400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен - қазақпын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық өлең. Патриоттық тақырыптағы сабақты қорытындылауға немесе сабақ барысында үлгі ретінде пайдалануға болады!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қозкенов Қазыбек Бағытжанұлы

Мен-қазақпын.

Мен - қазақпын!
Қазақпын деп мақтанамын,
Қазағымның салтын да сақтанамын.
Намысымды еш уақыт бермей қолдан,
Қазақ болып қашан да сақталамын.

Мен қазақпын!
Тәуелсізбін, еркінмін, қырандаймын,
Қыран болып өмірге туғандаймын.
Қояндарай үркеді кей адамдар,
Мен қырандай биіктен қарайлаймын.

Мен – қазақпын!
Айбарлымын, айбатты, барыспын мен,
Жау кездессе бетпе-бет, қарсы келем.
Сақтай алам елімді тәуелсіз қып,
Қажет болса ел үшін жанды берем.

Мен – қазақпын!
Қайсар әрі қайратты, мен – қасқырмын!
Бір Аллаға жанымды мен тапсырдым.
Бағынбаймын ешкімге, қорықпаймын,
Қорқынышты жүректен мен қашырдым.

Мен – қазақпын!
Сүрінбеймін мақсаттан, тайынбаймын,
Асаумын мен жүйрікпін тұлпардайын.
Төніп келсе аспаннан,
зұлымдықтың аждаха қара бұлты,
Қақ жаратын сол бұлтты найзағаймын.

Мен – қазақпын!
Ең алдымен тәуелсіз халықпын мен,
Бірлік пенен елдікті алып келген.
Көк туымды аспанда биік ұстап,
Тәуелсіз боп, бейбіт боп тарихқа енген.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі