Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен - өз елімнің патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және «Мәңгілік Ел»патриоттық актісін ілгерілету аясында өткізілген бірыңғай сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Өз елімнің патриот азаматымын»

Сабақ мақсаты:

Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ жеріне, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;

Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: слайдтар,ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік хронологиясы», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары,  «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:

         1. «Мәңгілік мақтан жаса,                                                                                     

              Дауылпаз дастан - Қазақстан!»                                                                

       2. «Жасай бер, Тәуелсіз ел – Қазақстан!»

  3. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»

 Түрі: топтық жұмыс

Барысы: Ән ұраны айтылады.

Кіріспе сөз: Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан қанша жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті.

Барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.

Мәңгілік ел –

  • Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

  • Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

  • Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

  • Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қалады.

  • Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

  • Ол – Мәңгілік ел идеясы.

  • Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

  • Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.

  • Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

  • Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.

  • Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!

  • Мәігілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

  • «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 

  • Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.



Тәуелсіздік хронологиясы:

  • 1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.

  • 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ерлік көрсетті.

  • 1992 жылы Қазақстан дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.

  • 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.

  • 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.

  • 1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.

  • 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.

  • 1999 жылы ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды. 

Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Еліміз өзінің несімен, қандай қасиеттерімен айбатты, айбынды? Әнұранымен, туымен, елтаңбасымен айбатты, айбынды.Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

I. Бүгін міне «Өз елімнің патриот азаматымын» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

II. Ой қозғау пікірталас

-Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?

-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?

-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

Патриот деген сөзді қалай түсінесіңдер? Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануы еді, ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз кімбіз?” ой-толғанысы

Біз бақытты, Интернет жүйесіне    қол жеткізген білімге құштар азаматпыз.

Ертеңгі күні ел үшін әр салада     еңбек ететін еңбекқор азаматпыз.

Біз спортты сүйетін, салауатты                                                    

Сан мамандықты игеретін өмір салтын сақтайтын дені сау  азаматпыз.                                 

Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

III. Ал енді тәрбие сағатымыздың келесі кезенімізге көшеміз. «Өз елімнің патриот азаматымын » топтық жұмыс түрінде өтеді.

1-кезең. «Бәйге». Екі топқа сұрақтар беріледі.

1)Қазақтардың басын қосқан хан? (Абылайхан)

2)ҚР туының түсі? (көгілдір)

3)Қазақтың ұлттық сусыны? (қымыз)

4)Мұсылман халқының қасиетті кітабы? (құран)

5)Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986 жылы)

6)Қазақ халқының тұрмыс үйі? (киіз үй)

7)Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

8)Ақындар сайысы? (айтыс)

9)Киіз үйде киелі орын қалай аталады? (төр)

10) 2011 жылы өтетін Азияда спорттық ойындары қандай қалада өтеді? (Алматыда)

11) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» бұл кімнің сөзі? (Абай)

12)Қазақстанның Швейцариясы? (Бурабай)

13)Қазақтың ата заңдары? («Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы»)

14)ҚР ұлттық валютасы? (теңге)

2-кезең. «Өнер алды – қызыл тіл». Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді тауып, оны орыс тіліне аудару керексіз.

1)Отанды сүю — …басталады. (отбасы-семья)

2)Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз-лес)

3)Ер қанаты — …(ат-лошадь)

4)Ел көркі — …, өзен көркі – тал. (мал-животное)

5)Ел құлағы …(елу-пятьдесят)

6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің-знать)

7)Халық күші алып … (күш-сила)

8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел-страна)

9)Отан … ыстық. (от-огонь)

10)Ер туса – елдің көркі,

Қыз туса — …көркі. (жер-земля)

3-кезең. Ой толғау: «Тәуелсіздік азаматымын».

Слайдты тамашалау: «Мәңгілік Ел – Қазақстан»

IY. «Достық», «Бірлік»

Y. Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр.

Омар Хайям айтқандай:

Сен жанбасаң лапылдап, 

Мен жанбасам лапылдап, 

Аспан қайдан ашылмақ дегендей, заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болып Қазақстанның нағыз патриот азаматы болайық. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі! - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

                         Өткеніңді еске алсаң,

                         Өскеніңнің белгісі.

                         Өткеніңді ұмытсаң,

                         Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.

Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
970
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12