Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 лекция Тақырыбы: Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері

1.Мемлекет түсінігі, белгілері, функциясы

2.Мемлекеттің пайда болуы жайлы теориялар

3.Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы

4.Құқық түсінігі, мәні функциясы



Мақсаты: Білім алушыларға мемлекеттің пайда болуы туралы , құқық ұғымының қалыптасуын, құқықтық құбылыстарды ұғындыру. Мемлекеттің белгілерін, нышандарын, функцияларын, механизмдерін кеңінен түсіндіру

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның мнтеграциясын қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси аумақтық, егеменді ұйымы.мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипаттайды:

1)Бұқаралық биліктің болуы

2)Тұрғындарды аумақтық бөлу

3)Салық жүйесі

4)Егемендік

5)Құқық

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады.Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді.

1)Бұқаралық билік

2)Аппараттық билік

3)Легитимдік билік

Мемлекет мәні – бұл осы құбылыстағы онығ мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі. Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:

1)Таптық

2)Жалпы әлеуметтік

Мемлекет фунциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат-міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары онығ мақсат-міндетімен байланыстырылған, онығ мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мінге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Мемлекет функцияларының классификациясы:

1)Әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша

2)маңызына байланысты – негізгі және қосалқы

3)қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекеттің ішкі функциялары:

1.Экономикалық функция –мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету Экономика дамуын реттеудің 4 тәсілі бар

-салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп басқару

-экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту

-ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру

-мемлекеттік өндірісті дамыту

2.Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытта бөлінеді;

1.адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту

2.адамдардың денсаулығын қорқауқа, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру

3.Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарып отыру

4.Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі,әдебиет, өнер музыка, тәрбие мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.

5.Экологиялық функция

6.Құқықтық тәртіпті және қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы

7.Ғылыми-техникалық прогрессті дамыту функциясы

Мемлекеттің сыртқы функциялары:

1.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе өзін-өзі қорғау

2.басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту

3.Әлемдік келелі мәселелердің шешімін табу

4.Халықаралық қатынастарда мемлекеттің мүддесін қорғау, сақтап қалу


Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарға бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы. Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық регламенттеуші, ұйымдық, ұйымдық –идеологиялық. Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әрбір мемлекеттік органның оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады, өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, қызметтік тәртібінің жүйесі болады., қажетті биліктік өкілеттілігі болады,

Мемлекеттік органдардың классификациясы:

  1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы-бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау-қадағалау органдарына бөлінеді.

  2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот

  3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы

  4. Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті

  5. Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша – тұрақты және уақытша

  6. Құзырлығының сипаты бойынша жалпы құзырлықтағы және арнайы құзырлықтағы


Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт ретінде үнемі қмір сүріп келген жоқ, олар біртіндеп қалыптасты.

  1. Теологиялық теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп жақтайды. Өкілдері А.Августин, Ф.Аквинский

  2. Патриархалдық теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Өкілдері:Аристотель, Конфуций, Филмер.

  3. Шарттар теориясы –XVII-XVIII ғасырларда кеңінен тараған. Оның негізгі өкілдері Голландияда Гроций, Спиноза, Англияда Локк пен Гоббс, Францияда Руссо, Ресейде Ради щев болды. Мемлекет шарт нәтижесінде пайда болды, оның қатысушылары адамдар болып табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

  4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негзі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырда пайда болып, оның өкілдері Л.Гумплович, К.Каутский, Е. Дюринг

  5. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин

  6. Психологиялық теория – XIX ғасырда пайда болды. Оның өкілдері Г.Тард, Л.Петражицкий болды. Мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикалық қасиетіне байланыстырады. Алғашқы қауым элитасына саналы түрдегі тәуелділігі, оларға еліктеуі, бағыныштылығығ әділетті түрде қарым-қатынасына байланысты адам мінез-құлқының, қызметінің нәтижесінде мемлекет пайда болады.

Мемлекет және құқық теориясының 3 негізгі функциясы бар:

  1. Теориялық-танымдық функция – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ғылыми түсіндіруге негізделген

  2. Тәжірибелік-қолданбалы функция – мемлекеттің қызметін жетілдіруге, дамытуға бағытталған

  3. Тәрбиелік функция - құқықтық тәрбиелеу мәселелерін шешуге, демократия, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарығ заңдылықтары т.б күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі