Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих әдістемелік бірлестік жетекшісі:_______________ Сүлейменова Г.М.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2А Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні: 08. 11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Г.М.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен рөлі қандай?

Кәсіби даму мақсаты

Тарихи деректер мен құжаттар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 9.2.2.2 Мемлекеттік органдардың құрылуында сайлаудың маңызы мен ролін анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Сайлау туралы сайлау жүйелерімен танысады және оның маңыздылығын анықтайды;

  • Негізгі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады



Бағалау критерийлері


  • Негізгі ұғымдар мен түсініктерді сипаттайды

  • Пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесін салыстырады;

  • Жастар парламентін сайлауда болатын шаралар мен ережелерді құрастырады;

Тілдік мақсаттар

  • Саяси партия - политическая партия

  • Оппозиция

  • Пропорционалды және мажориталы сайлау

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыни тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;

Құрметтеу: оқушылардың жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарау;

Өз көзқарастарын ашық білдіру;

Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту (интербелсенді тақта).

Бастапқы білім

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Сәйкестендіру

тапсырмасы

6 минут



3 минут

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

І. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін сәйкестендіру.

Ауызша сырттай бағалау.

Критерийі:

  • Мемлекеттік органдардың атқаратын қызметін біледі;

  • Мемлекеттік органдардың атқаратын қызметін ажырата алады

ІІ. Б "Лездеме" әдісі арқылы сабақ тақырыбына шығу үшін сыныптан бір оқушы 1 минут уақыт ішінде, конверттің ішінен бүгінгі сабақтың негізгі сөзі жазылған сөзді алып, сыныптың қалған мүшесіне түсіндіруі тиіс.

  • Ережесі: cөздің өзін атамай, басқа ұғыммен түсіндіруі шарт.

Жаңа тақырыпқа, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін.







Сайлау











https://kk.wikipedia.org/wiki/Сайлау_жүйесі



Адам.Қоғам.Құқық. Алматы "Мектеп" 2014




















































Сабақтың ортасы

Анықтамамен жұмыс

5 минут












5 минут





























Венн диаграммасы

7 минут





















Таңдау әдісі

10 минут

ІІІ. (Ж) Сынып қабырғаларына алдын ала ілінген анықтамаларды пайдалана отырып, жұптар анықтамалардың жауабын табады, әрі сұраққа жауап береді (қосымша1).

Деңгейі жоғары оқушылармен қолдауды қажет ететін оқушыларды жұптастыру.

І жұп - еркін сайлау

ІІ жұп- әділ сайлау

ІІІ жұп- тең сайлау

ІV жұп - оппозиция

V жұп - саяси партия

(Өзара бағалау жүзеге асады)

Критерийлері:

  • Берілген анықтамаларды ажыратады;

  • Сайлау еріксіз, не әділетсіз болуын ажырата алады

ІV. (Жеке)Төмендегі пайымдаулардың дұрыс немесе қате екендігін анықтау.

Пайымдаулар

Дұрыс немесе қате

1

Сайлауда жеңілген партия оппозицияны ұйымдастыру және билікке ықпал ету функциясын жүзеге асырады.


2

Сайлаудан кейін Президент және оны қолдайтын партия басқа партиялардың пікірімен санаспайды.


3

Оппозициялық партия мүшелері биліктегі партияның өкілдерімен бірге Парламент комитеттерінде жұмыс істей алады.


4

Жеңілген үміткерлер сайлау қорытындысымен келісуі керек.


5

Демократиялық мемлекеттерде күшті оппозициялық партиялар болады.


6

Идеалды саяси жағдайтек бір оппозициялық партияның болуын құптайды.


Кинестетикалық қабілетті оқушылар өз мүмкіндігін көрсете алады.

Жұптық бағалау жүзеге асады.

Критерийлері:

  • Сайлау жүйесінің құрылымын ішінара біледі;

  • Саяси партиялардың іс - әрекетін түсінеді

V. (Б/Ж) Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйесінің екі айырмашылығы мен ұқсастығын табу (қосымша2).

(Оқушыға толық ақпарат керек боса, ноутбукпен жұмыс жасайды)


Дескриптор:

  • Қайсысында демократиялық принциптер басым екенің біледі;

  • Пропорционалды және мажоритарлы сайлау жүйесін салыстыра алады

Кинестетикалық және визуалді қабілетті оқушылар өз мүмкіндігін көрсете алады.

(Өзара бағалау жүзеге асады).

VІ. (Ж) Жастар арасындағы проблемаларды шешу үшін «жастар парламенті моделін» құрастырып, таныстыру.

Критерийі:

  • Жастар «парламентіне» сайлау жүйесінің ережесін құрастырады;

  • Мемлекет пен қоғамда қандай өзгерістерге әкелетіндігіне болжам жасайды;

  • Парламент мүшелерінің нақты міндеттерін көрсетеді

Кері байланыс: мұғалімнің қолдауымен беріледі

Сабақтың соңы

Рефлексия

4 минут

"1 минуттық эссе"

Б Үйге тапсырма: «Әр дауыс маңызды» тақырыбында өз ойын жазып келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқылатын тақырыптарға алдын ала материалдар дайындап, қолдау көрсету мақсатында дифференциациялық тапсырмалар жүзеге асады. Сабақта барлық оқушылар толық қамтылады




Оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырамын және өзара бағалау жүзеге асады.


Сынып бөлмесінің жарық болуын , оқушылардың Орындықта дұрыс отыруын қадағалаймын. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
5402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12