400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары туралы толық ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ







Зерттеу жұмысы



Тақырыбы: Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары



Дайындаған: Алпамыс Ж.Т.










Aқтөбе 2020 жыл





Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары

Зерттеу жұмысы

Мазмұны:

  1. Кіріспе: Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары

  2. Негізгі бөлім: Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының орындалуы.

  1. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

  2. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;

  1. Қорытынды.
































I. Кіріспе: Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Яғни, мемлекеттік қызметші өз алдына өкілеттіктерін жүзеге асырғанда белгілі бір: құқықтары , міндеттері, шектеулері болады. Бүгінде тоқталып кететініміз мемелекеттәк қызметшілердің құқықтары болып табылады.

Негізге мемлекеттің қызметшыілердің өзіне тән заңамасы бар. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңамасы болып табылады. Осы Заңамада мемлекеттік қызметшілердің құқықтары белгіленіп, бекітіліп кеткен. Ол осы заңаманың « 9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары» көрсетілген. Заңаманың 9 бабында 18 пункттен немесе тармақшадан тұратын мемлекеттік қызметкерлердің нақты ие құқықтары болып табылады.

Осы белгіленген құқықтар бойынша мемелкеттік қызметкер , қандайда тараптар өкілдерінен немесе қандайда бір жағдайда өз құқықтарын қорғап шығады. Мемлекет атынан әрекет ететін болғандақтан көп жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарына орасан зор көңіл бөлінген. Мемлекеттік қызметкер қоғамның тыныштығы үшін, оның өркендеуі үшін. Халыққа қызмет көрсету үшін еңбек етеді. Осындай кезде қандайда бір тапсырма немесе ситуациялық жағдайлар туындасса, мемлекеттік қызметшінің ар – ождан , денсаулығына теріс әрекеттері тиіп кетпес үшін заңамада тиісінше осы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мемлекет тарапынан бекітіліп отыр.

















II. Негізгі бөлім: Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының орындалуы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңамасының 9 бабындағы 18 тармақшаға жеке – жеке тоқталып, талдау жасап кетсем.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға – Қазақстан Республикасының негізгі, бірінші заңнамасы бұл – Коститутция болып табылады. Әр Қазастан Республикасының азаматтына жүктелгендей, мемлекеттік қызметкерлергеде Конститутцияда белгіленген талаптарды сақтауға міндетті болып келеді. Қазақстан Республикасының өзгеде, яғни мемлекет тарапынан шығарылып жатқан, заңды күші бар қаулы, жарлық тағы да басқа өге нормативтік құқықтық актілерге бағынып, оларды орындауға мңндеттң болып келеді.

  2. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген сәттіндде мемлекетке ант береді. Ант – жеке тұлғаның ең қастерлі нәрсемен өзге адамды не адамдар қауымын өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі, уәде беруі, куәлік етуі. Қазақ дәстүрінде нан, Құранды ұстап адалдығына ант беру рәсімі ежелден қалыптасқан.

«Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығы бар. Мысалы: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палаталарының отырыстарында ант береді. Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Парламенттің депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне ол айқындайтын тәртіпте ант бере алады

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

ант беру қағидалары:

1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.

2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кіре отырып, антты қайтадан береді.

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.

4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді

Ант берілген күні көрсетілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қолы қойылған ант мәтіні бар бланк оның жеке істері материалдарында сақталады.

Ант берілгеннен кейін мемлекеттік органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам, сондай-ақ шақырылған лауазымды адамдар (соңғылар – қалауы бойынша) құттықтау сөз сөйлейді. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.


3. Қызметтік әдепті сақтауға - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы бар. Бұл жарлықта - мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары туралы толықтай жазылған. Бірнешісіне тоқтала кетсем:

  • Мінез-құлықтың жалпы стандарттары - азақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары - жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге. қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға бағытталған

  • Қызметтік қатынастардағы мінез - құлық стандарттары - ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға, ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға тағы басқа әрекеттер көрсетілген.


a. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға.

