Материалдар / Мен - патриот - азамат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен - патриот - азамат

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Shape1







Тақырыбы: МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ

Сыныбы: 9 «А»

Сынып жетекшісі: Айгерім Айтказина























2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: Мен – патриот – азамат

Сыныбы: 9 «А»

Сынып жетекшісі: А.Айтказина

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

Көрнекілігі: АКТ, суреттер, буклеттер, плакаттар, Н.Назарбаев кітаптары көрмесі шарлар, гүлдер т.б.



1-жүргізуші Бақдәулет: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші Айнұр: Қайырлы кеш, қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші Бақдәулет: Бүгінгі біздің өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында өткелі отырған «МЕН – ПАТРИОТ - АЗАМАТ» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Айнұр: Қандай бір халық болмасын, өз Отанын, елін, жерін сүймейтін жан жоқ. Ал Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің мемлекеттік Әнұранынан бастау алады.

1-жүргізуші Бақдәулет: Олай болса, тәрбие сағатымызды өз еліміздің, яғни Қазақстанымыздың Әнұранымен бастамақпыз.

(Әнұран орындалады. Барлығы орындарынан тұрып, біркелкі қосылып айтады.)

******

2-жүргізуші Айнұр Рахмет! Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.

1-жүргізуші Бақдәулет: Иә, Айнұр! Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.

2-жүргізуші Айнұр: Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз - ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді 3 кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:

  1. Ежелгі ата мұра сыр шертеді (сұрақ-жауап)

  2. Негізгі ұғымдармен жұмыс (әдеби шығармашылық)

  3. Қазақстан – Отаным, мақтанышым! (сазды бағдарлама)



1-жүргізуші Бақдәулет: Тәрбие сағатымыздың І кезеңі бойынша «Ежелгі ата мұра сыр шертеді» деп аталады.

2-жүргізуші Айнұр: Бұл кезеңде көрермендермен сұрақ-жауап болады.

1-жүргізуші Бақдәулет: Олай болса, ең алғашқы сұрақ, мұқият болыңыздар:

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан Молдағалиев)

2-жүргізуші Айнұр: Өте жақсы, дұрыс. Есімің кім болады? Қай сыныпта оқисың? Осы өлеңнен үзінді айтып бере аласың ба?

1-жүргізуші Бақдәулет: Міне, керемет! Бұл өлеңнің тарихы, мазмұны қазақтың қазақ екенін білдіреді. Рахмет!



2-жүргізуші Айнұр: Екінші сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.

(ханталапай, асық ойнау, көкпар, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, арқан тартыс, т.б.

1-жүргізуші Бақдәулет: Өте жақсы, достар! Жауаптарыңа рахмет! Есімің? Қай сыныптансың? Олай болса, қазағымыздың бір ұлттық ойынын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?!

2-жүргізуші Айнұр:Дұрыс айтасың, Бақдәулет! Арқан тартыс ойынын ойнайық!

(9 «А» сынып ұлдары арқан тартыс ойынын ойнайды)

1-жүргізуші Бақдәулет: Келесі сұрақты тыңдайық:

Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Шоқан, Абай, Ыбырай)

2-жүргізуші Айнұр: Дұрыс! Жауабыңа рахмет! Сыныбың?

1-жүргізуші Бақдәулет: Ендеше, қазағымыздың Ұлы ақыны Абай атамыздың өлеңінен үзінді кім айтып бере алады?

(Диас «Өлең – сөздің патшасы» өлеңінің 3 шумағын айтады)

2-жүргізуші Айнұр: Келесі сұрақ: Қасиетті киіз үйдің құрылысы?

(шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, т.б.)

1-жүргізуші Бақдәулет: Есімің кім болады? Рахмет, өте жақсы жауап бердің!

2-жүргізуші Айнұр: Ал сендер, білесіңдер ме, киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне, яғни заманымыздан бұрынғы 3-ші мыңжылдыққа саяды. Киіз үй ықылым замандарды басынан кешіргендіктен, оның даму барысын дөп басып айту қиын. Алайда, киіз үйдің алғашқы нұсқасы – «күрке» болды.



1-жүргізуші Бақдәулет: Достар, олай болса, келесі сұрақты тыңдайық: Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.

(домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген, т.б.)

2-жүргізуші Айнұр: Жаубыңа үлкен рахмет!

1-жүргізуші Бақдәулет: Ал арамызда ұлттық аспап – домбырада ойнайтын оқушы бар ма?

2-жүргізуші Айнұр: Есімің кім? Қай сыныпта оқисың? Жақсы.

Ал бізге қандай күй орындап бере аласың?

(8 «Б» сынып оқушысы Скендерева Мерейдің орындауында күй «Еркесылқым»)

1-жүргізуші Бақдәулет: Өте жақсы! Рахмет! Қошеметтеп қойыңыздар!



2-жүргізуші Айнұр: Келесі сұрақ: Туған жер, Отан, ел туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1-жүргізуші Бақдәулет: Достар, сендер өте білімді екенсіңдер!

2-жүргізуші Айнұр. Рахмет!



1-жүргізуші Бақдәулет: келесі сұрақ: Қазақтың үш биін ата

(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

2-жүргізуші Айнұр: Рахмет! Келесі сұрақ: ҚР Тәуелсіздікті қашан алды?

(1991 жылы, 16 желтоқсан)

1-жүргізуші Бақдәулет: Жауабың дұрыс! Келесі сұрақ:

Конституция күні қай күн? (30 тамыз)



2-жүргізуші Айнұр Өте жақсы, рахмет! Соңғы сұрақ:

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата

(Беташар, сыңсу, өңір салу, шаңырақ көтеру, қыз ұзату, тұсау кесу, ат қою, бесікке салу, тілашар, қазан шегелеу, т.б.)

1-жүргізуші Бақдәулет: Жауаптарыңа үлкен рахмет! Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін байқадық!

2-жүргізуші Айнұр. Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта көп екен.

1-жүргізуші Бақдәулет: Олай болса келесі кезеңге кезек берейік.

************************************



2-жүргізуші Айнұр: Келесі ІІ кезең «Негізгі ұғымдармен жұмыс» деп аталады.

1-жүргізуші Бақдәулет: Бұл кезеңде біз өзіміздің бүгінгі өтіп жатқан ашық тәрбие сағатымыздың өзекті ойына тоқталамыз. Яғни «МЕН – ПАТРИОТ - АЗАМАТ».

2-жүргізуші Айнұр: Олай болса, сахна төрінде 9 «А» сынып оқушылары



1-оқушы: Бекзат «МЕН»

Мен – қазақпын

Мен – білім алушы оқушымын

Мен – ата қазақ үмітімін

Мен – болашақ маман иесімін

Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын

Мен – патриотпын!


2-оқушы: Балнұр «ПАТРИОТ»

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт - дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата - бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.



3-оқушы: Қ.Азамат «АЗАМАТ»

Азамат – мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындайтын тұлға!

(үш оқушы осы сөздерді рет-ретімен іліп, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын іліп қояды)

4-оқушы. Бибігүл

Еліміздің тарихына шолу жасайық: биыл 2017 жылы айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан Тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл, сонымен қатар, 2012 жылы Елордамыз Астана «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алған болатын. Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148 мемлекетінің 103-і Астана кондидатурасын қолдап дауыс берді. 2017 жылы 3 ай бойы өткен Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндірді деген үміт бар. Себебі, Елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр.

1-жүргізуші Бақдәулет: Келесі кезекте әдеби мантаж.

2-жүргізуші Айнұр: «Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім!» Қарсы алыңыздар!

Айдана:

Қазақстан – алтын ордам, Отаным,

Сүтпен сіңген бесігімде бұл ұғым.

Қайырымды қанатыңның астында

Арнаймын жыр сәлемін жазып бүгін.


Туған жерге ұқсатпаймын басқа ұяны,

Тұлпарлардың дүбірлеген тас тұяғы.

Таусылмас жыр тарихқа куә болған

«Қаратаудың басынан көш келгені».


Жау жағадан, бөрі етектен тартқылап,

Жас сәбилер құрбан боп, ана боздап.

Жас арқасын аяздай боп қарыған

«Ақтабан-шұбырынды» бұрқырап.


Қ.Азамат:

Бейбіт аңсап, от шайнап, жалын жұтып,

Дұшпандармен ала көз кездер кешіп,

Қуаңшылық, жұт, індет кезеңдерін

Қара түнде таң атырған күн болып.


Талай-талай өтті қиын замандар,

Есімізде отансүйгіш батырлар.

Қанша азап, қиындықты кешсе де

Табандылықпен көтерген ғой бәрін де.


Енген кезде КСРО-ның құрамына

Патша үкіметі төбесінен қысып тұрса

Небір батыр ақындар шабыттарын,

Қазақ салтын ұмытты ғой, амал бар ма?!


Назима:

Мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдарда

Бұлт бүркеді жарқыраған күн көзін.

Ұйқыдағы тыныш елге бомба үні

Алып келді қорқынышты мұң сезім.


Жау лап қойып бейбіт жатқан даланы

Жалын тілі жайпап жатты баршаны.

Туған жердің түтін орап бар маңын

Қара түнек бар аймақты қоршады.


Диана:

Жырсыз қалып бұлбұлдары бақтардың,

Бүрсіз қалып бұтақтары ақ талдың.

Көкжиекке күн еңкейсе сөнгендей,

Атқан таңы бейнесіндей жалқаудың.


Жауға шапты Отан үшін айбынды ер,

Табанымен таптаса да танктер.

Қаймықпады елі менен жері үшін

Панфиловшы Бауыржан мен Мәліктер.


Жауларын жермен-жексен жаныштаған,

Қазағымның ақ тілеулі қыздары.

Күш-жігерлі артына із қалдырған

Әлия мен Мәншүктің ерліктері.

Нұрхан:

Есіл ерлер! Кім ұмытсын оларды?!

Ата жерін кеудесімен қорғап қалды.

Жеңіс күнін, бейбітшілік ақ таңын

Әперуші «алып күш» боп аталды.


Ұрпаққа ерлік ұран, елге мұра,

Тасқа да көктеп шығар асыл қына.

Төленді құрбан болған миллионның

Ғұмыры мен ерлігі Отанына.


Ж.Бақдәулет:

Атты тағы желтоқсанда ауыр таңы

«Қазақ керек билейтін қазағымды», -

Деп дүрсілдеп жұдырықтай жүрегі

Шықты алаңға Алматыда ұл-қызы.


Елі үшін ыстық қан, қайнаған кек,

Тебіренген теңселгенде жер менен көк.

Суық күні желтоқсанда, ақ қарда

Сабира, Қайрат, Ләззат, Ербол, тағы көп.


Гүлшат:

Қазағымның атты ғой арман таңы,

Күллі әлемді тыңдатып күндіз-түні:

«Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім!»

Деген сөзді ұрандатып азаматы.


Өтсе де талай жылдар уақытымыз,

Біз ұрпақ келешектің жалғасымыз.

Еліне бейбітшілік орнады ер

Бүгінде неткен біздер бақыттымыз!


Нұрбек:

Міне бүгін «Республика Қазақстан»

Деген аты айналаға жарқыраған.

Елбасымыз Нұр ағаммен өркендеп,

Тарих бетін жаңартып жол ашқан.


Достықтың туын тіккен еркін елім,

Тарихы шежіре боп шертілген.

Алтын түсті қыран, өрнек, күн бейнесі,

Көк байрағы биіктеп желбіреген.


Қарағанда гүлдей жайнап әрқашан,

Өзге ұлттар таңдай қағып, қалған қайран.

ЭКСПОДА байқалған біздің халық

Жасасын мәңгілікке «Қазақстан»!!!



1-жүргізуші Бақдәулет: Жалпы патриот дегеніміз ол сіздер айтқандай елін сүйетін, отанын сүйетін жас өрең.

2-жүргізуші Айнұр: Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып, «Қазақстаным» атты әнге кезек берейік! Орындайтын - дайындық тобының тәрбиеленушісі, кішкентай ғана патриот бүлдіршін Диас. Қошеметпен қарсы алайық!

(Абдуәлі Диас «Қазақстан» әнін орындайды)

Әдеби мантаж 2.

  1. Бағила «Төрт ана» М.Шаханов

  2. Бекзат «Үш бақытым» М.Мақатаев

  3. Мөлдір «Адамдық борышың» Ш.Құдайбердіұлы

  4. Әділет «Мен жастарға сенемін!» М.Жұмабаев

  5. Бибігүл «Қазақ тілі» М.Жұмабаев

**********************************************************

1-жүргізуші Бақдәулет: Ашық тәрбие сағатымыз өз жалғасын табуда...

2-жүргізуші Айнұр: Иә, Бақдәулет, демек, үшінші кезеңімізге де келіп жеттік қой!

1-жүргізуші Бақдәулет: Дұрыс айтасың, Айнұр. Әрине ол «Қазақстаным- Отаным, мақтанышым» атты сазды бағдарламамыз.

2-жүргізуші Айнұр :

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деген ғой Абай атамыз.

1-жүргізуші Бақдәулет: Ортада «Атамекен» әнімен 9 «А» сынып оқушысы Байдуллаева Гүлбану

2-жүргізуші Айнұр: Қошеметпен қарсы алыңыздар!

( Гүлбану «Атамекен» әнін орындайды)

**************

9 «А» сынып ұлдарының орындауында КВН

***************

«Қанекей, тілім, сөйлеші» ән+би

**************

Вальс

**************

Ән «Қазағым» Айнұр

**************

Қорытынды:

1-жүргізуші Бақдәулет: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

2-жүргізуші Айнұр: Қош сау болыңыздар!



























1-ж: Тәрбие сағатымыздың І кезеңі бойынша «Ежелгі ата мұра сыр шертеді» деп аталады.

2-ж: Бұл кезеңде көрермендермен сұрақ-жауап болады.

1-ж: Олай болса, ең алғашқы сұрақ, мұқият болыңыздар:

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан Молдағалиев)

2-ж: Өте жақсы, дұрыс. Есімің кім болады? Қай сыныпта оқисың? Осы өлеңнен үзінді айтып бере аласың ба?

1-ж: Міне, керемет! Бұл өлеңнің тарихы, мазмұны қазақтың қазақ екеін білдіреді. Рахмет!


2-ж: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.

(ханталапай, асық ойнау, көкпар, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, арқан тартыс, т.б.

1-ж: Өте жақсы, достар! Жауаптарыңа рахмет! Есімің? Қай сыныптансың? Олай болса, қазағымыздың бір ұлттық ойынын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?!

2-ж:Дұрыс айтасың, ...! Арқан тартыс ойынын ойнайық!


1-ж: Келесі сұрақты тыңдайық:

Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі?

(Шоқан, Абай, Ыбырай)

2-ж: Дұрыс! Жауабыңа рахмет! Сыныбың?

1-ж: ендеше, қазағымыздың Ұлы ақыны Абай атамыздың өлеңінен үзінді кім айтып бере алады?


2-ж: келесі сұрақ: Қасиетті киіз үйдің құрылысы?

(шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, т.б.)

1-ж: Есімің кім болады? Рахмет, өте жақсы жауап бердің, рахмет!

2-ж: Ал сендер, білесіңдер ме, киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне, яғни заманымыздан бұрынғы 3-ші мыңжылдыққа саяды. Киіз үй ықылым замандарды басынан кешіргендіктен, оның даму барысын дөп басып айту қиын. Алайда, киіз үйдің алғашқы нұсқасы – «күрке» болды.





1-ж: Достар, олай болса, келесі сұрақты тыңдайық: Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.

(домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген, т.б.)

2-ж: Жаубыңа үлкен рахмет!

1-ж: Ал арамызда ұлттық аспап – домбырада ойнайтын оқушы бар ма?

2-ж: Есімің кім? Қай сыныпта оқисың? Жақсы.

Ал бізге қандай күй орындап бере аласың?

1-ж: өте жақсы! Рахмет! Қошеметтеп қойыңыздар!


2-ж: Туған жер, Отан, ел туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1-ж: Достар, сендер өте білімді екенсіңдер!

2-ж. Рахмет!


1-ж: келесі сұрақ: Қазақтың үш биін ата

(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)



2-ж: Рахмет! Келесі сұрақ: Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары қандай болған? (Олар халықты езушілерге қарсы күрес жүргізеді, еңбек адамын азаптан, құлдықтан, ауыр өмірден құтқару үшін халықты бақытқа жеткізу үшін әрекет етеді)


1-ж: жауабың дұрыс! Келесі сұрақ:

Қандай батырлар жырын білеміз?

(Алпамыс, Қамбар батыр, Ер Тарғын, Қобыланды)


2-ж. өте жақсы, рахмет! Соңғы сұрақ:

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата

(Беташар, сыңсу, өңір салу, шаңырақ көтеру, қыз ұзату, тұсау кесу, ат қою, бесікке салу, тілашар, қазан шегелеу, т.б.)

1-ж. Жауаптарыңа үлкен рахмет! Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін байқадық!

2-ж. Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта көп екен.

1-ж. Олай болса келесі кезеңге кезек берейік.








2 шумақ үзінді мәнерлеп айлады.








Арқан тартыс ойыны ойналады.




Диас «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» 4 шумақ айтады






Киіз үй туралы қысқаша қосымша ақпарат айтылады





8 б сынып Скендерова Мерей

«Еркесылқым» күйі



Көрермен оқушылар жауап береді



Көрнекіліктегі буклетке қарап айту


Көрнекіліктегі кітаптар

2-ж: Келесі ІІ кезең «Негізгі ұғымдармен жұмыс» деп аталады.

1-ж. Бұл кезеңде біз өзіміздің бүгінгі өтіп жатқан ашық тәрбие сағатымызыдың өзекті ойына тоқталамыз. Яғни «МЕН – ПАТРИОТ - АЗАМАТ».

2-ж: олай болса, сахна төрінде 9 «А» сынып оқушылары


1-оқушы:

Мен – қазақпын

Мен – білім алушы оқушымын

Мен – ата қазақ үмітімін

Мен – болашақ маман иесімін

Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын

Мен – патриотпын!


2-оқушы:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт - дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата - бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.


3-оқушы:

Азамат – мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындайтын тұлға!



4-оқушы.

Еліміздің тарихына шолу жасайық: биыл 2017 жылы айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан Тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл, сонымен қатар, 2012 жылы Елордамыз Астана «ЕХРО-2017» Халықаралық көресін өткізу мәртебесін жеңіп алған болатын. Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы отырысында әлемнің 148 мемлекетінің 103-і Астана кондидатурасын қолдап дауыс берді. 2017 жылы 3 ай бойы өткен Астана Экспосы, сөз жоқ, адамзат санасын дүр сілкіндірді деген үміт бар. Себебі, Елордамыздағы көрме Елбасы ұсынысымен «Болашақтың қуаты» деп аталып отыр.


1-ж: келесі кезекте әдеби мантаж.

2-ж: қарсы алыңыздар!


«Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім!»


1-ж: Жалпы патриот дегеніміз ол сіздер айтқандай елін сүйетін, отанын сүйетін жас өрең.

2-ж: Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып, «Қазақстаным» атты әнге кезек берейік! Орындайтын дайындық тобының тәрбиеленушісі, кішкентай ғана патриот бүлдіршін Диас. Қошеметпен қарсы алайық!


Әдеби мантаж 2.

  1. Бағила «Төрт ана» М.Шаханов

  2. Бекзат «Үш бақытым» М.Мақатаев

  3. Мөлдір «Адамдық борышың» Ш.Құдайбердіұлы

  4. Әділет «Мен жастарға сенемін!» М.Жұмабаев

  5. Бибігүл «Қазақ тілі» М.Жұмабаев


































Диас «Қазақстаным» әні

1-ж: тәрбие сағатымызыдың ІІІ кезеңі «Қазақстаным – Отаным, мақтанышым!»

2-ж:
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!