Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер.Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі
Мақсаты

І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,

буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер.Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:

Әнұран орындалады


Кіріспе бөлім:

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)

2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)

3.  Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

5.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

6.  Отан оттан да (ыстық)

7.  Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

8.  Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

9.  Ел іші- (алтын бесік)

10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)

«Отан» жайлы тақпақтар

Әли: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

Перизат:  Отаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

Арианна:Отан, Отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.


1-Бөлім:Тұңғыш Президент.

1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

3. «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

ҚР Конституциясы - 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. 
9-бап: ҚР мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран заңмен бекітілген
29-бап: ҚР азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар
30-бап: Тегін орта білім алуға кепілдік береді
34-бап: Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті

1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.   
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Ән:Көк тудың желбірегені


 «Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы: 

Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)

3- бөлім: Ш/т:

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

4-бөлім. «Кім зерек?» тапсырмасы.

М ұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

4.ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?

Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі.(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
5.Өскемен қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
6.Біздің ауылымызда ше?

5-бөлім. Білімдінің көзі ашық.

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

 – Еліміздің бас қаласы

 – ҚР президенті

 – ҚР туының авторы 

 – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.

 – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

 – Еліміздің көрікті жерлері

 – Отан туралы өлең

 – Отан туралы мақал-мәтел

 -  ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9 бап.

-  Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34 бап 

Мұғалім.
- Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.

 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:

-Құрметтеуге:

-Мақтанышпен қорғауға:

-Тұмардай сақтауға:

-Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:

Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
1451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12