Осы 9 баптың 15 тармақшасына ерекше тоқтала кетсек, яғни сыбайлас жемқорлық процесстерің ммелекеттік қызметші көре тұра, оны біле тұра айытпау бұл теріс әрекет болып табылады, сол себепті мемлекеттік қызмет туралы заңннамада арнайы осындай тармақша берілген. Мемлекеттік қызметші өзінен жоғары тұрған лауазым иесіне, немесе өзіннің басышысының сыбайлас жемқорлыққа қандайда бір қатысы бар болуы мүмкіндігі жайлы хабардар болған жағдайда тиісіті органдарға хабарлауы керек. Тиісінше өзінің жұмыс орнына немесе жеке өміріне, қызмет бабына бұл іс – әрекет ешқандай залалын тигізбейді. Егерде тап сондай әрекеттер байқалынса, мемлекеттік қызметкер өзінің құқықтарын қорғап қалуға толық құқылы болып келеді. Мемлекеттік қызметші қоғамның әрі қарай қарқынды дамуына және мемлекетте корупцияның жоюлуына өзінің әрекеттері арқылы үлкен көмек көрсете алады. Мемлекет тарапынан бұл қылмыс жайлы хабарлағаны үшін қызметтік бабында жоғарылатып, лауазымын көтеріп, өзіне тиесілі жарналық сияқысын тағайындайды.


b.еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына.

Бұл тармақшада мемлекеттік қыхметкерлер соның ішінде полиция қызметкерлері туралы айта кетсем, үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет түрі. Жеке басынның қауіпсіздігін қамтамасыз етулуі өте қиындау болып келеді. Қоғамның тыныштығы, ел-жұрттығ амандығы үшін әрекет етеді. Соған қарамастан өз татарптарына балағат сөз, жағымсыз пікірлер алып жатады. Қиындығы қызығынан көп қызмет болып табылады. Полиция қызметкері өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде денсаулығына нұқсан келмей, қауіпсіз және тиімді жұмыс жасау үшін, осы тармақша ерекше рөл атқарады.

Полиция қызметкерлерінің қарапайым қоғамдық тәртіпті бұзған азаматқа айыппұл салып, керекті құжаттамаларды толтырып жатқаның өз көзімен көрдім. Сол кезде азамат тарапынан полиция қызметкеріне неше түрлі адамгершілік қасиет, ар-ожданға кесірін тигізетін заттар айтылып жатты. Полиция қызметкері еш жанжалсыз, өзінің тарапына айтылған сөздерге назар аудармай керекті құжаттарды толтырып, құқық бұзушылық жасаған азаматты өз еркіне қою берді. Полиция қызметкері қызмет бабында мұндай ситуациялармен 1 күнде бірнеше рет жолықтырып жатады, осыдан-ақ жұмыс барысының қаншалықты шыдамдылықты талап ететін көруге болады.

Хромтау қаласында мынадай жағдай орын алған болатын: наурыз айының 16-нан 17- не қараған түні атыс болды. 24 жастағы Хромтау қаласының тұрғыны екі адамды атып тастады. Олардың бірі аудандық ауруханада қайтыс болды. 17 наурызда түнде Хромтау қаласының екі тұрғыны оқ жарақаттарымен Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі, 40 жастағы ер адам оқ жарақатынан облыстық ауруханада қайтыс болды, екіншісі оқ жарақатымен хирургиялық бөлімге түсті.


Алдын-ала тергеу барысында белгілі болғандай, Хромтау қаласының Алипова көшесінде белгісіз біреулер қару қолдана отырып өлтіру үшін жәбірленушілерге оқ атқан. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Осы жедел іздестіру барысында жедел наряд таңғы 4-те дереу оқиға болған орынға барды. Полиция қызметкерлернің жұмыс уақытты аяқталғанына қарамастан, бұйрық келген сәтте қызметкерлер дереу жинақталды.

Қарумен жабдықталған қылмыскерді ұстау, бұл өз өмірін қатерге тігу болып табылады. Таңғы уақытқа қарамастан, қызметкерлер болған ситуацияның анық қанығына жетіп, қылмыскерді тұткындады.

Әр жедел іс шараға барған сайын әр полиция қызметкері өзінің жеке басының амандығы мен денсаулығымен тәуекел етіп, біздің, елдің тыныштығы үшін қызмет атқарады.






























III. Қорытынды.

Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарына жеке жеке тоқталып,әрқайсының жақсы жаман жақтарын сараптап, баяндап кетім.

Зерттеу жұмысымды қортындылай келе: Мемлекеттік қызметте жұмыс жасау оңай емес, сол себепті мемлекет мемлекеттік қызметшілерге ерекше құқықтарды шығарып, заңмен бекітіп қойған. Кез –келген азмат бұл қызметтін жұмыс барысын жеке танысса мемлекеттік қызметкерлерге тиісінше ерекше сыйластық танытар еді.

Мемлекеттік қызметкерлер өз құқықтарын бұзылғанң көре тұра көз жұмбай, тиісті әрекет шараларын жасайтын болса, соғұрлым қоғамда болып жатқан түсініксіз әрекеттердің алдын алар еді.






























Пайдаланған әдебиеттер:

1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1700000532

2. https://egov.kz/cms/kk/law/list/U990000319_

3.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ант

4. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 маусым
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі