«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің № 28 Құсмұрын орта мектебі»
ММ
«Мемлекеттік рәміздер
–
ұ
лт
мақтанышы»

Мақсаты: Оқушылардың Отан, Қазақстан,
туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының
рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру; Ой -
өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;
Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының
тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
1-ші
жүргізуші:
Құрметті оқушылар,
қонақтар!
Рәміздерім – елдігімнің
белгісі
Білу керек баладағы ең
кіші
Рәміздерім - Әнұраным, Ту,
Елтаңба.
Бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер
–ұлт мақтанышы» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерінінің 25-жылдығына арналған мерекелік кешке қош
келдініздер. Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты. (Әнұран
орындалады)
2-ші
жүргізуші: 1. Біздің мемлекетіміз
қалай аталады?
2. Қандай елміз? Неше
елмен көршілеспіз?
3. Мемлекеттік тіліміз қай
тіл? Қай тілде сөйлейміз?
-Бұрынғы заманда Ту әскердің
киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға
тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа
жеңіледі деген ырым болған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай,
Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы
болды.
- Мемлекеттік Тудың авторы
кім? (Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының
авторы )
Ту
Күнді құшқан қос
қыран,
Аясында
қалқыған.
Аспан түсті туым
бар,
Көк теңіздей шалқыған.
(Дильназ)
1-ші
жүргізуші:-Тудың бейнесін
сипатта?
Мемлекеттік Ту – 1992 жылы
4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн
халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен
жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің
белгісі.
2-ші
жүргізуші : -Мемлекеттік елтаңбаның
авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота
Уалиханов)
Шаңырақ: Отан
отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген
мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты
тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ:
арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес
бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген
асыл арманды арқалап тұр.
Елтаңба
Өр қанатты
сұңқардың
Қанатымен шырқар
кім?
Қазақстан –
Отаным,
Әлем білген
атағын.
Жарқыраған әр
таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
(Нұрдана)
1-ші
жүргізуші: -Мемлекеттік әнұранның
авторы кімдер?
Сөзін
жазғандар - Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен
Нәжімеденов.
Мемлекеттік Әнұран –
еліміздің музыкалық
эмблемасы
Жеңістерге
қолбасыдай,
Ерліктердің
жолдасындай.
Еліміздің
әнұраны,
Жүректерде
жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың
,
Жан серігі
халқымыздың.
«Жалғасын тап»
ойыны:
- Отан- елдің анасы,
(Ел- ердің анасы)
-Туған жердей жер болмас, (
Туған елдей ел болмас).
- Отанды сүю- (отбасынан
басталады)
- Отан оттан да
(ыстық)
- Отансыз адам- ( ормансыз
бұлбұл)
- Отан үшін күрес ( Ерге тиген
үлес)
- Ел іші- (алтын
бесік)
- Тіл- тәуелсіздік
(тірегі)
2-ші
жүргізуші: Рәміздерім - елдігімнің
белгісі,
Білу керек бала дағы ең
кіші.
Ән ұран, көгілдір Ту,
Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр
кісі.
Туымыз, Елтаңбамыз,
Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып
тұрады.
Мерейлі қазақ елінің Елбасы
ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына
алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды
мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге
жеткізді
Елімізде мәңгі тыныштық,
бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай отырып
4 сынып оқушыларының флешмоб биін
тамашалайық.
Тәрбие сағатымызды
қорытындылай келіп, ант қабылданады.
«Біз Қазақстан
Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде
алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім
аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін
жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз.
Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын,
Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап
қастерлейміз.»