Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту

және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері көрсетеді.

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ ауданының «№ 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Алматы облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы №147 қаулысымен құрылған.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады:

1) психикалық дамуы тежелген; психомоторлық дамуының тежелуі;

2) интеллекттің бұзылуы ( жеңіл интеллекттің бұзылуы; орташа

интеллекттің бұзылуы);

3) көру қабілеті бұзылған;

4) есту қабілеті бұзылған;

5) сөйлеу қабілетінде бұзылыстары;

6) эмоционалдық – еріктік сфера мен мінез – құлықтың бұзылуымен

(қарым – қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы немесе

қиындықтары); мінез – құлықтың бұзылуы немесе қиындықтары;

7) тірек – қимыл аппараты қызметінің бұзылысы;

8) күрделі бұзылыстар (екі немесе одан да көп психофизикалық

бұзылулардың жиынтығы: көру, есту, психикалық даму және т.б.).

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) Жеке дамыту бағдарламасы және түзету-дамыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

2) Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатында білім беру, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдай жасау;

3) Ерте жастағы балалардың (үш жасқа дейін) дамуына ерте араласу (ерте қолдау), оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, білім беру және отбасына көмек көрсету.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) ерекше білім беруді қажеттіліктерін, түзете-дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарын бағалау және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістерін таңдау;

2) ерекше білім беруді қажеттілігі бар балалардың ата-аналарына консультациялық көмек көрсетеді;

3) түзете – дамыту бағдарламаларын және отбасына көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу;

4) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мамандарының жеке, топтық, топтық түзете-дамыту сабақтарының өткізуі;

5) мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілік деңгейін ұдайы арттыру және педагогтардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүгінеді.

Құжаттарды тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.

"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы.

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

1) қағаз түрінде

2) электрондық

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Алматы облысы білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы № 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ға дейін жұмыс істейді.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру сағат 09.00-ден 17.30-ға дейінгі уақытта жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін . Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы телефон арқылы немесе тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылуы да қарастырылған.

Орналасқан мекен-жайы:Шелек ауылы, Кабылов көшесі 2 ғимарат.

Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-18-81



Алматы облысы білім басқармасының " Еңбекшіқазақ ауданы № 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ басшысы Жайлаубай Айжан Жайлаубайқызы.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі