қайдан басылып
шықты? (Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасында)
Келген қонақтарға сұрақтар:
Бір килограмм қант қанша теңге
тұрады?
Астанадан Алматыға дейін
поезбен барсаңыз, билеттін бағасы?
Бір теңге қаңша доллар тұрады? 0,0029
доллар
Теңгесі бар ұлттық ойын?
Нан қанша теңге тұрады?
Мың теңгенің жиырма проценті
қанша болады?
Денсаулық акшаға сатып алуға
болама?
Бәрі адамдар бай болса не
болады?
Кітапханашы: Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап
қалу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.
Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мəдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде
12-14 ғасырлар, қола жəне күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің,
Уақытша үкіметтің, РСФСР жəне КСРО-ның ақша белгілері сақталған.
Мұражай қорында құны 5 жəне 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Екінші Николай патшаның бейнесі бар, Ұлы Пётр және Екінші Екатерина бейнесімен күміс және алтын
монеталар сақталуы тұр. Сондай-ақ неміс, орыс-поляк монеталары жəне Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.
Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тəуелсіздігінің 10
жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен жəне
дизайнымен таң қалдырады . Бұл жерде«Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның қызыл кітабы», “Қазақстанның қолөнері”, “Сəулет жəне тарихи ескерткіштер”, «Көшпенділер алтыны», «Ертеде
соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақталған. Мұражайға келушілер
арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған - “Қызыл бөрі”, “Регель
қызғалдағы”, “Ана”, «8 Наурыз», «Жаңа жылдарыңызбен» алтын жəне күміс монеталар
үлкен қызығушылық тудырады.
Міне, қазіроқушылар сіздерге Ұлттық Банктің
мұражайындағы теңге туралы қысқашы мәліметтерді береді.
2011 жылы 25 мамыр Ислам
конференциясының
ұйымдарындағы Қазақстан өкілдігіне арналған шыққан теңгелер:
-Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына
-
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығына
- 2010 жылы 1 мың теңгелік көкшіл - жасыл
- 2011 жылы Қысқы Азия ойындары
- 2011жылы Тәуелсіздікке арналған теңге түрлері
- 2011жылы қарашаның 15-і Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің
қолданысқа
енгеніне 18 жыл толды.
– 1995жылы 24-сәуірде естелік монеталары 50 теңге номиналы бойынша ССРО-Германия
соғысының жеңісіне 55 жыл толуына орай шығарылған.
– Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына теңгелер шықты.Сәбит Мұқановтың 100 жылдығына орай шығарылды.
– 2010жылы 25-мамырда номиналы 5000 теңгелік«Барыс» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды. Жартасты таулардың жоғарғы аясында қарсы барыс бейнесі болып табылады. Түрдің зоологиялық атауы -Монетаның жоғарғы, екі жолға латын тілінде жазылған, ал қазақ тіліне «айналдыра» Барыс ILBIS орналасқан.
оқушы – 2000жылы «Қазақстанның жаңа астанасы», қалаларға арнайы мерекелік теңгелер шықты.
Ал 1-қыркүйекте Түркістан қаласының 1500 жылдығына орай 50 теңгелік мерекелік
металл ақшаны шығарды.
оқушы – Қазақстан сериясы«петроглифтері» монеталары, монетаны айналдыра ағылшын
тілінде «КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ» деген жазу болып табылады. «Алтын адам» жазылуы
бар Қазақстан тарихына арналған монеталар 2005 жылы шығарылған.
оқушы – Бұл серия ғарышты игеру және Әлемнің құпиясын түсіну тарихында елеулі оқиғаларға
арналған. Жағында аспан фонында астронавтын жоғарғы жерде «БАЙҚОҢЫР» және
«ҒАРЫШ» жазылуы бар. Монетаның шыққан жылы 2007.
оқушы – Жанындағы сөзі «БЕСІККЕ САЛУ» жоғарғы жағындағы, ортада әйелдің суреті нәрестенің
бесігімен - осы салт дәстүр баланың денсаулығына байланысты. Монета 2006 жылы
шыққан.
оқушы – Қазақстанның қызыл кітабына жазылған құстарға арналған монеталар.
Монетаның жанында сөзі «ЖАЛБАҒАЙ», суреттің қасында 2007 жылы жазылуы бар.
оқушы – Монетаның
периметрі бойынша мемлекеттік тілде «Бауырсақ» және орыс тілінде «Колобок»
деген жазу, ертегі таңбаларды сипаттайды. Монета 2012 жылы шықты.
оқушы – Монетаның
сырт жағында қиғаш бұлан түрінде жасалған, бір кинжала Қындағы бойынша алтын
жалатылған бейнесі қосарластыру орталық бөлігінде геральдикалық бейнесі. Қазақ
тілі мен ағылшын тілінде «Бұлан. Бастырма» сөзі жазылған. «2012» жылы.
оқушы – Қазақстан Ұлттық Банкі 2015 жылғы 30 маусымнан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен адамдар»монеталар сериясынан сапалы күмістен номиналдық құны 500 теңгелік «Қазақ
хандығына 550 жыл» мерейтойлық монеталарын айналымға шығарды.
оқушы – Ұлттық валютаны енгізуге 5, 10, 15, 20, 25 жылдығына арналған ескерткіш монеталар, 50,
500, 1000, 5000, 50 мың теңге номиналды құны.
оқушы 4 қараша күні 2016 жылы Ұлттық Банкі 500 теңге күміс монеталар сериясы «Күлтегін»
ескерткіші суретімен шығарылды.
оқушы – Ұлттық Банкі 20 мың теңге номиналды құны банкнот шығарды.
Ол 1-желтоқсанда 2015 айналысқа енген.
оқушы (теңгенің моделі)
Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса
Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп
келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ
елі! - дей «Мемлекет және ақша» атты көрмеміз аяқтаймыз.
Назарларыңызға
рахмет!
Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
«Мемлекет және ақша»
Көрме
Жакапты Абетова Р.К
2018 оқу жылы
Ұлттық валюта- теңге
күні
Мақсаты:Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу
тарихы, оның маңызын
түсіндіру.
Білімділік:
ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі,
қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен
таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің
қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек
таныстыру.
Дамытушылық:оқушылардың ақша туралы
түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін
дамыту.
Тәрбиелік:
оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген
жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін
ояту.
Көрнекілігі:ақшаның түрлері, слайд,
бейнетаспа, суреттер
Барысы: Қайырлы
күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ
мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті
мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні
теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса
Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап,
құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.
Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен
бастамақшымын:
Әлемнің
тынысы
Байлықтың
белгісі
Ол не? -...
(ақша, теңге)
Олай болса Мың
жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе Ұлттық валюта-теңге күні атты
тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Міне, бүгін
теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан
олай - бұлай дер екен.
Осы теңге
арқасында келешек,
Елге келер
тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің
өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты
белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы
әңгімелейміз.
Сәлемдесу:
Сәлемдесіп
алдымен,
Басымызды
иеміз.
Бүгінгі күн
баршаға
Сәттілікті
тілейміз
Топқа бөлу: І
топ- теңге
ІІ топ
–евро
ІІІ топ-
доллар
Ақша ертеден
адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын
қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен
байланыста болады. Ақша дегеніміз
не?
Топтық жұмыс: І
топ: Ақша(теңге) деген не?
ІІ топ: Ақша не
үшін қажет?
ІІІ топ: Ақша
қайдан келеді?
Ақша-жалпыға
бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін
ерекше тауар.Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар
арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз
етеді.
Ой қозғау: ақша
қандай қызмет атқарады? ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына,
қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан
жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында
өтті.
Түсіндірме
жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы
баяндалады
(Алғашқы қағаз
ақшалар қай елдерде пайда
болды?
Алғашқы қағаз
ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған
солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда
болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық
елдерде шығарылды.
Кез-келген
ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін ,
яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін
арнайы ғылым саласы бар. Олнумизматикадеп аталады.Онда тиындар,
құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы
кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші
жартысында пайда болды, оның негізін салушы-Вена нумизматигі И. Х.
Эккель.
Алғашқы металл
тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен
соғылған.
Қазақ жерінде
пайда болған монеталар мен қағаз ақшалар туралы не
білесіңдер?
Б.з. 704-706 ж.
Таразда арнайы теңгелер құйылып айналымға енгізілген. Оның бетінде
Түргеш қаған теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгесі деген
анықтама жазулар болған. Орта ғасырда Қазақстан жерінде Тараз,
Отырар, Испиджаб қалаларында теңге соғатын сарайлар болған. 1271 ж.
айналымға енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс
ақшалар көбірек қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар ақша тарихында
Өзбек хан , Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың
атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан
бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны
белгілі.
Қазақстан
валютасының пайда болу
тарихы
1991 жылға
дейін КСРО құрамына енген 15 республикалардың ортақ ақшасы-рубль
болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің теңгелерін шығара
бастады. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті
құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Теңгені дайындау
үрдісі өте құпия түрде жүргізілді. Оның бәріне қаржы керек болды,
сондықтан Жоғарғы Кеңестің және Елбасының келісімімен Қазақстанда
өндірілетін алтын мен күмісті сатып ала бастады. 1990 жылдардың
басында Қазақстан бар болғаны 6 тоннадай алтын шығаратын. Бір
жылдың ішінде бұл көрсеткіш 8 тоннаға жетті, екінші жылы 10
тоннадан асып кетті. Осылайша алтын қор құрылды. Артынша 600
тоннадай күміс сатып алынды. Одан кейін күмісті щетелге шығарып
сатты, осыдан қаражат табылды. Франция, Германия, АҚШ, Жапония,
Испания секіді ірі мемлекетерге барып, олардың ақша шығару
технологиясы зерттелді. Сол кезде мақсат шет елде валютаны шығару
емес, сол технологияны елге әкелу болатын. Теңге Ұлыбританиядағы
“Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында
басылатын болды. Елбасының сөзінен: Ил-76 төрт ұшағын жалдап алып,
ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Құжаттарға: Мемлекет
басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік деп жазылды.
Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ
аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз
рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп
жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының
бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық
аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде
атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап
осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар деп сонау 1993
жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.1993 жылдың күзінде
Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.15
қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта –теңге
енгізілді. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық
суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның
алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген
ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі
билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын
шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген.
Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез
өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек
саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да
айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына
қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын
болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір
монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында
саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс
динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне,
осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль
аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты.
Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де
теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні
болып саналады.
Қазақ валютасын
өмірге келтірген суретшілер:Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин,
Ағымсалы Дүзельханов, Қайролла Әбжәлелов. Теңге Ұлыбританияның
әлемге әйгілі әрі ең көне Харрисон және оның ұлдары деп аталатын
банкноттық фабрикасында / 400 жылдан астам тарихы бар / басылып
шықты.
Теңгені
Қазақстанға әкелу барысында біраз қиындықтар болды.Біріншісі, ақща
тиелген ұшақты басқа елдердің аумағында қонбайтындай болып
жоспарланған, бірақ ұщақтың майы жетпей Ресейдің бір әуежайында
қонуға тура келді. Екіншісі, Ақтауда кеден комитеттің өкілдері
ұшақта не бар, тексереміз! деп
әрекеттенген.
Жалпы, әлемдік
тәжірибеге жүгінсек, қағаз ақша купюрасын басып шығаруға кемінде 2
жылдай уақыт керек екен. Отандық суретшілердің айтуынша, қазақ
теңгесі бірнеше айдың ішінде басылып шықты. Қазіргі күні әу бастағы
Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың портреттері басылған
банкноталар бүгін тарих қойнауында
қалды.
Мемлекетаралық
қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға
енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын
болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан
соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар
жезден жасалған монеталармен
алмасты.
Жаңа үлгідегі
банкноттар 2006 жылы15-қарашада ұсынылды. Соңғы уақытта қолдан
жасау фактілерінің өсуі негізінен офистік компьютерлік , көшіру
және басу техникасының өсіп отырған мүмкіндіктеріне қатысты. Ақшаны
қолдан жасаумен күрес саласы бойынша құқық қорғау ұйымдарымен
бірлесіп жұмыстар
жүргізілуде.
Жаңа
банкноттарды әзірлеу кезіндедизайынныңбірнеше түрі тақырыпта
жасалған болатын. Банкноттардың түсі мен кейбір шағын элементтер ,
жартастағы бейнелер, қазақтың ою-өрнектері және бабалар мұрасының
басқа да нысандары пайдалана отырып жасалды. Сыртқы жағында негізгі
көріністе табиғат ландшафттары қазіргі және бұрыңғы тарихымызбен,
уақыттың ағымында өзгеріссіз сәулет ғимараттарымен үйлестіріле
берілген.
Теңгенің 16
құпия қорғанысы белгісі бар.Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау
технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия
белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай
алмайсыз.
Бас кезінде
теңгелер тек қазақ тілінде болған, жаңасында орыс тілі де
енгізілген.Екі тілде болсын деген Президенттің Жарлығы болғаны
белгілі.)
Ақшаның қандай
түрін білесіңдер? Ақша қай елде қалай аталады? Әр елдің ақшалары
слайд арқылы көрсетіледі)
Ресей рубліКСРО
заманынан келеді. 90-жылдардың басында Ресей өз рублін шығарды,
жаңа кезеңі басталды.
АҚШ
долларынбілмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі
талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып
өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның
ұсынысымен Ұлттық валюта болып
қабылданды.
Алдымен
монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан.
1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен
шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны
қолданады.
Европадаевродеген валюта 1999 жылдың
1-қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия,
Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа
енді.
Юань-ҚХР-дың
ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс монеталар, кейіннен қағаз
банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне
берілен атау.
-Біздің
теңгеміз болашақта қандай болады деп
ойлайсыңдар?
Олай болса,
біздің теңгеміздің болашағы мынандай
болады:
Теңге отыр
шалқайып,
Сом отыр шай
құйып.
Доллар отыр
қан-жоса,
Франк болса
далбаса.
Лира жатыр
ес-түссіз,
Иена отыр
үн-тұнсіз.
Рубль отыр
жымиып,
Риял келеді
тыриып.
Бәрі теңгеге
қарайды,
Оған бата
алмайды.
Аузына
қарайды,
Айтқанын
орындайды.
Теңгеден
озбайды,
Оны
тыңдайды.
Артық іс
қылмайды,
Себебі
теңге
Жамандық
қылмайды,
Әділдікті
қолдайды.
Тапсырма. Ұлы
ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің,
батырлардың, хандардың суреттері
салынған.
1 теңгеде – Әл
Фараби
3 теңгеде –
Сүйінбай
5 теңгеде –
Құрманғазы
10 теңгеде –
Шоқан
20 теңгеде –
Абай
50 теңгеде –
Әбілхайыр хан
100 теңгеде –
Абылай хан
Жеке жұмыс:
дидактикалық-танымдық
тапсырмалар
Сабақты
пысықтау: Жоғары айтқандарымызды қысқаша бекітіп
көрейік.
-Ақша деген не?
(барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше
тауар)
-Төл
теңгеміздің туған күні? (1993 ж 15
қараша)
-Ақша сақтайтын
мекеме. (Банк)
-Жеке есепшоты
бар төлем-қағаз. (карточка)
-Ақша беретін
құрылғы. (Банкомат)
-Төлемді
растайтын қағаз. (Чек)
-Біздің
елімізде қандай қалаларда Теңге сарайлары бар? (Өскемен мен
Алматы)
-Теңгенің неше
құпия қорғанысы бар? (16 құпия қорғанысы
бар)
-Қазақ теңгесі
қайда басылды? (Ұлыбританияда Харрисон және оның ұлдары атты
банкноталық фабрикада)
Мақал – сөз
мәйегі.
1. Теңге
тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.2. Ақша кетуге тырысады, Есеп
ұстауға тырысады.3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.4. Ақша
ашпайтын құлып жоқ.5. Ақшада көз жоқ.6. Ар-намысы таза адамның
ақшасы аз болады.
Түйін сөз:
Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың
әңгімесі.
2 дос саябақта
келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады.
Екіншісі оған:
- Оны қайтесің,
оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда
досы:
- Мен
елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк
байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің –
ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей
жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап
беріпті.
Тақырыбы: «Ұлттық валюта күні»
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен
тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған
жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет
келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Теңгемен .
Ендеше тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Теңге – мемлекет келбеті».
«Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар:( теңге, тиын, ақша, валюта,қаржы,капитал)
Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.
Теңге тарихын айтып бермейік.
Теңге тарихы
- Мемлекетіміздің елбасы – Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстан Республикасның тұңғыш Президенті болып қай жылы
сайланды?
1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасчының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.- Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгібағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тәнмемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба жәнеӘнұран жататының Сіздерге белгілі.
-
Мемлекетіміздің Әұранның авторы кімдер?
- Мемлекетіміздің Туының авторы кім?
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?
(Оқушылар жауабын тыңдалады).
Жүргізуші: Қазақстан Республикасы - егеменді , тәуелсіздемократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы , мемлекеттік рәміздер,ұлттық валютасы бар.Ал енді оқушылар теңге туралы не біледі екен?
1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттықвалюта.Ол – Қазақстан Песпубликасы көлемінде пайдаланылатыгн заңды төлем құралы. Ақша – асылд қазына , халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелердіТүркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.
Жүргізуші:Теңге өмңірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өзтеңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді.Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаңтапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын,тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздстірілді.
2 Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланыстыжұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі «мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының бергентапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша
күні таңертеңгі сағат 8:00ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің бастыюелгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 19жыл толып отыр. Қазақтеңгесі Англияда басылдыы.
Жүргізуші: Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына
да үлесін қосты. Одантүскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқыфакторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі2006жылғы үлгідегі
номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000
теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою
өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлытұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою өрнектер,табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Одан кейін жаңаайналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.(қазіргі қолданыстағы теңгелер көрсетіледі.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраныноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік
елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік туы бейнеленген.Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылыкөпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
Жүргізуші:«Тиыннан теңге құралады» ,демекші , ақшаны үнемді пайдалану
керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Кім тез ұғып алды екен « Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар кімдер?
-Ақша қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
-Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда жинауға болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен безендіріледі?
-Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі қайда басылды ?
-Сен ақшаны орынды жұмсай аласың ба?
Сабақты қортындылау:
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді,
саналы азамат болып
өсуімізге борлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер!Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет.
Тәрбие сағатының тақырыбы: