Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш! атты тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш!»


Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімін дамыту.


Алина: Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

«Біз тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Балнұр: Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жария­лаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміз­дің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Міне бүгін біз осы атаулы күнге орай «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш» ашық тәрбие сағатын өткізбекпіз. Ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


Анель: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. ҚР Конституциясы 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. Ата заңның 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.


Берекет: Тауды көрсең күн көзімен таласқан

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.


Дала көрсең көк желекпен ұштасқан.

Көлді көрсең секілді бір түнгі аспан.

Менің байтақ Республикам даласы,

Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.


Алина: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран туралы тобымыздың студенттері Тоғжан мен Әділдің хабарламаларын тыңдайық. Сонымен қоса Әсемнің өлеңіне құлақ ассақ.


Тоғжан: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. Әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.

Әділ: Жұмекен Нәжімеденов 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші

Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің бірінші президенті. Тұңғыш президентіміз болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.


Әсем: Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

Қазағымызға таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін


Балнұр: Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту белгіленген көлемі мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Еліміздің туы туралы келесі сөзді Аяжан мен Ақарысқа,Ясинге берсек.


Ақарыс: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті.


Аяжан: Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, 1961ж Чехославакияда өткен халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз. Мемлекеттік туымыз бүгінде БҰҰ-ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.


Ясин. Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Еліміздің төрінде.

Балнұр: Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім, деп ақиық ақын Мұқағали атамыз жырлағандай, келесі кезекті сыңғырлаған домбыраға берейік.

Алина: Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба термині немістің «erbe» деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Еліміздің елтаңбасы туралы Дарина сөз қозғамақ.

Дарина: Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.  Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елтаңбаның авторлары - Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Нұртөре: Елтаңба
                       Өр қанатты сұңқардың
                       Қанатымен шырқар кім?
                       Қазақстан – Отаным,
                       Әлем білген атағын.
                       Жарқыраған әр таңда
                       Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан  қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған  жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
              Неткен көркем, әдемі.
              Тұнығындай көңілдің
              Ортада аспан әлемі.


Дәулет: Қазақстан қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен адымдап барады. Бар жарқын жетістік пен көзайым жақсылық ұзағынан сүйіндірсін. Еліміздің ертеңі, болшағы - біздің қолымызда. Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.


Анель: Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Өйткені тәуелсіздік жоқ жерде еркін даму мүмкін емес. Бүгінде әлемге ықпал жүргізіп отырған озық елдер осы дәрежеге тәуелсіздіктің арқасында жеткені белгілі. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың басты парызымыз деп білген жөн. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан –жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.


Акерке: Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері, туған- туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап өркениет өріне қарай қарышты қадам басып келеді. ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық нышандарымызды тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек.


Дилназ. Тұғырың биік болғай туған елім,

Сен неткен ұлы едің, көркем едің,

Ту,елтаңба белгісі елдігіңнің

Кербез,сұлу, әсемпаз, еркін елім!

Туым бар көк аспанда желбіреген

Көк түсі желбіресе мөлдіреген,

Қыраны «қазақ халық» мәртебесі

Қалықтап шартарапқа көтерілген!

Көгілдір ашық аспан аясында,

Еркіндік пен азаттықтың саясында,

Өз бейнеңе лайық түс болып-ақ

Көгілдір түс өзіңе жарасуда!

Алтын күн нұрын шашып сай-салама,

Гүденіп дархан далам жайқалуда,

Бұл дағы бейбітшілік белгісіндей,

Балғын ұрпақ нәр алып күн көзінен,

Егемендік туралы ән салуда.

Елтаңбамның шаңырақ бас тірегі

Уықтар шын достықтың ыстық лебі,

Жарық жұлдыз жол сілтеп баршамызға

Қос пырақ қалықтаған ел тілегі!


Нұрсулу: Әр ғасырда тарих талай өзгерді,

Қысымшылық, бұрмалауды көз көрді.

Қасіретін, ашаршылық соғыстың

Қазақ жері қарт анадай көтерді.

Ақындары ұлтын ойлап  қамықты,

Талайлары абақтыда тарықты.

Әділетсіздік қамытынан  арылып

Бүгін міне еліменен қауышты.

Шоқ боп жанып үміт гүлі бақтағы,

Атты бүгін тәуелсіздік ақ таңы.

Жұмыр  жердің жарқыраған  шолпаны,

Арқадағы Астанасы мақтаны.


Алина:Келесі кезекте тобымыздың студенттерінің орындауында хор “Туған ел”



Балнұр: Ер етігімен қан кешкен кезеңдерде ұлттың ұлы ұраны – Тәуелсіздік болатын! Елім деп еміренген жас боздаққа жалын берген, жатса түсінен, тұрса есінен кетпеген қасиетті сөз тағы да осы – Тәуелсіздік. Қазақ халқы осы арманға қол жеткізіп, бүгінде егеменді елге айналды. Біздің ұлттың кешкен қиындығы, көрген қасіреті қаншалық көп болса да, бақыты да сондай баянды, мәңгілік болады деп сенемін.

Келесі сөз кезегін ЖМК тәрбие мен әлеуметтік бөлім жетекшісі Каштаева Шолпан Елемесовнаға береміз.


Алина : Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Осымен ««Мемлекеттік рәміздер ұлттық байлық»» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Уакыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жақсы күндерде кездескенше сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі