Мемлекеттік тіл- менің
тілім!
Әрбір халық өз ана тілін
ұлтының ең ардақтысы деп біледі,біздіңше.Ана тілін сүймеген адам
қырғыз ақыны Сарногаев айтқандай,халқын сүйіпте
жарытпайды.
Тілді жасаушы –халықтың
өзі.Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген
халықтың болашағы жоқ.Себебі,ана тілінсіз ұлт мәдениеті,ұлт
әдебиеті жоқ.Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын,
өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере
алады.
Қазақ
тілі-дамыған,жетілген,бай икемді тілдің бірі.Бұл пікірміздің
растығын кезінде кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген болатын.Ол Пушкин,
Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударса,солардай етіп сөздің
майын тамыза жазуы соның айғағы.
Тәубе дейік,Тәуелсіз ел болып
тіліміз бен дініміздің жаңғырғаны-жұлдызымыздың
жаңғырғаны.Табиғатынан тарпаң жылқы мінезді,керекті жерінде жайсаң
халқымыздың тұғыры тілінде деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанның мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп таныды.Көп ұлтты
халық болсақ та, көреген де көсем басшының ойын халық хош
көрді.Сонымен қатар Елбасымыз 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының
тілдері күні » деп жариялап,тыныш мекеннің бесігінде тербелген
барша халықты тағы бір тебірентті.
Тәуелсіз еліміз қанатын кеңге
жайып,ел экономикасы өркендеген бүгінгі тұста мемлекетіміздің
алдында тұрған басты мәселенің бірі білімді де іскер,ғылымға
қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.Елбасының
бәсекеге лайықты ұлт жасау бастамасын көтерген мәселесі бірінші
орында тұр.Көшбасшымыз ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалатынын атап көрсетті.Ал ертеңгі
бәсекеге қабілетті тұлға- бүгінгі мектеп партасындағы шәкірттер
екендігіне дау болмаса керекті. Ия, біздің елімізде ұрпаққа білім
беру саласында түбегейлі өзгерістер жасалуда.Өйткені бүгінгі мектеп
қабырғасында білім нәрімен сусындап жүрген оқушылар- еліміздің
ертеңі,ұлтымыздың болашағы екені күмәнсіз.Сондықтан қабілетті де
білімді,талапты да талантты болып өсу біздің міндетіміз.Бұл тұрғыда
әр түрлі тәрбиелік салалар деңгейінде ауқымды шаралар атқарылып
келеді.Әсіресе,ана тілінде оқытудың әдіс- шаралары нақты жолға
қойылуы көңіл қуантады.Ана тіліміздің бірден –бір жанашыры -
Мұғалім! Қазіргі қоғамдағы мұғалім ең алдымен оқытудың жаңа
технологиясын жете меңгермесе оқушыға тілді үйрете алмайды деп
ойлаймын.Бұл,әрине, ұстаздың шеберлігіне,оқушыны түсіну,онымен
рухани қарым-қатынаста болу қабілеттілігіне де
қатысты.
Қазір мектеп қабырғасында
қазақ тілін орыс, ағылшын тілдерімен қатар және салыстыра оқып
жатырмыз.Мен өз тілімнің өзге тілдерден ерекше екпінді екенін
мақтан етемін.Қазіргі кезде бірнеше тілді біле тұра,өз тілін
білмейтін адамдар да кездесіп жатады.Біз оларды өз ана тілін білуге
және сүюге үйретуіміз керек.Ол әрбір халықтың
борышы!
Басқа халықты айтпасақ та өз
ішіміздегі шала қазақты жетілдіріп,таза халық жасайтын кез келді
деп білемін.