|
Тәрбие сағаты |
|
|
|
Күні |
04.02.2025 |
|
|
Класс жетекші: |
Г.Алиева |
|
|
Класс: 9 Ә |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы». |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, толықтыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру; |
|
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд |
|
|
Үлестірмелі материалдар |
Мемлекеттік рәміздерге байланысты суреттер, мақал-мәтелдер кітапшалары, презентация |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
«Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге» арналады.Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады Республикамның әнұраны.
«Ой қозғау» кезеңі. -Балалар «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ал рәміздер деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс айтасыңдар. Ал енді назарларыңды интербелсенді тақтаға аударыңыздар. «Рәміздерім – мақтанышым» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян аяқталған соң, арнайы дайындалған оқушылардың мәліметін тыңдаймыз. Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. (Әнұран шырқалады)
--Ол мемлекеттің егемендігін, бейбітшілігін білдіреді. |
Компьютер https://www.youtube.com/watch?v=PQFXF8RAuEs&t=93s |
|
Сабақ басы (13 мин) |
«Кім жылдам?» 1.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан) 2.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі) 3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл) 4.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев) 5.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге) 6.ҚР мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков) 7.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов) 8.Әнұранның әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов) 9.ҚР туында не бейнеленген? (шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата) 10.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Әнұран) 11.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген? (Елтаңба) 12.Біздің қаламыздың қай жерлерінде ілулі тұрған туды көрдіңіздер? |
Оқушылар платформа арқылы қойылған мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. |
Quiizzz викторина https://quizizz.com/admin/quiz/67a0e84759f1c7f42f352f93
|
|
Ортасы (20 мин) |
«Мақал сөздің – мәйегі» 1. Отан отбасынан..... (басталады) 2. Отансыз адам…....(ормансыз бұлбұл) 3. Ел іші - (алтын бесік) 4. Туған жердей жер болмас….(Туған елдей ел болмас). 5. Отан үшін отқа түс.... (күймейсің) 6. Ел қадірін көрген біледі…..(Жер қадірін жүрген біледі) 7. Отан үшін еңбек етсең.....(халқыңның сүйген ұлы боласың) 8.Егілмеген жер жетім...(Елінен айырылған ер жетім) 9. Отанын сүйген.....(отқа жанбайды, суға батпайды) 10.Отан оттан да.... (ыстық) «Топтық жұмыс» Оқушыларды 3-топқа бөлу: Ту, Елтаңба, Әнұран. Әр топ атауына сәйкес рәміздерге шағын презентация жасауы қажет, ол тірек сызба, сурет, кесте немесе т.б түрде болуы мүмкін. Ол үшін оқушылар алдына А-4 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, қарандаштар мен фламастерлер таратылады. «Сәйкестендіру» әдісі LearninпApps платформасында Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түйінді сөздер беріледі. |
Мақал – мәтелдерді жалғастырулары сұралады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың тәрбие сағаты барысында алған білімдерін пысықтап, қорытындылаймыз. Осы сөздерді қолдану арқылы суреттерге сөздерді сәйкестендіру керек. |
Wordwall.net платформасында көрсетіледі https://wordwall.net/resource/86037620 https://learningapps.org/17903941 |
|
Соңы |
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі Әнұранымен айбатты ел! |
«Көк тудың желбірегені» |
Музыка қосылады |
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»

шағым қалдыра аласыз