Материалдар / «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышымыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік рәміздер-мақтанышымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖОО, колледж студенттеріне
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,студенттер!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдік: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.

Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.

Ендеше тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады.



Жүргізуші:

Отан -жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді...

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің парызымыз.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтамыз, ал сендер қай белгі туралы екенін анықтайсыңдар.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)

3.Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)



Ендеше студенттерімізге сөз кезегін берейік.

Айгерім: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Тудың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.

Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстанның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Дильназ: Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Рәмiздiк тұрғыдан мемлекеттік елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi.

Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелі түркілер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Тұлпар - дала дүлдiлi, ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.

Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi.

Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы.

Дінмұхаммеджан: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.



Жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Айзада:

Мемлекеттік рәміздер мақтанышым,

Ұлт отанның алау қып жаққан ұшын.

Шот Амандай атама көп рахмет,

Өзіңдей елтаңбаны тапқаны үшін.

Гимініміз шырқалып жеке аспанда,

Не жетеді ер жүрек шеп асқанға.

Рәмізіміз абырой ар ұятты,

Бақытты ел екенбіз талас бар ма?

Қабанбайлар қорғаған алып отан,

Мойымаған кетседе жарып атан.

Найзасымен жауларын түйреп жүрген,

Махамбет Исатайдай алып атам.



Айсұлу:

Ел көгінде қалықтап рәмізіміз,

Боламыз болашақтың жарығы біз.

Еңбек білім жүрекке әркез жиған,

Батыл қазақ алтын ел барлығымыз,

Тың істерге бастаймыз барша еңбекпен,

Күшіміз бірлікпенен әркез жеткен.

Құшақ жайған жастары ұрпағы бар,

Алматы, Астанамыз көркем көктем.

Рәмізімен көркейген алтын елім,

Қамқорлық қып ғаламның алты белін.

Жырға қосам рәмізін ел отанның,

Жүректе жыр ел десе бар білемін!



Жүргізуші:Ендеше студенттеріміздің жазған эсселеріне кезек берсек: Ернар, Нұргүл.

Керемет! Рақмет,студенттер!



Жүргізуші:

Білімдінің көзі ашық.

Ал енді бүгінгі тәрбие сағаты бойынша берілген сұраұтарға кім тез жауа береді екен,көрейік.

-ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

-Еліміздің бас қаласы?

-ҚР президенті?

-ҚР туының авторы?

-ҚР елтаңбасының авторлары?

-Әнұранымыздың авторлары?

Жарайсыздар,студенттер!



Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті cтуденттер! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Ән: Көк тудың желбірегені.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!