Материалдар / Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері

Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі     

(білім беру ұйымының атауы)


БЕКІТЕМІН: __________Суюбаева Р.Д.




Оқу сабағының жоспары

Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері, анықтау және белгілеу

шаралары, динамикасы

(сабақтың тақырыбы)

Модуль /пән атауы: ЖБП 11 «География»

Педагог: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы дайындады

2024 жылғы "4" сәуір

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1ИББ-23 б/б

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ

2. Мақсаты, міндеттері:

Мемлекеттік шегаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдайды.

3. Күтілетін нәтижелер:

Барлық студенттер: мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлерін анықтай алады; құрлықтық және теңіздік шегараларды анықтай алады.

Көпшілік студенттер: мемлекеттік шегараларды делимитация және демаркация арқылы анықтау жолдарын біледі.

Кейбір студенттер: мемлекеттік шегаралардың динамикасын таладй алады.

4. Қажетті ресурстар: Атлас карталары, электронды ресурстар,презентация.

5. Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

І. Сабақтың басы (20 мин.)


1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

Топпен амандасу, топты түгендеу. Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

2. Үй тапсырмасы (10–15 мин.)

https://wordwall.net/resource/64393692платформасы арқылы студенттерге ұяшықты таңдау тапсыр-малары беріледі.

1. Аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша елдердің типтерін ата:

2. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттерді ата және картадан көрсет?

3. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттерді атап, картадан көрсет?

4. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттердің пішіні қандай болады?

5. Шашыраңқы мемлекеттерді атап, картадан көрсет?

6. Шашыраңқы мемлекеттердің аумағы қандай болады?

7. Анклав ұғымына сипаттама бер.

8. Құрамында анклавтар бар мемлекеттерді ата?

9. Италия аумағының созылыңқы болуы оның игерілуі мен дамуына қалай әсер етті?






https://wordwall.net/resource/64393692
















3. Жаңа сабаққа кіріспе (2 мин.)

Ұяшықты таңдау тапсырмалары бойынша қорытынды шығарып, қатемен жұмыс жасап, жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Мемлекеттік шегаралардың функцияларын таңдау арқылы студенттер 3-топқа бөлінеді: Жаңа сабақ бойынша тірек сөздермен танысады:

  • мемлекеттік шегаралар

  • географиялық лимология

  • шегаралар делимитациясы

  • шегаралар демаркациясы

  • цессия

  • адъюдикция

  • аккреция


Слайд №1


ІІ. Сабақтың ортасы (50 мин.)

1. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин.)

https://youtu.be/RjlwDcMPdNM бейнесабақты студенттер көріп шығады. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

Мемлекеттік шегаралар-мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемен-дігін сақтап қалудың аса маңызды шарты. Мемлекеттік шегара-лар бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік функциялар атқара-ды. Мемлекеттік шегаралардың бөлуші функциясы елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен анықталады. Мысалы, адамдардың қозғалысын шектеу және тоқтату үшін шегара бойында арнайы жабдықталған тосқауылдар қою, ақылы визалық режім орнату, маятникті миграцияға жол бермеу шаралары жүргізіледі.

Shape2 Shape1



Shape4 Shape3 Бөлуші




Жалғастырушы


Шегаралардың жалғастырушы функциясы көршілес мемлекет-тердің шаруашылық байланыстарын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдаланудан көрінеді. Мысалы, Қазақстанның Қытаймен шегаралас бөлігінде ауданы560 га болатын «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы құрыл-ған. Оның қазақстандық жағының жалпы көлемі 217 га, қытайлық жағы 343 га құрайды.

Шегаралардың сүзгілік функциясы елдің аумағына келетін қауіп-қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсатын көздейді. Елдер өз аумағын есірткі, контрабандалық тауарлар мен лаңкестік ұйымдардың әрекетінен, босқындар легінен қорғайды.

Мемлекеттік шегаралардың түрлері. Көп жағдайда мемлекет аумағының негізін этностың қоныстану ауданы құрайды. Мемлекеттік шегаралардың қалыптасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда, мемлекеттік шегараларды табиғи және жасанды деп бөледі.

Табиғи шегаралар елдердің аумақтарын бөліп жатқан табиғи шептер (теңіз, өзен, көл, тау жоталары және т.б.) арқылы өтеді. Геосаяси тұрғыдан алғанда,табиғи шегаралар неғұрлым сенімді болады.

Жасанды шегаралар адам қолымен жасалған арнайы инже-нерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді. Кей жағдайларда діни, саяси жағдайларға байланысты тұрғын халықтың пікірі ескерілмей жүргізілген жасанды шегаралар да бар.

Сипатына байланысты мемлекеттік шегаралар құрлықтық және теңіздік болып бөлінеді. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Дүниежүзі бойынша 44 ел теңізбен шектеспейді, ал 36 мемлекеттің мүлде құрлықтық шегаралары жоқ. Құрлықтағы шегаралары ұзын болатын мемлекеттер арасында Қазақстан 5-ші орын алады.

Цессия бірдей көлемдегі аумақтарды өзара айырбастап алу, сыйға беру, сатып алу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, 1867 жылы АҚШ Алясканы Ресейден сатып алған.

Адъюдикция негізінде аумақтық-шегаралық өзгерістер болады. Мысалы, 1968 жылы Качское Ранно таулы ауданының 90%-ы Үндістанға, 10%-ы Пәкістанға өтті.

Аккреция нәтижесінде Нидерланд, Сингапур, Парсы шығана-ғы мемлекеттерінде жағалық бөлік кеңейтіліп келеді. Ал табиғи жолмен бұл әрекет ірі өзен атырауларының ұзақ жылғы аккумуляция нәтижесінде ұлғаюы түрінде көрініс табады.


Өз еркімен қосылу-шағын мемлекеттің ірі мемлекет құрамына қосылуы.Мысалы,1944 жылы Тува (қазіргі Тыва Республикасы) өз еркімен көршілес жатқан КСРО құрамына қосылды.


Өз еркімен бөліну-белгілі бір аумақтың әскери күштерді қолданбай, өзара келісім негізінде мемлекет құрамынан бейбіт жолмен бөлініп шығуы. Мысалы, 1917 жылы Финляндия Ұлы Князьдігі Ресей құрамынан бөлініп шығып, дербес мемлекет құру мүмкіндігін алды.


Өз еркімен бірігу-екі немесе бірнеше мемлекеттің, кей жағдайда аумақтардың өз еркімен бірігуі негізінде бір жаңа мемлекеттің қалыптасуы. Мысалы,1964 жылы Танганьика және Занзибар бірігіп, Танзания мемлекеті қалыптасты, оның атауының өзі осы біріккен аумақтардың атауларынан құралды. Ал 1971 жылы бұрынғы Келісімдік Омандағы бытыраңқы араб әмірліктерінің өзара бірігуінен Біріккен Араб Әмірліктері деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

2. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары (20–25 мин.)

Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Қытай, Ресей, АҚШ-тың мемлекеттік шегарасының қалыптасуына әсер еткен факторлар-ға талдау жасау.

Көрсеткіштер

Қытай

Ресей

АҚШ

Табиғи шептер




Этностардың қоныстануы




Діни жағдай




Саяси жағдай




Тарихи




Қорытынды





2-тапсырма. Құрлықтағы шегарасы ұзын мемлекеттерді салыстырыңдар.

Топтық жұмыс.

1-топ. Бразилия.

2-топ. Үндістан.

3-топ. Канада.

3. Өз бетінше жұмыс (10-15 мин.)

Зерттеушілік жұмыс. «Қорғас» халықаралық шегара маңы ынтымақтастығы орталығы туралы жоба дайындау.

Шығармашылық тапсырма. Өздерің таңдап алған мемлекеттік шегараларының қалыптасуына қатысты өз зерттеу жобаларың-ды орындаңдар, нәтижесін таныстырылым түрінде баяндап беріңдер:

- Мемлекеттің қалыптасу тарихы.

- Мемлекет аумағының морфологиясы.

- Құрлық шегарасы.

- Теңіздегі шегарасы.

- Шегараны демаркациялау.

- Шегараны делимитациялау.


https://youtu.be/RjlwDcMPdNM

Слайд №2


















Слайд №3













Слайд №4













Слайд №5












Слайд №6















Слайд №7









Үлестірме қағаздар

ІІІ.Сабақтың аяғы (20 мин.)

1. Жаңа сабақты қорыту (3 мин.)

https://quizizz.com/ платформасы арқылы сұрақтарға жауап беру.

2. Кері байланыс (10–15 мин.)

Сабақта алған білімдері мен әсерлері негізінде кері байланыс жүзеге асады. Қарым-қатынасты, сабақта естігендерді бір сөзбен айтады:

  • білгім келді;

  • пайдалы болды;

  • қызықтым;

  • қажет болды;

  • білдім және т.б.

3. Үйге тапсырма (2 мин.)

Қазақстандағы демаркациялау, делимитация жөніндегі келісімдер туралы ақпараттарға шолу жасау.


https://quizizz.com/


Үлестірме қағаздар



ЖИ арқылы жасау
23 Ақпан 2025
166
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі