400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы. Мақалада қазақ тілінің қазіргі және болашақтағы мәртебесі жайлы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы

«Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл. Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.

Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес , мемлекеттік тіл ортақ тіліміз екенін ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын , өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтарының тілі. « Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген бірінші Елбасымыздың сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар. Қазақ тілі өте бай , орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы туралы жарық көрген мақалалар қатарында «бұл тіл от басы, ошақ қасында ғана пайдалануға жарайтын тіл, оны дамытамын деп әуреленудің қажеті жоқ »деген ащы пікірлер айтылған мақалалар да болды. Көптеген қазақ тілді басылымдар кезінде оларға қарсы да шықты. Дегенмен, ойланып қарасақ, осындай қатқыл пікірлер айтудың астарында не сыр жатыр деген күмән де қылаң береді. Бәлкім қазақ тілінің мүшкіл халге түсуіне себепкер өзіміз шығармыз Олай дейтініміз, әзірге тілді дамыту тұрғысында қолға алынып, атқарылған істерден гөрі қызыл сөздің басым екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Өзін ұлттың патриоты, тілдің жанашыры ретінде көрсеткісі келген кез келген адам «бәріміз де қазақ тілінде сөйлеуіміз керек» деп мінберден айқайлайды да, мінберден түскеннен кейін өз шаруасын күйттеп жайына кетеді. Мұндай көзқараспен тілді дамыту әрине, өте қиын. Ондаған жылдар бойы дауыс көтергенімізбен әлі күнге дейін нақты нәтиже шықпай жатуының бір себебі де сірә, осында болса керек.

Бүгінде, қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілдің ахуалын көтеру бағытында бірыңғай шаралар жасауда. Елдегі біршама көше аттарын қазақша ретке келтіру жұмыстарын жасады. Қазақ тілінде сапалы контентті дамытуда.Осы орайда, әдеттегіше үкіметті кінәләу үрдісіміз жүрмей тұр. Көп жағдайларда орыс тіліне жақындығымызды өткен ғасырлардағы қазақ халқының Ресей державасына бодандығымен түсіндіріп жатады. Ол да ақылға қонымды себеп тек, бүгінде еліміздің дербестігін еске ала отырып мәселені қайта қарасақ мемлекет бар жағдайын жасаған қазақ тілінде таза сөйлеуге кейбір адамдарда өзіндік құлық жоқ сынды. Қазақша кібіртіктей сөйлеген жандарды көрсек «шала қазаққой» деп жүре береміз. Сонда шалалықтың түбі не болмақ!? Өз тілінде еркін сөйлей білмейтін адамның қазақша ойлап, қазақша өмір сүре алуы екіталай. Сондықтан ана тіліне шорқақ қарау бүкіл болмысына немқұрайлы қарау болып табылады.

Қазақ тілінің бүгінгі және болашақ ахуалы күрделі мәселе. Қазақ тілі қолданыста деген сөз тек қағаз жүзінде орындалуға апара жатқанадай. Мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы деп білемін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
846
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі