Сабақтың
тақырыбы: Мемлекеттік
рәміздер.
Сабақтың
мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен
ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге,
қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр
элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба
және Әнұран),буклеттер,кішкентай
жалаушалар.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, өлең
жолдарын сұрау, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ - жауап
т. б.
Сабақтың
барысы:
Балаларды оқу іс - әрекетіне дайындау.
Сабаққа деген зейінін психологиялық ойындар арқылы оятып,
қызығушылығын
арттыру.
Шаттық
шеңбер
Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз
қалай?
Ендеше амандасып
алайық!
Сәлем саған алтын
күн,
Сәлем саған көк
аспан.
Сәлем саған жер
ана,
Сәлем саған
достарым.
Балалар біз қандай мемлекетте
тұрамыз?
Әрине Қазақстан Республикасында
тұрамыз?
Біздің ұлтымыз қандай?
Қазақ.
Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ
тілінде.
Ал, сендер біздің елді басқарып отырған
Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.(Суреттен
көрсету)
Сендер мына суреттерден не көріп
тұрсыңдар?
Мына бірінші суреттегі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының
авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен
Ниязбеков.
Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың
себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне
сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық
пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің
белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз
және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей
нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар
ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген. Тудың оң
жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін
қазақтың ою - өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының
себебі сары түс молшылықтың байлықтың
белгісі.
Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы
ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман
Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасының ортасында елтаңбаның негізі ретінде шаңырақ
бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі
іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік
бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың
арманы, самғау
биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан»
атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі
екен.
Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан
Республикасының Менлекеттік
Әнұраны.
Оны Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен
атамыз жазған. Әні жазған Шәмші
атамыз.
Балалар
Мемлекеттік Әнұранын
қалай болса солай орындауға болмайды, оны
барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып
бойымызды тік ұстап орындау
керек.
Сергіту
сәті.
Балалармен бірге шеңбер бойына
тұрып қолдарына кішкентай жалаушаларды алып «Көк тудың желбірегені»
деген әнді орындап ,ән ырғағымен
қозғалу.
Ал енді
балалар,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Әнұраны
Сөзін жазғандар: Жұмекен
Нәжімеденов,
Нұрсұлтан
Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші
Қалдаяқов.
Қорыту:
Балалар бүгінгі іс - әрекетімізде біз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ілім
алдық.
Кәне маған кім рәміздерді атап
береді?
Тудың авторы
кім?
Елтаңбаның авторы
кім?
Көк туымызда не
бейнеленген?
Елтаңба туралы не
білесіңдер?
Әнұранның авторы
кім?
Ту және Елтаңба жайында өлең
жолдарын балалардан
сұрау.
ЖАЛАУ.
Желбірейді
шалықтап
Қазақстан
жалауы.
Көкке қыран
қалықтап,
Қанат қағып
барады.
Көк аспанда нұрлы
Күн
Күлімдейді
далама.
Бақыт тілеп тұр
бүгін
Ол барлық пәк
балаға.
Ұлттық өрнек
мұрамыз
Адастырмас
мұраттай.
Нық көтеріп
тұрамыз
Жалауды біз
құлатпай!
ЕЛТАҢБА
Бейнелеп сан
ғасырды
Елтаңбасы
елімнің,
Таратады хас
үлгі
Киесіндей
жерімнің.
Бабам тұлпар
жаратты,
Құлынында танып -
ақ.
Тұлпар барда
қанатты,
Шайқалмайды
шаңырақ.
Тәуелсіздік
көркі ол да,
Өркениет
өрінде.
Нұр төгеді
ЕЛТАҢБА
Ақ орданың
төрінде.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз
Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-
дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан:
Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-
Еңселі
Әнұранымен айбатты
ел!
Қоштасу: Оқу іс
- әрекетіне белсенді қатысқан балаларды ауызша
бағалау.